Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 08:19, дипломная работа

Краткое описание

Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі алуан түрлі. Оның басты қызметі – адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметіде пайда болды. Соңғы қызметін діни- ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз. Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................
1.Шығармашылық бөлім
1.1.Сән бағыты........................................................................................................
1.2.Эскиздік жоба.................................................................................................
1.3.Модельдің технологиялық сипаттамасы......................................................
1.4.Материалды таңдау және негіздеу................................................................
2.Құрастыру бөлімі
2.1. Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы.....................
2.2. Киім бөлшектерінің оригинал лекалоларын құрастыру және безендіру.....
2.3. Материал шығынын мөлшерлеу......................................................................
3. Техникалық бөлім
3.1. Өңдеу әдістерін және құрал жабдық таңдау...................................................
3.2. Түйінді өңдеу тәртібі..........................................................................................
3.3. Бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі..............................................
4. Экономикалық бөлім
4.1. Бұйымның өзіндік құны және рентабельдігі...................................................
5. Экология және еңбекті қорғау
5.1. Техникалық қауіпсіздік ержесі......................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 731.99 Кб (Скачать документ)

        Романтикалық  сарын- бұл сарындағы киімдерді  танып білу өте қиын. Бұл сарынды  кей кездері фантазиялық депте  атайды. Романтикалық сарын көбінесе тарихи костюмдерге келеді, яғни тарихи костюмдердің формасын, пішімін, әшекейлерін қолданады. Бұл сарындағы киімдер формасы жағынан әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар осы киімдерді тігетін маталарда әртүрлі. Мысалы, табиғи жібек, вискоза, парча, капрон синтетикалық маталар.

          Романтикалық сарындағы киімдердің  коптеген түрлерінің болғандығына  қарамастан, оларды біріктіретін  бастысы-бұл киімдердің нәзіктілігіне, жұмсақтығына ерекше көңіл бөлінетіндігінде.

          Киім ассортименті-мұның өзі тұтынушылар  сұранымын қанағаттандыру үшін  өнеркәсіп шығаратын түр мен  мақсаты алуан түрлі бұйымдардың түрлі жиынтығы.

          Айқындалған белгілері бойынша  барлық киімдер ассортименттік  топтарға бөлінеді: киімнің мақсаты  материялдардың түрімен киім  өндірудің әдісі, негізгі белгілері  т.б. Әр бір ассортимент тобы  типтік ұсыныстардың жиынтығы  болады.

          Типтік ұсыныс дегеніміз- аталмыш  топ бұйымдарына тән сипаты  бар негізгі конструкциялық-технологиялық белгілерді мейлінше мол қамтитын бұйым.

         Сұлба  дегеніміз- француз сөзінен аударғанда  заттың сыртқы бейнесі, көлеңкесі  деген мағынаны білдіреді. Сұлба  – костюм формасын анықтайтын  белгілі бір түсінік, бұйымның сәнді тұлғасынанықтаудағы негізгі факторыболып саналады. Сонымен қатар сұлба- жарықтағы форманы қабылдау. Бұйымның негізгі нұсқаларын, ұзындықтарын, енін, бел сызығының орнын т.б. белгілерін анықтайды.

         Қынамалы  сұлба- өте сымбатты тұлғалы  адамдарға келеді, олардың фигураларын  нақты көрсетіп тұрады.

Пропорция дегеніміз- киім пропорциясына  жақын ара қатынас, ең әдемі жетілген дұрыс арақатынас болып табылады.

         Костюмде  қалыпты пропорциялармен қатар  әдемі өзгертілген пропорциялардыда  қолдануға болады. Мәселен, бұл  тігісін көтеріп немесе төмен  түсіру, иық кесіндісін кеңейту  және тарылта түсу.

          2013 жылдың сән маусымы қандай  болмақ?

Ал енді «Құралай» сән  үйінің жетекшісі, дизайнер Құралай Нұрқаділова ханым не дейді? Соңғы 15 жыл ішінде шетелдерде өткен барлық сән көрмесіне қатысқан Нұрқаділова ханымның бұл мәселеде айтары да тәжірибесі де жеткілікті:

– Жаңа маусымда алуан түрлі  бедерлері бар маталардан тігілген киімдер сәнге айналады. Егер батик  сияқты, графикалық немесе қиял-ғажайып  суреттері бар маталар мен  киімдер көрсеңіз, батыл түрде  одан киім тіккізуіңізге, немесе сатып  алуыңызға болады.

Алуан түсті суреттері  бар орамалдарды да кәдеге асырып, келістіріп белдік немесе одан жеңсіз кеудеше тіктіріп алыңыз. Тіпті әдемі  орамалды белге байлай салуға да болады. Және бір айта кететін жайт, әйелдердің Коко Шанельдің қішкентай қара көйлегі  секілді, жинақы ғана қызыл көйлегі  болса артықтық етпейді. Неше түрлі көйлектер мен жакеттер, жарасымды блузалармен киюге болатын айқарма ұзын юбкалар сәннен қалмайды. Әдетте ақылды сәнқойлар жаңа жылға, тойға немесе салтанат кештеріне киім сатып алғанда, оны кейін де басқа күнделікті киімдермен үйлестіріп киюге болатын жағын қарастырады. Егер Жаңа жылды алтын түстес былғары белдігі бар ашық лимон түсті блузамен қарсы алсаңыз, Айдаһар жылында ақшадан тарықпаймын деп ырымдайсыз әрі сәннен де қалмаған болып шығар едіңіз.

 

 

 

 Классикалық қара кеудешені  ұзындығы жер сызатын феруза, яғни көгілдір ақық түстес юбкамен және сондай матадан тігілген бедерлі  шарфпен үйлестіріп кисеңіз болады. Және бұл киімдер кейін жеке-жеке де пайдаға асады, – дейді ол.

Ашық түс алға шықты.

        Сән  үлгісін жасаушыларды үнемі депрессияда  жүру де әбден мезі еткенге  ұқсайды. Өйткені биылғы жылы  ақ түспен ерекшеленгелі тұр.  Ашық түс жараспайтын адам  жоқ екенін ескерсек, биыл-ғы көктемде  көшеде алма гүлдеріндей үлбіреген  аппақ аруларды кезіктіре беретінімізге  күмән келтірмейміз. Және бұрынғыдай  классикалық үлгідегі ашық түске  қара түсті араластыруға мүлдем  болмайды. Яғни, биыл ақ түс тек  ашық түспен ғана үндестік  табуы керек. Мысалы, «Blumarine» көрсеткен  жазғы сән үлгілерінде ашық  түсті юбка ақ кофтамен және  аппақ сөмкемен жақсы жарасым  тапқан. Дизайнерлерге де осы  ұнап қал-ған болу керек, енді  аяқ киімді де ақ түстен  таңдап киюді ұсынып отыр. Бір  сөзбен айтқанда биылғы көктемде  ақ түстен киінсеңіз, ұтылмайсыз.

 

 

Нәзіктік  нағыз  сәнге  айналды

Ерлерше киініп, тақымдарынан шалбар тастамайтын арулардың «құлағына  алтын сырға». Биыл-ғы сән үлгісінде  – нәзіктік белең алып тұр. Көгілдір көктеммен бірге күлімдеп, жүрісіңізбен жеңіл романтика тудыратын әйел заты екеніңіз естен шықпасын! «Әйелдерді еркектерден көп» санайтын жігіттердің  жүрегін жаулағыңыз келсе, барынша  нәзік бола түсіңіз! Үлбіреген аппақ  мақтадай әдемі сымбатыңызға елтімейтін еркек болмасы анық сонда!

Нәзіктігі бой бермейтін  әдемі шифон көйлектер қайта  сәнге айналмақ. Мойныңызға үлбіреген  әдемі жеңіл шарф тағып алсаңыз, тұлғаңыз тартымды көрінері хақ. Мойын  орағышыңыздың нәзік қызғылт  түстен болғаны тіпті жақсы.

Романтикаға жаны құмар бикештер бұл тенденцияны жіберіп алмағаны жөн. Мүмкін әдемі тұлғаңыздан әсер алған жігіттердің жүрегін жаулау сізге бұйырып тұрған шығар. Сондықтан  биыл-ғы көктемнің ұсынатын барлық жаңалықтарын жіберіп алмаңыз.

Шаш күтімі жайлы алдыңғы  тақырыпта біраз айтылған екен. Сонымен  қатар шаштараз мәселесін де ұмытпаған  дұрыс деп шештім.

Орташа қазақ жігіті, ішінде өзіңіз де барсыз, көбінесе шаштараздың  маңыздылығын, өте сирек жағдайда сезінеді. Шашымыз көзге түсіп, құлаққа  кіріп, көзіміз қитарланып, «Шашың өсіп кетіпті» дегенді естігенде ғана шаш шеберіне жалқаулана жол тартамыз. Тіпті кейбір жас жігіттер ол міндетті мамасына, папасына, ағасы немесе досына жүктейтіні бар. Егер олай етсеңіз, 10 жағдайдың 9-ында шаш үлгіңіз сәтсіз, немесе түсініксіз жүн-жұрқа бірдеме болатынына өкпелемеңіз.

Өте нәзік қызғылт түспен қатар биылғы көктемде опаның және қызыл күрең түстер де сәнге шығады. Қаншалықты үйлестіре аласыз, ол тікелей  сіздің талғамыңыз-ға байланысты.

         Қазактың  қәзіргі киімдеріне бүгінгі күннің  сән талаптарына сәйкес ұлттық  ою өрнектерді қолданып, қазақтың  ұлттық киімдерін әлемге танытып  жүрген Қазақстандағы бірден  бір өндіріс «Сымбат» сән акдемиясы.  Мұнда жалпы тұтынушылардың талап  сұраныстарына сай алуан түрлі  киім ансамбльдері, ассортименттері  (тауарлардың әр қилы түрлерінің  жиынтығы), жинақталмдары өндіріледі. Солардың ішінде кешкі салтанатты  киімдерге, әр түрлі сахналық  костюмдерге, дәстүрлі ұлттық  киімдерге салынатын ою өрнектер  мазмұны жағынан бай, көрінісі  көздің жауын алатындай әсем, орындалуы тұрғысынан биік талғамды, құрылымы жағынан айрықша болып  келеді.

 

 

 

 

 

1.2. Эскиздік жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Модельдің технологиялық  сипаттамасы

 

1-модель. Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (жилет, көйлек, жаға).

Көйлек қазіргі заманға  сай жасалған, сахалық стилге сай  тігілген. Бұл көйлек екі түрлі  матадан тігілген. Жилет астарсыз, жағасыз өңделген. Артқы бойы тұтас  пішіліп, бүкпе орналасқан. Алдыңғы  бойы екі бөліктен тұрады. Жеңі бір  тігісті қондырмалы, шынтаққа дейін  барқыт матасынан тігілген. Шынтақтан  төмен қарай қытайлық моноро матасынан  тігілген, алты қатар желбірленіп, жең аузына қарай кеңейтілген. Жилеттің мойын ойындысы, өңірі, етегі әдіппен өңделген. Мойынын айналдыра, өңірі мен етегі қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген.

Көйлектің жоғарғы және төменгі  бөліктері бөлек тігілген.Көйлектің жоғарғы бөлігі барқыт матасынан тігілген. Қатты қыналып, алдыңғы және артқы бойында бедер тігісімен өңделген. Кеуде үсті, бел сызығы айналдыра ою-өрнектелген.

Көйлектің төменгі бөлігінде  белі белдікпен өңделіп, түймемен түймеленеді. Етегі сегіз қиықты. Сегіз қиықтың  арасынан төрт қиыққа көлденеңінен он екі қатар желбір жүргізілген. Етек ұзындығы тобықтан төмен түседі.

Жағасы бөлек өңделген. Көлденеңінен бір қатар желбірленген, жаға үш ілмек арқылы ілінеді.

 

 

 

2-модель.Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (қамзол, көйлек).

Қамзол тік жағалы, астармен өңделген. Жеңі қондырмалы, бір тігісті жең. Жең ұзындығы шынтақтан төмен, жең аузы оюмен өрнектелген. Қамзол ұзындығы тізеден төмен түседі.Алдыңғы бойында қолтық ойындысынан басталып, етегіне түсетін бедер сызығы бар. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар.

Алдыңғы өңірі мен етегі  жағалай қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген. Алды сәнлік ілмекпен ілінеді.

Көйлегі жағасыз. Жеңі қондырмалы, жең аузы кеңейтілген, ұзын жеңді. Мойын ойындысы әдіппен өңделген, айналдыра оюмен өрнектелген. Алдыңғы және артқы бойы бел бүкпесімен өңделген, белі қыналған. Көйлек ұзындығы тобыққа дейін, кең етекті.

 

 

 

3-сурет. Жас қыздарға арналған ұлттық киім. (жилет, көйлек).

Жилеті жағасыз, астарсыз өңделген. Мойын ойындысы, қолтық ойындысы, өңірі және етегі әдіппен өңделген. Алдыңғы және артқы бойында иықтан басталып етек сызығынан аяқталатын бедер сызығы бар. Жилет ұзындығы белден төмен.

Алдыңғы өңірін бойлай оюмен  өрнектелген. Артқы бойында орта тұсында дөңгелектеніп қошқар оюымен өрнектелген.

Көйлектің жағасы айналдыра  желбірленген. Жеңі ұзын, кеңейтілген, үш қиықты. Жең үстінен бастап, аузына дейін тігінен үш қатар желбірленген.

Алдыңғы бойында бел бүкпесі  бар, ою- өрнекпен өрнектелген. Артқы  бой тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген.

Көйлектің етегі алты қиықты, кең етекті. Белінен бастап етегіне дейін тігінен алты қатар желбір қондырылған.

 

 

 

4-сурет. Жас қыздарға  арналған ұлттық киім. (жилет,  көйлек).

Жилет жағасыз, астармен өңделген. Жеңі қысқа, оюмен өрнектелген. Жилет ұзындығы белден төмен. Алдыңғы бойда қолтық ойындысынан басталып, етек сызығына аяқталатын бедер сызығымен өңделген. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар. Мойын ойындысы, өңірі және етегі әдіппен өңделген.Мойын ойындысын айналдыра, өңірі және етегін айналдыра қазақтың ою-орнегімен әшекейленген.  Алды сәндік ілмекпен өңделген.

Көйлек жағасы тік, екі  қатар көлденеңінен желбірленген. Жеңі кеңейтілген, төрт қатар желбір жүргізілген. Алдыңғы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі бар. Артқы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесімен өңделген. Етегі алты қиықты, кең етекті. Көлденеңінен айналдыра сегіз қатар желбір жүргізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1.4. Материалды  таңдау және негіздеу

 

Жақсыжағы:Атлас – барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан  жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады. 

Нашаржағы:Атластыңкүтіміоңайемес. Оныңтүсінсақтаймындесеңіз, тек қанақолмен, жылы суда мұқиятжуғаныңызжөн. Атластыкептіру деыждаһаттылықтыталапетеді. 

Еңыңғайлы атлас - полиэстер  атласы мен атлас эффектісі бар  трикотаж матасыболыпесептеледі.

 


 

 

 

Бес жіптік

атластық 

айқаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ ұзын жапқышы болады, сондықтанда олардың оң беті тегіс және жылтыр боп келеді. Атластық айкаспада негіз жібі басым болады. Атластық айқаспалардың раппортында кемінде бес жіп болуға тиіс.

        Атластық  айқаспада сәтенге ұқсас болып  келеді. Бірақ бес жіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негізгі жіп төрт арқау жіпті жабады да, бір арқау жіптіңастына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады. Бұл әдіспен мақта түрлерінен – сәтен-дубль және ләстік; зығырдан – костюмдік-коломенок; жібектен – креп-сәтен, корсет маталар, іш киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі – сусып, ыдырағыш төсегенде, тіккенде сырғымалы болып келеді.

Жартылай барқыт және барқыт – тарақтық жіптен тоқылады, беті түгел  түкті, түгі қысқа. Оны – түкті  айқаспамен тоқып жібек жіптерден  алады. Түгінің биіктігі 1-2 мм. 1м2нің массасы 190гр, ені 70, 90 және 135 см. Барқытты пішіп тігу өте күрделі. Ылғал жылумен өңдеуді кардолентада жасаған жөн.

         Шибарқыттың  түгі жолақ болып матаның бойымен  кетеді. Шибарқыттың негізгі типтері-түкті  жолағы жалпақ шибарқыт-корд және  түкті жолағы жеңішке майда  шибарқыт.

         Шибарқыттың  негізіне тарақтық немесе кардылы,  ал арқауына жалаң қабат кардылы жіп пайдаланылады. Шибарқыттың ассортименті жыл асқан сайын ұлғаюда. Шибарқыттар түкті жолағы жалпақ, түкті жолағы орташа, жеңішке болып араласып, немесе түгін гүлдеп, өрнектеп қырыққан болып келеді. Көбіне шибарқыт – корды жатық боялған, ал баспалық өрнек салынған сирек кездеседі. Шибарқытты пальто, костюм, куртка, шалбар және т.б бұйымдар тігуге қолданылады. Майда шибарқыт жатық боялып немесе баспалық суретпен шығады. Негізінен ол балалар ассортименті бұйымдарын тігу үшін пайдаланылады.

         Түкті  маталарда тігу күрделі. Пішіп кескенде түктерінің қалай қарай еңкіштігін есте ұстау қажет. Тіккенде тесілуі мүмкүн. Бұл маталардың тігісін сөкпеген жөн, себебі сөккен жердің түгі түсіп қалуы мүмкін.

Информация о работе Жас қыздарға арналған қазақ ұлттық киім