Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 12:25, реферат
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.
Жазуда, сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда, олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек.
Бұдан 20-30 жыл бұрын, әдеби тіліміз қалыптасуға бет бұрғанда, қазақ халқының тіл байлығын сарқа пайдалану үшін, оның керегін әдебиет елегінен өткізіп сұрыптап алу үшін әркім естіген-білгенін әдебиетке еркін ендіре берсін деп қарайтын едік. Әдеби тілдің қалыптаса бастаған кезеңдерінде, тіл жұмсаушыларға берілген ондай «еркіндікті» расында көп пайдасы тиді: Кен асылы жерде, сөз асылы елдең екеніне көзіміз жетті; біреу біліп, біреу білмейтін, не көп қолданылмайтын мыңдаған сөздер әдеби тіл қазынасына енді, жарыса, қатарласа айтылатын түрлі сөздер мен грамматикалық тұлғаларды емін-еркін пайдалана жүріп, соларды сұрыптап керектісін алып, керексізін әдебиетке тілдік норма ретінде пайдаланбайтын болдық. Сонымен қатар мағыналас сөздермен жарыса айтылатын грамматикалық тұлғалардың әрқайсысы әр түрлі стильдік өң алып, тілде жатығып кетті. Әдеби тілдің ілгері даму процесінде мыңдаған қарапайым сөздердің бұрынғы мағыналары өзгертіліп, не кеңейіп терминдік қызу атқаратын болды. Мысалы: одақ, күрес, жарыс, сын, отан, еңбек, өндіріс, құрылыс, ұйым, үндеу, құрал. Республикамызда қазақ тілінің тазалығы, икемділігі, жалпыға бірдей түсініктілігі үшін күрес жеткіліксіз. Баяғыда «қазақтың әдеби тілі де жас, оны есейту үшін жер-жердегі байлықты сарқа пайдаланайын деген болды. Ә.Сатыбалдиев жолдас: «Тіл шұбарлығы неде?» деген мақаласында былай дейді: «Орыс әдеби тілінің көп жылдық тарихы бар... біздің баспасөзіміз де, ғылымымыз да жас қой әлі. Сол себепті біз ата-бабамыздың жасап беріп кеткен сөздерінің көбін әлі қамтыта да үлгергеніміз жоқ». Осындай тұжырымға бой ұрушылар жазғанда дарынды, ата-бабаларымыздың аруағы ырза болсын дей ме екен, әйтеуір әдеби тілге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сөздерді де «біздің елде айтады» деп қаптата береді. Жарайды, жейде, дақыл, сүдігер, собық сияқты жергілікті сөздерді кедергімізге жаратайық (солай болып та келді), ал әрқашан, өнебойы, әрдайым деген сөздер тұрғанда, «бойлай» деп жазудың, әдеби тілдегі сияқты, сықылды, тәрізділерді місе тұтпай «рәуішті», «ыспатты» деуде ата-бабаларымыздың қандай ақысы бар?
Жазушы Сафуан Шаймерденов «Мезгіл» атты жинағында әдебиет жұртшылығына онша таныс емес дәлсіз, туыссырап, ізнәрлі, сүлесоқтау, үйірсектік, репті, мұғар, шепеті сияқты сөздерді қолданған.
Әрине, жазушы, журналист, басқа да авторлар диалектизмді, ел аузында өзгертіліп айтылатын сөздердің қыбын тауып, орынды қолданса, бір сәрі ғой, тіпті жөн-жорығы жоқ өзгешеліктер жанымызға қатты батады.
Қазіргі қазақты баяғы қазақ деу – қиянат. Ал, қазіргі қазақ тілін «әлі жас» деу – бишаралық. Космосты меңгерген заманда, құлазыған даланы телегей теңіз егінге бөлеген дәуірде мәдениеттің, өнер-білімнің шыңына шыққан қазақ халқының осы күнгі тілін баяғысындай жас деуге болмайды. Әдеби тіліміздің тарихы дәл орыс әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихындай болмағанмен, ол әлеқашан «жастықтан» шықты, әдеби тіліміз кемеліне келіп шыңдалды. Оны енді қызғыштай қорғап, ыбырсық сөзден, тым-тырайғылықтан сақтау керек.
Сөз мәдениетін жетік білу
үшін қазақ тілінің сөз
Соңғы жылдары қазақ
Қазақ тілінде сөйлейтін
Сөзді көп білуге де
Тіл мәдениетіне жетік болу
үшін сөзді көп білу
Сөз – көркем әдебиет
Бұл талаптар жалпы әдеби тілге, соның ішінде көркем тіліне де қойылады. Көркем әдебиет тілінің, сонымен қатар, өзіндік стильдері, өзіне тән ерекше сөз қолдану заңдары болады. Жазушы, ақын әдетте сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін (тура мағынасын, көп мағыналығын, синонимдік, антонимдік т.б. қасиеттерін) кең түрде пайдаланумен қатар, сөздерді ауыспалы, келтіріңкі мағынада, қанатты сөздер, тұрақты тіркестер және мақал-мәтелдер құрамында пайдаланады.
Көркем әдебиет үшін бұлар да жеткіліксіз. Кқркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Сөз шебері шыңдап пайдалануға тиіс. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, символ, аллегория, иорния, әсірлеу т.б.
Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болса да, оның еңсесі қаншама биік, тарихы ұзақ болғанымен, тілдің мол мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып тауысуға, біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайда, кейде бірін-бірі қайталап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды, ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлерінің ғана жазғандары өнебойы гүл шашып тұратын әсем өсімдіктей, өзінің сонылығын, әсемдігін жоймайды. Жасанды сәнқойлық, сірескен «сымбаттылық» ойқастаған нәрсіз ойнақылық, тілдің «табиғи» заңдарынан аулақ кеткен «жаңалық», - бәрі де, біздің дәстүрімізге жат нәрселер. Сөз бояуын қоюлатқан сыртқы сұлу, ішкі қуыс мынандай сөйлемдерден без: «Шынайы ойының түбегейлі тереңіне бойлады». «Алқынған жүрек лепірген көіңлдің ұшар шыңына самғады», бояуы баттиған «әсем» сөйлем құрауға әсіресе жас жазушылар үйір келеді. Бір мысал: «Тыңдаушының аңқау көңіліне сол сәтінде дүниеде жоқ үрей ұрлана кіріп, жанын тұтқындай бастағанда, алыстағы үміт отындай жылылықты әкеп сізге тарту етеді де, манағы бір өзіңіз айырылып қалған жүрегіңіздің қуаныш ұшқынын қайтып беріп сүйіспеншілігіңізге бөленер еді».
Көркем әдебиеттің сөздік құрамының негізі жалпы халық тіліндегі сөздер болады. Сөз өнерінің шеберлігі – ақын, жазушы, драматург, очеркист, - бәрі де халық тілінің байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сөзді білу, пайдалану дәрежесі бірдей емес. Тек ірі суреткер жазушылардың ғана сөз байлығы өзгеден ерекше мол болады. Олар өзіне керекті, тілде бар сөздерді молынан пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әрекетінде жаңа сөз жасауы да, бар сөздерге қосымша стильдік қызмет беріп, олардың икемділіктерін арттырып отыруы да мүмкін.
Жалпы алғанда, көркем
Сөздерді қалай болса – солай
жұмсай бермей, саралап, талғап
жұмсау, жаңа сөздерді жазушының
талғампаздық ой елегінен
Көркем әдебиетте аздап болса да, жаңа сөз жасау үдерісі жүріп жатады. Олар қазақ тілінің «материалы» негізінде сәтті жасалған болса, әдеби тіл қабылдайды да, жасанды тұрпайыларын қабылдамайды. Ысылған сөз шеберлері тіл стихиясында құл болмайды, өздерінің оған тигізетін игілікті әсері болады, жаңғырған сөз, соңы сөз тіркестерін жасайды.
Тұрақты тіркесудің қолданылуы.
Тілдің әрі ұғымды, әрі сымбатты
байлықтарының біразы –
Бұларды әсіресе көркем
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады».
Мақал-мәтелдер аз сөзді,
Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні зор өнегелілері бар да, ескі өмірдің кертартпарлары шығарған ұстамсыздарды да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдарды керсінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымды етіп пайдалануға да болады.
Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес», «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады; олар мынандай тіркестер: қара қылды қақ жару, қой үстіне боз торғай жұмыртқалау, жүрегі шайылу, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су көтермеу, аузымен орақ ору[41,128-169].
Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы,: тіл алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынандай тіркестер де енеді: аузынан тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу[41,121-156].
Фразеологиялық тіркестердің қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығын да молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениеттің, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.
Идиома,
фразалық тіркестердің бір
Бір
тілде бар идиомалық
Соңғы жылдары аударма арқылы қазақ тілінде «Ештен кеш жақсы», «Талабы зор-ақ, тағдыры дозақ», «Балық та емес, ет те емес», «Қасқыр да тоқ, қой да аман», «Ауыр жүкке жегілме, жегіле қалсаң, егілме» тәрізділер аударма арқылы еніп жүр. Енгені жақсы.
Фразеологиялық
тіркестерді қолданудағы
Көркем
әдебиет шеберлерінің
Қанатты сөз - ұшқыр ойдың қанаты[42,55]. Оны көп біліп, сөзде, жазуда жұмсау білу – үлкен өнер. Қазақ жазушыларының қанатты сөздерді халық тілінен өзгеден алып, өздері жасап қолдануы тегін емес. Онда үлкен шеберлік қасиет бар. Сондықтан, мысалы, Ғ.Мұстафин «Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп», «Нөсер алдында нажағай ойнайды», «Қызыл темір суға салса, шыжылар да шынығар» тәрізді ел аузында барды өз орнына орынды пайдаланумен қатар, өзі де солардың үлгісімен: «Сыншының бәрі бірдей мінші ме?...» «Көп алдында көсем пікір ойнайды», «Қызба жүрек суық сөзден дір етер де суынар» тәрізді қанатты сөздер жасалған. Мұндайды шеберлік демеске болмайды.
Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы