Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 08:56, курсовая работа
Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату
Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне жатады:
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:
Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.
«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік, т.б.
«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек. Ол кезде адамның өнімнің белгілі бір қасиеттерін қабылдауына негізделген органолептикалық әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін бағалау кезінде экспер топтары өткізетін квалиметрикалық әдістер де пайдаланылады. Ол кезде эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы жұмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалық әдістер өнімнің әртүрлі қасиеттерінің өлшеміне мен эксперттік бағалар талдауына негізделеді [12].
Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай және кәсіпорын қызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.
3 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
3.1 Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы
Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:
Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге қабілеттіліктің кең таралуы өндірушілерді жаңа бәсекеге қабілетті тауарларды мен оны өткізудің жаңа нарықтарын көбірек іздеуге мәжбүр етеді. Халықаралық тәжірибе бір ғана өнім емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік қатар мен ассортименттік набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады. Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару. Әрбір сатып алушыға оның жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің кейбір анықталған эксплуатациялық параметрлері қажет болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны іздейді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері өнімді сатып жатқан немесе өткізуге мақсат қойған нарықтар туралы объективті ақпаратты алуы керек. Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын қажеттіліктер және тұтынушылар атап өткен тауардың жақсы қасиеттері бағалану керек. Ең соңында техникалық деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп, нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде оның бәсекегқабілеттіліг бағаланады.
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс. Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай фабрикаттар сатып алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық ресурстар мен квалификациялық деңгейі жоғары кадрларды тарту да өте маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта ұстанымды жаулап алудың негізгі сәті - өндірілетін тауарлардың уақытылы жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта кәсіпорынның гүлденуі үшін жаңа тауарлардың өндірісі мен қалыптастыру шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық. Жаңа өнімді шығарғанда және тауарлардың ассортиментін кеңейткенде кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын бір тауардан тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: шамалас 10 өнімнен 8 өнім өндірушілер оларға артқан сенімділігін ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық және эксплуатациялық кемшіліктері, тиімсіз жарнма, жоғары баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу үшін таңдалған дұрыс емес уақыт, өндірістің шешілмеген мәселелері, жалпы алғанда бәсекелес саясаттың дұрыс емес болжануы.
Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа тауар шығару емес, өндірістен моральдық ескірген тауарды шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Тауардың модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.
Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі, және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек [18].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
Информация о работе Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары