Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:15, реферат
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Онан соң бір үш ауыз толғауда "мұнан соң қилы-қилы заман болар" деген сөзінде және де хан үстемдігінің жоқшысы болады.
Саны ап-аз болғанмен, Асанның "Жәнібекке айтты" деген сөзі және кейін Бұқар шешетін, "Асан айтыпты-мыс" деген қысқа толғау - екеуі де халық сүйетін Асаннан басқа бөлек, жат саналы адамды танытады.
Бұл - үстем тап санасының анық, халықтық аңызға қосқан қосымшасы. Халық ортасына аса даңқты, абыройлы болған адам атына хан мен билер ортасы өз үгітін, таптық санасын, мүддесін қосып әңгімелеп, Асанның тұлғасын өз жағына бұрып айтады.
Осымен ауызша аңызда біріне-бірі қайшы екі алуан әңгіме бар екенін көреміз. Сонда негізгі, күрделі, көркем әңгіме халықтыкі. Ол қайғылы Асан жайындағы әңгіме. Екінші Асан қайғылы емес, ол өз үстемдігін жүргізіп тұрған адам болса, қайғылы болу жол емес, алдыңғы образға қарсы, қайшы, контраст образ болады. Мұны осылайша айырып талдап түсіну қажет.
Жиренше
Ескі фольклор ішінде
Алдаркөсе мен Асанқайғы
Жиренше әңгімесі де халық аузында көп айтылатын, көпшілікке өте мәлім әңгіме. Жиреншенің аты да Алдардың аты сияқты жаппай атау болып кеткен. Алдарға мұны ұқсататын тағы бір ерекшелігі - бұның жайы да қара сөзбен айтылатын қысқа-қысқа жеке әңгіме болып құрылады.
Жиренше әңгімелерінің Алдардан бөлек бір ерекшелігі: бұған бұқара ортасынан шыққан әңгімелерден басқа, үстем тап санасынан ауысқан жамаулар көбірек.
Жалпы алғанда, Жиренше әңгімесінің көпшілігі де бұқара санасынан туған, мұндағы негізгі әңгімелердің мазмұны сол бұқараның шешендік, шапшаңдық, тапқырлықты қоғамдық, таптық құрал етіп пайдаланғаны көрінеді.
Сонда, көп жерлерде кедей, әлсіз Жиренше үстем таптың өкілі болған ханнан зорлық, қорлық көрмеу үшін алысады.
Ал ел әңгімесі Жиреншені бір арам, зорлықшы ханның қасына жолдас етіп береді. Хан мұның әйеліне қызығып, көзін жоймақ болып, басына қастық етумен болады. Жай адамның қолынан келмейтін істермен сынап, үнемі оның аяғы тайғанын андып отырады. Жиренше сол хан зорлығының бәрінен өзінің ақылы, айласы, шеберлігі арқылы зорға құтылып жүреді.
Ел әңгімесі тапқыр, жүйрік Жиреншені ешбір ханға да, хан сияқты бөтенге де жеңгізбей қояды. Жалғыз-ақ оны жеңетін - әйелі Қарашаш болады. Әңгіме Жиреншеге Қарашашты әдейі көңілдегідей мінсіз, жақсы жар етіп қосады. Сол себепті Қарашаш "бай еді", "хан еді" деп бөтенге қызықпайды. Ақылы, қасиеті артық Жиреншеге берік дос болып қалады. Кедейлігін де елемейді. Қарашашты аламын деген хан талабынан Жиренше өмір бойы құтыла алмай қойғанда, өз басын өзі құтқарып, Жиреншенің қасында қалу жолын да Қарашаштың өзі табады. Қарашашты ханға аудырмай, ұдайы Жиреншенің басына берік етіп, қасында қалдыру - елдің Жиреншені сүйгендігін білдіреді. Жиренше әңгімесінің негізгі тақырыптары, мазмұны осындай.
Қорқыт
Қорқыт жайындағы аңыз ертегісінің бірнеше түрі бар. Соның барлығында Қорқыт өзіне тән бір кейіпте, бір зор мүдденің соңында болады. Ол арман-мүддесі - өлімге қарсы алысу, өлмеске бір шара іздеу. Қазақтағы аңыз ертегінің Қорқыт турасындағы негізгі тақырыбы осы.
Бірақ Қорқыт жайындағы әңгіме, аңыз тек қазақша ғана емес, өзге, қазақпен тектес елдердің көбінде бар. Қазіргі күнге шейін өз фольклорында Қорқыт атын сақтап келген: қазақ, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, азербайжан елдері.
Азербайжан, түрікмен, башқұрттар оның жайында "Дәдә Қорқыт" деп мол әңгімелер айтады. "Китаби дәдәм Қорқуд" деген атпен түрікмендер, азербайжандар ұзақ-ұзақ дастандар, нақыл әңгімелер жинағын тізген. Бұл елдер өздерінің оныншы, он бірінші ғасырлардағы фольклор, әдебиет ескілігін осы Қорқыттан да бастайды. Қорқытты түрікмен, өзбек "Қорқыт ата" деп әңгімелейді. Қарақалпақ, қазақ, қырғызда тек Қорқыт атымен жүреді. Ескі рулар аңызында суреттелген Дәдә Қорқыт қазақ аңызындағы Қорқыттан басқа бейнеде.
"Китаби дәдәм Қорқуд"
бойынша Қорқыт үлкен бір қарт,
қария, ақылгөй дана кісі
Міне, Қорқытты дастан етіп сақтаған елдердің бір тобында оның бейнесі, оның жайындағы әңгіме өрісі осылай келеді.
Ал қазақтағы аңыз ертегілер бұл Қорқыттан басқа бейнені суреттейді. Бұндағы ең зор ерекшелігі, Қорқыт сөз атасы емес, күй атасы, жер үстіндегі адам баласы білген ән-күйдің өз атасы болады. Және бір зор, айқын тұрған ерекшелігі - өлімге қарсы алысуы. Бұл мұсылманшылық ұғымында құдай бұйрығына, тағдырға қарсы шыққан күпірлік есепті болғандықтан, шығыстағы көп әңгіме Қорқытты тек ақылгөй, дана қарт қып әкетсе де, қазақ әңгіме-аңызы оның қасиет-ерекшелігін сол тағдырмен алысушы болуына саяды.
Қорқыт адамның тірлігі шақты болғанына наразы. Өлім деген обыр барына наразы. Өлімнен құтылам деп шарқ ұрады, шартарапты кезеді. Бірақ қай тарапқа барса да, алдынан азынап тұрған көр шығады. "Кімнің көрі?" деп сұраса: "бұл - Қорқыттың көрі", - деген жауап алады, дейді.
Осы әңгіменің өзін де халықтың жеңіл ғана, үстірт қана емес, мұндағы "көр" дегені дәл көрдің өзі емес, әрбір тозбақ, өлмектің бейнесі, елесі деп білу керек. Шартараптың бәрінде Қорқыт көрдің өзін көрмейді, жүгірген аң өлексесін, ұшқан құс жемтігін, құлаған ағаш, қураған шөп қалдығын көреді. Оларда да бір шақта өмір, тірлік болған, енді сол өмір бітіп, жоқтық жұтып бара жатқан халдерін көргенде, осы жайларды "көрге" санайды. Бұлар осылай өлді, сен де солай өлмексің, бітпексің деген елесті береді, ойды ойлатады.
Қорқыт - әр заттың өлімінен өзінің ажалы мен көрін көргендей болады. "Қайда барса Қорқыттың көрі" дегеннің халық аузындағы мағынасы осы. Философиялық, поэзиялық зор мағына.
Өзі тынымсыз ойшыл, өзі өнерлі, дана Қорқыт содан кейін қалың оймен қатты толғанып жүріп, өзгеше бір өнер табады. Су үстіне кілем жайып, ағын сумен бірге өмір ағынындай жылжып ағып отырып, өзі жасаған бірінші қобызбен, жер үстіндегі ең тұңғыш күй аспабымен "күй" атты сәнді сыр шертеді. Қазақ аңызы бойынша жер-жиһан күй дегенді естімеген шақта, адам баласы ән-күй білмей тұрған шақта осы өнерді бірінші аспаптың қылына оралтып шығарған Қорқыт еді дейді. Сондықтан Қорқыт жер үстіндегі күй атасы болды дейді.
Су үстінде Қорқыт ағып келе жатып, өлімге қарсы мәңгі өмірді мадақтайтын күйді тартқанда, хайуанат, ұшқан құс, жүгірген аң - қысқасы, барлық тірлік иесі жан-жануар өзен жағасына анталап кеп тыңдасады. Құптап тыңдайды. Жағадағы тау-тас та сол тірлік күйін жаңғыра күңіреніп тыңдайды. Аңыз осылайша баяндап, Қорқытты құптаушы, қостаушы, қадірлеуші жан-жануар қаншалық көп болғанын білдіреді. Қорқыт атының өлмей, өшпей сақталуына адам нәсілі өзі кепіл дегендей болады.
Қорқыт осындай өнер туғызып, артына, адам нәсіліне соншалық асыл мұра тастап кеткендіктен өлмеді. Өлімге қарсы амал тапқан жан болды. Өйткені бұл аңыздың өмірлік, философиялық шын терең мағынасы - өзі өлсе де артына өлместік мұра қалдырған адам, өлмеген адам деп саналуға тиіс дейді.
Міне, Қорқыт жайындағы негізгі аңыз ертегінің мазмұны осылай. Екінші бір алуан аңыз ертегіде қазақ әңгімесі Қорқытты әзірейілге кездестіреді. Әзірейіл мұның жанын салып алатын сандық істеп әкелген. Қорқыт әзірейілмен жауаптасып тұрып, сандықтың ішіне әзірейілдің өзін алдап салады да, сандықты бекітіп, суға ағызып жібереді.
Әзірейіл көпке шейін судағы сандықтан шыға алмайды. Сол кезде көп уақыт ешкім өлмей, жанның бәрі аман жүретін біраз дәурен болады. Бірақ судағы сандықты бір балықшы шал аумен ұстап алып, аузын ашқанда, әзірейіл ішінен шығып, сол арада жаңағы шалдың өз жанын алыпты дейді. Бұл бір үлкен мысқыл, сыншы әңгіме. Мұнда да аңыз етуші халықтың тілеуі мен достығы, жақсы бейілі дін жағында емес, Қорқыт жағында екендігі көрінеді. Қорқыт өзі бұл әңгімеде ойнақы, мысқылшыл, әзіл-айлашыл жан болып көрінеді. Жас, ойыншы, айлакер болып сезіледі. Жалпы, қазақ әңгімесі Қорқытты қарт қып суреттейді. Алғашқы әңгімелердегі және мына әңгімедегі Қорқыт жалынды жас кескінінде болғандай. Бұлай болса, осы қазақ айтатын әңгімелер, жалпы Қорқыт жайындағы барлық әңгіме, аңыздардың ішінде қарт Қорқыт емес, жас Қорқытты айтқан ерекше бір бөлімдері болу керек. Өмірді сүюді соншалық оттай, жанды күйде суреттеу арқылы халық Қорқытты өмір, тірлік үшін алысушының ең зоры еткен. Сол себепті кейін шаманизм нанымы бойынша ауруды бағып, өліммен алысқан бақсы атаулының барлығы Қорқыт күйін тартып, алысатын болған. Ол күй өмір тірлікті қорғау, арашалау күйі болғандықтан, бар бақсының сиыну күйі болды.
Дүние жүзінің фольклорында, әсіресе ескі мифтік, діндік ертегі аңыздарында осы Қорқыт сияқты өмір үшін, өлімге қарсы алысқан бірнеше ұлы бейнелер бар. Бұлардың бәрі түбін ойлағанда құдай бұйрығымен, ажалмен ғана алысушы емес, сол алыс арқылы құдайдың өзімен де алысқандар деп саналады. Соның бірі грек мифінде - Прометей, осетин аңызында - Амран, үнді аңызында - Сидхарта болған болса, қазақ ескілігінде - Қорқыт болады. Қорқыт жайындағы халық түсінігі осылай болса, оның бейнесін үстем таптың кертартпа санашылдары басқаша етіп ұғындырғаны да бар. Өзінің үстемдік дәурені өтіп, құлап, күйреп бара жатқан кей топтар "қайда барсаң Қорқыттың көрі" деген нақыл шығарып, Қорқытты айықпас пессимизм айғағы етуге тырысқан. Осыны қазақтан шыққан ұлтшыл алашордашыл, контрреволюция әрекетіндегі кей ақындардың әдейі мадақтап, бұрып, бұзып әңгімелегені де бар-ды. Бірақ халық ұғынған Қорқыт пессимист емес, өмір үшін қатты алысушының бірі. Және сол көп алысушылардың ішінде дегеніне жеткен, өлместің амалын, шарасын тапқан жанның бірі Қорқыт деп саналады. Салт ертегілерінің тіліне қарап, халық поэзиясының жазба әдебиет тілінен басқаша келетін өзгешеліктерін, ерекше қазыналық қасиеттерін зерттеу қажет. Ал салт ертегілерінің және сонымен қатар жалпы қазақ ертегілері түр-стиль өзгешелігін, татымды қасиеттер жағынан бағалай отырумен қатар, олардың көркемдік құрылысындағы бір қалыпты қайталағыш, жылжымас тұрақтылық тәрізді олқылық жайын да атап өту керек. Ауыз әдебиетінің көпшілігіне ортақ бұл өзгешелік жөнінде Чернышевский айтқан түйінді бір пікірді еске аламыз. Чернышевский: "Халық поэзиясы айтам деген жайын өзгеше көркемдікпен айтады. Оның кемшілігі мүлдем басқа түрлі, бұнысы бір қалыпты аумас күйінде. Сонысы орасан сұрғылт күйге (монотонность) айналып отырады. Патриархалдық өмірдің мазмұны жылжымас халде, ол өмірдің түрлері де қатып тұрғандай, жылжымастық өзгерісі аз тұр. Халық поэзиясында да дәл осындай күй бар", - дейді.
Бұл пікір ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының шаруашылық-қоғамдық тіршілігіндегі патриархалдық-феодалдық болмыстың жылжымас, аумас мешеулігін таныды. Сол халдің қазақ ертегілерінің де кей түрлеріне, стильдік өзгешелігіне әсер еткендігін айрықша тануды керек етеді.
Үш ауыз ақыл сөз | |
Ертеде бір байдың
жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе,
бір адам келіп: | |