Лекции по "Маркетингу"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:08, курс лекций

Краткое описание

№1 СӨЖ Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні
№2 СӨЖ Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
№3 СӨЖ Білім беру қызметтерінің нарығы
...
№12 СӨЖ Білім беру мекемелеріндегі бизнес жоспар құрудың негізгі жолдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Білім беру мекемелеріндегі кәс.қызм.docx

— 272.98 Кб (Скачать документ)
  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономиканегізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Қазақстанда кәсіпкерлік  жөнінде 90-жылдардың басында, қайта  құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде  кооперативтер құра бастады.Несиелеудің  жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның  үстіне, өспелі инфляция жағдайына  дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы  толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан»  қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы  Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған  «СССР азаматтарының жеке еңбек  қызметі туралы» заңы алғаш рет  ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация  туралы заң» қабылданды. Кооперативтер  мен серіктестіктердің жаппай құрылуы  басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның  болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға  беру, бірлескен кәсіпорындар мен  банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама  дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке  жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік  белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда  кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі  үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен  тауар өндірушілер арасындағы делдалдық  та емес, сауда шықты.

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті  дамытуды белсендету және мемлекеттік  қолдауды күшейту шаралары туралы»  және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке  және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне деген құқығын  қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика  министрлігінің құрамында шағын  кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі  агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.

Экономиканы тұрақты болуы  және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың  басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті  жетілдіру болып табылады. Жалпы  кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше  белгілі шарттар орындалуы қажет:

Кәсіпкерлік субъектінің  белгілі бір дәрежеде еркіндігі  мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді  тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты  өз мұқтажына жұмсау;

Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын  болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

Кәсіпкерлік қызметтің белгілі  коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған  шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік  меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

 

№5 СӨЖ

Білім беру мекемелеріндегі  кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Қазіргі Қазақстанда кәсіпкерлік кейбір қиындықтарға кездессе де, бұл болған нақты іс. Ол заң жүзінде қорғалады  және даму үстінде. Таңдап алған бағыттың өзектілігі түсінікті, себебі кәсіпкерліксіз нарықтық экономика болмайды. Ол бізде  бастапқы қалыпта болғанымен, бизнес қоғамдық өндірістің жетекші саласы болатынына күмән жоқ.

Бизнеске  деген қызығушылық шынайы, әрі  ақталған. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылуда, өзінің жеке ісін ұйымдастыруға ұмтылып  жатқан адамдар пайда болуда, олар қазіргі жағдайларға байланысты бір орында тұрмай, қызығушылықтарын танытып, өздерін бос еңбектік қызметте көрсеуде. Бұған қоғамның егемендігі және шаруашылық қызметі көмектесуде.

Монополизмді  жеңіп шығу мен бәсекелестікті дамытуға бағытталған нарықтық экономикаға  көшу өндіріс құрылымының күрделі  өзгеріске баруын талап етеді. Жеке меншіктің әртүрлі нысанында  негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз, әлем экономикасы дәлелдегендей  бұл шараларды шешу мүмкін емес.

Бүгінде көп адамдар өндірістің, экономиканың, жалпы қоғамның дамуын жылжытатын кәсіпкерлік  екенін түсіне бастады. Еліміз кәсіпкерлік  арқасында, ал кәсіпкерлер мемлекет қолдауының арқасында гүлденіп жатыр.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің  дамуына интенсивті түрде барлық жағдайлар жасалуда, әсіресе кәсіпкерлікті  дамытуға жеке меншікті жекешелендіруге  байланысты үлкен жұмыстар атқарылуда. Елімізде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға кең ауқымды  шаралар қолдануда.

 

 

№6 СӨЖ

Кәсіпкерлік бәсекелестік

Нарықтық экономиканың басты  принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы  өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына  байланысты.

ХІХ ғасырдың орта кезінде  нарықта еркін бәсекелестік кең  өріс алды. Мұндай нарық сұраныс  пен ұсыныс негізінде бағаның  ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын  жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне  шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.

1). Бір сала ішіндегі  бәсекелестік – бұл бір саланың  тауар өндірушілері арасында  болады. Онда ең жоғары еңбек  өнімділігі бар, ғылыми-техниканы  қолданатын кәсіпорын жоғары  табысқа жетеді, ал артта қалған  кәсіпорындардың табыстары төмен  болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2). Салааралық бәсекелестік  – бұл халық шаруашылығы салалары  аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі  пайда табатын саладан капитал  пайда деңгейі жоғары салаға  құйылады. Оның қортындысында жаңа  сапалы тауарлар көптеп шығарылып,  халықтың әл-аухаты жоғарылайды.  Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

Еркін бәсекелестіктің негізгі  белгілері – бұл шексіз нарыққа  қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы  және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі –  акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті  қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар  өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем  дегенде сол пайда арқылы күнін  көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы  бір салада өнімді көп шығарып  дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар  жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс  пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді  шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия –  сату.

Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

  1. Таза монополия — өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
  2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
  3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.

 

 

 

 

 

№7 СӨЖ

Нарықтық экономика саласында  тауарлар мен

 қызметтер сапасы

Нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығы, өндірістік және сауда  фирмалары арасында, түрлі ұйымдар  арасында, қызметкерлер мен фирмалар арасында, соңғысы мен мемлекет арасында әр түрлі экономикалық байланыстар  бар. Мұндайда олардың қозғалыс механизмін білмеу себебінен туындайтын нарықтық қатынастар дамуының келеңсіз құбылыстары  қоғамның ілгерілеуіне кедергі болатын  факторлар қызметін атқарады, осыған байланысты экономикалық әдебиетте  шешімдері шаруашылық механизмін жетілдіруде, оның ішінде, қызмет көрсету нарығында  сервис сапасын көтеруде аса маңызды  роль атқаратын тауар-ақша қатынастары, нарықтық экономиканы дамыту мәселелеріне аса назар аударылып отыр. 
Нарық, нәтижесі тауарлар мен қызмет көрсетудің айналым процестері болып саналатын алып-сату қатынастарын болжайды. Қазіргі кезеңде мәселе тек өндіріс туралы ғана болып отырған жоқ, көбіне тауарларды өткізу, сауда қызмет көрсету сапасы туралы да болып отыр. Фирмалардың тиімділігін көтеру мәселелерін шешу енді тауарлар айналымы мен қызмет көрсету саласына аударылып отыр. 
Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде тұрмыстық, коммуналдық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық, ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып отыр. Қызмет көрсету нарығының дербес бөлігі өндірістік қызметтер, яғни өндірісте қызмет көрсету бойынша қызмет түрлері қатысады.  
Таза нарықтық экономикада мемлекет тарапынан ешқандай жәрдем ақша болмауы қажет, бірақ тәжірибеде саяси, әлеуметтік сияқты, моральдық жағынан да оларсыз күн көру мүмкін емес. Әсіресе, сөз білім беру жайлы болса. 
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де,қызмет көрсетумен байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады. 
Мұндағы байланыс тура әрі айқын: өмірді жеңілдетуге арналған сапалы қызметтерназар аудартады, оларды қолдануға ықыласын тудырады. Бөлшек саудада біртіндеп туындаған оңтайлы жағдай тұтынушыларға біреуін екіншісімен салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ подталкивает бәсекелестерді әрқашан жақсарып отыратын қызметтерді олардың сапасын қамтамасыз ете отырып, ұсынуға итермелейді. 
Қызмет көрсету саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында біршама қайта құруды, қызмет үлесінің едәуір өсуі мен материалдық тұтынудың меншікті салмағының талап етеді. Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін түпкілікті жақсарту, сәйкес кәсіпорындар желісін кеңейту, қызмет көрсету көлемін арттыру, олардың жаңа түрлері мен формаларын енгізу қажет (бұл әсіресе туристердің көп мөлшері қатынайтын Алматы облысы үшін аса тиімді).  
Америкалық шындықтың негізгі феномендерінің бірі болып қызмет көрсету саласының аса зор өсімі саналады. Бүгінде оған ауыл шаруашылығында барлық еңбекпен қамтылғандарды есептемегенде,  қалған 73% жұмыс орны келіп отыр. Салыстырмалы түрде: ГФР-да қызмет көрсету саласында 41% жұмыс орны, Италияда - 35% жұмыс орны қамтылған. Әл-ауқаттың өсуі, бос уақыттың көбеюі және техникалық қызмет көрсетуді талап ететін тауарлардың күрделенуі Америка Құрама Штаттарын экономикалық қызмет көрсететін әлемдегі бірінші елге айналдырды.

Информация о работе Лекции по "Маркетингу"