Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:08, курс лекций
№1 СӨЖ Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні
№2 СӨЖ Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
№3 СӨЖ Білім беру қызметтерінің нарығы
...
№12 СӨЖ Білім беру мекемелеріндегі бизнес жоспар құрудың негізгі жолдары
№1 СӨЖ
Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:
1) нарықтық
экономика субъектілерінің
2) өндіріс факторларын қисындастыруға, инновацияға, жаңа енгізулерге негізделген бастамашылдығы (инициативность);
3) тәуекелдік;
4) пайданы жүйелі алуға бағытталғандығы;
5) шаруашылық
жүргізуші субъектілердің
№2 СӨЖ
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге
бағытталған жұмыстар мен
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
-өндірістік кәсіпорын және
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар-қор биржалары;
- банктер мен халықтар.
Қызмет түрін
таңдауда алдын-ала
Өнімді тиімді сату шаралары
кәсіпкерліктің үшінші сатысын
құрайды. Бұл процесс делдал
агенттіктер, брокер немесе
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселер:
- "нені сатып алу керек";
- "нені сату керек";
- "қайда сату керек" деген
сұрақтарға жауап іздеу.
Кәсіпкер тауар және
қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап,
алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет
жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
- сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп
айырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер;
- жұмысшылардың саны;
- көлік жұмысының ауқымы;
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз
мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен
- кәсіпкерлер және жеке
Кәсіпкер немесе бизнестің осы
саласына қатыстылар өздерінің
іс-әрекеттерін құнды қағаз
Құнды
қағаздар айналымының аса
- құнды
қағазды кәсіпкердің өзінің
- оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);
- Дв мен Да арасындағы айырма
оған табыс әкеледі.
Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып
алатын ақшасы жоқ болса,
онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).
Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.
Кеңес беру қызметіне;
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпаратты технология;
- арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.
Өндірістік кәсіпкерлік қызмет түрлеріне инновациялық, ақпараттық, ғылыми техникалық қызмет, тауар өндірісі, қызмет көрсету жатады.
Инновациялық кәсіпкерлік – шындық пен мүмкін жағдайдың аралығындағы үлеспеушіліктерді (мәселелерді) шешуімен байланысты, өнім мен қызмет түрінде жаңа ойды нарыққа дейін жеткізуге арналған, экономикалық пайда алуға бағытталған мақсатталған қызмет. Осы процесс Қазақстанның жағдайында екі жорамалмен түсіндіріледі. Бірінші жорамал бойынша, осы процестің негізінде технологиялық қозғау салу жатыр, ал екінші бойынша — нарық сұранысын қысымы жатыр.
Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.
Инновациялық кәсіпкерлік қызметі – ертеде пайдаланбаған коммерциялы нәтижелі қорларды өндіріске еліктіру арқасында ұлттық байлықтың көбеюін мойындайтын нарық экономикасы мен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы.
Инновациялық қызмет кәсіпкерлік құрылымдардың әрекетінде өндіріс нәтижесін көтерудің негізгі факторы болып табылады.
Ақпараттық қызмет көрсету (Информационное обслуживание; information service) — ақпаратпен жұмыс істейтін мекемелер мен қызметкерлерді қажетті мәліметтер және тұтынушылармен жасақтау.
Тауар өндірісі – қоғамдық өндірістің белгілі бір ұйымы. Тауар өндірісінде адамдар арасындағы экономикалық қатына
Қызмет
көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және
тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен
өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен
көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер
Кәсіпкерліктің түрлері |
Артықшылығы |
Кемшілігі |
Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар |
Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі |
Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары;
болған зардаптарға жауапкершіліктің
шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық
іс-әрекеттің біріктірулігі |
Серіктестіктер |
Басқару бойынша міндеттерді бөлу;
қаржы тартудағы үлкен |
Әріптестердің өзара өнімсіздігінің
ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы
әлеуметтік-психологиялық |
Акционерлік қоғамдар |
Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. |
Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. |