Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 12:25, реферат
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.
Сөздерге тиісті қосымшлардың
нормаға айналған түрлерін
Бізде –шы//ші қосымшасын жұмса
Көркем әдебиетте кейбір
Стильдік қателердің біразы бір жалғаудың орнына басқа жалғау қолданудан шығады[52,146]. Мысалы: -дар: -Қанат бер талмайтұғын, күнді асайын. Дұрысы күнге асайын. Абай жасында молдаға оқыды. Дұрысы –молдадан оқыды. Екі бала ауылдан айнала шапты (ауылды айнала шапты). Мұнысы -кентті еліктегендік (мұнысы қалаға еліктегендік). Рабиға баласының бетін сүйді (Рабиға баласының бетінен сүйді).
Баспасөзде, әсіресе публицистикалық әдебиетте, қазақ тілінің көптік жалғауын қолдануда қате көп кездеседі. Мысалы: отыз шақты танк, 40-50 самолет деп жазудың орнына отыз шақты танкілер, 40-50 самолеттер деп жазу да кездеседі. Мұндай қателер орысша мәтінге сүйенгендіктен болар. Орыс тілінде жекеше айтылмайтын, тек көпше тұлғада жұмсалатын да зат есімдер бар ғой. Мысалы, часы, ножницы. Осыларды қосып орысша ремонт часов, стоймости ножницы деп жазса, қазақша да сағаттар жөндеу, қайшылар бағасы деп жазу шарт емес. Орысша пальто сөзі септелмейді, қазақшада септеле береді, орыс тілінде «род» категориясы бар, қазақ тілінде ол жоқ. Осылардай әр тілдің өзіндік ерекшеліктері аударма да сақталуы тиіс.
Грамматикалық құрылыстың тіл мәдениетіне қатысы. Адам сөйлескенде, әр алуан мәселелер жайында баспасөз, радио, теледидар арқылы ой –пікірді баяндағанда, алдымен айтатын ойын түсінікті болуын көздейді. Оның ар жағында ойдың белгілі мақсатқа лайық әрі әсерлі болуы көзделеді.
Мақсатты ойды түсінікті әрі әсерлі етіп айту үшін тілде барды дәл тауып, өз орында дұрыс пайдалану оңай міндет емес. Адам ойының ұшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ тіл байлықтары да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнектеріне керекті тілдік материалдар мен грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.
Грамматика мәселелерін екі
Тіл мәдениетінің табысы
Әдетте стилистика ғылымы
Адам ойын айтудың негізгі формасы – сөйлем. Жеке сөйлем арқылы біршама аяқталған ойды білдіріп, оны екінші, үшінші....сөйлемдермен ұластырып, ұзын-ұрғалы мақсатты ойды жетер жеріне жеткізіп айтуға тиіспіз. Мұндайда әр сөйлемді қалай құру, қандай-қандай сөздерді пайдалану, ол сөздерді қай тұлғада жұмсау, қай сөзді қай сөзбен байланыстыру, қалай байланыстыру керек деген сияқты сұрақтар туады.
Тілді жақсы білетін кісілер
бұл сұрақтарға жауап іздемей-
Оның үстіне олар әлгілердің
ғылыми негіздерін түсініп,
Мақсат – тілде барды жойып, жаңалық орнату емес, барды дұрыс пайдалану.
Жазушы Зейін Шашкин марқұм «Роман және дәуіртынысы» деген мақаласында «жатыр», «отыр» етістіктері «тілімізді онша көркейтіп тұрған жоқ. Біз осыдан құтылу әдісін іздеуіміз керек», - деп еді. Одан кейін «құрмалас, сабақтас сөйлемдер құрудың жаңа әдісін табуымыз керек» -деген-ді. Бұл қазақ тіліндегі күрделі етістіктер құрамының кейде шұбалыңқы болатынын ұнатпағандықтан болар, бірақ бұл біздіңше ұшқары пікір.
Сөйтіп, стилистика мәндес және
мәндес емес те грамматикалық
тұлғалардың, синтаксистік
Жақсы стилист болу – сөз зергері болу деген сөз [54,216].Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилист кісілер тілде барды, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін, иненің жасуындай қылаң еткен стильдік қызметін шебер түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарын, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкіншіліктерін жақсы біліп, керегіне жаратып отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білігі мол жазушы еш уақытта «Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты», «Ол белін арқанға буды» демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазақ «ақ ат» демейді «боз ат», «ақбоз ат» дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін «және», «мен» жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист ешуақытта «жәнені» бұрын, «мен» (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды. Мысалы: «Біздің заводтарымыз бен фабрикалырымыз және колхоз – совхоздарымыз жылдан-жылға нығайып келеді». Мұндайда «және» жалғаулығы бірыңғай мүшелердің «тұйыққа тіреліп», аяқталып қалғанын көрсетеді. Сондықтан заводтарымыз және фабрикалымыз бен колхоз-совхоздарымыз.... деуге болмайды. Бұлай жазу стильдік қате болады.
Б.Майлин бір әңгімесінде «Қарымсақты» келіні пештің.... мұржасын ашып жүр екен деп жазыпты. Бұл – стиль жағынан өз орнында дұрыс құралған сөйлем. Осыны «Пештің мұржасын Қарымсақтың келіні ашып жүр екен» деп те жазуға болады. Мұнда пештің мұржасын кім ашып жүргені баса айтылғандық аңғарылады. Сондықтан бір сөйлемнің мағынасын болар- болмас, өте нәзік қосымша мағына енгізу үшін де сөйлем мүшелерін, осылай, орнын ауыстырып айтуда үлкен мән бар. Ал әлгі сөйлемді «Пештің мұржасын ашып жүр екен Қарымсақтың келіні» деуде пәлендей селт еткен ерекше мағына, көркемдік белгі жоқ. Сондықтан соңғыны стильдік қате деп танимыз.
Сөйтіп, грамматикалық құрылыстың орнықты қалпын сақтап жазу да, мағыналық, эмоциялық қызметі болған жағдайда оны құбылтып, өзгертіп жазу да стилистика талаптарына сай бола береді[55,73]. Ал, дұрысты бұзып айтуда ешқандай мән болмаса, ондайлар өрескел қате болып есептеледі. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін арттыру үшін осы қателер жөнінде мәлімет беріп, оны болдырмауға дағдыландырылады.
І. Стильді - морфологиялық қате. Сөздерді дұрыс жасамаудан, әсіресе, қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі. Оқушылардың ауызекі сөздерді мен жазба жұмыстарында оның мына сияқты түрлері кездеседі:
а/ оқушылардың тілінде кейбір өзінше «сөз жасау» тәжірибеде кездесіп қалады. Ол кейде орынды шықпайды. Мысалы, мектеп құрылысына бетоншылар мен сылақшылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді.
Бұл сияқты қателер оқушының қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.
ә/ кейбір септік
Бұл қателердің кездесуі
Кейде ауызекі сөйлеу тілінде
көмектес септігін адамға
б/ көптік жалғауларды кейбір
көптік мәні бар сөздерге
в/ бір түрлі жалғауларды
г/ сөз таптарының жұрнақтарын
сөйлем мен сөйлемді
Мұнда етістіктің көсемше
Сонымен стильді-морфологиялық
Стильді-морфологиялық
- грамматикалық формалар арқылы сөздердің түрленуін естеріне түсіріп, әр сабақта қайталау жаттығуларын жүргізу,
- грамматикалық формаларын
- сөз таптарының тіркесу
- стильдік фигуралардың жасалу ерекшіліктеріне байланысты грамматикалық формаларын стильдік мәні бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу,
- шағын мәтіндердегі
Тәжірибелік жұмыстар әрбір
Қазақ тілінің морфология туралы саласы бойынша мәлімет бастауыш сыныптан бастап-ақ беріле бастайтыны белгілі, сондықтан жоғарғы сыныптарда сол бағдарламалық материалдарға байланысты өтіліп отырылған материалдардың стильдік қолдануы туралы мәліметтер берілгені тиімді.
ІІ. Стильді-синтаксистік қате деп сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінінен, сөз тіркестерінен, сөйлем құрастыруынан жіберілген кемшіліктерді айтамыз. Оқушыларға бұл қателердің мына сияқты түрлері кездеседі:
а/ сөйлемдегі сөздердің
Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы