Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:22, реферат
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Эпикалық «Рамаяна» поэмасының да
үнді-будда мәдениетінде алатын орны
айрықша. Мұнда өзінің сүйген қызы Ситаны
құтқа- ру жолындағы Рама патшаның басынан
кешкен уақиғалары баяндалады. Сонымен
бірге, бұл баға жетпес мәдени мүрада
көне замандағы үнді халқының өмірі
кеңінен сипатталып, олардың салт-дәстүрлері,
тіршілік-түрмысы туралы құнды мәліметтер
беріледі. Міне, сондықтан да болар,
француздың белгілі тарих- шысы Мишле
«Рамаяна» поэмасы туралы былай
деп толғана жазды: «Батысқа қарасам
көңілім толмайды, тіпті ежелгі мәдениеттің
ошақтарының бірі болған — Грекияның
өзі де мені онша қанағаттандырмайды,
түншығып бара жатқандай эсер ала- мын,
өйткені олардың идеялары әрі
жүтаң, әрі әсерсіз. Ал ұлы Азия мен
дана Шығысқа көз жіберіңізші. Онда
менің жүрегім, менің сүйікті
поэмам жатыр. Бұл әдеби туынды —
кең байтақ Үнді мүхитымен пара-пар».
Ведалар, упанишадтар, «Махабхаратта» және «Рамаяна» поэмалары үнді халқының даналық энциклопедиясы болып саналады. Бұл мәдени мұралардың өміршеңдігі — ондағы адам өміріне тікелей қатысты даналық қағидаларға, тәлім-тәрбиелік ойларға, философиялық толғауларға және т.б. толы болуында болар. Бүл ойымыз дәлелді болу үшін көне үнді афоризмдерінен бірнеше үзінділер келтірейік: «Адам сәні — даналық, даналық сәні — тыныштық, тыныштық сәні — батырлық, батырлық сәні — қайырымды л ық». Әйелдердің мың кемшілігі және үш адамгершілік қасиеті бар: олар — шаңырақты үстау, үрпақты жалғастыру және ерімен бірге о дүниелік болу. «Қонған маса- ларды қууға жарамайтын иттің құйрығынан, пайдаға аспайтын білімділіктен не пайда?», «Махаббат рахатын көрмесең денсау- лықтан, табандылығың мен ұлылығыңнан не пайда?», «Арыс- танды шатқалда, құсты аспанда, балықты суда үстауға болады, ал әйелдің беймаза жүрегін еш уақытта да үстай алмайсың». Үндінің көркемдік мәдениетінде махаббат мәселесі мен әйел- дер табиғатына ерекше орын берілген. Әйелдердің жаратылуы жайындағы мифтерде ойнақылық — мысқылдау сарыны айқын аңғарылады. Мына бір әңгіме осы бір пікірімізді дәлелдей түссе керек. «Еркекті жаратуға бүкіл материалдарды жүмсап қойған- дықтан, әйелдерді жаратуға материал таппай жаратушы Твашт- ри құдай қатты сасады. Біраз ойланғаннан кейін ол әйелді жа- ратудың жолын да, әйелдердің бойына лайық қасиеттерді де табады. Олар: гүлдің әсемдігі, жапырақтың жеңілдігі, сәуленің құбылмалығы, желдің өзгергіштігі, бүлттардың жыласы, қоян- ның жасқаншақтығы, тотының паңдығы, жолбарыстың қаһарлығы, оттың қызуы, қардың ызғары, балдың тәттілігі, ал- мастың қаттылығы, жабайы үйректің адалдығы, торғайдың сөз- уарлығы, тырнаның залымдығы және тағы да басқа қасиеттерді араластырып жасап еркектің қолына берген екен».
Махаббат құдайы Кама мен оның әйелі Рати үнді ақындары мен жазушыларының
ерекше құрметіне бөленген. Карма өмірдің
қызығын қызықтауға тыйым салмайды. Тіпті
қолдарынан өнер тамған әрі өнерлі, әрі
ақылды «махаббат оттары» куртизанка-
лармен көңіл көтеруді күнә деп санамайды.
V ғасырда өмір сүр- ген үнді ақыны Махараши
Вацияна өзінің «Кама-Сутра» деген өлеңмен
жазылған шыгармасында жыныстық қатынастар
мәдениеті, әйел мен еркек арасындағы
қарым-қатынастар, сезімдік рахаттану
мен дене сүлулығын жақсартатын әдістер
мен тәсілдер кеңінен сипатталып, баяндалган.
XIX—XX ғасырларда бүл кітап Батыс Еуропа
елдерінде кеңінен тарады және ол бойынша
бірнеше кинофильмдер түсірілді. Мүндай
діни-эроти- калық мазмүндағы шығармалар
XVII—XIX ғасырлар аралығында Үнді елінде
көптеп жазылды. Олардың авторлары: Бихари Лала (XVII г.), Чинтамани (XVII ғ.), Бхаратчандро Рая (XVIII ғ.), Рангина (XIX ғ. басы), Джан Сахаба (XIX г.).
Буддизмде мұндай эротикалық сарындағы
еңбектер жазуға жол берілмеді. Мүнда
адамзатты қоршаған тіршілік дүниесіне
көзқарастар былай сипатталды: «Тіршілік
иелерінің ешқайсысын да өлтіруге болмайды,
үрлық жасауға, әйелінің немесе ерінің
көзіне шөп салуға болмайды» (монахтарға
әйелдерге жақында- уға мүлде
рүхсат етілмеді). Өтірік айтуға, арақ-шарап
ішуге қатаң тыйым салынды. Бірақ,
буддизм джайнизмнің тағылыққа
дейін жетіп, киім киюден бас тартушылыққа
дейін жететін аскеттік қылықтарын
өткір сынға алды. Үндістанда театр
мен драмалық әдебиет кең түрде
дамыды. Ерекше атап өтетін бір жәйт,
театр өзінің тамырын Ведалардағы
гимндер мен диалогтардан алды. Кришна
жайындағы көптеген аңыздарды халық
арасында насихаттауда театрға ерекше
орын берілді, ал оған Бхаса, Ашвагхоши
сияқты аса көрнекті үнді драматургтері
өз үлестерін қосты. Әсіресе Ашвагхоши
аса ірі үнді драматургтарының бірі
болды. Ол діни тақырыптарды өз шығармаларының
арқауы етті. Қытай мен Тибетте
кеңінен тараған, қасиетті Будцаның
өміріне арналган «Буддачарита»
— оның төл туындысы. Біздің заманымыздың
IV ғасырында өмір сүрген Калидастың
шығармашылығы Батыс Еуропа елдеріне
кеңінен танымал. Ол лирикалық «Облако
— вестник» және «Малявика и Агни-
митра», «Мужеством обретенная Урваши»,
«Шакунтала» сияқты танымал драмалардың
авторы.
«Рамаяна» тақырыбына жазылған «Махабирачарита», «Уттарарамачарита» және «Малатимадхава» драмаларының авторы Бхабабхутидің (VIII г.) мерейі үстем болды. Аталған драмалардың жазылуы хинда, бенгал, маратхи, гуджарати, ория, ассам сияқты тағы да басқа үнді халықтарының әдеби тілдерінің қалыптасып, одан әрі дамуына зор ықпал жасады. Үнді әдебиетінің алып түлғаларының бірі — ауыз әдебиетіне негізделіп жазылған «Рамаяна» және Кришнаға арналып жазылған «Кришнавали» поэмаларының авторы Ту леи Дас (1532— 1624).
Ағылшын отаршылдығы кезеңінде үнді-будда мәдениетінің даму қарқыны бәсеңдей бастағанымен, үлт-азаттық қозғалыстың басталуына байланысты мәдениет пен өнер қайта жанда- нып, өнер адамдарының шығармашылық белсенділігі жаңа ар- наға түсті. XIX ғасырда Үндістанда мәдениеттің жаңа сатыға көтеріліп, гүлденуіне Динобандху Митро, Б. Чоттопадхайя, А. Навал ар, Р. Айр, Нармадашанкар және т.б. жазушылар үлкен еңбек сіңірді. Әдеби туындыларын бенгаль тілінде жазған, үнді әдебиетінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің алып түлғаларының бірі — мандай алдыеы Рабиндранат Тагордың алатын орны айрықша. Оның «Таулар», «Үй мен бейбітшілік» атты романдары әлемге өйгілі, ал «Джанаганамана» деп аталатын өлеңі Үндістанның мемлекеттік гимніне айналды. Рабиндранат Тагордың әдебиет саласындағы ұланғайыр еңбегі өте жоғары бағаланып, оған 1913 жылы Нобель сыйлығы тапсырылды.
Үнді-будда мәдениеті
Әрине, үнді-будда дінінің білімге
үлкен құрметпен қараған- дығын
ешкім де жоққа шығара алмас. Көне
үнді афоризмдеріңце ғылымның маңызы
мен мәні жоғары бағаланған. Оған дәлел
ретінде ғылым мен білімге
байланысты мына бір қанатты сөздерді
мысалға келтіргенді жөн
Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми түжы- рымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті. Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің дәстүрлері рационалистік сипатқа толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің құрылымының логикалық негіздері үнді ғалымдарын онша қызықтырмады. Одан да олар адамзатты қоршаған дүниенің сан құпиялары мен эр түрлі салада жаңалықтар ашумен айна- лысқанды жақсы кәрді. Тіпті, тарихи зерттеулерге де онша мән- мағына бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени же- тістіктері, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмір, патшалықтардың арғы-бергі тарихы сияқты маңызды мәселелер- ге онша назар аударылмады. Соның салдарынан көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі — Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. XII ғ.) «Раджатарангити» атты еңбегі.
Өз тарихына немқұрайлы қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мөдениеттің дамуына нүқсан келтірді. Қоғамдық өмірді түрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі — тарихи қажеттілік болды. Заман ағымын- да бүл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады да, асырыла бермек те.[1][2]
Талайды тамсандырған үнді мәдениеті
06 thAsia/Almatyp30Asia/
Өткен бейсенбіде «Жастар» саябағына келген өскемендік тұрғындар бір күн бойы өздерін Үндістанда жүргендей сезімді бастарынан өткізді.
Оңтүстік Азияда орналасқан Үндістанды өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел деп білеміз. Ол – терең тамырлы философияның, өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махалдың, өзге де түрлі сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен атақты үнді шайының елі.
Мінеки, қала тұрғындары осынау Үнді елінің бай мәдениетінің ғажайыптарымен таныса отырып Конституция күнін бірге тойлады. Үнді елінің мәдениетін баршаға паш етуді мақсат еткен ұйымдастырушылар қызыққа толы бағдарламалар өткізді.
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани, мәдени құндылыққа бай елдің қазіргі ұрпағы да осал емес. Боливуд сияқты кино фабрикасының түсіру павильондарынан күн сайын екі жаңа фильм шығаратын бұл халықтың мәдениеті мен өнері таң қалдырмай қоймайды.
Аталмыш фестивальде келушілерге
арнайы көрме де ұйымдастырылған
екен. Бұл көрмеге осы елдің
Ол, ол ма?! Алматы қаласында
3 жыл қатарынан өткен
- Өз басым Өскемен қаласына
келген сайын қаланың көркіне,
жылы қабақ танытқан халқына
тамсанумен боламын.
Саябақта үнді халқының
Рухани байлықтары өз алдына. Храмдары мен мешіттерінде қала халқынан аяқ алып жүру қиын. Бұл рухани берік елдің әлеуметтік жағдайдың төмендігіне мойымай қамсыз өмір кешуіне тірек болып отырғандай. Салт-дәстүрін күнделікті тұрмыста қолданып отырған үнділіктердің сән-салтанаты дүниені билеген патшаларды құрметтеумен бара-бар.