Үнді-будда мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:22, реферат

Краткое описание

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үнді мәдениеті.docx

— 545.98 Кб (Скачать документ)

Колониалдық дәуiр[өңдеу]


15 ғасырдың соңында Үндістанда  алғашқы еуропа отаршылар —  португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы  бірқатар пункттерге (Гоа, Даман және Диу, т.б.) бекініп, Үндістанның теңіз саудасына бақылау орнатты және басып алынған аумақтағы халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы Моғолдар империясы біріктірді (қ. Моғолдар әулеті, Бабыр).

Британдық Индия[өңдеу]


17 ғасырдың бас кезінде  Үндістанда ағылшындық Ост-Индия  мен голландтық Біріккен Ост-Индия  компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды). 17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Индия компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т.б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Индия компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания менФранция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Индия компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Индия компаниясына бағынышты болды. 1775— 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 — 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджабқосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату — отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Индиякомпаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Индия компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.

Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық  көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы  үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен  импортты, ішкі сауданың бір бөлігін  сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.

1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.

Тәуелсіз  Үндістан[өңдеу]


1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызыИндира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды.1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстанүкіметіне ұсыныс жасалды.

Қазақстанмен қатынастары[өңдеу]


Қазақстан Республикасы мен  Үндістан арасындағы дипломатиялық  қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалыққатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 2002 жылы 11 — 15 ақпанда Н.Ә.Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан — Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығы да бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді.2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қ-ндағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.

Экономикасы[өңдеу]


Бомбаы Борсасı

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті  ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке  ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады. 1991 — 2001 жылы ел экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестициялардың көл. 23,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның көпшілік бөлігі экономикалық даму процесін айқындайтын экспортқа бағытталған жоғарғы технологиялық салаларды дамытуға жұмсалды. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 55,9%-ы (1995) егіншілік үшін жыртылады. Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Қрі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады. Еңбек ресурстарының 64%-ы ауыл шаруашылығына, 16%-ы өнеркәсіпке қамтылған (1990). Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 1650 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. “Аджанта-Фарма” Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.

Мәдениеті[өңдеу]


Әдебиеті[өңдеу]


3 мың жылдан астам уақыт  бойы өз дәстүрлері қалыптасқан  үнді әдебиеті санскрит тілінде  жазылған, лирика, эпос пен драманың  негізі қаланған діни мадақ  жырлар — ведалардан басталады.  Шамамен б.з.б. 6 — 5 ғасырларда  ауыз әдебиетінде аса көлемді  эпик. поэма — “Махабхарата”  мен “Рамаянаның” негізі пайда  болып, б.з. алғашқы ғасырларында  санскрит тілінде түпкілікті  қалыптасты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында  пали мен кракритах тілінде  діни дидактика мен ауыз әдебиеті  сюжеттері үйлескен буддалық  әдебиет туды. Б.з.б. 4 — 3 ғасырларда  елдің дравидтік оңт-нде ежелгі  туындыларының (“Он жыр”) дүниеауи  сипаты басым болған өзіндік  драма-тамиль әдебиетінің негізі  қаланды. Санскрит тілінде жазылған  халық ертегілерінің жинағы —  “Панчатантра” (б.з. 3 — 4 ғасырлар) повесть жанрының бастамасы болды.  Жаңа заман шебінде жеке шығарм-қа  көшу байқалып, дербес әдеби түрлер  мен формалар қалыптасты: Халаның  пракриттік лирикасы (шамамен 4 ғасыр), Ашвагхошидің (шамамен 2 ғасыр), Бхасаның (4 ғасыр) санскриттік драмалары,  тамиль-лиро-эпостық поэзиясы (мыс., авторы Иланго Адигаль болып  есептелетін “Білезік туралы  повесть”, 7 — 9 ғасырлар). Калидаса (шамамен 5 ғасыр) мен Дандиннің  (6 — 7 ғасырлар) санскриттік мифологиялық  мазмұнындағы шығарм. өзінің діни  реңін бүтіндей жоғалтып, адамгершілік  идеяларды білдірудің құралына  айналды. Драмалық тамиль әдебиетінің  шыңы дана билеушінің мүлтіксіз  тұлғасын суреттеген Тируваллурдың “Тирукурал” атты қанатты сөздер кітабы (4 — 5 ғасырлар) болып табылады. Шамамен 7 ғасырдан бастап санскрит және тамиль тілдеріндегі әдебиеттермен қоса дравид және жаңа үндіарийлік тілдердегі әдебиеттер пайда болды. Кейінірек кашмир әдебиеті мен синдх әдебиетінің, сондай-ақ пушту тіліндегі үнді әдебиетінің негізі қаланды. Мұсылман ақсүйектері билеген мемлекеттердің құрылуы мен ислам дінінің кең таралуы үнділік парсы тіліндегі әдебиеттің қалыптасуына себеп болды: Әмір, Хұсрау Дехлеви (1253 — 1325), Мырза Бедил (1644 — 1721), т.б. Үндістан халықтарының көпғасырлық шаруашылық, саяси және мәдени байланыстары Үндістандағы әдеби процестің бірлігіне негіз қалады. 15 — 17 ғасырлардағы әдебиеттің гүлденуіне билеушілерге қарсы діни ұрандармен өткен бхакти қозғалысы үлкен әсер етті. Санскриттік ережелерден бас тартқан жазушылар ауыз әдебиеті үлгілерін жыр жолдарына түсіруге бейімделді: канна ақыны Пурандарадаса (ш. 1480 — 1564), бенгалдық Чондидаш (14 — 15 ғасырлар), хинди тілінде жазған ақындар: Кабир (15 — 16 ғасырлар), Сурдас (ш. 1483 — 1563), т.б. 17 ғ-дағы халық көтерілістері бостандық жыршылары — маратхи Тукарамаға (1608 — 49), Рамадасқа (1608 — 81), пенджабтық Говинда Сингхтарға (1666 — 1708) рух берді. Үндістанды Ұлыбританияның жаулап алуы 18 ғасырда үнді әдебиетінің құлдырауына және дағдарыстық сарындардың күшеюіне ықпал етті. Алайда 19 ғасырда, әсіресе, 2-жартысында Үндістан әдебиетінде ағартушылық идеялар пайда болды. Ағартушылық реализм бенгал және басқа да әдебиеттерде әшкерелеуші әлеум.-тұрмыстық романның дамуына ықпал етті [бенгал жазушысы Перичанд Миттроның (1814 — 1883) “Дәулетті үйдің еркесі” атты шығармасы, т.б.]. Романтизм тарады (бенгал жазушысы Б.Чоттопадхайдың тарихи романдары). Драматург Д.Миттроның (1829 — 74) шаруалардың ағылшын плантаторларының тәлкегіне қарсы наразылығын суреттеген “Индиго айнасы” (1860) пьесасы отаршылдыққа қарсы үндеу болды. 20 ғасырдағы үнді әдебиетінде ұлттық тәуелсіздік үшін күрес басты тақырыпқа айналды. 30-жылдардың ортасында мақсаттары әдебиетті дәйекті түрде демократияландыру, оны өмірге жақындата түсу болған алдыңғы қатарлы жазушылардың қозғалысы басталды. 1936 жылы Премчандтың (1880 — 1936), М.Р. Анандтың, Саджад Захирдің бастамасымен Үндістанның алдыңғы қатарлы жазушыларының қауымдастығы құрылды. Әдебиетке ұлт-азаттық күрестегі үстем болған идеол. ағым — гандизм терең ықпал етті. Сыншыл реализм дамуының жоғары сатысы Премчанд пен Р.Тагордың (1861 — 1941, Нобель сыйлығы, 1913) шығармасы болып табылады. Урду және парсы тілдерінде жазған М.Икбал (1877 — 1938) поэзиясы ерік-жігері мол, бастамашыл, жасампаз адамды мадақтады. Саяси поэзия мен махаббат лирикасын урду ақыны Х.А. Вафа (1900 — 36) дамытты, бенгал жазушысы Г.Халдардың романдары, хинди тілінде жазған Яшпалдың прозасы мен публицистикасы ерекшеленді. Үндістанның тәуелсіздікке ие болуы (1947) алдыңғы қатарға әлеум. тақырыпты шығарған озық әдебиеттің дамуына ықпал етті. Хинди ақыны Д.Бхарати, маратхи ақындары Б.С. Мардхекар (1907 — 56) мен Ш.Муктибодханың шығармаларында көркемдік жаңа құралдар мен түрлерді іздестіруге ұмтылу байқалды. Отаршылдықтың салдарын жою мен экономиканы көтеру жолындағы күрес бұрыннан артта қалып келе жатқан бірқатар әдебиеттердің дамуына және жаңаларының қалыптасуына әсер етті (майтхили, бходжпури, догри, т.б.). Үндістандағы жергілікті тілдердегі әдебиеттермен қатар ұзақ уақыт бойы мемлекеттік мекемелер мен жоғары білім берудің негізгі тілі болып келген ағылшын тіліндегі үнді әдебиеті де дамыды. Алғашқы ағылшын тілді ақындардың (В.Деразио, 1809 — 31; К.Гхош, 1809 — 73; Т.Датт, 1856 — 77) өлеңдерінен ағылшын романтизмінің ықпалы байқалады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы поэзияда (Ауробиндо Гхож, 1872 — 1950; С.Найду, 1879 — 1949; Х.Чаттопадхая, т.б.) Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне шақыру басым болды. 20 ғасырда ағылшын тіліндегі проза туды, оның көрнекті өкілдері М.Р. Ананд, Р.К. Нараян, Х.Чаттопадхая, т.б. болды. Үндістан мен Қазақстан әдебиетінің өзара байланыстары 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталды. М.О. Әуезов 1955 жылы Үндістанға барған сапарынан алған әсерлері туралы “Үнді кездесулері” атты сапарнама-очерктер жинағын (1958, 1973), үнділік ұлы жазушы Тагор жөнінде “Тагордың кемеңгерлігі туралы” атты мақала жариялады (1961). Т.Ахтановтың “Үндістан хикаясы” (1970), Ә.Әлімжановтың “Көгілдір таулар” (1967) секілді үнді елі, әдебиеті жайлы кітаптар жарияланды. Әлімжановқа “Отырардан жеткен сый” мен үнді тақырыбына жазылған басқа да шығармалары үшін Үндістанның Дж. Неру атындағы Халықаралық сыйлыйлық берілді (1969). 1992 жылы мұндай сыйлыққа ақын А.Шамкенов те ие болды. 2004 жылы маусым айында белгілі қазақстандық журналист және ақын Ә.Нілібаевқа үнді эпосы “Махабхаратаны” қазақ тіліне аударғаны үшін Үндістанның жоғары мемлекеттік сыйлығы — “Падма Шри” табыс етілді. Ол2005 жылы “Ригведа”, “Бхавагадгита” шығармалары мен Тагордың таңдамалы туындыларын қазақ тіліне аударып, 2006 жылы жеке кітап етіп шығарды. Дели қаласындағы Неру атындағы университет ғалымдары екі жақты ынтымақтастық бойынша хинди тілінде “20 ғасырдағы қазақ поэзиясының антологиясын” баспаға әзірледі. Осы жобаның шеңберінде 2003 жылы Делиде қазақ ақыны Ш.Сариевтіңөлеңдер кітабы хинди тілінде жарық көрді. Үндістан әдебиетінен Аббас Ходжа Ахмадтың “Үнді перзенті” (1959), Премчандтың “Тхакур құдығы” (1958), Тагордың “Күйреу” (1958), “Әңгімелері” (1960), “Гәуірмаїан” (1964). Чандар Кришнаның “Жел ана” (1972) кітаптары, Гандидің “Таңдамалы хаттары мен сөздері” (2006) қазақ тілінде жарық көрді.

Өнері[өңдеу]


Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан құл иеленуші мемлекеттердің орталықтары — Матхура, Паталипутра, т.б. қалаларға бірыңғай жоспарлау тән болды. Бұл қалаларды қоныстану брахманизмнің қоғамның варналарға (әлеум. топтарға) бөлінетіні жөніндегі тұжырымына сай жүргізілді (дәулеттілер мен кедейлер кварталдары). Қалаларда қоныстанудың мұндай қағидасы Үндістанда кейінгі орта ғасырларға дейін сақталды. Үндістанда көркемдік дәстүрлердің берік сақталу себептерінің бірі — ежелгі заманнан бастап цехтық құрылыс ұйымдары — “шренилердің” өмір сүруі мен құрылыс ісі және қолданбалы өнердің заңдары мен ережелерінің бірыңғай жүйесі — “Шилпашастраның” қолданылуы еді. Үндістанөнері Жерорта теңіз мемлекеттері мен парсы мәдениетінің әсеріне ұшыраған қуатты құл иеленуші мемлекет — Маурья (б.з.б. 4 — 2 ғасырлар) құрылған кезде өзінің гүлдену шегіне жетті. Қалаларда қамалдардың, сарайлардың ірі кешендері тұрғызылды (Паталипутрадағы Ашок патшаның сарайы — б.з.б. 3 ғасыр). Будда дінінің таралуымен Ашок билік құрған жылдары храмдар — чайтьялар, чайтья мен пірадарлар жатақханасы — “вихару” бар монастырьлар, сондай-ақ мемориалдық құрылыстар мен бағаналар — стамбхалар жаппай салына бастады. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы Шунга мен Декандағы Андхра құл иеленуші мемлекеттерінде өнер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңге Бхаджи, Насика, Карли тауларындағы жартастарға қашалып салынған монастырьлардың ірі кешендері жатады. Үндістанның солтүстік мен ортталық аудандарында Гупталардың (4 — 6 ғасырлар) қуатты мемлекеті құрылуымен құл иеленушілік дәуір өнері өзінің соңғы гүлдену кезеңіне өтті. Осы кезде Будданың формасы кемеліне келген, барлық бұлжымас ережелерге сай мүсіндері (Сарнатхадағы құмсаздан, Султанганджадағы қоладан жасалған мүсіндер, 5 ғасыр) жасалды. 10 — 11 ғасырлардан бастап қалалар тез өсіп, храм құрылыстары кең қанат жайды. Храмдар неғұрлым салтанатты әрі әсем, көлемді, күрделі композициялы бола түсіп, мүсіндердің сәулет өнерімен бөлінбес бірлігі қалыптасты. 10 — 13 ғасырларда жергілікті сәулет өнері мектептерінің өзіндік ерекшеліктері көрінген бірқатар храмдар пайда болды. 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды мұсылман билеушілерінің басып алуы елге Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстың мәдени дәстүрлерін әкелді, ислам үстем дінге айналды. Басқаша құрылымдық элементтер (аркалар, күмбездер, шаңырақтар) мен құрылыс типтері (мешіттер, мұнаралар, медреселер, кесенелер) орнығып, сарай-бекініс ансамбльдерінің құрылысы бұрын болмаған гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнымен қатар мүсін өнері мен бейнелеу өнерінің дамуына елеулі соққы берілді, өйткені исламның діни талаптары тіршілік иелерін бейнелеуге кедергі келтірді. Делиде үнді сәулет өнері белгілерін сақтаған Кутб-Минар мұнарасымен Кувват-уль-Ислам мешіті (1193 жылы салына бастады), күшті бекіністері бар қалалар: Сири, Джаханпанах, Туглакабад пен Фирозабад,Деканда Даулатабад (14 ғасыр) салынды. Ұлы Моғолдар империясының құрылуымен (1562) Үндістан өнері жаңа сатыға көтеріліп, өзінің ең гүлденген шегіне Акбардың тұсында жетті. Ол билік жүргізген жылдары (1556 — 1605) қала құрылысы мен қамал, бекіністік өнердің тамаша үлгілері жасалды: Аградағы бекініс, қала-бекініс Фатихпур-Сикри (1569 — 84) (бекініс сол қалпында осы кезге дейін сақталған), Аджмер (1570) мен Аллахабадтағы бекіністер]. Бірыңғай баумен қоршалған орталық — күмбездік кесененің классикалық типі қалыптасты (Делидегі Хумаюн кесенесі, 1565). Шах-Жаїанның (17 ғасыр) кезінде сәулет өнерінде әсемдік артып, қымбатшылыққа ұмтылу күшейді, мәрмәр мен бағалы тау жыныстары кең қолданылатын материалдарға айналды. Кесененің дәстүрлі формалары Аградағы Тәж-Махал мазарында кемеліне жеткізілді. 18 ғасырда жергілікті дәстүрді сақтаған Раджастхан өнері жоғары деңгейде дами берді. Солтүстік Үндістандағы мұсылман билеушілерінің үстемдігі кезеңінде дәстүрлі храмдық сәулет және мүсін өнері бұрынғыша брахман абыздары үстемдік еткен қиыр оңтүстікте ғана дамыды. Ескі храмдардың айналасына қақпа үстіндегі мұнаралар — “гопурамы” бар, мүсіндері мол қоршаулар тұрғызылды. Ғасырлар өткен сайын қоршаулар саны өсіп, храм кешені ашық галереялы көп бағаналы аулалар — мантапамы мен шомылуға арналған бассейндерден құ-ралған бекіністі қалаға айналды (Чидамбарамдағы, Рамешварамдағы, Мадураидегі храм кешендері). Бағаналардың үстіне секіріп тұрған жылқылар мен қиял-ғажайып кейіпкерлердің орасан мүсіндері орнатылды. Орта ғасырларда миниатюралық сурет өнері дамыды. Үнді миниатюрасының ертеректегі мектептерінің ішіндегі белгілісі — гуджарат мектебі (11 — 16 ғасырлар). 16 ғасырда миниатюраның моғол мектебі пайда болды. Тарихи шығармаларды көркемдеу, портреттік және жануарларды бейнелеу жанры тарала бастады. Моғол мектебінің көптеген дәстүрлері 16 — 17 ғасырларда гүлденген декан мектебіне үлкен ықпал етті. Үндістандағы ағылшындардың отаршылдық үстемдігі кезеңінде (18 ғасыр — 1947) еуропалық мәдениеттің ықпалы күшейіп, ұлттық мәдениет құлдырап кетті. Калькутта, Мадрас (Ченнаи), Бомбей сияқты портты қалалар тез өсіп, 17 ғасырдың өзінде-ақ ағылшындар бұл қалаларда өздерінің бекіністерін, доктары мен христиан шіркеулерін тұрғызды. Дамып келе жатқан өнеркәсіп орт-тары — жаңа қалалар, олармен бірге заводтар, вокзалдар, муниципалитеттер пайда болды. Жаңадан салынған қалаларда әкімш. ғимараттары орналасқан, көркейтілген, еңселі үйлері мен саябақтары бар еуропалықтар тұратын, жұмысшылардың лашықтары мен табыс түсіретін үйлер орналасқан, ретсіз құрылысты үнділік аудандар қалыптасты. Отаршылдық кезеңдегі қала құрылысының үлгісі — Нью-Дели болды. Оның көшелері геом. жағынан дұрыс жоспарланып, негізінен еңселі үйлер, үкімет ғимараттары тұрғызылды. 18 ғасырдан бастап 19 ғасырдың ортасына дейінгі әкімш., іскерлік, ғимараттар, жеке резиденциялардың архитектурасында ағылшын классицизмі, кейіннен жаңа готикалық формалар басым болды.

Информация о работе Үнді-будда мәдениеті