Үндістан
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Үндістан Республикасы
भारत गणराज्य |
|
|
Үндістан туы |
Үндістан елтаңбасы |
Координаттар:
28°12′00″ с. е. 35°17′00″
ш. б. (G)
(O)
|
Ұраны: «Satyameva Jayate (Sanskrit)
सत्यमेव जयते (Devanāgarī)
"Truth Alone Triumphs"» |
Әнұраны: «Jana-Gana-Mana» |
Үндістан картада |
Тәуелсіздік күні |
15 тамыз 1947(Ұлыбританядан) |
Ресми тілі |
Хинди Ағылшын тілі |
Астанасы |
Нью-Дели |
Ірі қалалары |
Мумбаи, Калкута, Бомбей |
Үкімет түрі |
Федерациялық республика |
Презіденті
премьер министрі |
Пратибха Патил
(Pratibha Patil)
Манмохан Сингх
(Manmohan Singh) |
Мемлекеттік діні |
Индуизм |
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті |
7
3 287 590 км²
9,5 |
Жұрты
• Сарап (2010)
• Тығыздығы |
▲ 1 210 193 422[1] адам (2)
364 адам/км² |
ЖІӨ
• Қорытынды (2010)
• Жан басына шаққанда |
4,001 трлн $[2] $ (4)
3,290[3] $ (117) |
ЖІӨ (номинал)
• Қорытынды
• Жан басына шаққанда |
$796.1 миллион $
$705 $ |
АДИ |
▬ 0,547 (Орташа) (134) |
Валютасы |
Үндістандық рупия
(INR, коды 67) |
Интернет үйшігі |
.in |
ISO коды |
INR |
Телефон коды |
+91 |
Уақыт белдеуі |
+5 |
Үндістан - Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан
– өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі
өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның,
сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар
мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат
күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік
жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың,
ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді
шайының елі. Ол – “барлық халықтардың
жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған”
(Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің
үлгісі.
Үндістан, Үндістан Республикасы
— Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай
Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін
Еуропа және Африкамен байланыстыратын
маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында
жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы
3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде).
Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн.
(2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ыдравидтер (негізінен оңттүстікте тұрады),
3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін
ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай),бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхан/раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Діни құрамы:
- индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
- мұсылмандар — 11%;
- мәсіхшілік дініндегілер —
4%-дай;
- сикхтар — 2,8%, т.б.
Мазмұны
[жасыру]
- 1 Тілдер
- 2 Әкімшілік бөлу
- 3 Табиғаты
- 3.1 Геология
- 3.2 Климат
- 3.3 Гидрология
- 3.4 Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
- 4 Тарихы
- 4.1 Колониалдық дәуiр
- 4.2 Британдық Индия
- 5 Тәуелсіз Үндістан
- 5.1 Қазақстанмен қатынастары
- 6 Экономикасы
- 7 Мәдениеті
- 7.1 Әдебиеті
- 7.2 Өнері
- 7.3 Музыка мен би
- 7.4 Театр мен кино
- 8 Пайдаланған әдебиеттер
Тілдер[өңдеу]
Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми
болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз
жағалауларында тығыз, солтүстіктегі
таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған.
Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді.
Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары
халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур,Лакхнау.
Әкімшілік бөлу[өңдеу]
Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы
— президент және қос палатадан (халық
палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы —
Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.
Ұлттық мейрамдары: Республика
күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).
Британ Достастығының
құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.
Табиғаты[өңдеу]
Геология[өңдеу]
Үндістан негізінен Үндістан
түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал
шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар
тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі
— жазықтар мен үстірттер. Үндістанды
түгел дерлік Декан таулы үстірті алып
жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін
аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен
аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме
тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан
көптеген ірі порттар өзендер жағасына
(Калькутта) орналасқан немесе жасанды
жолмен салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп,
Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз
жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс
жағы ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген.
Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай,
Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633
м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан
қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан
құралатын ежелгі қатпарлы тізбек — Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін)
орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт
шеті болып табылатын Виндхья тауларымен
(ең биік жері — 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің
шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге
бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м)
орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне
қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр.
Оның солтүстігінен бастап үш тік құз
баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең
биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай
Қарақорым көтеріледі (ең биік жері —
Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м).
Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик
таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 —
3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен
тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен
бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың
жер бедері альпілік формада, өзендермен
терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары,
марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары
бар.
Климат[өңдеу]
Климаты негізінен тропиктік,
солтүстігінде тропиктік муссондық.
Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл
атқаратын жазғы ылғалды муссон
кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі.
Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан
мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым
басталады. Қаңтардың орташа температурасы
солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр
айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді.
Инд-Ганг жазығының батысындағы
жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден
кем болса, Деканның орталық аудандарында
300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000
мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы
құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде
12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар
мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл
бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер
ағыны муссондық маусымға байланысты
өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына
дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде
жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып,
тасқын жиі болып тұрады.
Гидрология[өңдеу]
Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік
үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен
шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық
таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені
— Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде
кеме қатынасы бар.
Жануарлар және Өсімдіктер
әлемі[өңдеу]
Тавускус̧у олан Хиндистан'ıн улусал кус̧
Декан үстірті мен Инд-Ганг
жазығының табиғи өсімдік жамылғысы
күшті өзгерген, саванналар, ксерофитті
сирек ормандар басым, кей жерлерде
жапырағы түсетін ормандар бар. Солтүстік-батыста
бұталар өскен шөлейттер мен
шөлдер басым. Батыс Гаттардың желді
беткейлерінде, Ганг мен Брахмапутра
атырауында, Шығыс Гималайдың тауалды
аймақтарында мәңгі жасыл тропиктік
ормандар, Гималайдың етегінде — тераилар
(батпақтанған джунглилер), одан жоғарырақта
— муссондық, аралас және қылқан жапырақты
ормандар, тау шалғындары өседі. Ормандар
ел аумағының 1/4-іне жуығын алып жатыр.
Негізгі ұлттық саябақтары: Казиранга, Гир орманы, Манас, т.б. Көптеген резерваттар бар.
Үндістанның жануарлар дүниесі
басқа Азия елдерінен ерекше. Сүтқоректі
жануарлардан маймылдар (макакалар, гиббондар),
бұғылар (теңбіл, замбар және қара), киіктер,
өгіздер (гаур, ергежейлі және үнді
буйволдары) тіршілік етеді. Үнді пілі,
жолбарыс, қабылан, гималай аюы кездеседі.
Арыстан, леопард, Кашмир бұғысы түгелге
дерлік жойылған. Үндістанда құстар, қосмекенділер,
жыландар мен балықтардың көптеген
түрлері тіршілік етеді.
Тарихы[өңдеу]
Археологиялық ескерткіштер
Үндістанда тас ғасыры кезеңінің
өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір
сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің
қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне
жататын тас құралдар табылған. Инд
өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің
қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас
кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі
мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан
б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда
болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың
2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты,
соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі
үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау
өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының
өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен
айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді,
сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың
1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше
құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.
Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б.
6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің
көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс
бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты
(Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа
және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер
аз сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің
халқы 4 топтан құралды:
- брахмандар;
- кшатриялар;
- вайшьялар;
- шудралар.
Олардың алғашқы екеуі
артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына
егіншілер түскен өнімнің 1/6 — 1/12 бөлігін
берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер
еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі
алым-салықтар жинау құқығына ие болды.
Егіншілер рулық және көршілік қауым
болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі
негізінен үй ш-нда пайдаланылды.
Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен экон.
прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің
жағдайларына айтарлықтай өзгерістер
енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы
құлдықтың таралуына жағдай жасады.
Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық
қозғалысты туғызды, олардың ішінен
буддизм мен джайнизм ерекшеленді.
Б.з.б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті
билеген Магадха мемлекетіне
Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз.
жазығының бір бөлігін Ахемен
әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский
әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне
дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес
аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында
да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті
Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан
аумағының бір бөлігіне өз биліктерін
орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери
аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар
мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп
кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б.
2 — 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда
грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен
шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді.
Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті
күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік
Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының
билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан
Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы
елдермен, Қытаймен сауда қатынастары
кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген
ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді.
Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді.
8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы
мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар менГурджара-Пратихарлар мемлекеттері еді. 8 ғасырдың
басында Синдіні арабтар жаулап алып,
елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың
бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи
сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың
біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың
соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік
Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі
—Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан
кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі
өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы
Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели
сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке
қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына
дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар
өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман
одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті.
17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес
князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).