Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 08:56, курсовая работа

Краткое описание

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

Содержание

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)
    • Физикалық;
    • Техникалық;
    • Сенімділік;
    • Эксплуатациялық;
    • Эстетикалық;
    • Қауіпсіздік;
    • Экологиялық;
    • Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б. [9].

Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Өнімнің бағасы. Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

    1. өндіріс жалпы шығыны;
    2. қоғамдық еңбек шығыны;
    3. өнім саны;
    4. өнім қызметі мен қасиеті;
    5. персоналдың квалификациясы;
    6. өндірістің технологиялық деңгейі;
    7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
    8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
    9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
    10. Өнімнің орамы;
    11. Фирманың танымалдылығы;
    12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
    13. Фирманың маркетингтік қызметі;
    14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
    15. Фирманың садалық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның            себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір             өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу            мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер            ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады [6].

 

 

 

Нарықтағы жағдай


Тұтынушылар




 

Мемлекет





                     


                 


 

 

Бәсекелестердің   ықпалы




 

Шикізат ресурс-тары, шығындар





                                           


 



 


 

           



 


 

 

 Ескертпе - Әмірбекұлы Ержан         Автореферат

Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру

 

 

3-сурет -  Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру

Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

    • Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;
    • Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
    • Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
    • Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

    • Баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;
    • Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;
    • Қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.

Бағаның түрлері:

    1. Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
    2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;
    3. Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
    4. бөлшек сауда ьағасы – тұрғындарға сату бағасы;
    5. Өзгермелі   баға  дайындалатын бұымдарға сауда     мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке           алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

    1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
    2. Төменгі баға стратегиясы  немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
    3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.
    4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың   мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
    5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
    6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
    7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:

    1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған бәсеке.
    2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.
    3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.
    4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут – тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.

Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық өндірісті   үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта қаруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

    • Несиелік;
    • Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында үлкен үлеске ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен инвестордың қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады. Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін қабылдаудағы кедергі инвестор қаржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете алмайтындығы.

Акцияларды орналастыру жолымен капиталды тарту талай жігер, уақыт пен ақшаны қажет ететіні сөзсіз.

Нарықтың қаныққындығы, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі ─ сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайық.

Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі        – бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге қажеттілік пен табысқа байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар DVD ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды      прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс  жоғарыда   аталған үш факторларға    тәуелді [11].

«Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы»,  деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдаунда осы жылы [2].

 Нарықтық жағдайда    егер кәсіпорын өз өнімнің немесе  қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға,    жеткізу   уақыты,    кепілдік,    сервистік   қызмет   көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс    берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың   жалпы дамуына оң   әсерін тигізеді.  Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол  тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де  тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына,  материалдық   ресурстардың  үнемделуіне  ықпалын  тигізеді.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:

        • өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
        • тұтынушылардың талаптарын талдау;
        • сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
        • сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
        • өнім сапасын басқару мәселелері.

Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

        • жеке ;
        • комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

        • натуралды (килограмм, метр, литр)
        • құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

        • базалық;
        • қатысты көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

        • болжанатын;
        • жобаланатын
        • өндірістиік;
        • эксплуатациялық көрсеткіштер.

Информация о работе Бәсеке құабілеттілігін қалыптастыру жолдары