Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 20:22, курсовая работа
Математиканы оқыту әдістемесі - болашақ мұғалімдерді оқыту мен
тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі
қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті
білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен
біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі с аналы меңгеруін қамтамасыз ету
болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың
жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін,
әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің
жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс.
Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, ұсыныстар мен
мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша
жауаптылар тағайындалады, барлық дайындық жұмысы істелініп бітетін ең соңғы мерзім белгіленеді. Апталықты ұйымдастыруға сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата–аналар және т.б. көмек көрсете алады.
Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын
көп жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен
қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады. Апталыққа дайындалу
барысында оқушылардың ізденімпаздығы мен ынталылығын білдіретін
іс-әрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға
жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мәселен, қабырға газетін
шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар
көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады.
Әдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан басталып, математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.
Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады.
1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
Апталықтың 6-күні апталықтың жабылуы.
Апталықтың өтілуі барысы кезінде апталыққа белсенділік көрсеткен пән мұғалімдері, сынып оқушылары сыйлықпен марапатталады.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің басқа сыныптан тыс жұмыс түрлерінен айырмашылығы:
Өткізілетін
зерттеулерге қарағанда
Мектеп
мұғалімдерінің арасында
Математикалық
кештерді міндетті түрде кешкі
мезгілде өткізу қажет емес. Оқушылардың
ыңғайына қарай басқа уақытта
өткізіге де болады. Жалпы сыныптан
тыс жұмыс формалардың
Мектеп оқушылардың
арасында математика сабағын
қиын және қызықсыз пән деп
есептейтін пікірдің
Математика мектептегі
басқа пәндерді оқып үйренуде
арқа сүйер пән болып табылады.
Математикалық сипаттағы
Мектеп оқушыларының
шығармашылық потенциалын
Математикалық кештердің әр түрлі формаларда өткізуге болады. Мысалы: креактивтік, яғни шығармашылық, ерекшеленген типтегі кештер: есептер құрастыру және шешу кештері; диалог-кештер (дискуссиялар, диспут, эвристикалық әңгіме, дөңгелек үстел, дебаттар т.б ); парадокс - кештер (мысалы, «іш-сырты жоқ көйлек»- Мебус парағы, Евклид геометриясының проблемалары т.б. ); фантазия кештері («іші-сырты жоқ құмыра » - Клейн бөтелкесі) т.б.
Коммуникативтік
типтегі кештер: көрме-кештері; аукцион-кештер;
конференция-кештер; көңілді тапқырлар
клубы; спектакль-кештер; «дөңгелек
үстел» кештері; шығармашылық есеп
шешу кештері т.б; ғалымдармен
кездесу; көрмелер; коллекциялар ұйымдастыру,
ойындар; кроссвордтардан, қызықты
математикадан жарыстар, конкурстар;
математикалық тақырыптық
Оқушылардың
сабақ процессі кезінде
Кештерді өткізуде төмендегідей тәрбиелік міндет көзделеді: білімге құштарлықты тәрбиелік міндет көзделеді: білімге құштарлықты тәрбиелеу; ұлттық дәстүрлі ойындар негізінде оқушының жалпы – интеллектуалды ой-өрісін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесі болып табылатын адамгершілікті, отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Кешті дайындау
барысында: рефераттар конкурсын, математикалық
модельдер жасау конкурсын
Негізгі бөлімнің
екінші жартысында газетте
Негізгі бөлімді
аяқтай келе тақырыпқа
Сабақты қорытындылай келе қазылар алқасының шешімі тыңдалып, жеңіске жеткен топты жеке оқушыларды, жетекшілерді марапаттап болған соң қазылар алқасының төрағасы сөз сөйлеп осы кешті аяқтайды.
Кешті өткізу
мұғалімнің өзіндік сараптама- талдау
жасауымен аяқталады. Сыныптан тыс
жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Математикалық
кеш басқалардан айырмашылығы - оқушыларды
оқушыларды кең қамтумен қатар,
олардың шығармашылық
Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін
тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету,
оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне
көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Бұл кештердің білім беру, үйрету
бағытымен қоса тәрбиелік мәні болуы тиіс, яғни оқушылардың ғылыми
көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етуі керек.
Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын
даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет.
Кешке арналған оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер сайысын
ұйымдастыру керек, сондай–ақ оқушылардың өздері жасаған фигуралардан,
қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады. Кештерді
көбінесе эстафеталық түрде өткізген жөн. Параллель сыныптардың, не
жарысқа қатысушы жақтардың өз бағдарламасы, өзіндік ерекшеліктері,
құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болған жөн. Міндетті түрде әрбір кештерде кеш болатын жерде «Білімінді тексер!», «Ауызша есептеп үйрен!», «Сен білесің бе?!», «Бірден сызып шық», т.б. тақырыптарда газеттер, викториналар ілінеді. Кештің қызықты мазмұнды өтуіне зор мән берген жөн. Қызықты математика кештері әсіресе, V-IX сынып оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге, ғылыми мәліметтерді уағыздаудың маңызды құралы болуы тиіс. Қызықты математика кештерінің бағдарламасы әдетте көркемделген, әр алуан айшықты материалдарды қамтиды және мұнда қысқаша хабарламалар, викториналар, математикалық жұмбақтарға кең орын беріледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың қызықты түрлерінің бірі – Математикалық сайыс.
Математикалық сайыстың мақсаты:
Математикалық сайысқа қойылатын талаптар:
Сонымен қатар
математикалық ойынның да
Математикалық
ойындар – сыныптан тыс
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс – әрекеттің бір түрі.
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» - деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады. Абай Құнанбайұлы айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.
Ойын – ұтымдылыққа, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, адамгершілікке, талаптылыққа, шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелейді.
Ойынның түрлері:
Ойындарды қолдану тиімділігі:
Математикалық
ойын дегеніміз – тынысы кең,
алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,
адамға қиялмен қанат
Сыныптан
тыс сабақта ойын элементтерін
пайдалану оқушылардың ой-
Информация о работе Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру