Музыка мен би[өңдеу]
Үндістан халықтары —
өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері
бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері
болып табылады. Оның қайнар бұлақтары
халықтардың әр салалы еңбек және
рухани қызметіне байланысты халықтық
және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады.
Театр, музыка мен би өнері жөніндегі
“Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі
жарық көргенге дейінгі заманда
үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері
мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка
жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді.
Үнді музыкасына суырып салмалық тән.
Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан
келгендер орныққаннан кейін
үнді музыка мәдениеті мұсылмандық
Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз
байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер
мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін
ұштастырған жаңа стиль пайда
болды. Көптеген вокалдық стильдердің
ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән
айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен
бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда
болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары
мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық
ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері
құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне
жақын бхаджан мен киртан да кең тараған.
Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик.
және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен
елеулі түрде ерекшеленеді. Әр түрлі аудандардың
халық әндері жергілікті ерекшеліктерге
ие, оларға табиғи, шынайы сезімдік сарын,
әлеум. реңк тән. Үндістан өз тәуелсіздігіне
ие болғаннан кейін музыкалық мәдениеттің
дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
Музыка, би мен драма академиясы (“Сангит натак академи”, 1953) құрылды. 1954 жылдан үнді әндері жөніндегі
конференция (“Сангит самелян”) өткізіліп келеді. Қазіргі
заманғы Үндістанның музыка мәдени өміріндегі
жаңа құбылыстардың бірі — үнді киносындағы
музыка. Оның негізгі ерекшелігі — музыка
өнерінің батыс және шығыс үлгілерінің
үйлесімі болып табылады.
Театр мен кино[өңдеу]
Халықтық театр қойылымдары
өте ежелгі заманда пайда болып,
әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан
құралады. Халықтық театрдың көптеген
формалары шамалы ғана өзгерістермен
осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын
сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық
қойылымдардың негізі болып табылады.
Мұндай театрларда өнер көрсететін актерлердің
мәнерлеп оқу, би, пантомима, әншілік, кей
жағдайда цирк артисінің шеберлігінен хабары
болуы керек. Үнді халықтық театрларының
спектакльдерінде сюжеттің біраз бөлігі
актерлердің ойнымен ғана емес, әңгімелеу
арқылы да түсіндіріледі. Арнайы сахналық
алаңның, декорация мен құрал-жабдықтардың
мол болуы да шарт емес. Дәстүрлі театрдың
ең жарқын әрі көркемдік құралдарының
бірі — бидің көптеген стильдері мен жергілікті
түр өзгерістерінің болуы (бхарат-натьям, катхакали, катхак, манипури). Классикалық үнді драмасы мен театрының
гүлденуі 4 — 6 ғасырлардағы Бхаса, Калидаса,
Шудракилердің шығарм-мен байланысты.
19 ғасдың 2-жартысында еур. үлгідегі театрлар,
бенгал, хинди, маратхи тілдеріндегі драмалық
шығармалар пайда болды. 1795 жылы Калькуттада бенгал артистерінің
алғашқы труппасы құрылды. 1872 жылы драматург Г.Гхош үнді қоғамының көпшілікке үлкен
әсер еткен Ұлттық театрдың негізін қалады.
20 ғасырдың 60-жылдары Үндістанда 30-дан
астам кәсіби театр ұжымы жұмыс істейді.
Үндістанда алғашқы фильм 1913 жылы түсірілді (“Раджа Харишчандра”, реж. Д.Г. Пхалке). 1931 жылы бірінші дыбысты кино “Алам Ара” (реж. А.Ирани) қойылды. 20 ғасырдың 40-жылдарының
2-жартысында, әсіресе, тәуелсіздікті жеңіп
алғаннан кейін (1947) ұлттық кинематография құру мүмкіндігі пайда болды. 1947 ж. ақпарат пен радио хабарын тарату министрлігі
жанынан кинематография бөлімі ұйымдастырылды.
Халық өмірін шынайы бейнелеген алғашқы
фильмдер пайда болды — “Жер балалары” (1946, реж. Х.А. Аббас), “Құр қалғандар” (1949, реж. Н.Гхож). 50-жылдары шығарылған бірқатар
фильмдер де маңызды әлеум. мәселелерге
арналды. Олардың ішінде “Серік” (1953, реж. Аббас), жерге деген өз құқықтары үшін
күрескен шаруалар жөніндегі “Екі бигха жер” (1953, реж. Б.Рой), белгілі бір мөлшерде “Қаңғыбас” (1951, реж. Р.Капур), т.б. фильмдері бар. Реж. С.Рейдің кинотрилогиясы (“Жол жыры” — 1955, “Жеңілмегендер” — 1957, “Апу дүниесі” — 1959) тек қана үнділік емес, дүниежүзінде
кино өнеріндегі елеулі құбылыс болды.
Үнді фильмдеріне тұрмыс көріністері
мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты бейнелеу,
оқиғалардың баяу дамуы тән. Үндістан
кино өнімдерінде көбінесе тарихи сюжеттерге
арналған музыкалық фильмдер елеулі орын
алады. Олардың көпшілігінде фильм мазмұнына
қатысы жоқ әндер мен билерге шамадан
тыс көңіл бөлінеді. Ел өмірін жан-жақты
суреттейтін деректі фильмдер шығару
жолға қойылған. 1960 жылы Пунада кинематография
институты ашылды. 1954 жылдан Бомбей қаласында бүкілүнділік
кинофестиваль өткізіліп тұрады. Кино
өнері жөнінде бірнеше журнал шығарылады.
Үндістан — дүние жүзінде жылына ең көп
көркем фильмдер шығаратын мемлекет. Үнділік
кино фабрикасы — Болливуд деген атқа ие болған, олБомбей қаласының түбінде орналасқан.
Бұл қаланың түсіру павильондарынан күн
сайын екі жаңа фильм шығарылады. Фильмдер хинди, бенгал, маратхи, т.б. халықтардың тілдерінде
түсіріледі. Дүние жүзіне есімі танымал
үнділік кино актерлерінің қатарына, Б.Сахни, Д.Ананд, Д.Кумар, Радж Капур, Шиши Капур, Наргис, С.Сен, М.Кумари, Б.Ран, В.Рахман, Ш.Тагор, Зинат Аман, Амитабх Баччан,Амриш Пури, Митхун Чакраборти, Шри Деви, т.б. жатады.[4]