Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:15, реферат
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Қазақ ертегісінде түлкіні алдап жеңетін жалғыз адам емес, кейде елеусіз кішкентай мақұлықта болады. "Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе, бөдене'"10 деген ертегіде: бөденеден басқаның бәрін жеңіп жүрген түлкіні бөдене алдап кетеді. Бөденені түлкі аузына тістеп тұрып, балаларыңды шақыр дегенде, бөдене "маңғыт" деп өзің шақырсаң, балапандарым келеді дейді. Түлкі "маңғыт" деп аузын ашып қалғанда, бөдене "аузыңа саңғыт" деп ұшып жөнеліп, түлкіні мазақ етіп кетеді.
Хайуанат жайындағы осы алуандас ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та кетеді. Ол: "Құйыршық"11, "Қотыр торғай'"12, "Мақта қыз бен мысық"13, "Шудалы торғай"14, "Күшік пен мысық'"15 сияқты көптеген ертегілер. Құйыршық ғажайып түрде ешкінің құйыршығынан біткен кішкентай бала болады. Ол қасқырды, жолаушыларды, үй иесін - бәрін алдап соғады. Ажалдан қалып, әке-шешесіне келеді. Бұл алуандас ертегілер орыста да бар. "Бармақтай бала" деген ертегі кішкене балаға: "Өз қайратыңа сен, қорғаншақ, жасқаншақ болма, батыл бол, тірлік үшін алысуды үйрен" дегендей үгіттерді танытады. Түйеден адамды оқшау ету, жатырқату емес, батыл табыстыру - қиялы, санасы бар ертегілер. Хайуанат жайында балалар үшін айтылатын қазақ ертегісінің бір алуаны - "Күшік пен мысық", "Қотыр торғай" сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер. Ақылсыз күшік, айлакер мысық балаға әр жәндікті, әр кейіпті танытумен бірге, күлкілі, көңілді, баланың өз мінезіндей ойнақы күйде әңгімеленеді.
"Қотыр торғай" ертегісінде
әңгімелік құрылыс жағынан
Мұндай құрылысы бар ертегілерді тізбекті (комулятивный) ертегі дейді.
Қазақтың хайуанат жайындағы ертегісінің тағы бір мол тобы үй хайуандары болады. Айнымас берік, есті дос иттен басқа, тұлпар серік аттан басқа, "Бозінген"16 сияқты түйе жайындағы әңгіме ботасы өлген інгеннің зар, шерін айтады. "Тепең көкте"17 иелерін байытқан бәйге ат өзгеше әңгімеленеді. Малды білген, оны сүйген қазақ халқы үй хайуандары жөнінде оларды мінезді, есті, мұңды, зарлы етіп, жаны ашып, дос тұтып әңгімелейді.
Әлі түгел жиылып, жіктеліп болмаса да, қазақ халқының хайуанат жайындағы ертегілері осында саналған түрлерінің өзіне қарағанда да, мол қор екенін танытып тұр.
Әңгімелену ретіндегі тіл
Салт ертегілері
Жалпы ертегілер тобында салт ертегілерінің орны өзгеше. Бұлардың арасында феодализм дәуірінің ең ескі болмысынан туған немесе одан арғы тарихтан бұрынғы дәуірлердің елесін беретін ертегілер бар. Және сонымен қатар кешегі-бергі заман болмысынан, шындығынан туған, нақтылы тарихи дәуірлермен нық байланысты көп ертегілер де анық, айқын аңғарылады. Осы ертегі түрінің таптық, қоғамдық мазмұны, идеясы қазақ еңбек елінің тартыс, тағдырының шындығымен байланысқан күйде өткен ғасырдың 60-жылдарында басталатын, реформадан соңғы дәуірдің ертегілерінде ұштасып, жалғасады.
Салт ертегілерінің қазақ ауыз әдебиетіндегі ірі өзгешелігі, ерекше қасиеті - бұлардың ең зор, ең мол мазмұны еңбек халқының тірлік жағдайынан, ауыр халінен туған. Сол себепті бұл ертегілерде қанаушыларға қарсы арналған еңбек халқының ызасы, таптық жиреніші аса өткір түрде қалыптанады.
Орыс халқының салт ертегілерінде патшаға, баринге (мырзаға), саудагерге (купецке), попқа қарсы ертегілер мол болғанындай, немесе буряттар сияқты қазақ халқының шаруашылық-қоғамдық жағдайларымен жағдайы ұқсас ұсақ елдердің салт ертегісінде жауыз хандар, шамандар, ламалар жайындағы өткір сынға, жиренішке, сықақ-ажуаға толы ертегілер мол болғанындай, қазақта да осы салт ертегілерінің зор өзгешелігі - сол өзіндегі қанаушылар ортасына аяусыз сын, соққы беруінде. Қазақ ертегілерінде де ханға қарсы, уәзірге қарсы, байға қарсы, қомағай саудагерлерге қарсы, бақсы-балгер, құшнаштарға, сиқыршы молдаларға қарсы туған салт ертегілері, сатиралық ажуа, мысқыл, күлкі әңгімелері көп екенін көреміз. Бұл ертегілерде ұзақ заманның тарихтық-дәуірлік ерекшеліктерін көрсете отыратын жағдайлармен қатар, әр уақытта қанаушы таптар адамдарынан халық адамының ақылы, адамшылығы әлдеқайда зор, жоғары қасиетті боп келеді.
Салт ертегілерде көбінше күлкі, ажуа, сайқымазақ, сатира тап тартысының құралы есебінде қолданылады. Көп салт ертегілерінде еңбекші шаруаның алдыңғы қатарлы топтарының салт-санасы көрінеді. Бұл ертегілердің осындай тарихтық-қоғамдық өзгеше бағалы мән-мазмұнын ескеруде біз Энгельстің халық кітаптары турасында айтқан келелі пікірін еске аламыз.
"Халық кітаптарының міндеті күні бойы ауыр жұмыс істеп, арып-талып қайтқан шаруаның көңілін көтеру, ойын ояту, ауыр азабын ұмыттыру, оған өзінің тастақ даласын исі жұпар аңқыған гүл бақшасы етіп көрсету болады. Халық кітаптарының міндеті қолөнерші ұстаның іс дүкенін, жапаланып жүрген ұста шәкіртінің лашық үйін жұмақ етіп, олардың жұпыны әйелдерін таң-тамаша сұлу етіп, патша қызындай етіп көрсету болады. Сондай-ақ халық кітаптарының міндеті ... олардың сана-сезімін, ықылас-жігерін, Отанға деген махаббатын ояту, оларға өздерінің күш-қуатын, правосын, бостандығын аңғарту болады.
Сондықтан, егерде халық кітаптарына, тегі, олар мейлінше көркем, өткір тілді болу керек деген талап қойылса, біз осымен қатар халық кітаптары заман тілегіне жауап берерліктей де болу керек деген талап қояр едік", - дейді Энгельс.
Салт ертегілері - қазақ ертегісінің ең мол түрі. Топталып аталған атынан-ақ бұл ертегілердің тегі, мәні мәлім болғандай. Қиял ертегілері мен хайуанат жайындағы ертегілерден бұл топ мүлде бөлекше, ерекше келеді. Салт ертегіге халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы, бас тірліктегі барлық мұң-мүддесін, тартыс-таласын жиып түйген. Бұл тектес ертегілердің ескісі де көп, бертінде туған жаңасы да мол. Әрине, бұдан да айрықша еске алатын бір жай бар. Ол салт ертегісінің арасына халық шығарған үлгілерден басқа, жат саналы бөтен тап, жау ортаның патриархалдық феодалдық салт-санамен тудырған, таратқан ертегілері де болады. Бұрын-сонды қазақ ертегілерін жинап таратушылар арасында әдейі сондай үлгілерді дәріптей түсіп, молырақ үгіттеген жат саналы байшыл-ұлтшыл зерттеушілер болғаны да бар. Сондықтан енді біз анық халықтық сананы танытатын, еңбек адамының қиялы, еңбек тәжірибесі мен ұғым-нанымын білдіретін ертегілерін талдап бағалаймыз.
Бұл ертегілердің бір түрлері көнелік есебінен ескі ұғым-нанымдарды және патриархалдық ортаның халық санасына еткен кертартпалық әсерін көрсетеді. Бұрынғы қиял ертегілеріне шектес, ұқсас келе отырып, бұндай ертегілердің тағы бір түрлері бертінде шыққандықтан, күндегі өмір, тартысқа өте жақын, аса шебер шыншыл реалистік әңгімелер болады. Осы алуандас ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма болып, халық романы, халық повесі, әңгімесі, новелласы болып та кетеді. Және осы сияқты ертегілерде қоғамдық тартысы, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы еңбек елінің сыны, наразылығы, алыс-тартысы, ұзақ арманы - бәрі де айқын көрінеді. Тегі, барлық ертегілерде қоғам тірлігі, халық мүддесі, зорлық-озбырлық үлкен сыр болып бөлініп отыратыны мәлім болса, мына түрдегі ертегілерде сол жайлар аса айқын шығып, андыздап тұрады. Ончуков жиған орыс ертегілерін оқып шығып, В.И. Ленин ертегілерді: "Қоғамдық, саясаттық тұрғыдан ұғыну керек, осы материалдарға сүйене отырып, халықтың арман мен мүддесі туралы тамаша зерттеу жазуға болады" десе, сол ұлы пікірдің шындығын осы топтағы қазақ ертегілері де анық, айқын дәлелдейді.
Фольклор қай елде, қай заманда болса да шаруашылық құрылыстың болмысынан және тап тартысының шындығынан туған. Сол тартыстың құралы болудан арылмайды. Тек қана кейбір фольклор түрінде осы шындық, сол болмыс тартыс түйіні теңеу үлгісімен, бейнелеумен көрсетіліп, үстірт қараған көзге айқын көрінбей тұратыны болады. Грек эпосы туралы жазған сөзінде Маркс, орыс ертегісі турасында айтқан пікірінде Ленин - осы көмескі көрінетін болмыс шындығын, таптық сырды тереңдеп ашу, бойлап ұғыну қажет екенін айтады.
Ал сол ертегінің тап тартысының ертегісі екенін әсіресе нақтылап айыру жолында ауыз әдебиетінің бұл түрінен ең алдымен типтік белгіні ерекше алу керек. Типтік дегеніміз - көркем шығармалардың ішінде белгілі ортаға айрықша тән болған тенденцияны, қасиетті, озғын тенденцияны айрықша бағалауда. Сонда типтік дегеніміз - саны көп немесе статистикалық орташа мөлшер емес, ол алдымен қоғамның өсу перспективасымен, өмірлік тарихтық бағалы сипатымен ерекше болған деп танылуы керек.
Салт ертегісін тудырып, таратушы қоғамды, ортаны алсақ, мысалы, орыстың еңбекші шаруаларына арнап айтқан пікірлерінде В.И. Ленин ол ортаға ерекше тән тенденция - демократиялық тенденция дейді. В.И. Ленин шаруалар жөнінен жазған сөзінде: "Бұның орасан мол көпшілігінің халі соншалық ауыр. Алпауыттардың жер қожалығы, бұларға көрсететін қысымы соншалық күшті, ал шаруашылық жайлары сорақы күйде нашар, теңсіздік сондай масқаралық халде зор, сондықтан бұл ортада демократиялық көңіл мен талаптар тұрғанда, аңдап болмастай стихиялық, амалсыздық қалпы да туады", - дейді.
Және де Ленин: "Примитивтік крестьян демократиясында ғасырлар бойындағы крепостной құлдықтың, чиновниктік озбырлықтың, талаудың, шеркеу аярлығының, алдамшы бұзықтығының бәрі жиылып тудырған таудай ыза, жиреніш те бар", - дейді.
Қазақтың да еңбекші халқын алғанда, салт ертегілерінде барлық ызалы сынды: хандарға, байларға сол таудай ыза мен жиреніш түрінде қалыптағанын көреміз.
Әрине, осы айтылғандармен қатар, қазақтың салт ертегілерінде, халықтық ертегі болған күйдің өзінде де, таптық сананың өсу шамасы тарихтық жағынан жеткілікті болмағандықтан және тар көлемді болғандықтан, оның үстіне, көпшілік санасына қанаушылардың салт-саналық ызғары, тізесі, зорлығы әсер ететіндіктен, кей кездерде анық көрінетін қайшылықта болады. Сондықтан кейбір салт ертегілерінде өзінің теріс мінезінен өкініп, қайта түзеліп кететін зорлықшыл хандар кездеседі. Тағы бірталай ертегілерде "жақсы хан" болды-мыс дегендей жайлар байқалады.
Бұл күйді талдап ұғынуда екі ерекшелік бар екенін есте тұту қажет. Ең әуелі еңбек елі өз ортасынан шыққан еңбек иесі боп, өнер тапқан өжет адамды хан етіп, әңгіме аяқтағыш келеді. Бұндағы таптық, қоғамдық бір сыр: бейнет елінің, көпшіліктің жайын, күйін білетін, арманын ұғатын адам әкім болса, жақсы болар еді деген түсінік, наным да байқалады. Сондай адамын халық хан қояды. Ал хандықты, ескілікті тар көлемді түсінік бойынша, хандықтың өзі де адам басына келетін бақыт, жақсылықтың ең зоры деп түсінген. Жоғарыда айтылған таптық сананың жетіліп өспегендігінің нәтижесі де білінеді.
Осы айтылған жайлардың
барлығы қазақтағы салт ертегілерінің
мәнін, сырын шешуге, бұрын қазақ
ертегісін зерттеу жөнінде
Салт ертегілері қазақта ұшан-теңіз болса да, әлі тегіс жиналған жоқ, ерекше зерттелген де емес. Бірақ бүгін туып отырған көркем прозаның (роман, әңгіменің) мол іргесі, кең қоры осы түрде екенін даусыз дәлелдейтін ауызша айтылған салт романы (халық романы), тарихи ұзақ әңгіме (повесть), тарихтық хроника, ең алғашқы қысқа әңгіме (новелла), қызық құрылысты өткір әңгіме, өсиет әңгіме, күлкі әңгіме, геройлық аңыз, шебер өмірбаяндық әңгімелері, жорық-жортуыл әңгімелері сияқты - құбылысы көп, қиын түйінді, шытырман оқиғалы (приключенческий) әңгімелер - бәрі де осы топтан табылады.