Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 08:19, дипломная работа

Краткое описание

Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі алуан түрлі. Оның басты қызметі – адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметіде пайда болды. Соңғы қызметін діни- ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз. Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................
1.Шығармашылық бөлім
1.1.Сән бағыты........................................................................................................
1.2.Эскиздік жоба.................................................................................................
1.3.Модельдің технологиялық сипаттамасы......................................................
1.4.Материалды таңдау және негіздеу................................................................
2.Құрастыру бөлімі
2.1. Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы.....................
2.2. Киім бөлшектерінің оригинал лекалоларын құрастыру және безендіру.....
2.3. Материал шығынын мөлшерлеу......................................................................
3. Техникалық бөлім
3.1. Өңдеу әдістерін және құрал жабдық таңдау...................................................
3.2. Түйінді өңдеу тәртібі..........................................................................................
3.3. Бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі..............................................
4. Экономикалық бөлім
4.1. Бұйымның өзіндік құны және рентабельдігі...................................................
5. Экология және еңбекті қорғау
5.1. Техникалық қауіпсіздік ержесі......................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 731.99 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Бұйымды дайындаудың  техникалық бірізділігі 

 

Киімді өлшеуге дайындауды жеке немесе киім дайындалатын бригада  да жасайды, бірақ мұнда киімді өлшеуге  дайындау жұмысын 4 немесе 5 разряды  бар бір адам орындайды. Киімді заказ  берушінің тұлғасына қонымды  ету үшін негізгі бөлшектерді  пішкен кезде қималары бойынша әдіптерді  жасайды. Пішкен кезде әдіптерді  бормен белгілейді. Түрлі қималардың әдіптердің шамасы түрліше. Жакет пен  шалбарда келесі әдіптерді жасайды: артқы бойында-мойын ойындысының, иық, бүйір, оймақ қималары асты бүйір  және бүйір бөлшектерін сызып  тігу сызықтары бойынша, кесілетіне бүйір бөлігі бар бұйымдарда әдіптерін  барлық қималары бойынша жасайды.

Бұйымды тігушіден алып оны  өлшеуге дайындау үшін және өңделетін  жұмыс бойынша модельді өңдеу  ерекшелінің түсіндірмесі бар нұсқау, сондай-ақ мадельдің сыртқы түрін  суреттеумен танысып, тігінші- қолөнерші  пішілген бұйымның бөліктерін үтіктейді. Жакеттерде және тұтас пішілген бұйымдарды бақылау жіптерін бел сызығы бойынша  жүргізеді.

Жылтырақ емес жіптерді пайдаланып оларды бұйымның оң жағынан арнайы машинамен немесе қолдан тік қабулармен жүргізеді. Мұнда қабулардың түйіндері  мен бекулерін бұйымның оң жағында, олар тіккен кезде түспейтіндей және оңай алып тасталынатындай орналастыру  керек.

Көкірекшесінде бүкпелерін, бедерлерін көкірекшенің бүйір және иық қималарын оң жақ жеңнің қитмаларын көктейді. Қажет болған жағдайда оң жақ жеңінің иық доғасы бойынша  бүрмені түзету үшін жіп салады. Оң жақ жеңін оймаға көктеп тігеді немесе бұйымға түйреуіштің көмегімен  бекітеді.

Көктеген кезде бұйымдардың  барлық бөліктерін оң жақтарын ішіне  қаратып, белгіленген сызықтарын беттестіре отырып түйреуіштермен бекітеді немесе тігістерінің кұрделілігімен және маталардың қасиеттеріне байланысты бекітусіз  көктейді. Көктеген киімді заказ берушіге кигізеді, түйреуіштермен түймеліктің  қимасын мойын ойындысы алдыңғы  ортасынан, кеуде, бел және артқы  сызықтарынан түйрейді.

Өлшеуді бұйым баланысын  тексеруден және дәлелдеуден бастайды.

Кімді жеке тапсырыс бойынша  әзірлеу халыққа қызмет көрсету  жұмыстары тобына енеді және мына төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

Өндіріске жаңа модельдерді  енгізуге конструкциялық – техникалық әзірлік;

Тапсырыс қабылдау модельдерді, материалдарды таңдау, өлшемдер алу, бұйымның нобайнұсқалы, көрсетілген  тапсырыс паспортын және квитанцияларды толтыру;

Материалды қиюға әзірлеу;

Киім пішуші бұйым бөлшектерін  қиюы;

Бұйымды бойға шақтап өлшеуге  әзірлеу;

Бұйымның бөлжшектері  мен модельін анықтап алу мақсатымен бұйымды тапсырыс беруші одан денесіне шақтап өлшеп көру;

Шақтап өлшегеннен кейін  бұйымды дайындау;

          Дайын бұйымды тапсырыс беруші адамға кигізіп өлшеп көріп, өзіне беру.

Шақтап өлшеудің негізгі  қызметі – бұйым формасының денеге сәйкес келуіне қол жеткізу, тапсырыс берушінің талап – тілегін  қанағаттандыру және бұйым моюдельін  бұлжытпай жүзеге асыру.

Бұйымды бір рет шақтап өлжшеуден кейін дайындау неғұрлым алдыңғы қатарлы әдіс болып табылады. Мұндай әдіс қайталанатын операцияны жоя отырып, өндірістік процесс айналымын  қысқартады, еңбек өнімділігін арттырады, ірілендірген бригадаларды жұмыс істеуге  жағдай жасайды, бэұйымды әзірлеу уақытын  оның сапасын нашарлатпай азайтады және тапсырыс иесінің уақытын үнемдейді.

          Бұйымды бір рет шақтап өлшегеннен кейін әзірлеу кезінде киім пішушілер базалық конструкцияның дайын үлгілерін пайдалана отырып конструкциялаудың бірегей әдісін қолдануды тапсырыс иесі денесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, бой өлшемін дәл ала білуі, сондай – ақ бұйымды өңдеу озат әдістерін қолдана білу қажет.

Бой өлшемін екі рет  алып дайындалғанда бұйымдардың  едәуір күрделі модельдерін әдеттегі типтік денелерден тым ерекшеленіп  келетін денеге шақтап өлшеп әзірлеген  кезде, киім пішушінің тәжірибесі жетіспей жатқанда және оқушыларды үйрету кезінде  қарастырылады. Бұйымды бойға шақтап өлшеуге әзірлеуді жеке адам немесе  үш – төрт адамнан тұратын бригада  атқарады.

Бұйымның негізгі бөліктерін пішкен кезде кесінділер бойынша  кесінділерде тігістік жерлер қалдырылады, оларды бормен белгілеп қояды.

Киімді тұлғаға өлшегеннен кейін барлық белгіленген сызықтар бойынша жіп салады.

Пішушінің мамандығына және заказ берушінің тұлғасына, киімнің  модельіне байланысты киім бірінші  рет өлшеуден кейін дайындалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өзгерістерді енгізгеннен  киімді одан әрі өңдеу үшін бригадаға  немесе шеберге екі рет береді.

Киімді екінші рет өлшеуге  дайындаған кезде белгіленген сызықтары  бойынша қималары мен тігістерін көктейді және қайып тігеді. Өңірлерін  түймеліктерін, жағасын, жеңдерін және басқа бөліктерін өңдейді.

Бұл бөліктермен түймеліктерді  өңдегеннен кейін бүйір және иық  қималарын киімнің етегін көктейді, жағасын мойын ойындысына, жеідерін оймаларына көктеп тігеді, жапсырма рамкалы  қалталарды және басқа өңдеу бөліктерін негізгі бөлшектерге көктеп тігеді.

Заказ беруші киімді екінші рет өлшеу киімді соңғы рет  дәлдеу үшін қажет.

Киімді заказ берушіге кидіреді, киімнің балансын иық және бүйір тігістерінің орнын, мойын  ойындысын, енін және киімнің ұзындығын  дәлдейді.

Барлық дәлдеушілерді  бірінші өлшеудегідей жүргізеді. өзгерген сызықтары бойынша жіп өткізеді.

Белгіленген сызықтарын кьиімтнің  екінші жағына көжшіреді. Жаңадан белгіленген  сызықтар бойынша көктейді және киімді одан әрі өңдейді.

Дайын киімді заказ берушіге тапсырған кезде пішуші киімнің  тұлғаға қонуына, киімнің өлшемдеріне  және оның таңдап алынғалн модельіне  сәйкес келуіне назар аударады.

Киімдегі ақаулар

Киімдерде кездесетін барлық кемістіктерді үш түрлге бөлуге болады. Бұл тоқыма ақаулары, конструкция  кемістіктері және өңдеу кемістіктері.

Тоқыма ақауларын матаның  ақаулары бар жерлерде жатады, яңни шектелген учаскелерге таралған (тесік, өрім аралығы, матадағы жіптің үзілуі, қалыңдау тағы басқа) және матаның  барлық бетіне таралған (түрлі ренкілік, кір болушылық, жолақтық) ақаулар.

Мата кемістіктері жіпті  иірген кезде тоқығанда немесе матаны әзірлеуде пайда болады.

Конструкциялық ақауларға  адамның тұлғасына қонымсыздығы сияқты ақаулар жатады.

Конструкциялық кемістіктер  өлшемді дұрыс алмаудың, дұрыс  пішпеудің бұйымды конструкциялағанда жіберілген қателіктер болады.

Технологиялық өңдеу кемістіктері өңдеудің техникалық шарттарын бұзудан  дымқылдық – жылулық өңдеу  тәсілдері мен тәртібін сақтаудан, бұйымның конструкциясының кемістіктерінен, өңдеу кемістіктерінен ажырату  қиын.

Бұйымның сапасын бақылау

Бұйымдарды монекинге  кигізіп, үстел үстіне жатқызып белгілі  бір ретпен сырттай қарау жолымен  тексереді. Бұйымды монекитнге кигізу барысында оның көркемдік – эстетикалық  көрсеткіштерін тексереді. Сонымен  бір мерзімде, моникен үстінде киімнің ашуына көңіл бөледі, бөліктердің біріктірілуі сапасын тексереді. Содан кейін бұйымды өлшем кестесіне сәйкестене тексереді. Бұдан кейін кемістіктерді шартты  белгілер арқылы бормен көрсете отырып өңдеу сапасын тексереді және тыстың және астарлық бөлімдерді қарап шығады. Тексеруді алдымен  бұйымның оң бетіне жағаны, өңірлерді, жотаны, жеңдерді және әрлеу элементтерін жоғарыдан төмен қарай жағаны және астарды тексереді.

Бұйымның сапасын тексергенде  мынадай параметрлерді бақылайды:

Форманың симметриялылығын және жұптық бөліктердің орналасуы;

Бөліктердің орналасу дұрыстығы;

Бөліктердің шет жақтарының біркелкілгі;

Жіктемелердің өңдеелу сапасы;

Қалталардың рамкаларының өңделу сапасы;

Бұйым бөліктеріндегі сурет  бағыттарының дұрыстығы суреттің үйлесімділігі;

Жұптық бөліктердегі суреттердің  симметриялы болуы;

Ине шаншымдарының, тігіс  жолдарының, тігістердің сапалары;

Бөліктердің ішкі біріктірулерінің беріктігі;

Желімдік біріктіру сапасы;

Түймеліктерді өңдеудің, ұсақ – түйектердің тігудің және бекіткіштерді  атқарудың дұрыстығы;

Пішу кезіндегі жіберулерді  дұрыс қолдану;

Кесінділерді өңдеу сапасы;

Матаның сыртқы кемістіктерінің  бар – жоғын тексереді;

Дымқыл-жылытулық өңдеудің сапасы.

Дымқыл – жылулық жұмыстар

   Бұйымдардың, сырт  көрінісі дымқылдық – жылулық  өңдеуден өткізудің сапасына  байланысты болады, сондықтан оны  дұрыс орындаудың иүлкен маңызы  бар. Тігін бұйымдарын дымқылдық  – жылулық өңдеуден өткізу  жабдықтары қосымшада келтірілген  (кестені қараңыз).

Дымқылдық – жылулық жұмыстарды атқарған кезде мынадай ережелерді сақтау қажет:

Бөлшектерді алдын ала  дымқылдайды немесе булайды, содан  соң толық кепкенше үтіктейді.

Тігістерді үтіктер алдында  оны екі жағынан отырғыза үтіктеп  алу керек. Содан кейін шығыңқы  жерлерді бөлшектер бетіне жатқыза  үтіктейді.

Дымқылдық – жылулық өңдеуді  ішкі жағынан тігіс бетіне ешнәрсе  жаймай-ақ оң бетіне жайып атқару керек.

Бұйымдарды дымқылдық  – жылулық өңдеуден өткізуді негізінен  ішкі жағынан, ал преске салуды оң жағынан  атқарады.

Үтіктеген соң көктеу жіптері  қалатын мата бөлшектерінің, шет  жақтарын (өңір, жаға, етек ұштары т.б.) дымқылдық – жылулық өңдеуден екі қайтара өткізу ұсынылады: алдымен  сәл дымқылдап немесе дымқылдамай  үтіктейді, содан соң (көктеу жібін  алып тастағаннан кейін) бөлшектерді  қажетінше дымқылдап қайта үтіктейді.

Дымқылдық – жылулық өткізу нәтижесінде бұйым бөлшектерінің  оң жақтарында жалтырап қалған жерлерін булау көмегімен кетіреді.

Ашық түсті материалдардан әзірленетін бұйымдарды дымқылдық  – жылулық өңдеудің барысында  үтіктейтін үстелде немесе престің  жастығын ақшыл мата жамылғысымен жабады.

Дымқылдық – жылулық өңдеуден әбден өткізіп болған соң. Бұйым  оған берілген форма толық тұрақтанғанға  дейін ілінген күйде кептірілуі тиіс.

Дымқылдық – жылулық өңдеуден өткізудің негізгі шамалық көрсеткіштері  мыналар болып табылады: температура, престеу қысымы, өңдеуден өткізу уақыты және дымқылдау (кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Операция мазмұны, оны орындаудағы  техникалық шарттар

Орындаушының мамандығы 

Орындаушының разряды

Жұмсалатын уақыт

Қолданылған құрал жабдықтар 

1

2

3

4

5

6

 

Пішілген бөлшектер санын тексеру

Қ

2

45

-

 

Балероның артқы бойда бүкпе орнын белгілеу

Қ

2

15

Стол, бор, лекало

 

Жеңнің жоғарғы бөлігіне қатпар орнын  белгілеу

Қ

2

30

Стол, бор, лекало

 

Жеңдегі желбір орнын белгілеу

Қ

2

65

Стол, бор, лекало

 

Карсеттің алдыңғы бойында бедер сызық орнын белгілеу

Қ

2

25

Стол, бор, лекало

 

Карсеттің артқы бойында бедер сызық орнын белгілеу

Қ

2

42

Стол, бор, лекало

 

Карсетте жасырын сыдырма орнын белгілеу

Қ

2

15

Стол, бор, лекало

 

Белдікке түймелік орнын белгілеу

Қ

2

26

Стол, бор, лекало

 

Белдемшеде желбір орнын белгілеу

Қ

2

35

Стол, бор, лекало

 

Барлығы

   

298

 

 

                    Бөлшектерді қатырмалау

 

 

Балероның мойын әдібіне іштік матаны желімдеу

Ү

3

35

CS – 392

 

Балероның өңір қайырмасына іштік матаны желімдеу

Ү

3

25

CS – 392

 

Карсеттің бөлігінде әдіпке іштік матаны желімдеу

Ү

3

30

CS – 392

 

Белдемшенің белдігіне іштік матаны желімдеу

Ү

3

15

CS – 392

 

Барлығы

   

105

 

 

 

                    Бөлшектердің қиығын торлау

 

Балероның жан қиықтарын торлау

АрМ

4

40

Rimoldi 62728IC

 

Балероның иық қиықтарын торлау

АрМ

4

35

Rimoldi 62728IC

 

Балероның мойын әдіп шеттерін торлау

АрМ

4

20

Rimoldi 62728IC

 

Балероның өңір шеттерін торлау

АрМ

4

30

Rimoldi 62728IC

 

Карсеттің бөліктерінің жан қиықтарын торлау

АрМ

4

24

Rimoldi 62728IC

 

Белдемше бөліктерінің жан қиықтарын торлау

АрМ

4

30

Rimoldi 62728IC

 

Белдемше белдігінің шеттерін торлау

АрМ

4

45

Rimoldi 62728IC

 

Белдемшенің етек қиықтарын торлау

АрМ

4

45

Rimoldi 62728IC

 

Барлығы

   

269

 

 

                   Алдыңғы бойды өңдеу

 

Карсеттің бөлігінде, алдыңғы бойындағы бедер сызықты көктеу

Қ

2

60

Ине, жіп, қайшы 

 

Карсеттің бөлігінде, алдыңғы бойындағы бедер сызықты сырып тігу

М

4

55

Typical GC6880

 

Карсеттің бөлігінде, алдыңғы бойындағы бедер сызықты үтіктеу

Ү

3

45

CS – 392

 

Белдемшенің бөлігінде, алдыңғы бойдағы қиықтарын көктеу

Қ

2

50

Ине, жіп, қайшы

 

Белдемшенің бөлігінде, алдыңғы бойдағы қиықтарын сырып тігу

М

4

35

Typical GC6880

 

Белдемшенің бөлігінде, алдыңғы бойдағы тігістерін үтіктеу

Ү

3

60

CS – 392

 

Барлығы

   

305

 

Информация о работе Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім