Жарнаманың мәні, нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 22:51, реферат

Краткое описание

Жарнама туристік кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады, Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
- туристік фирмадағы жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
- Қазақстан Республикасындағы туристік жарнаманың даму темпі;
- Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.

Содержание

Кіріспе 3

1 1. Жарнаманың мәні, нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын рөлі

1.1 Жарнаманын мәнi мен түрлерi 6
1.2 Жарнаманың әрекет етуiнiң негiзгi қағидалары 10

2 «Ақмолатурист» АҚ - ның әрекет етуі мен жарнамалық қызметін талдау

2.1 «Ақмолатурист» АҚ-ның жалпы және ұйымдық құрылымы мен сипаттамасы 15
2.2 Ақмолатурист» АҚ – ның қаржылық – шаруашылық 21
2.3 «Ақмолатурист» АҚ-ның дамуына жарнаманың әсері 30

3 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары

3.1 Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің даму мәселелері мен болашағы 34
3.2 «Ақмолатурист» АҚ –ның жарнама қызметінің тиімділігің арттыру жолдары 37

Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 43

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жарнаманың мәні рөлі тиімділігін зерттеу маркетинг ЮАЙБИ 2012-00.docx

— 132.66 Кб (Скачать документ)

Жарнамалық жариялаудың  бет – бейнесi көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде  жеткiзу керек. Жарнамада бес түрлi атқарымдық бет – бейнесiн айыруға  болады:

- Ресми iскерлiк;

- Ғылыми түрде кәсiбилiк;

- Жариялымдық;

- Әдеби тiлмен сөйлесу;

- Дөрекi тiлмен сөйлесу.

Жарнамалық жариялауды дайындау мен бiрге жарнама тарату құралдарын таңдау кезiнде мына сұрақтарға жауап табуы керек:

- Кiмнiң қажетiн қамту? Бұл сұраққа жауап беру үшiн мақсатты  және әлуеттi, тұтынушыларды нақты табу керек. Ол үшiн нарықты сегменттеу жүргiзiледi.

- Әлуеттi тұтынушылар қай  жерде орналасқан? Тұтынушылардың  көбi орналасқан жерде жарнама  берiлуi тиiс.

- Қашан және қайсы кезде  жарнама берiлуi керек. Демек жарнама жүргiзiлетiн уақыты берiлуi керек.

Жарнаманы тарату құралдары  таңдауына мынандай факторлар әсер етедi:

- жарнаманың мақсаты;

- жарнамалайтын тауардың ерекшелiктерi;

- нарықты қамту көлемі;

- жарнама тарату арнасының  мақсатты  аудиториясының сипатына  сәйкестiгi;

- бәсекелестердiң жарнамалық  әрекеті;

- керектi құралдардың қолда  болуы;

- жарнаманың әрекет ету  нарқы.

Жарнама тарату құралдары  анықталғаннан кейiн жарнамаға  қажет қаржы көлемi есептеледi.

Жарнама қаржы көлемi анықталғанда келесi факторлар есепке алынады:

- болжаған өткiзу нарығының көлемi мен мөлшерi;

- кәсiпорынның маркетингтiк кешенiңдегi жарнаманың ролi;

-тауардың өмiрлiк циклы;

- бәсекелестердiң жарнама  шығындары;

- кәсiпорынның қаржы мүмкiндiгi.

Жарнама қаржысы коммуникация кешенiнiң жалпы шығындар сиетасына  еңгiзiлуi тиiс.

Дәрежелi жарнама көптеген шығындарды талап етедi. Сондықтан  жарнама қызметiнiң тиiмдiлiгiн  бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзi мынадай мүмкiндiктердi бередi:

- жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат бередi;

- әрбiр жарнама тарату  құралдарының нәтижелiгiн көрсетедi;

- әлуеттi тұтынушыларға жарнаманың  оңтайлы әсер ету шарттарын  анықтайды.

Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге  кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты  мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда  да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн  әсерiмен анықталады. Ол үшiн оперативтi және бухгалтерия мәлiметтерiн талдау керек.

Қазiргi кезде жарнама  тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.

Жарнама түрлерi және оны  тарату құралдары:

  1. Тiкелей жарнама:

а) Пошта хаттары, баспа материалдары

б) Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер

  1. Баспа жарнамасы:

         а) Анықтамалар, каталогтар

       б)   Пресс – релиз, баспасөз хабарламасы

       в)  Буклет

       г) Анықтама

  1. Баспасөз жарнамасы: Газеталар  мен   журналдар
  2. Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен  тележарнама
  3. Сыртқы жарнама:

а) үлкен габариттiк плакат

б) Газжарығы құрылымдар

в) Роллер

г) Мультивизио плакаты

д) Электронды панносы

  1. Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер  мен  слайд –                      

         фильмдер

  1. Транспорт жарнамасы:  Транспорт сыртындағы жарнама  және 

         транспорт салонындағы плакаттар  және хабарландырулар

  1. Сату орынындағы жарнама: Витрина,  тауар қорабы , зат

         таңбасы,  назар аударуға арналған  жазулар, таңбалар (“ай - стоппер”)

  1. Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер 

          жарнамасы, кәдесый және купон,  лотерея.

Жарнаманың психологиялық  әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар  қаншалықты еске сақтау деңгейiмен  анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерiстерiнiң шамалап бiлуге болады. Ал оны нақты есептеу шығару қиындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                 «Ақмолатурист» АҚ  - ның әрекет етуі мен жарнамалық қызметін талдау

 

    1. «Ақмолатурист» АҚ ұйымдық құрлымы мен сипаттамасы

 

“Ақмолатурист”  АҚ – мы Астана  қаласындағы туристік бизнеспен  30 жылдан артық айналысып келе жатқан ірі туристік фирмлардың бірі. 1970 жылдан  бастап  фирма  ішкі  және  сыртқы  туризм, шетелдердегі  туристер жіберу қызметтінің барлық түрлерін ұсынып  келеді. Оның ішінде ең маңыздысы ішкі туризмді дамыту. Бүгінде  «Ақмолатурист» АҚ–ның қала орталығында 273 орынға есептелген турист қонақ үйі бар. Бөлмелердің барлығы  телефон, теледидар, радио, тоңазытқыш тағы басқа қажетті құрал – жабдықтармен қамтамаыз етілген. Қонақ үй үш жұлдыз категориясына енген.

“Ақмолатурист”  АҚ өз жұмысың мемлекеттік ТО № 303 лицензиясы арқылы туристік қызмет көрсету мен мемлекеттік реестрде бекітілген КК 657092.11.02.00177, көрсітілетін қызмет сапасы куәлігі сертификаты арқылы жүргізеді. Қазіргі уақытта фирма Республика санаторияларына, демалыс үйлеріне жолдамалар, облыстағы табиғатты әсем Қорғалжын қорығына, Бурабай өңіріне маршруттар ұсынады. Қорғалжын қорығы өзінің  өзен, көлдерімен таңдандырады және бұл жер ұя салатын Фламинго  құсының мекені. Ал Бурабай болса ауасы дертке  шипа,  әсем табиғаттымен  талай аңыздарға негіз болған тарихи орындармен  әйгілі. Ең үлкен және әдемі бурабай көлінің жағасында  «Ақмолатурист»  АҚ–ның 28 орындық демалыс  базасы  орналасқан. Фирма қызметкерлері және Қорғалжын қорығының ғылыми  қызметкерлері бірлесіп, 4 экологиялық маршрут жасаған.  Бұл бір, екі  және  төрт  күндік  маршруттарда  қонақ үй,  тамақтандыру, көлік  қызметі жағдайлары қарастырылған.

Фирманың жаңадан  ашқан  туристік маршруты  Үлкен  Сары  Оба өзені.  Фирма демалыс базасы Астана қаласынан  60 – шақырым  жердегі Үлкен  Сары  Оба өзені  жағасында орналасқан. Демалу базасының территориясыда 200 – ге жуық бір күндік  туристер  орналасуы  мүмкін. Туристер тобы  фирма транспортымен жеткізіледі.

«Ақмолатурист»  АҚ ұйымдық  құрлымына келетін болсақ, ол бас  директордан тұрады. Оған филиалдар, бас экономист, бас директордын  бірінші орынбасары, бас директордың  екінші орынбасары, кадр бөлімі, бас  бухгалтер қарайды.

Бас директордың бірінші орынбасарына экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі, халықаралық және ішкі туризм бөлімі, орындау бөлімі, курьерлік қызмет бөлімі жатады.

Бас директордың екінші  орынбасарына қабылдау қызметі мен тарату қызметі бөлімі, Инженерлік техникалық бөлім, Тамақтандыру қызметі, гараждік қызмет, қойма басқарушысы қарайды.

Бас директор ұйымның барлық қызметің басқарады және бақылайды, оның мінетіне:

•   Фирманың имиджін жасайды;

•   Маркетинг қызмет;

•   Визиуальдік қызмет;

•   Серіктестіктермен  өзара байланыс;

•  Қажетті лиңензияларды алу;

•   Қызметкерлерді қабылдау және оқыту.

Ол осы жоғарыда аталған қызметтермен қатар фирманың барлыққызметін заңды түрде басқарады. Жұмысты ұйымдастырып және әр бөлімнің тиімдіқарым-қатынасын ұйымдастырады. Фирманың санды және сапалы керсеткіштеріне сай жабдықтаушылар және банктер алдында жұмыстың орындалуын қамтамасыз етеді. Фирманың кәсіби-шаруашылық, қызметін ұйымдастырады. Фирманың жоғарғы дәрежелі кадрларды таңдауын қамтамасыз етеді.

Бас экономист ұйымның экономикалық жағдайының барлық, қызметтерін басқарады.

Инженер мекеменің техникалық жағдайын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады.

Бас директордың орынбасары бас директор орнында болмаған жағдайда оның қызметтерін атқарады және оның міндеттемелеріне мыналар жатады:

-  Фирманы шұғыл және жылдам басқару;

- Фирманың қызметінің заңды аспектілері;

- Көлік фирмаларымен өзара қарым-қатынас;

- Және   фирма   кызметін ұйымдастырудың   басқа   да

     қажетті қызметтерін атқару.

Бас директор орынбасарының  қарамағында сату бөлімі болады, оның құрамына бас менеджерлермен олардың  көмекшілері кіреді.

Менеджер қызметінің міндеттерге:

-    Серіктестіктермен  іскерлік санақты еңгізу;

-    Әртүрлі     туристік     көрмелер     мен     жәрмеңкелерде  

      фирманы  көрсету;

-    Келісім-шарт  жасау;

-  Жаңа туристтің маршруттар мен қызметтік бағыттарын өндіру;

- Туристік     фирманың         жарнамасын     жасау,     оның жарнамалық құралын таңдау және мәтінін  құрастыру;

-  Атқарылған жұмыс бойынша есеп беру;

-   Туристік     топтарды     қабылдауды,     тамақтандыруды және орналастыруды  ұйымдастыру;

-   Менеджер көмекшісінің  жұмыс координациясы.

«Ақмолатурист» АҚ-ның менеджерлер тобы:

Қысқа және ұзақ, мерзімді жоспарлау, туристтін маршруттарын ұйымдастыру, санаториялық-демалысқа емделуге және туристік қызметке келісім-шарттарды кабылдау,  
ағымдың жұмыстың атқарылуын бақылау. Жарнама және 
турист маршруттарын жарнамалау.

Экскурсиялық бөлімді жалпы басқару (жоспарлау, есеп беру). Методикалық, жұмыс (жаңа экскурсиялық тақырыптарды құрастыру, экскурсия жургізудің сапасын бақылау, объектілер жайында аппарат жинау, экскурсоводтардың әдістемелік секциясын басқару). Экскурсия жургізу.

Шенген одағы мемлекеттеріне послдың визаларды жасау, Еуропа елдері мен Зеренді аймағына жолдамаларды сату.

Бурабай курортының ауданына емделу жолдамаларын сату. Санк-Петербург бағыты бойынша турларды сату (жеке және топталған).

Баз, Туркия, Қытай, Таиланд бағытындагы турларды сату. 
Ресей,     Белорусь,     Украина     посольстваларында     консулдық 
қызметтерді көрсету. 

Қазақстан және Ресей санаторияларына  санаториялық-демалыстық, жолдамаларды сату. Жазғы кезеңдегі жолдамаларды іске асыру. Ұлкен Сары Оба өзеніндегі демалыс базасы. Астана қаласы және ақмола ауданы бойынша миграңиондьщ (көшіп-қону) полиңия басқармасының қызметі.

Жарнама кызметі. Туристік жәрмеңкелер  мен көрмелерге қатысуды ұйымдастыру. Балалық емделу орталықтарына (жазғы уақытта) жолдамаларды сатып алу. Туристік топтарды қабылдауды ұйымдастыру. Экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу. Экскурсиялық бөлімнің әдістемелік жұмысына аудармашылыққызметі.

Диспетчер қызметі - экскурсияға, көлік қызметше және туристік топтарга қызмет көрсету жөнінде мәлімдемелерді қабылдау және ұйымдастыру, экскурсоводтарды белгілеу, жүргізушілерге жұмысты беру, есеп беру. Экологиялықбағыты Қорғалжын корығына жолдамаларды сату.

Курьерлік қызмет. Келетің барлық турге билеттерді ұйымдастыру.

Бизнес - орталығының жұмысын ұйымдастыру. 
Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметінде 
компьютерлік бағдарламаларды еңгізу, оның жұмысын 
қадағалау.

Барлық менеджерлер жаңа туристік маршруттарды 
ұйымдастыруға катысады, өздерінің бағыты бойынша есеп 
беруді құрастырады, керек уақытта фирманың жарнамалық 
қызметіне  қатысады. 

Менеджер  көмекшісі  менеджердің бұйрығымен  турөнімді жасайды    және    оны    агенттерге    сатады.    Ол    турөнмді    сату жұмысын      және   басқа   да   бас   менеджер   мен   директордың тапсырған міндеттерін орындап, оған жауапты болады. Турөнімдерің жасау.

І. Менеджер көмекшісі менеджердің тапсырысы бойынша турөнімнің бағасын есептейді, орналастыру обьектісін сипаттайды, кірулерді анықтайды, турдың ұзақтылығын және басқа да шарттарды орындайды.

2. Менеджердің тапсырысы бойынша өндірілген турөнмді турагенттерге  өткізуді,  көрмелерге  қатыса  отырып, БАҚ арқылы және  электрондық  почта арқылы жарнамаларды тарату.

Турөнімді еткізу.

:1. Турөнімді өткізу жұмысы  агенттіктерден хабарлама (брондау қағазы)  алудан басталады. Хабарлама қағазын алған сон, менеджер көмекшісі; хабарламадағы беріленді сату кестесіне  еңгізеді және ол агенства фирмамен алғаш рет жұмыс; жасап отырғандығын анықтайды.

Информация о работе Жарнаманың мәні, нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын рөлі