Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Математиканы оқыту әдістемесі - болашақ мұғалімдерді оқыту мен
тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі
қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті
білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен
біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету
болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың
жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін,
әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің
жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 курсовая (Автосохраненный).docx

— 63.08 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Математиканы  оқыту  әдістемесі - болашақ  мұғалімдерді  оқыту  мен

тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға

мүмкіндік  береді.  Математиканы  оқытудың  негізгі  міндеті  –  қазіргі

қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті  тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті

білімін  одан  әрі  жалғастыруға  жеткілікті  математикалық  білім  мен

біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету

болып табылады.  Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың

жалпы  заңдылықтарын,  мақсаттары  мен  мазмұнын,  әдіс-тәсілдерін,

әдістемелік  зерттеулерді,  есеп  шығарудың  және  оларды  түсіндірудің

жолдарын  жоғары  мектеп  қабырғасында  игеруі  тиіс.

        Математиканы  оқыту  әдістемесі   - математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені  меңгеру  математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

       Математиканы  оқыту әдістемесі мұғаліснің  оқу материалдарын беру, оқушылардың  математикалық білімді саналы  меңгеру және алған білімін  практикада қолдану іскерліктерін  шыңдау әдістері мен құралдарын  тағайындайды. Дегенмен, әдістеме мұғалімге  арналған ереже мен тәлімгердің  жиынтығы емес, математиканы оқыту  процесінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне  бағыт беретін ғылым болып  саналады.

       Математиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.

    Математикадан  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  қызықты, әрі тартымды, жалықтыртпайтындай  болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен  өтетін сабақтардан оқушылар  жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың  есепке деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5-8 сыныптардағы  сыныптан  тыс ұйымдастырудың  ең басты  мақсаты  - оқушылардың математика  деген ынтасы мен қызығушылығын  арттыру математикалық ойын, жарыс, сұрақ-жауап сабақтары арқылы  жүзеге асады.

    Математика мектептегі  басқа пәндерді оқып үйренуге  арқа сүйер пән болып табылады. Математикалық сипаттағы адамның  біліктілігі мен дағдылары мектеп  оқушыларының шығармашылық дамуы  мен еңбекке дайындығы үшін  қажет.

   Мектеп оқушыларының  шығармашылық потенциалын дамыту  жолдарының бірі сыныптан тыс  жұмыстар болып табылады.

 

 

 

 

 

    1. Математика пәнінен  сыныптан  тыс  жұмыстардың  мақсаты және

мазмұны

 

      Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар  –  жалпы  білім

беретін  мектептердегі  оқу–тәрбие  процесінің  маңызды  құрамдас  бөлігі.

Математикадан  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстардың  негізгі мақсаты  –  оқушылардың  математикаға  деген  қызығушылығын  арттыру, шығармашылық  қабілеттері  мен  дербестіктерін  жан–жақты  дамыту.

Сонымен  бірге,  оқушыларды  өзіндік  және  ғылыми–зерттеу  жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  міндеттері:

 а)  оқушылардың танымдық  белсенділігі  мен  пәнге  деген  ынтасын  қалыптастыру;

 б)  математикалық  білімдерін  тереңдету;

 в)  дүниеге  ғылыми  көзқарастарын кеңейту болып табылады.

Математикадан  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстарды  мазмұны

жағынан екі топқа бөлуге болады.

1. Бағдарламадағы материалды  қосымша өту.

2.  Математиканы  ерекше  қабілетпен  қызығып  оқитын  оқушылармен 

жүргізілетін жұмыстар.

        Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген

оқушылармен  жүргізіледі.  Мұндай  оқушылармен  дайындық  мүмкіндігінше жүйелі  түрде,  әр  оқушыға  нақты  көмек  ретінде  болуы  керек.  Оның  негізгі мақсаты  математика  курсы  бойынша  оқушы  білімі  мен  дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою.

       Екінші  бағыты  математиканы  ынтамен  оқитын  оқушыларға  арналады.

Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.

1)  оқушылардың математикаға  қызығушылығын тудырып дамыту;

2)  бағдарламалық материал  бойынша оқушының білім көлемін  кеңейту 

және тереңдете оқыту;

3)  оқушылардың  ғылыми  зерттеушілік  сипаттағы  дағдарысы  мен 

математикалық қабілетін дамыту;

4)  оқушылардың жеке  өзіндік ойын дамытып жетілдіруге  тәрбиелеу.

      Мұндағы  мақсат  –  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі

 

        Сыныптан  тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру  әдістемесі- математиканы оқыту  әдістемесінің негізгі бір саласы  болып табылады.

        Математиканы  оқыту әдістемесі – математика  пәнінің ерекшеліктеріне негізделген  оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы  оқыту мен математика пәні  арқылы оқушыларды тәрбиелеу  ісін ұйымдастыруға мүмкіндік  береді.

        Математиканы  оқыту әдістемесі – педагогикалық  ғылым. Сондықтан да ол қоғамның  талаптарына сай, педагогикалық  ғылым анықтап берген жалпы  білім беру мен тәрбиелеудің  мақсаттары мен міндеттеріне  сәйкес құрылады. Математиканы оқыту  әдістемесі математикалық материалдарды  оқып үйренудің ерекшеліктеріне  қарай, барлық пәндерге ортақ  педагогикалық қағидаларға негізделген.

        Математиканы  оқыту әдістемесі мұғалімнің  оқу материалдарын беру, оқушылардың  математикалық білімді саналы  меңгеру және  алған білімін  практикада қолдану іскерліктерін  шыңдау әдістері мен құралдарын  тағайындайды. Дегенмен, әдістеме мұғалімге арналған ереже мен тәлімгердің жиынтығы емес, математиканы оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады.

      Әдістеме  оқу пәнінің мазмұнын, оқытудың  әдістері мен түрлерін, тәрбие  жұмысын өзара тығыз бірлікте,  бір-бірімен байланыстыра зерттейді.

      Математиканы  оқыту әдістемесіндегі өзекті  мәселелердің бірі- сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.

      Ал ары  қарай өрлеуінің жүзеге асуы  тікелей оқып – білім берудің  негізгі жолы боолып табылады. Оқыту мұғалім мен оқушының  біріккен іс-әрекеттері, сондықтан  да ол екі жақты бір текті  процесс. Мұғалім оқушыларға білім  беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін  түсініп, дағдыны игереді. Оқыту  барысында оқушыларға теориялық  білім мен тәрбие беру бір-бірімен  ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие  негізін қалайтын, оқушылардың білімін  кеңейтіп, өз қабілетін танып  білуге үлес қосуға сыныптан  тыс жұмыстарды ұйымдастырудың  әдістемесін білудің үлкен маңызы  бар.

       Сыныптан  тыс жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің  шеберлігімен іске асады. Сыныптан  тыс жұмыстар арқылы оқушылардың  бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша  жұмыс жасауға үйретуге, дүниетанымын  кеңейтуге болады.

       Сонымен  қатар сыныптан тыс жұмыстардың  сыныптағы тақырыптардан өзгешілігі-еріктілік  принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға  баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың  негізділігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдығы  мадақталуға тиіс.

      Үлгерімі  нашар оқушыларды сыныптан тыс  жұмыстарға тарту олардың оқуына  кедергі келтіреді деген ұғым  дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың  бос уақытын тиімді пайдалануға  көмектеседі.

     Математиканы  толық та, терең игеруге берілген  сағат саны көп емес. Сондықтан  оқушылардың  математика сабақтарында  алған білімдерін сыныптан тыс  жұмыстарды ұйымдастыру барысында  кеңейту мен тереңдетудің тиімді  жолдарын іздестірген жөн.

    Себебі, сынып  сағатына қарағанда, сыныптан тыс  жұмыстарда оқушылардың дербес  жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір  еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ баланы жеке адам  ретінде қалыптастыруға қажетті  тәрбие жұмыстарын іске асыруда  сыныптан тыс ұйымдастырылған  жұмыстардың маңызы зор.

     Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесінен ерекше назар аудару керек. Оны мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.1 Математика  пәнінен өткізілетін үйірмелер  мен факультативтер      

 

        Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстардың  негізгі  түрлеріне:

математикалық  үйірме,  математикалық  апталық,  математикалық  кеш,

математикалық  сайыс,  викториналар,  конкурстар,  математикалық

олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.

         Математикалық  үйірмелер -  сыныптан  тыс  жұмыстардың  ең  негізгі

түрі.  Оларға  математикаға  қызығатын  және  бейімді  оқушылар  ерікті  түрде қатысады.  Математикалық  үйірмелер  арқылы  оқушыларға  бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады.  Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты  шараларды  жүзеге  асыруға  бағытталуы  тиіс,  сонда  ғана  ол оқушылардың  ынта  –  ықыласын  толық  қанағаттандыра  алады.  Үйірме жұмысын  негізінен  теориялық  және  практикалық  бағыттарды  жүргізуге болады.

      Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі.  Әрбір  жұмыстың  ұзақтығы  1-1,5  сағаттан  аспағаны  дұрыс.

      Практикалық  бағыттағы  үйірме  жұмысында  әр  түрлі  мазмұндағы  есептерді шешіп,  мектеп  және  ауданаралық  олимпиадаларға  даярланады.

Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатымен  ойын  есептерін,

логикалық  есептерді  және  практикалық  мазмұндағы  есептерді  көбірек

шығарған  жөн.  Математика  үйірмесіне  көптеген  талаптар  қойылады.

Үйірмеде  берілген  білім  оқушылардың  ой-өрісін  арттыратындай,  жоғары

сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы

керек.  Үйірме  сабақтары  барынша  жүйелі,  қарапайым,  қызықты  және

ғылыми  болуы  тиіс.  Үйірмеде  оқушылар  ерікті  түрде  пікір  алмасып,  өз

ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.

      Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.

- жалпы білім беретін  теориялық бағдарламалар;

- математика тарихынан  хабарлар;

- ұлы математиктердің  өмірі мен қызметі;

- қызықты, логикалық және  тарихи есептерді шығару;

- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);

- қолданбалы есептер қарастыру;

- математикалық кеш өткізуге  дайындық жүргізу;

- оқушыларды математика  жөніндегі жаңа әдебиеттермен  таныстыру.

IV-VIII  сыныптардағы  үйірме  жұмыстары  мен  математикалық  кештер 

оқушыларға  ерекше  қиындық  келтірмейтіндей,  олардың  ғылымилығынан

гөрі қызықтылығы басым болуы керек.

 

      

 

 

 

        Мектептегі  факультативтік сабақтардың  мақсаты  –  оқушылардың

математикалық  білімдерін  одан  әрі  тереңдету,  қабілеттерін  дамыту, математиканың  әр  алуан  қолданымдарын  көрсету,  олардың  пәнге  ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары  орта  мектептерде  арнаулы  сыныптарға  енгізіліп,  оқушылардың жалпы  математикалық  даярлығын  арттыруда  ерекше  орын  алады.

       Факультативтік  курс  математикаға  ынталы,  пәнге  ықыласы  мол,  өзінің математикалық  мәдениетін  көтеруге,  білімін  тереңдетуге,  ой  -  өрісін кеңейтуге  ынталы  оқушыларға  арналған.  Факультативтік  сабақтарды оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдағанда,  алдымен  курстың  мазмұнын, оқушылардың  дайындық  деңгейін,  олардың  бағдарламалық  материалдарға ынта  –  ықыласын  ескеру  керек.  Сонымен  бірге  олардың  ой  -  өрісі  мен дербестігіне  де  назар  аударған  дұрыс.  Әдетте  факультативтік  курстардың  дәріс,  әңгімелеу,  практикалық  жұмыстар,  қосымша  әдебиет  бойынша тапсырмаларды  талқылау,  оқушылардың  баяндама  жасауы,  реферат  жазу, экскурсия үйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады. Факультативтік  курстың  кейбір  материалдарын  дәріс  түрінде  өтілуі мүмкін. Мұндағы мақсат  –  оқу материалының ішінен ең өзектілерін баяндау, есептер  шешудің  ең  нақты  әдістерін  көрсету,  оқушыларға  материалды өздігінен  оқып үйренудің жолын нұсқау. Дәріс сабақтарында  оқушылардың тыңдау  және  ой  түю  машықтарын  шыңдауға  бағытталғаны  пайдалы.  Дәріс барысында  оқушылармен  жеке  мәселелер  бойынша,  қайсыбір  ұғымының

Информация о работе Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру