Лекции по "Маркетингу"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:08, курс лекций

Краткое описание

№1 СӨЖ Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні
№2 СӨЖ Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
№3 СӨЖ Білім беру қызметтерінің нарығы
...
№12 СӨЖ Білім беру мекемелеріндегі бизнес жоспар құрудың негізгі жолдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Білім беру мекемелеріндегі кәс.қызм.docx

— 272.98 Кб (Скачать документ)

Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.

Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.

Компьютерлендірілген  жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде  жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама.

Интернет  арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.

Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер  үшін радио және тележарнама тиімді болып табылады.

Тележарнама – жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.

Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі –  жарнама хабарларын поштамен тарату.

Газет пен журналдағы жарнаманың құны оның беттеріндегі қолданылған ауданының  әрбір шаршы сантиметрінің бағасымен  есептелінеді. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, газеттер мен журналдардың беттеріндегі оң жақтағы жоғарғы  бөлігіне көбірек көңіл аударылады.

Ұлттық  компаниялардың тауарды нарыққа  жылжыту саясатының қаржылық мүмкіндіктері  мен маркетингтік мақсаттарға қатысты  өзіндік ерекшеліктері бар.

 

 

№ 11 СӨЖ

Бизнес жоспар түсінігі және оның құрылымы

 

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі  бөлімнен тұрады:

  1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
  3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар,ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.

Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:

·         Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:

o   Істі ашу үшін не қажет?

o   Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?

·         Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.

·         Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе әртүрлі бизнестер шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дәлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.

·         Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кәсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар.Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспарәріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.

·         Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кәсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уәде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.

·         Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мәміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді.

 

№12 СӨЖ

Білім беру мекемелеріндегі  бизнес жоспар құрудың 

негізгі жолдары

«Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау  және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды  басқарудың бірден-бір құралы болып  табылады. Бизнес-жоспар – бұл инвестициялық  жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен  кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі  көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты  құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің  бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген  нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы  мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Біздің мамандар Сіз үшін кез-келген бизнес-жоспардың түрін – ішкі жоспарлау үшін де (кәсіпорынның стратегиялы даму жоспары), әлеуетті инвесторлар мен несиелеушілерден қаржыландыру көздерін тарту үшін де дайындай алады. Бізге тапсырыс беру арқылы сіз белгілі бір инвесторлар үшін сапалы бизнес-жоспарға қол жеткізе аласыз.

Табысқа жеткізер бизнес-жоспарлау үшін (техниалы-экономикалық негіздеме) өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны  талдау, сондай-ақ қаржы менеджерлерінің, талдаушылардың, бухгалтерлердің біліктілігі  қажет. Біз әр жобаны оның ерекшеліктерін ескере отырып, инвесторлар мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нықты талаптарына  сай етіп жасаймыз, ал ондай талаптардың  болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта  құру Банкісінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстарын ескереміз. Бизнес-жоспардың  қаржылық бөлімі (техниалы-экономикалық негіздеме) қаржылық және есеп берудің  қазақстандық және /немесе халықаралық  үлгіге негізделіп есептеледі.

Бизнес -жоспар (техникалы-экономикалық негіздеме) дайындаудағы біздің қызметтер:

бизнес-жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау және келістіру;

Сіздің  кәсіпорныңыздың қаржылық жағдайын жедел-талдауын жүргізу;

Сіздің  есептік құжаттарыңыз негізінде  болашақ кезеңге ақшалай ағымдарыңыздың қозғалысын жасау;

Жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау;

Маркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау;

Инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеретін бизнес-жоспар жасау;

Жобаның (Техникалық тапсырысқа сай) өзектілігін  алты ай бойы сақтап тұру;

UNIDO-ның  стандарттарына сәйкес Бизнес-жоспардың  жалпы құрылымы келесідей болуы  керек:

Резюме(Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі  ақпарат);

Мақсаттар мен міндеттер(жобының негізгі  қағидалары / жұмыстарының жоспары);

Өнім / қызмет(өндірістің технологиясы, ерекшеліктері, сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамасыз етудің әдістері және т.б);

Нарықты талдау(саладағы жағдай, негізгі қажеткерлер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері және т.б);

Маркетинг жоспары(бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар  және т.б.);

Өндірістің  жоспары(қажетті материалдар, жабдықтар  мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу  көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс  технологиясы, өнімнің түрлері және т.б.);

Мамандар  мен басшылар(қызметкерлер мен басшылардың  ара-қатынасының сызбасы, кадрлік  құрылым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың біліктілігі және т.б.);

Қажетті қаржының көлемі мен көздері(Қажетті  қаржының көздері мен көлемі, оның қайтарылым шартттары, бос қаржының болуы және т.б.);

Қаржылық  жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау(сату көлемдерінің және пайда / шығындардың көлемін болжау, мүмкін болатын барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және белгілі-бір аймақтағы  жалпы әлеуметті-саяси жағдай, онымен байланысты тәуекелдер, дебиттік және кредитттік қарыздарды қамтамасыз ету  сызбалары және т.б.);

Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар / бюджет(тоқсандық  ақшалай ағымдарды талдау, өнімнің  өзіндік құнын анықтау, пайда  мен шығындардың тоқсандық бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т.б.);

Жобаның бизнес-жоспарлауының құны мен дайындау мерзімі келесідей бірнеше факторларға  байланысты:

жоспарлау үшін қажетті ақпарат – егер ақпарат  жеткіліксіз болса, біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит негізінде жинауға  көмек бере алады.

бизнес-жоспарлаудың алушысы – бизнес-жоспар кім үшін жасалуда: өзіңіз үшін, несиелеуші үшін, инвесторлар немесе басқа мақсаттар  үшін;

Жобаның қиындығы және оны нақтылау қажеттілігі;

Тәуекелдер - тәуекелдер (қаржылық, абыройлық және т.б.), неғұрлым көп болған жағдайда жобаны соғұрлым байсалдылықпен жасау  керек.

 

№13 СӨЖ

Кәсіпкерлік іскерлік және кәсіби этикасы

 

 

 


Информация о работе Лекции по "Маркетингу"