Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 08:56, курсовая работа

Краткое описание

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

Содержание

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.

Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұмыныстарды жасауға болады.

    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  –  сапа, баға, әрлендіру, сатудан кейінгі мүмкін көрсетілетін қызметтердің қолайлы үйлесімділігі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауардың нарық жағдайларына, тұтынушы талаптарына тек сапалық, экономикалық, техникалық, эстетикалық, эргономикалықсипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық және оны өткізудің (жеткізу уақыты, баға, өткізу каналдары, сервис, жарнама) шарттары бойынша да сай келуін білдіретін көп аспектілі түсінік.
    2. Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің негізгі құрауыштарын атап өтейік:

-  Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім    (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

- Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.

- Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.

    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

-  Өнім және қызмет сапасы;

-  Өнім және қызмет бағасы;

-  Персоналдың квалификациялық деңгейі;

-  Өндірістің технологиялық деңгейі;

-  Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

-  Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

    1. Қазіргі таңда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Олардың бәрін бәсеке қабілеттілігін бағалаудың екі базалық топқа біріктіруге болды:
  • Дифференциалды бағалау нәтижесінде базалық техниканың параметрлер деңгейі жеткілікті ме, қандай параметрлер бойынша ол қанағаттандырады, қай параметрлер базалық параметрлерден қатты ерекшеленеді деген мәселелер шешіледі;
  • Комплексті кәсіпорын өнімінің аналог-бәсекелес өнімдерімен топтық, интегралды, аралас көрсеткіштер бойынша салыстыруға негізделеді.
    1. Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан шеткері қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Диплом жұмысымның зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» ЖШС Қазақстанның осы мақсатына үлес қосушы болып табылады. Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы, сенімге тұрарлық сапалы өнім сату міндеттері тұр. Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Бұл компанияның өнімдері келесідей ассортиментте: «Фруктовый лед», «Вафельный стаканчик», «Пластик», «Батончик», «Макси», «Африка».
    2. Кәсіпорынның 2004, 2005 жылдардағы мәліметтері бойынша дамуын  зерттедім. Талдаудан жалпы кәсіпорынның жағдайын жақсару үстінде деп айтуға болады. Оған дәләл ретінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржы тұрақтылығын, табыстылығын және қызмет белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер бола алады. Бұл көрсеткіштер 2005 жылы 2004 жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылаған. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп,  дамитынына  көзіміз  жетіп  отыр.  
    3. Сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС өнімін бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін комплексті әдісті пайдаландым. Бәсекелестері негізінде Агропродукт, Веселый молочник, Кайсар, Адал, Домик в деревне, Мое, Айналайын, Белое және Мумуня өнімдері алынды. Бағалау сүт, кефир, сүзбе, қаймақ және балмұздақ өнімдері бойынша жүргізілді. «ФудМастер»  ЖШС-нің өнімдерін талдап,  мынандай  қорытындыға келеміз:  «ФудМастер»  ЖШС-нің  өнімдері ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып  келеді. Әсіресе бұл кефир, қаймақ және балмұздақ өнімдерінен көрінеді, олар бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға  ие болған. Ал сүт пен сүзбе өнімдері екінші орынға ие болғандықтан, талдаудан біз  өнімдердің  тартымдылық деңгейін өсіру керек; барлық өнімнің сапасы  қанағаттандырады,  жоғары  деген шешімге  келдік.

8. «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

  • Дамыған  елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  сүт  малшаруашылығының  интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның  генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу,  азық  өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.
  • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.
  • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
  • Сүт  фермаларының ветеринарлы-санитарлық  жағдай әрдайым тексеріп отыру;
  • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және                  олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;
    • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
    • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

Тамақ өнеркәсібінің салаларында өндірілетін өнімдер тікелей адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан да, осы ерекшеліктерге сай, өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын басты факторға жатады. Ішкі нарықтағы бәсекелік орта, сыртқы тасымалдаушылардың ықпалы отандық өндірушілерді өз өнімдерінің бағалық сипаттарынанықтауды, сондай-ақ, жетілген нарықта, өндірушінің беделі мен танымалдылығы сынды ерекшеліктері арқылы, оның тартымдылық қасиеттерін бағалауды да негізгі міндеттердің қатарына қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

 

  1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына                         кіру стратегиясы  //    Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.
  2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:        Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан     //    Астана, 2007 жылғы 28 ақпан

3.     «Бәсеке және монополияны шектеу туралы» ҚР-ның заңы

4.     ҚР-ның статистикалық жинақ 2005

5.     ҚР-ның статистикалық жинақ 2006

6.     Отраслевая  подпрограмма «Производство и переработка молока 2004-

        -2005 годы»   Астана, 2004

7.     Ж. Байтілесов  Қазақстан-БСҰ: жаңа заңдар мен жаңаша көзқарас қажет

   www.Google.kz

8.   Тасбай СИМАМБАЕВ, Сенат депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс         және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.   Жоба межесі жоғары 

9.  А. Сосков    Чтобы конкуренты не задушили // Я покупатель и собственник  3 ноября 2006г.

10. Сүт және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері. Жаршы «Бастау», 2003, №5

11. Формирование конкурентоспособности сельскохозяйственных товаров в условиях конкурентной среды // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби.             Алматы, серия экономическая, 2006, №2

12. Формы и методы государственного регулирования качеств продукции и их совершенствования // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. - Алматы, серия экономическая, 2006,  №3

13.   Әмірбекұлы Е.      автореферат                   Алматы, 2004ж.

        Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру

14.   Сазанова Ж.О.       автореферат

        Шаруа қожалықтарының бәсекеге  қабілеттілігін арттыру.-Алматы, 2005  

15.   Джумагалиева Ж.Г.     автореферат

        Управление качеством продукции и обеспечение ее                           конкурентноспособности.-Алматы, 2004г.

16.   Нурпеисова М.М.       автореферат

        Повышение качества и конкурентноспособности потребительских   товаров Казахстана.-Алматы, 1998г.

17.   Богданов К.В. Конкуренция и конкурентоспособность (курсовая работа)

        М,  2002

18. Галкина О. Оценка конкурентоспособности товара (курсовая работа)        Таллинн  2002

19. Коммисаров А.В. Разработка программы стимулирования сбыта      (дипломная  работа) Омск 1997

20.  Макарова Н.Н. Продвижение товара: Public relations (курсовая работа)

        Ялта  2001

21.  Москаленко С.В. Стратегические направления в развитии  конкурентоспособности фирмы (курсовая работа) М.1996

22.   Раздорский О.С.  Оценка и повышение конкурентоспособности товаров

        (курсовая работа) Самара 2002

23.   Барнгольц О.Б.  Экономический анализ хозяйственной деятельности

        предприятий и объединений - М,1986..

24. Годин А.М.   Маркетинг: Учебное пособие. - М.: Прогресс, 2001

25.   Голубков Е.П. Маркетинговые исследования. - М: Филипресс, 1998г

26. Дюсембаева К.Ш.   Анализ финансового положения предприятия - Алматы: Экономика, 1998г

27.   Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы - Алматы: Экономика,2002ж.

28.   Ковалев А.И.   Маркетинговый анализ: Учебное пособие.- М.: Контакт,2000

29. Ковалев В.Р. Анализ хозяйственной деятельности предприятия - М, 2000.

30.  Козлов Е.Н. Товар и товарная политика. //        Экономика     строительства.2001№1

 31. Магомедов Ш.Л. Определение показателей конкурентоспособности         товаров. // СТК.2000.№9.С.78-79.

32.   Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы                                     Алматы: Экономика, 2003ж.

33.   Печенкин А,.Фомин В. Об оценке конкурентоспособности товаров и

        товаропроизводителей // Маркетинг.2000.№2.С.23-26

34.  Савицкая В.Г.            Анализ финансового хозяйственной деятельности -

        Москва,2000г

35.  Под ред. Сафронова,Зайцева Н.Л.    Экономика предприятия -  Москва, 2004г.

37.   Фатхутдинов Р.А. Менеджмент конкурентоспособности товара. М.:АО

        «Бизнес-школа  Интел-синтез».1995.203с.

38.   Meyer H. Aspekte der Konkurrenzfдhigkeit (доклад на собрании   Швейцарского  союза торговых фирм) Zьrich 1998

39.   Материалы журнала “Marketing. Zeitschrift fоr Forschung und Planung”

        Mьnchen und Frankfurt за 2001-2002 годы

 

 

 

 


 



Информация о работе Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары