Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 12:25, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сөйлесу мәдениеті.doc

— 583.50 Кб (Скачать документ)

           Адамдардың  нормативті (немесе академиялық)  сөздікке біліктерін тексеру  үшін және белгілі бір контекске  қажетті сөзді іздеген кезде  қарайтындығын, ал өздеріне оншалықты таныс емес өзге тілдердегі мәтіндерді, әсіресе сол тілдердегі кәсіби әдебиет мәтіндерін оқуға, сондай-ақ ана тілінде жазылғанмен, өте көне дәуірлерге жататын ескі мәтіндерді оқуға қажеттілік туған кезде анықтамалық сөздікке қарайтындығын сөз етеді.

           Бірінші типтегі сөздіктердің негізінде белгілі бір уақыт кезеңіндегі белгілі бір адамдар қауымының бірбүтін сана-сезімі жататындығын, ал екінші типтегі сөздіктерде жинақталған сөздердің түрлі тарихи кезеңдерге, түрлі қауымдарға қатысты екендігін атап өтеді.

           Ғалым  академиялық типтегі сөздіктердің  әлеуметтік негізін айқындаудағы  қиыншылықтарды сөз етеді: «Әдеби  тілге әдеби сөйлеу тілімен  қатар әдеби жазба тіл де  кіреді. Біз өткен ғасырлардағы  шығармаларды да оқи береміз.  Ал, бірақ солардағы сөздердің көпшілігін түсінгенмен, оларды айтпақ былай тұрсын, жазбаймыз да. Себебі қазіргі тілдік норма басқа... осы жерден келіп актив сөздік қор, пассив сөздік қор мәселелері шығады...»

           Осы  тұрғыдан ғалым әдеби тілдің  сөздігіне қазіргі ұрпаққа түсініксіз сөздердің кірмеуі қажеттігін, ондай сөздікке, мәселен, орыс тіліне қатысты алғанда, А.С.Пушкин қолданған сөздердің ішіндегі қазіргі тілдік нормаға қайшы келмейтіндері ғана енетіндігін ескертеді.

           Бір  тіл үшін екі сөздік жасаудың  қажеттігін, оның біреуі – нормативті, екіншісі – тарихи анықтамалық болуы қажеттігін сөз етеді. Нормативтілік туралы: «Жақсы нормативті сөздік – нормаларды ойдан шығармайды, ол тілде бар норманы ғана сипаттайды», - дейді.

           Ғалым  екі сөздік жасауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ымыраға барып, барлық жағдайын ашық атап өту қажет дейді.

           1970 жылдары лексикографияның теориялық  мәселелерін зерттеумен арнайы  айналысқан белгілі маман В.П.Берковтың  нормативтілікке қатысты айтқан  пікірлеріне назар аударатын болсақ, ғалымның: «Түсіндірме сөздік, бір жағынан оқырманның сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауына мүмкіндік беретін анықтамалық құрал, екінші жағынан, ол тілдегі лексиканың ғылыми сипаттамасы бола алуы керек. Түсіндірме сөздіктер көптеген жағдайларда сонымен бірге лексиканың нормативтік сипаттамасы да бола алды. Алайда түсіндірме сөздіктердің нормативтіліктің көрсеткіші болуы міндетті емес», - дегендей ойлар айтқанын байқаймыз [29, 53]. Демек, бұл жердегі ғалымның пікірі Л.В.Щербаның пікірінен сәл өгзешелеу болып отыр. Л.В.Щерба академиялық сөздік пен нормативті сөздікті және әдеби тілдің сөздігін сөздік бір түрі ретінде қарастырады [28, 69].

           В.П.Берковтың  түсіндірме сөздікті ғылыми шығарма  ретінде қарастыруы және анықтамалық құрал болу міндеті мен ғылыми еңбек болу міндетін бір сөздікке ұштастыру, үйлестіру жолдарын көрсетуі [29, 82-87]. Еліміздегі лексикографияның теориялық мәселелері бойынша жаңа бағдардың нышаны еді.

           В.П.Берков  тілдегі сөздік бірліктерді қолданылу жиілігіне қарап сұрыптау мен нормаға қарап сұрыптаудың үнемі сәйкес келе бермейтіндігін, тілде жиі қолданылатын қарапайым сөздердің нормаланбаған лексикаға жатқызылып жүргендігін ескертеді. Осыған байланысты ғалым Б.Эвенс («Түсіндірме сөздік сөздікшенің пиғылы бойынша жасалмайды») пен И.А.Бодуэн де Куртенэнің «Тілді зерттеуші әдепсіз, келіссіз сөз дегенді білмейді. Ол үшін сөздердің бәрі де бірдей әдепті, келісті сөздер. Ешқандай екіжүзділік,...болмасын!»...[30,143] деген пікірлерін келтіреді.

          В.П.Берков норманың белгілі бір дәрежеде субъективті ұғым екендігіне тоқталып, бұл туралы Б. Эвенс айтқан сөзді («there is no standard for standard») келтіреді. Ғалым мұны тілдегі бір сөздің түрлі сөздіктерде әр түрлі стильдік белгілермен белгіленуінен, сондай-ақ бір тілде сөйлеуші адамдардың бір сөздің стильдік сипатын әр түрлі бағалауынан көреді.

           Ғалым норманың маңызды белгілері  қатарында: 1) тілдік деректердің  бұрынғы жазушылар тілінде қолданылуын  және ол деректердің тілде  ұзақ уақыт болуын; 2) тілдік деректердің тіл заңдылықтарына сәйкес болуын, яғни тілде оларға ұқсас құбылыстың болуын; 3) тілдік деректердің таралымын атай отырып, олардың кемшіліктерін көрсетеді. Тілдегі ресми норма ретінде көбінесе нормативті құралдарды жасаушы адамдардың өздері жөн деп тапқан сөзқолданым қағидаларының жүйесі ұсынылатынын жаза отырып, түсіндірме сөздікті құрастырушы сөздікшілердің тілдегі қолданыста бар құбылыстың бәрін де сөздікке тіркеп, анықтама берулері жөн екендігіне тоқталады. Жалпы Л.В.Щерба мен В.П.Берковтың норма, нормативтілік туралы жазған ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы еліміздегі сөздікшілер тарапынан қолдау таппай, қолданылмай, кейінге қлдырылып, лексикография мәселелерінде 1990-жылдрдн басталғн өрлеу кезеңінде ғана ескеріле бастағанын айтқан жөн.

           Сөз байлығы тіл байлығы. Бірақ  тілдегі сөз байлығының барлығының  жұмсалу аясы бірдей емес. Халық  тілінде бар сөздердің көпшілігі-  ақ әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналды  да, бірқатары қолданудан қалып  қойды, немесе өте сирек қолднылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы, шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүдә сөздері бұрын-сонды жазушылардың шығармаларында кездеседі, бірақ олар әдеби емес те, - қала, және (тағы), қораз, ылғи (әрқашан), әруақытта (өне бойы), өте (аса, тым, мүлде) сөздері әдеби.

           Сөздердің әдеби, әдеби еместігін  айыру оңай да емес, біреуге  асыл көрінген сөз екінші біреуге  жасық көрінуі де мүмкін. Әдеби  нормаға қай сөз жатады, қай  сөз жатпайды дегенді субъективті көзқарас тұрғысынан болжамай, әдебиетте жалпы халыққа бірдей ортақ байлық ретінде жиі қолдана ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғыдан болжау керек. Солай еткенде, әшейінде айтыла берілетін ас, шеге, тіс, су, өмір, сұлу, кір, түс, жүгір сияқты қарапайым сөздер де, махаббат, әсемпаз, дидар, жүрек, майталман тәрізді поэтикалық сөздер де, мүсін, құрылыс, өнеркәсіп, радио сияқты терминдік мәні бар сөздер де әдеби тіліміздің сөз байлығы болып есептеледі.

           Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы  жалпы халықтық қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің... әр алуан терминдерінен құралады.

           Сөйлеу тілі мен әдеби тіл  тығыз байланыста болғандықтан, екеуіне де ортақ сөздер көп. Бірақ сөйлеу тілінде олар ауытқығыш, құбылмалы болады. Мысалы, «есеп» сөзі бір елде, кейде бір жанұяда түрліше айтылуы мүмкін (есеп, қысап, қисап, хисап), «көшет» сөзін біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін, «құрылыс», «құрам» сөздерінің қайсысы қай мағынада екенін қарапайым шаруа айыра алмай, ауыстырып қолдануы мүмкін. Ал, әдеби тілде ондайға жол жоқ. Онда сөздер анық, дәл, дұрыс қолданылуы тиіс. Сонда ғана ойды ешбір қалтқысыз, мүлтіксіз дұрыс айтуға болады. Ол үшін сөздер әдебиетте жұмсала жүріп әбден қалыптасып кетуге тиіс[31,115].

           Мысалы, қазақ тілінде «шаруа»  сөзі бұрыннан бар болатын.  Оған шылық қосымшасы жалғанып  «шаруашылық» сөзі жасалды, ол  мал шаруашылығы, егін шаруашылығы,  құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы  дегендей құрамда айтылып, мағынасы кеңейіп, қалыптасып кетті. Бұрын қазақ тілінде «революция» сөзі болмайтын. Кейін сол ұғым пайда болғанда, әдепкіде «төңкеріс» деп аталып еді. Әдеби тіл оны қабылдамады да, «революция» сол қалпында, «төңкеріс»- переворот сөзінің орнына жұмсалатын болды. Соның өзінде «революция» сөзі ескі алфавит, орфография бойынша «реуалутса», «револютсиа» түрінде жазылып, солай айтылып, ақырында, жалғыз бұл емес, сол тәрізді көптеген терминдер жөнін тауып, әбден әдеби тілмен жымдасып, тұрақты болып кетті. Сондай-ақ, мысалы, коммунист, психология, философия, геометрия сөздерінің қалыптасу тарихы бар:бір кезде коммунист сөзі «ортақшыл», «кеменис», «көменіс», «кәмуним» түрінде жазылып, айтылып келіп, бұл күнде олардың бәрі қалып қойды. Психология сөзі – «жан жүйесі», философия –«пәлсапа», геометрия – «пішіндеме», «әндаса» түрінде айтылып жүріп, кейін жазуымен араб, латын алфавиті кезінде ондай терминдерді орысша қалпында қабылданғанмен, талай саққа жүгіртіп бұзып жазатынбыз. Сөйтіп келіп, 1930-1940 жылдары олар дұрыс шешімін тауыр қалыптасып кетті.

           Көптеген сөздер осы күнге  дейін әдебиеттен берік орын  ала алмай, қиыр-шиыр болып  жүр, бірталай сөздер екі-үш  түрлі нұсқада айтылып, солай  жазылып берекесі қашып жүр.  Мысалы: масқара – машқара, тізе  –дізе, домалақ –дұмалақ, шүберек –шүперек. Сөйлеу тілінде бір сөздің, осылай, түрліше айтылуы, сөздің бұзылып айтылуы, әрине, жақсы емес. Ал, әдеби тілде де солай болса, -оңбағаны. Әдеби тілі жіптіктей халықтрға мұндайлар өрескіл-ақ. Біз шөре-шөре сөздердің дұрысын әдеби тілдің арнасына қарай бет бұрғызуға тиіспіз. Сондай уақыт жетті! Ол үшін дублет сөздердің әдебиетте жиі қолданылатын нұсқаларын әдеби нормаға жататын сөз деп тауып, соларды ғана жаппай жаза беретін болу керек.солардың ішінде екі ұштылары да жоқ емес. Мысалы: айқай-айғай, жиналыс- жиылыс, сұрақ-сұрау, палуан-балуан, ғашық-ашық, адым-қадам. Бұлардың бәрі де әдебиетте жиі қолданылады. Сонда да, бір сыңарларын негізгі етуге келісіп, әдеби нормаға айналдырып жіберуге болады. Бір кезде, мысалы, және-жана, ұшін-ұшын, өйткені-үйткені, хат-қат, қазір-кәзір сөздерінің қайсысын жазуды білмейтінбіз. Кейін әлгі сөздердің алдынғы нұсқаларын қабылдауға патуаласыпедік, бұл күнде соларымыз баянды болған жоқ па? Ондай, түрліше айтылтын сөздер аз емес, оларды да бір сүрлеуге түсіру керек.

           Мұндайда қиыны - бір заттың  бірнеше сөзбен аталуы. Мысалы, орысша  спичка дегеннің қазақ тілінде  сегіз аты бар: күкірт, оттық,  шырпы, сіріңке, іспіешке, шқпақ,  шишақпақ, кеуірт. Орысша «петух»  дегеннің қазақша екі аты бар:  қораз, әтеш.

           Мұндайлардың мынасын әдеби деу  қиын. Сонда да, термин сөздерді  қабылдап, жұртшылыққа ұсынып, бір  ізге салып жібергендей, ондай  сөздерге де келісім жасай  отырып, жөн сілтеуге болады.

           Сөйтіп, қазақ тіліндегі сан алуан  сөздердің әдеби тілге тәндері - әдеби нормаларға жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің лексикалық нормаларын тұрақты етуге мұрандық болар еді.

           Сөйтіп, «лексикалық норма» дегеніміз  - әдеби тілдің жалпыға ортақ  сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы. Нормаға түскен сөз қалпында қатып қалмайды, әдеби тілдің талабына лайық, заңды өзгеріске ұшырап отыруы да мүмкін.

           Әдеби тілдің лексикалық нормасына  жатпайтын сөздер мыналар:

           1. Диалектизмдер. Бірқатар сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті болмай, тек кейбір облыстағы, кейбір аудандағы қазақтардың сөйлеу тілінде кездеседі. Олар жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің орнына жұмсалуы да мүмкін. Мысалы:

 

                   Ә д е б и                                              Д и а л е к т и з м             

                  

                   жаңғақ шаттауық

                   жүгері              борми

            ылғи бойлай

көрпе жуырқан

                   тәрізді                                                   рәуішті    

 балапан шіби

 тақия тебетей

 барлығы әмбесі, әммасы

 

 

           Жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің  тұрқын бұзып айту жиі ұшырайды. Олар диалектизм болуы да, ел  аузында өзгеріске ұшыраған дөкер  сөз болуы да мүмкін. Мысалы:  

 

                   Ә д е б и                                              Ә д е б и    е м  е с            

шейін шекейін

сияқты сиықты

дөңгелек доңғалақ

түзеу дүзеу

диірмен тиірмен

рұқсат ұлықсат

жиырманшы жиырмасыншы

 

 

           Диалектизмдер мен дөкір сөздерді диалогта қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді. Бірқатар авторлар оларға түксие қараудың орнына, қызық көріп жаза салады. Мысалы: «Емешесі құрып», «тырли арық қара қатын» (Ә.Нұрпейісов). «Жақып дүзеліп қалды», «...дізесін бүкті» (Ғ.Мұстафин).

           Мұндайды, әрине, әдеби тілдің  нормасын бұзу деп қараймыз.

           Әдеби тілде бар сөздің мағынасы  әр жерде әр түрлі болуы  мүмкін. мысалы, елек, елгезер сөздерінің  орнына шығыста қалбыр сөзін қолданады екен, ал «қалбыр» әдеби тілде, ұн емес, бидай, арпа, тары сияқты дақылдарды елейтін елеуіш.

           Кейбір сөздердің әдеби тілдегі  орныққан мағынасы бірнешеу болса,  қарапайым сөйлеу тілінде нормға  жатпайтын басқа да мағынада  жұмсалуы ықтимал. Мысалы, «тіл» дегенді адамның, жан-жанурдың дене мүшесі, адамның сөйлеу құралы деп түсінсек, сөйлеу тілінде оны «сөз» дегеннің де орнына айтады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің «Қарағандасында» Мейрам былай дейді: «Көмір» деген қазақтың ескі тілі. Тіл тегін жасалмайды.

           Әрине, бұл да әдеби емес. Автор  бұл сөзді Мейрам емес, сауаты  шамалы басқа біреудің аузына  салса, жарасымды болар ма еді? 

           Мұндайға мін таққысы келгендерге,  кейбіреулер «Ел аузында бар  сөз ғой» деген уәж айтады. қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері - әдеби нормаларға жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің лексикалық нормаларын тұрақты етуге мұрандық болар еді.

      Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, батыстағы қазақтардың «Ботташықты іңкәлға салып жесең, сірә жқсы болады»... дегендерінен де қашпау керек қой. Олай етсек, әдеби тілдің өзіндік қасиеттері жойылады, сөздер сөз шеберлігінің талғампаз елегінен өтпей, түбі тесік шелектен аққан судай болады да қалады.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы