Жемисти айран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:50, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Астана-Өнім» АҚ тәулігіне 400 кг майлылығы 3,2% жеміс-жидек айран дайындау технологиясы.
Дипломдық жұмыста қарастырылған мәселелер:
- «Астана-өнім» акционерлік қоғамында тәулігіне 400 кг майлылығы 3,2% жеміс-жидек айран дайындау технологиясы;
- жеміс-жидекті айран өндіру технологиясында қолданылатын құрал-жабдықтарды сипаттау және құрылысы мен қолданылу мақсаты;
- технологиялық тізбек құрал-жабдықтарың алатын жалпы ауданы мен сызуларды есептеу.

Содержание

1 Кіріспе
2 Әдеби шолу
3 Өндіріс орнына қысқаша сипаттама
4 Технологиялық бөлім
5 Технико-химиялық бақылау
6 Техникалық - экономикалық негіздеме
7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
8 Қоршаған ортаны қорғау
9 Қорытынды
10 Ұсыныстар
11 Қолданылған әдебиеттер тізімі
12 Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДиПлоМ жемисти айран (Восстановлен) (Восстановлен).doc

— 927.00 Кб (Скачать документ)

Пастерлеу құрылғысын құрастыру  кезінде резенкелі төсемнің дұрыс тө-селуін тексеру керек.

Құрылғыға асыра тиеуге тыйым салынады және тұздықты бөлімді  қа-тыру жіберілмейді.

Сепаратор барабандарын әрдайым қатаң түрде қадағалай  отырып жи-найды. Сепаратырда жұмыс істеуге болмайды:

- барабан шамасы теңгерілген  жағдайда;

- картерде май жеткіліксіз  болса;

- сеператордың дірілі  жоғары кезде.

  Бөліп құю машинасында жұмыс жасаған кезде тараны қолмен ұстауға болмайды. Бөтелкелерді бөліп құю өлшеп орағын апараттарынан алып, түзеуге болмайды.


Қазақстанның сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмысшы өміріне қауіп төндіретін жетілген техникамен қамтылған. Сонымен қатар жұ-мысшылар биологиялық өнімдермен жұмыс жасайды, сол кезде бурцеллез, туберкулезбен зақымдану қаупі туындайды.

Осыған байланысты жұмысшыларды жұмысқа қабылдау кезінде өту керек:

Кіріспе нұсқауды еңбекті  қорғау бойынша инженер немесе бар  міндеттер жүктелген адам жүргізеді .

Бірінші нұсқауды жұмыс  орнында жаңадан сол жұмыс  түріне кірісуші барлық студенттермен  және оқушылармен, жұмысшылармен, сонымен  қатар кәсіпорын аймағында құрылыс–монтаж жұмыстарын орындаушы құрылыс-шылармен жұмысты басқарушы жеке түрде жүргізеді.

Қайталама нұсқауды біріншілік нұсқаудан өткен жұмысшылармен, олардың еңбекті қорғау бойынша  білімінің деңгейін жоғарлату және тексеру мақсатымен жүргізіледі. Оны алты айдан кем емес уақыт сайын жүргізеді.

Жоспардан тыс нұсқау еңбекті қорғау бойынша ережелердің  өзгерісі кезінде, жарақат, апат, жарылыс немесе–өрт болғаннан соң, ұзақ үзілістен соңғы  жұмысты бастау алдында туындайды.

Күнделікті нұсқауды жұмысты орындау алдында жұмысшылармен жүргізеді.

Мамандықты жоғарлату  кезінде еңбекті қорғауды оқу  жұмысшыларға секілді, инженерлі–техникалық жұмысшыларға да жүргізіледі. Өндірісте қол-данылатын технологиялық процесстер және машиналар, құрылғылар, сонымен қатар сүтті қабылдау процесстері, өңдеу технологиясы және өнім сапасы нормативтік құжаттардағы талаптарға сай келуі керек. Сүт өндірісінде қол-данылатын химиялық заттар техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес сақталуы керек. Уы бар ыдыста «У» деген жазу болуы керек.

Сүт өнеркәсібінде электр құрылғысын пайдаланудың қауіпсіздігі мақ-сатымен келесі шараларды жүргізеді:

1) ток күшін толықтай алу кезінде–толық айырылған құрылғыда (ток тарататын қалқан, электрқозғалтқыш) жұмыс барлық айырылмаған сол орын-дағы ток өткізушілер оқшауланған немесе жабық қоршауда, немесе жұмыс-шылардың кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін емес ара қашықтықта орналасқан жағдайда орындалады.

2) ток күшін біртіндеп алу кезінде–құрылғының бір бөліктерінде ток күші болып, тек сөндірілген бөліктерінде, немесе құрылғыдан ток күші толық алы-нып, бірақ сол жерде сөндірілмеген және оқшауланбаған басқа құрылғы ток өткізушілері болған кезде орындалатын жұмыс.

3) ток күшін алмай–ток күші бар кезде ток өткізуші бөліктердегі жұмыс.

4) ток күшін алмай–ток өткізуші бөліктерден қашықтағы жұмыс.


Техникалық қауіпсіздік  шаралары.

Толық немесе біртіндеп  ток күшін алу жұмыстары кезінде  орындалатын шаралар:

а) жұмыс істейтін және тиіп кетуі мүмкін ток өткізуші бөліктерді айы-рады;

б) жұмыс орнына ток күшін беруі мүмкін барлық айырылған аппарат-тардың сабында: « Қоспаңыз-адамдар жұмыс істеуде » плакатын іліп қояды ;

в) дене тиіп кетуі мүмкін айырылмаған ток өткізуші бөліктерге уақытша оқшаулайтын қоршаулар  орнатады. Қоршауды алдымен құрғақ шү-берекпен сүртіп, диэлектрлік қолғап арқылы орнатады. Қоршауларда «Тоқта, ток күші» плакаты ілінеді;

г) номиналды ток күші 380 В-тан жоғары құрылғыда, кей жағдайларда 380/220 В құрылғыда да жерге қосылатын шинаға арнайы ауысымды мыс иілгіш өткізгішті біріктіреді;

д) ток өткізуші бөліктерден  тұрақты қоршауды алады және жерге  қа-тысты әр фазадағы ток күші болмауын тексереді;

е) алдын-ала нөлдік сымға  қосылған (жерге қосылған) өткізгішті айы-рылулы ауысымды ток өткізгіш бөліктермен байланыстырады. Бұл кезде ар-найы диэлектрлік қолғаптар қолданылады. Содан соң бір ұшы жерге қосылған сымды ток жүретін бөліктерге бекітеді;

ж) жұмыс орнында «Осы жерде жұмыс істеңіз» плакатын іледі.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


7 Қоршаған  ортаны қорғау

 

Қоршаған ортаны қорғау-қазіргі заманауи уақыттың ең маңызды мә-селелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санының қар-қынды өсуімен, ғылыми-техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп экс-плуатациялауға алып келеді. Өзінің дамуы процесіндеқоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуіне тап болп отыр-табиғи ресурстардың сарқылмас қор-лары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына кері әсер етіп, барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақын-дап келуде.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында экологиялық  тұрақты-лықты қамтамасыз етуде, яғни экологиялық жүйелерді дамытуда байланысты-рушы қызметін атқарады. Өйткені, еліміздің климат жағдайы әралуан, әсіресе өңірдің су тепе-теңдігіне тән ерекшелігіне орай Еуразияның бүкіл аумағындағы экологиялық ахуал Қазақстанның тұрақтылығына байланысты екендігін айта кету керек. Ал экономиканың өсуі экологиялық жағдайға тікелей байланысты екені баршаға мәлім. 

Ел Президенті өзінің Жолдауында халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыты бо-лып табылатындығын атап көрсетті. Бұл ретте табиғи құндылықтар және қоршаған ортаның жай-күйі әрбір азаматтың денсаулығының, ұлтық әл-ауқаттың ажыра-мас бөлігі болып табылуы ең маңызды мәселе екені сөзсіз. Сол себепті біздің ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаның ластанудың жоғары деңгейінде жүріп жатқанын айтпасқа болмайды. Бұл тұрғыда табиғи орта мен халықтың денсаулығына кері әсер ететін экологиялық зардаптарды болдырмау мақсатын-да еліміздегі атқарылып жатқан қыруар еңбектің мән-жайын айта кету ләзім. 

Қоршаған ортаны қорғау министірлігі қазіргі таңда республикалық  және жергілікті деңгейдегі экологиялық  проблемалардың тізбесін жасады. Тізбеде аса айрықша және көкейтесті экологиялық мәселелер көрініс тапқан. Оларды шешу жөнінде арнайы өңірлік бағдарламалар жасалған. Тәуелсіз еліміздің жал-пы тарихында алғаш рет қоршаған ортаны ластауды жою жөнінде жұмыс бас-талды деуге толық негіз бар. Оған мысал конденсаторлардың бірінші партиясы «Дариьял-У» полигонына әуе көлігі арқылы Германияға қайта өңдеуге жібе-рілгенін айтсақ болады. 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі  даму стратегиясында айтылғандай, еліміз неғұрлым жоғары дәрежедегі ауасы кәусар, суы тұнық ең таза жасыл ел болуы қажет. Осыған байланысты 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Рес-публикасында қоршаған ортаны қорғау жүйесінің орнықты дамуының негізгі бағыттары" айқындалған еді. Онда төрт негізгі кезең бойынша нұсқаулық көр-сеткіштер алғаш рет анықталып отыр. Еліміздің орнықты дамуын жан-жақты қамтамасыз етуде қоршаған орта ахуалын, оның сапалық көрсеткішін жан-жақ-ты жақсарту үшін, оған қоса Президент пен Үкімет белгілеген айқын әрі ны-саналы көрсеткіштерге қол жеткізуде түрлі бағыттар бойынша жүмыстар жүр-гізіліп келеді. 


Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексі әлемдік  стандарттарға толығымен сәйкестендірілген  және халықаралық келісімдермен  және кон-венциялармен үндестірілген. Осы кодексті іске асыру үшін қолданыстағы 46 заңға қатысы бар актілер қабылданды. Оған мысал ретінде Базель конвен-циясына негізделген қалдықтардың жаңа классификаторы, Орхусс конвен-циясына сәйкес жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі актісі, Монреаль хаттамасына сәйкес пар-никтік газдар мен озонды бұзатын заттардың шығарындыларының есебін жүргізу, түгендеу және нормалау ережесі және бұдан басқаларды да келтіруге болады. Мына бір мән-жайды да айта кеткен жөн. Үкімет елімізді орнықты дамуға көшудегі тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жос-парында 97 ұстаным бар, оның бүгінде 33-ші орындалды. Осы ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнықты даму жөніндегі бөлімдері және тиісті ныса-налық көрсеткіштері ортамерзімдік жоспарларға сәйкес келуде. 2008-2015 жыл-дарға арналған елдің бәсекеге қабілеттілігі және экспорттық мүмкіндігінің жаңа деңгейдегі сапалыққа қол жеткізу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. 

Бұған қоса Денсаулық  сақтау министрлігімен бірлесіп "Қоршаған орта-ның ластанудағы халық денсаулығының жай-күйі үшін қауіптілікті бағалау ережесін бекіту туралы" және білім мен ғылым министрлігімен "Техноло-гияларды (жобаларды) орнықты даму критерийлері бойынша серпінділер сана-тына жатқызу әдістемесін бекіту туралы" бірлескен іс шаралар қолға алынды. 

Табиғатты қорғау бойынша  мемлекеттік бақылауды жүргізетін талаптар барынша күшейтіліп, 2007 жылы министрліктің бастамасына орай сот ор-гандарының шешімдерімен 226 кәсіпорындардың кызметі уақытша тоқтатыл-ды. Нәтижесінде 40 миллиард теңгеден астам сомаға талаптар келтіріліп, айып-пұл салынған. Осының есебінен табиғат корғау заңын бұзушылық 2006 жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеген. 

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау аясында Қазақстаның  халық-аралық ынтымақтастығы және ондағы алатын орны тереңдей түсуде. Ротгер-дам және Стокгольм конвенциялары ратификацияланды. Киото хаттамасын ра-тификациялау туралы заң қарастырылуда. 

Елдегі экологиялық ахуалды  жақсарту үрдісіне нарықтық тетіктерді тарту маңызды болмақ. Сондықтан  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жалпы сомасы 200 миллиардтан астам теңгеге табиғат ресурстарын пайдалану-шылардың үш жылдық іс-шара жоспарларын пысықтады. Олар меншікті эмиссиялардың жалпы ішкі өнімнің бірлігінде кем дегенде жыл сайын 25-30 пайызға төмендету көзделген. Яғни, бұл жоспар бойынша экологиялық рұқ-саттардың ажырамас бөлігін министрлік катаң бақылауға алады деген сөз. 


Қоршаған ортаны қорғау саласында жаңартылатын ресурстар  мен энер-гия көздерін пайдалану жөніндегі үсыныстар бойынша Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде экологиялық таза шағын су электр станцияларының (СЭС) кас-кадтарын салуды Германия мен Австрияда сияқты дамыған елдердегідей дәрежеге жеткізу көзделуде. Ол елдерде шағын су электр станцияларының саны он мыңдап сналады. Семейдегі ядролық сынақ аумағындағы экологиялық мәсе-лелерді кешенді шешу тұжырымдамасы тыңғылықты жұмыс істеуде. Полигон аумағының 80 пайыздан астамын халық шаруашылығына қайтару жөніндегі іс-шаралар өз дәрежесінде орындалуда. 

Ауылшаруашылық  өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жа-ғынан антиэкологиялық-монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштарды шектен тыс мөл-шерін қолдану,  топырақты жаппай жырту және т.б. бұлар экожүйелердің қа-лыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздық-қа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.

Сондықтан қазіргі ауылшаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық  заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде аг-роценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түр-лі түрлердің  қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдары да басқалары қалып отырған.

Тамақ өнеркәсібінің  кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашы-лығының, өзен мен теңіз өнімдерін өңдейді. Қазақстан өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді.

Тамақ өнеркәсібінің  кәсіпорындары қатты, сұйық және газды түрде зат-тарды қоршаған ортаға тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып саналады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын көздерге технологиялық пештер, буып-түйетін аппаратар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық та-залағыштар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын орындар жатады. Өнеркәсіптер миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80% көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құра-мындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мыңдаған тонна деңгейінде.

Ақаба сулардың құрамында көбінесе кездесетін заттар ас тұзы, жууға, дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар, сілтілер, шикізат пен  жем қалдықтары, т.б.


Мамандар көшеттік газдардың  әлемдік антропогендік шығарындысы-ның 2,7% сүт өнімдері өндірісіне келетінін атап көрсетеді. Егер осы сала шеңберінде қосымша ет өндірісін ескеретін болсақ, шығарындылар үлесі 4% дейін өседі, бұл мысалы, әуе тасымалы саласының тигізетін жалпы әсерінен екі есе көп. Сүт саласының көшеттік газдар арасында метанның алатын үлесі-нің барынша жоғары екені сөзсіз. Метан сүт өндірісінің шығарындыларға жалпы үлесінің шамамен 52% құрайды, бұл үлес дамыған және дамып келе жатқан елдер ара-сында да бірдей болып отыр.

Қазіргі уақытта мамандар үй жануарларының басқа түрлеріне  байла-нысты өндірістері үшін атмосфераға әсерді бағалаумен айналысуда, сондай-ақ сиыр өсірумен байланысты болатын метан шығарындыларын қалайша азайту жолын іздестіруде.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету шеңберінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

- технологиялық қайта  жарақтау және ескірген жабдықтарды  бірте-бірте пайдаланудан шығару, электр энергиясын өндірген, тасымалдаған және тарат-қан уақытта озық технологияларды пайдалану;

- технологиялық өндіріс  процестерін, электр энергиясының  жіберілуі мен таратылуын жетілдіру;

- реактивті қуат құрылғыларын  енгізу жолымен энергия қуатын  үнемдеу және желілердегі электр энергиясының жоғалуын азайту іс-шараларын жүргізу;

- отынмен қамтамасыз  ету тиімділігін арттыру шараларын  жүргізу;

- өндіріс қалдықтарының  түзілуін азайту және олардың  қауіпсіз пайда-ланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу;

Информация о работе Жемисти айран