Құқық құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:20, реферат

Краткое описание

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы..................................................
1.2. Қылмыс құрамының түрлері........................................................................
1.3. Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу...........................................

II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ және қылмыстың объективтік жағы
2.1. Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні...................................
2.2. Қылмыс обьектісінің түрлері......................................................................
2.3. Қылмыстың заты..........................................................................................
2.4. Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік және оның
маңызы.....................................................................................................................
IІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ және қылмыстың субъективтік жағы
3.1. Қылмыс субьектісі туралы түсінік..................................................................
3.2. Қылмыс субьектісінің жасына қарай белгілері.............................................
3.3. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы.....................................................................
3.4. Қылмыстың арнайы субьектісі.......................................................................
3.5. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ.........................................................................
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ Бисенова.docx

— 84.55 Кб (Скачать документ)

3. Жеке бастың адамгершілік психологиялық  сипаты (мінездемесі), ол оның әлеуметтік  құндылықтар мен атқарылатын  әлеуметтік міндеттеріне қатынасын  білдіреді (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер, құныққан маман қылмыскерлер  және т.б.) қылмыскердің жеке басының  белгілерінің қылмыстық - құқықтық  маңызы,  кей жағдайларда жазаның  жеке басқа қарай ықшамдалып  берілуіне, немесе одан мүлде  босатылуына ықпал жасауы мүмкін. Жазаның түрі мен мөлшерін  анықтау, жазаны жеңілдетуші немесе  ауырлатушы мән -  жайлар ретінде,  шартты жазаға соттау мәселесін  шешуде кінәлінің жеке   басы   есепке   алынады.   Алайда   жеке   бастың   белгілерінің (қылмыстық субъектісінің белгілерінен  айырмашылығы) қылмыстық -  құқықтық  мағынасы болмауы да мүмкін. Көптеген  қылмыстарда кінәлінің жынысы, оның  кәмелеттік жасқа толу - толмауы,  білімі мен айналысатын қызметі,  тіпті де, әсері етпейді. Бұл  белгілер, әдетте, қылмыстық    жауаптылық    пен    жазаға    да    ықпалды    емес.    Ал қылмыстарды,     сонымен     қатар,     оны     жасаушы     тұлғаларды криминологиялық тұрғыдан  сипаттау үшін бұл белгілердің  маңызы өте зор. Осы белгілер  ескеріле отырып, мысалы, тиісті  қылмыстардың алдын-алу шаралары  анықталуы мүмкін.

 

 

3.2.   Қылмыс  субъектісінің жасына қарай белгілері

Бұған дейін айтылғандай, қылмыстың  субъектісі ақыл-есі дұрыс кез  келген тұлға ғана емес, белгіленген  жас мөлшеріне толғанда болуы  керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған әрекетін  (әрекетсіздігін) басқара алмайтын, оның кауіптілігін шын мәнінде жете түсінуге қабілетсіз жас тұлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды  және өздері жасаған қоғамдық қауіпті  әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

ҚР ҚК-ыің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған  кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасалған уақытқа дейін жасы он төртке толған тұлғалар, - ҚР ҚК-нің 15-бабынын, 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-де қарастырылған  төмендегідей қылмыстар үшін қылмысты жауапты: кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-6.), денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде  денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы  зардап келтіргені (ҚР ҚК 104-6. 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 121-6.), жыныстық сипаттағы  күштеу әрекеттері (ҚР ҚК 121-6.), адамды ұрлағаны (ҚР ҚК 125-6.), ұрлық жасағаны (ҚР ҚК 175-6), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-6.), ұрып-соққаны (ҚР ҚК 179-6.), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде  автомобильді немесе өзге де көлік  құралдарын ұрлау мақсатын кездемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бабтың 2, 3, 4 –бөліктері), ауырлататып мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны  немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-баптың 1,3,4 - бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 283-6.), адамды кепілге алуы (ҚР ҚК 234-6.)- террорлық  акті туралы біле тура көрнеу өтірік хабарлағаны (ҚР ҚК 242-6.), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 255-6.), ауырлататын  мән-жайлардағы бұзақылығы (ҚР ҚК 257-баптың 2, 3-бөлігі), тағылық (ҚР ҚК 258-6), есірткі  заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 260-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (ҚР ҚК 275-6. 2-бөлік), көлік  құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (ҚР ҚК 299-6.).

Жалпы қылмыстық жауаптылықты он алты жастан, ал кейбір қылмыстар үшін - он төрт жастан бастап талап ете отырады, қылмыстық заң осы жасқа жеткен кәмелетке толмағандар өз қылығын  оның ішінде, қылмыстысын да бағалай  алуға қабілеті толығымен жететіндігін ескерген. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының жаңа қылмыстық  кодексінде кәмелетке толмағандарды  олардың қылмыстық жауаптылық жасында  болуына қарамастан, қылмыстық жауаптылықтан  босата алатын ережелер енгізілген. ҚР ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігіне сәйкес,  егер кәмелетке толмаған адам осы  баптың бірінші немесе екінші бөлігінде  көзделген жасқа толса, бірақ  психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта  қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау  кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық  жауапқа тартылуга тиіс емес. Бұл  жерде әңгіме, істің шын мәнінде, жасына қарай ақылының дұрыс еместігі туралы болып отыр.

Қылмыстық кодекстің атақты теориялық  моделінде Р.И.Михеев төмендегідей норманы түжырымдаған: "Заңмен белгіленген  жасқа толғанымен, психикалық жағынан  пісіп – жетілмегендігінен (вариант: ақылы мен денсаулығының дамуындағы тежелу) өз әрекетін (әрекетсіздігін) басқаруға немесе оның шын сипатын не қоғамдық қауіптілігін жете түсінуге, қабілетсіз болған тұлга қылмыстық жауаптылыққа тартылатындар қатарына жатпайды"1. Кәдімгі есі дұрыс еместік туралы бұл жерде айтылмайды, себебі оның дәрігерлік белгісінің (медициналық критериінің) жоқтығы - көз алдымызда. Кәмелетке толмағанын психофизиологиялық дамуындағы тежеліс оның психикасының          бұзылуының          салдарынан          емес,          оның

психофизиологиялық  дамуындағы жеке өзіне тән, жасына қарай  өзгешеліктерден туындаған, бұл  жағдай оның әлеуметтік инфантилизімінен байқалады. Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасының кәмелетке  жетпеуінен қылмыстық жауаптылық пен  жазаның көптеген ерекшеліктерін байланыстырады және олар жеке бір бөлімде қарастырылады (ҚР ҚК-нің жалпы бөлімінің VI бөлімі).Қазақстан     Республикасының     қылмыстық     кодексінде      тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа қабілеттілігіне қарай тиісті жас мөлшері анықталды, олар 16 және 14 жас. Алайда, бұл ҚР ҚК- нің 15-бабының 2-ші бөлігінде аталған қылмыстардан басқа барлық қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады дегенді білдірмейді.

Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасты 16 жас деп көрсеткенімен, кейбір қылмыстық іс-әрекеттің ерекшеліктері  мен субъектінің белгілеріне  байланысты қылмыстық жауаптылық 18 жастаң бастап тартылатын қылмыстар  да болады. Атап айтқанда, әскери қылмыстар  үшін және кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту үшін (ҚР ҚК 131-6.) қылмыстық жауаптылық 18 жастан бастап қарастырылған.

Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғалар қылмыс жасаған уақытта  олардың жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні). Адам белгілі  бір жас мерзіміне (14, 16, 18 жас) туылған  күні емес, келесі тәулікте толатын  болып есептеледі. Кәмелеттік жасқа  толмаған жеке тұлғаның жасы белгісіз жағдайда сот – дәрігерлік тексерумен анықталады. Оның жасы жаңағы тексеру  анықтаган жылдың ең соңғы күні (31 желтоқсан) деп саналады, ал тексеру  барысында төменгі және жоғарғы  жас шамасы анықталғанда, оның төменгі  жасы есепке алынады". Кәмелетке  толмағандардың қылмыстық ісі жөнімде  оның өмірі мен көрген тәрбиесі, психикалық дамуының дәрежесіне көңіл  аударылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық  кодексінде қылмыс субъектісінің жасына байланысты маңызды қылмыстық-құқықтық мағынасы бар тағы бір көрсіеткіш аталатынын айта кету керек. ҚР ҚК-нің 49-бабына сәйкес, қылмысты 18 жасқа дейін  және үкім шығарған сәтте алпыс бес  жасқа толған еркектер үшін өлім жазасы тағайындалмайды.

 

3.3.  Жауаптылыққа  қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың  жағдайы  ретінде. Жауапсыздыққа  қабілетсіздік ұғымы

Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған  жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін, ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек.

Қылмыс жасау кезінде өзінің іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) есеп бере алатын және оны басқара  алатын жеке тұлға - жауаптылыққа қабілетті  деп аталады. Жауаптылыққа қабілеттілік ұғымы субъектінің қылмыстық  жауаптылығы үшін шешуші мәнге ие болатын кінә ұғымымен тығыз байланысты. Кінәлі болып тек қана жауаптылыққа қабілетті адам ғана танылады. Сондықтанда  жауаптылыққа қабілеттілік кінә мен  жауаптылықтық алғы шарты болып  табылады.

Адамның тәртібі, соның ішінде қоғамға  қауіпті іс-әрекетті де сана мен  ерік арқылы анықталып, бақыланады. Сана мен ерік адамның негізгі психикалық функциялары. Психикалық қызметі бұзылған адам сана мен ерікті басқара алмайды. Мұндай қабілеттен айырылған тұлғалар, яғни өз іс-әрекеттерінің қауіптілігін түсінбейтіндер, ал түсінсе де, өз әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) басқара аламайтындар - есі дұрыс емес деп танылып, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Оларға тек медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 16-бабының 1-ші бөлімі есі  дұрыс еместік туралы ұғымды былай  атады: "қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған қылмыстық жауапқа  тартылуға тиіс емес'".

Есі дұрыс еместік туралы ұғым заңды  және медициналық сияқты екі шарттан (критерийден) тұрады және бұл екеуінің бірігуі осы күйді сипаттайды.

Заңды шарт екі белгіден тұрады: интеллектуальды  және еркіне қарай.

Интеллектуалды белгі тұлғаның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін жете түсінуі мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді. Психиканың бұл қасиеті, тұлғаның өзі жасап отырган ісінің  шын  жағымен қатар, оның әлеуметтік мағынасын  да түсіну қабілетінің жоқтығын білдіреді. Тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің шын жағының мазмұнын түсінбеуі, әдетте, оның жасалған іс-әрекет пен  орын алған салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбеуін білдіреді (жәбірленушіні өмірден айыратынын, мүлкін тартып алатынын және т.б. түсінбейді). Алайда, интеллектуалды белгінің мазмұнындағы ең бастысы - тұлғаның өз ісінің әлеуметтік мәнін түсінбеуінде, яғни оның қоғамдық қауіпті сипаты туралы түсініктің болмауында. Осыған байланысты, бір тұлғаның ез әрекетінің шын жағын түсіне алғанымен, оныц қауіптілігін түсіне алмайтын жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Айталық белгілі бір психикалық ауруға ұшыраған (мысалы, шизофрения) адам, мысалы темір жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жұмысшысын өмірден айыратынын түсінуі мүмкін, бірақ субъектінің ісінген елесі (психикалық аурудың салдарынан) мұны қылмыс жасаумен (кісі өлтірумен) емес, жарылған террорлық істің (поездың қирауын) алдын алумен байланыстырады. Осыған байланысты, тұлға өзінің әрекеттерін қылмыс жасау деп емес, қоғамдық парызын өтеу деп санайды.

Заңды шарттың тағы бір белгісі, атап өтілгеніндей, еркіне қарай белгісі, яғни тұлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқару қабілетсіздігі болып табылады. Мұндай жағдай психикалық қызметтің  ауырып бұзылған кейбір түрлерінде кездеседі. Мысалы, өзінің әрекетінің қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілеті, салыстырмалы түрде  болғанымен, ерік жағының бұзылуы  есірткіге құмарларда байқалады, бұл  жағдайда олардың абстиненция, яғни есірткіге ашығу кездерінде көруге болады. Бұл кездері олар, мысалы, дәріханаға заңсыз кіріп, құрамында  есірткілік заттары бар дәрілерге  қол сұғушылықтық заңдылықтық қылмысты түрде бұзылуы екенін түсіне отырып, бұл әрекетті жасау жолында өзін -өзі ұстай алмайды. Ерік жағының  бұлайша бұзылуы эпидемиялық  энцефалит, эпидепсия және т.б. аурулар  кезінде болуы да мүмкін. Заңды  шарттың болуын мойындау үшін қылмысты заң екі белгінің де міндетті түрде    анықталуын    талап    етпейді,    оның    тек    біреуі    ғана    -    не интеллектуалды, не еркіне қарай  түрі анықталса жеткілікті.

Заңды шарттың бір белгісінің ғана болуы тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға  негіз бола алмайды. Тұлғаның өз әрекеттерін  (әрекетсіздігін) басқара алмағандығы, оның шынайы сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағандығы  медициналық шарттарға байланысты себептерден   туындағанын тауып  көрсету керек. Бұл шарттар тұлғаның психикалық бүзылуынан және оның бойынан  заңды шарттың орын алуына әкеліп соқтыратын  аурулардың қорытылған тізімінен  тұрады.  Ол  -  ұзаққа созылған психикалық бұзылу, уақытша  психикалық бұзылу, кем ақылдық немесе психиканың басқадай науқас күйі.                                                

Ұзаққа созылатын психикалық бұзылыстар - ішкі көңіл-күйдің созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бұзылуының ұзаққа созылуы. Олар кейде аяқ астынан  көтеріліп, сосын қайта басылатын  түрде де өтуі мүмкін (психикалық күйді  жақсартып немесе нашарлата түсіп), бірақ кетпейтін психикалық кемістік қалдырады. Мұндай психикалық ауруларға  мыналар жатады: шизофрения, қояншылық, әдеп бара жатқан сал ауруы, паранойя және психиканың басқа да аурулары. Кем ақылдылық - бұл адамның интеллектуалдық қабілеттерінің зақымдауына байланысты оның психикалық қызметінің түрлі деңгейде төмендеуі немесе толық жойылуы. Кем ақылдылық - адамның ақыл-ойы қабілетінің жойылуымен немесе нашарлауымен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе әдей түсуші психикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Кем ақылдылық үш дәрежелі болады: жеңіл (дибильділік), орташа (имбецильдік) және терең, яғни ақылдың қызметінің қатты  дәрежеде зақымдануы (идиотия).

Психиканың басқадай науқас күйі - бұл ұғымның дәл мағынасындағы  психикалық аурулар болмағандығына қарамастан, психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын сырқатты құбылыстар. Мысалы, іш сүзегі психикалық ауруға жатпаса  да, онымен бірге жүретін сананың  күңгірттенуі, елестеушілік кездерінде ауру адамның ақыл немесе ерік қызметіне  қабілеттілігі төмендеп, кей кездері  бұзылуы да мүмкін. Мұндай жағдайды бастың миының зақымдануы, мидың ісуі немесе басқа психикалық емес аурулар  кезінде де байқауға болады.

Дәрігерлік шарттың болуы да өздігінен тұлғаны ақылы дұрыс  емес деп, тануға жеткіліксіз болып  табылады. Мысалы, кем ақылдылықтың қайсібір дәрежесі болмасын, әрқашан  тек тұлғаның өз әрекетінің қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын  басқара алу мүмкінсіздігіне  әкеліп соқтыра бермейді. Мысалы, тұлганың кем ақылдылығы жеңіл ғана болса, ол тек заңды шарттьң болмауына  байланысы ғана арқылы дұрыс деп  танылуы мүмкін. Сол сияқты, тұлға  мас күйінде де өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін түсіне алмауы немесе оны басқара алмауы мүмкін. Алайда, мұндай тұлғаның ақылы  дұрыс емес деп танылып, қылмыстық  жауантылықтан босатылмайтындығы  анық. Сонымен, заңды және медициналық  шарттардың жиынтығы ғана тұлғаның есі  дұрыс емес дей танылып, қылмыстық  жауаптылықтан босатылуына негіз  бола алады.

Ақылы дұрыстық сиякты, ақылы дұрыс  еместік те - заңдық (қылмыстық - құқықтық) ұғымдар. Осыған байланысты, белгілі  бір қылмысты іс бойынша тұлғаның ақылы дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы шешімдері сот (алдын-ала  тергеу жұмыстарын жүргізгенде анықтама немесе тергеу органдары) қабылдайды.

Өздерінің шешімін заң қызметкерлері  сот - психиатриялық сарапшы қортыпдысына негіздейді. Қылмыстық іс жүргізу  заңылыгына сәйкес айыпталушының немесе сезіктінің іс қозғалған кезде өз әрекетіне есеп бере алу немесе оны  баскара алу қабілеттілігі мен  ақылының дұрыстығына күмән туған  кезде, мұндай зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Алайда, бұл қорытынды, сарапшының жалпы кез келген қорытындысы  сияқты, анықтама жүргізуші тұлға, тергеуші, сот немесе прокурор міндетті түрде  басшылыққа алмауы мүмкін. Олар сот психиатриялық зерттеудің қорытындысымен келіспейтіндей жағдайда, оның нақты дәлелі болуы керек.                                                              

Информация о работе Құқық құрамы