Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 09:22, реферат
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді-будда мәдениеті
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени
мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп,
оны жергілікті халықтың арасына кеңінен
тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни
сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық
шалу кезінде айтылатын суреттемелердің,
табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар
ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты
жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді
«Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге
деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының
поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған
болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді
қоршаған дүние былай деп сипатталады:
«Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында
болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат
баласының тіршілік етуге деген құлшынысы
байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан
кейін аспан мен су патшалығы пайда болды.
Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде
тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние
жаратылғаннан кейін барып пайда болды».
Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан
упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының
дамуындағы басты қадам болып саналады.
Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан
дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды
ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен
олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен
мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық
толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы
— упанишадтардаБрахман мен Атман
Үнді-будда мөдениетіне тән
Бір-бірімен өзара тығыз
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады,
тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның
бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары
бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен
үндінің атақты ғалымы Вивеканада,
ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері
Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта
дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыс
«Санкхья» материалдық дүниені
де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл
ағым бойынша материя үнемі
«Ньяя» логика зандарына сүйенеді,
оны үғынып-білу — адамның жан
дүниесін тазартуға себепкер болатын
ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі.
Ньяя негізінен брахманизмнің соң-
ғы жүйесі — вайшешикаға жақын
болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне
пайдалы шындықтың алты түрін
көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл
(карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік).
Вайшешика бойынша, физикалық дүние
атомдардан түрады жөне ол мәңгілік болып
саналады. Бірақ физикалық дүние
атомдардан түрғанымен, оның басты
қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес
әрекет ететін құдай болып саналады.
Брахманизмде о
дүниемен салыстырғанда адам өмірінің
өткінші екендігі және оның мәнсіздігі
туралы идеялар басты орын алған. Адамның
о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік
ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне
байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар
болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер
— жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға-
ға, астық үрлаушылар — сабауқұйрыққа,
брахманды өлтірушілер — ит пен есекке,
ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық
жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға
айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу,
күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай
білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер
қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына
мүмкіндік беретін басты шарттар болып
саналады.
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса
бастады. Оның негізін қалаушы ханзада,
кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха,
ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы
ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады,
оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі,
парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті
ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизммен қатар
джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін
қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат
болудың басты құралы ретінде —аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің
фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің
барлық рахатынан саналы түрде бас тартты,
басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің
соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас
тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға
келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді
мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде
өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына
түскендер негізінен саудагерлер болды.
Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді
де сынға алады. Брахманизмдегі байлық
пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық,
ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана-
ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық
межені қалап алады. Ол өзінің негізгі
діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары»
атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді.
Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі
таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын
аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран
мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның
рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық,
өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде
қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл
өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі
бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан
да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы,
адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың
ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға
түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп
сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы
қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиетте
"Будда ескерткіші"
Будда дін жолына шын берілген адамдарды
төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға
шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын
алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол
бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа
даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді
батыл қолдау. Будда ілімі үнді
халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең
қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне
арнаған сөзінде былай деді: «Сендер
бүл ілімді дүние жүзінің барлық
елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер
мен бұл өмірден жәбір
Будда дінінің кеңінен таралуы
жағдайында оның екі тармағы өмірге
келді. Оның біріншісі — махаяна,
Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы
— хинаяна Цейлонда қалыптасты.
Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше
еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда
дінінің бүл саласында Будда
құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған
құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде
адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері
Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай,
бір жағынан, брахманизмге білдірілген
үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм
үнді халқының бұрыннан қалыптасқан
дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса
түсті.
Қытайда будда дінінің идеялары
б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда
дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің
де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға
ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға
да қанатын кең жайды. Тибетте
буддизм ламаизм түрінде
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік
дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм
мен даосизмнің өзара ұштасуының
нәтижесінде дзэн-буддизм
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни
наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты.
Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны
үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа
брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі
жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға
қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де
мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм
мен брахманизмнің біраз қағидаларының
өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа
индуизм ағымы пайда болды.
"Будда паркі"
Өкімет тарапынан барынша
Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жүмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бүрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.