Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:20, реферат
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы..................................................
1.2. Қылмыс құрамының түрлері........................................................................
1.3. Қылмыс құрамы және қылмыстық дәрежелеу...........................................
II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІСІ және қылмыстың объективтік жағы
2.1. Қылмыс обьектісі туралы түсінік және оның мәні...................................
2.2. Қылмыс обьектісінің түрлері......................................................................
2.3. Қылмыстың заты..........................................................................................
2.4. Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік және оның
маңызы.....................................................................................................................
IІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ және қылмыстың субъективтік жағы
3.1. Қылмыс субьектісі туралы түсінік..................................................................
3.2. Қылмыс субьектісінің жасына қарай белгілері.............................................
3.3. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы.....................................................................
3.4. Қылмыстың арнайы субьектісі.......................................................................
3.5. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және оның маңызы................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ.........................................................................
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................
Егерде қылмыс құрамында іс - әрекеттің негізгі белгілеріне қоса жеңілдететін мән - жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталынады.
Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б.). Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б.), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б:), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚКІОО - б.). Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге қоса қосымша белгілере яғни жеңілдететін мән - жайлар керсетілген. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі – жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен болған, кенеттен пайда болған субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс құрамы жеңілдететін мән - жайлармен).
Қылмыс құрамында негізгі
Дәл осындай құрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бұл бапта ауырлататын мән - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы) көрсеткен, және ол белгілер мейлінше толық қамтылған белгілер болып табылады.
Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән - жайлары бар қылмыс құрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып табылады.
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмасын қылмыс құрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жәй қылмыс құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда
болмасын қылмыс құрамының элементтерінің
қиындатылған белгілері бар құрамды
айтамыз. Күрделі қылмыс құрамында
екі бірдей объект, екі бірдей әрекет
және кінәнің екі бірдей нысаны болады.
Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде
қиянат жасаушы екі бірдей объектіге
қол сүғады (меншік және адамның
денсаулығы). Кінәнің екі бірдей
нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп
кінәлінің қылмыстық іс - әрекетті
қасақана жасауы бірақ, одан түсетін
зардаптарға абайсыздықпен
Қылмыс құрамын олардың
Жасалынған қылмыстық іс-
Формальды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен (әрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды айтамыз. Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен -түспегенің қажет етпей - ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекеті болса аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 312-6.). Пара қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай -ақ ол аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс -әрекеттің алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (ҚР ҚК 237-6.). Заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйымдасқан кезең болып есептеледі.
1.3. Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамьның белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау - бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық әрекетті дүрыс дәрежелеу
қылмыстық құқық қағидаларын, сонымен
қатар заңдылықты жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс
дәрежелемеу әділділік
Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-әрекетін бүзақылық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (ҚР ҚК 257- б. 1-ші бөлігі), ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 105- б.) бір жылға дейін мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу
Қылмысты дұрыс дәрежелеу
Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және қылмыс істелген уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамга қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше белімнің қайсы тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға қауіпті деп тапған екі қылмысты әрекетті таппайсыз.
Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әрбір жеке қылмыстың белгілерін білу айрықша қажет болып табылады. Мұны білу қылмысты бір-бірінен ажыратуға, оларды бір-бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.
Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде,
әрбір қылмыстың неге қарсы бағытталғанын,
оның қандай мүддені бұзатындығын,
кімге немесе неге зиян келтіру мүмкіндігі
барлығын анықтау қажет. Сонымен
қатар қылмыс құрамының барлық элементтері
бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық-қүқықтық
нормалармен салыстыру керек. Жалпы
ереже бойынша дәрежелеу
Қылмыстық іс-әрекетті дәрежелеудің
қорытындысы, қылмыстық-құқықтық нормаға
сәйкес қылмыс құрамы бар деген қорытынды
маңызды қылмыстық іс жүргізу
құжаттарын, соның ішінде сот үкімі
мен айыптау қорытындысында көрсетіледі.
Оларда қылмыс жасаған тұлганы қылмыстық
жауапкершілікке тартуға және жазалауға
мүмкіншілік беретін, қылмыстық-құқықтық
нормаларды реттейтін қылмыстық
заңның баптарын дәл көрсету жолымен
қылмысты дәрежелеу жүреді. Айта кететін
жағдай, әрекетті дәрежелеу кезінде,
анықталған қылмыс құрамының барлық
белгілері көрсетілген, ҚР ҚК -тің
Жалпы және негізгі бөлімдеріндегі
баптар дәл көрсетілуі керек. Соның
ішінде құрамның ерекше белгілері, құрам
түрлері, негізгі, ауырлататын және
жеңілдететін мән-жайлар, ҚР ҚК -тің
Негізгі бөлімінің баптарының тармақтары
көрсетілсе, онда оларды дәрежелеу
барысында еске алынуы керек. Айталық,
тонау адамдар тобының алдын-
Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің маңызы
ерекше. Қандайда болмасын қылмыстық
іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын
анықгау дәрежелеу жолымен
ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1. Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс
объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан
қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық
қатынастар ретінде айқындалып
келді. Ал қоғамдық қатынастар
ретінде біз адамдар арасындағы
бірлесіп атқарған
әрекетті немесе өзара
араласуы нәтижесінде пайда болған,
құқықтық және моральдық нормалармен
бекітілген қатынастарды түсініп келдік.
Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін
кейбір қоғамдық қатынастар ретінде
пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау,
тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін
талан-таражға салу кезіндегі
меншікке қатысты қылмыс
объектісі деп танылуын жатқызуға
болады. Бұл жағдайда, шынында
да, қылмыс объектісі ретінде
ұрланатын мүліктің тікелей өзі
емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі
де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда,
мүлікті иелену, пайдалану немесе
басқару құқығынан туындайтын қатынастар
танылады. Алайда, кейбір жағдайларда
қылмыс объектісін қогамдық катынастар
ретінде тұжырымдайтын 6ұл теория "іске
аспай" қалады. Бұл әсіресе, жеке
адамдарға қарсы жасалатын
Әрине кісі өлтіру объектісі ретінде
адам өмірін мұндай тұрғыдан түсіну -адамның
биологиялық тірі организм, тіпті
жалпы өмірдің биологиялық
Қылмыстың салдарынан зиян тартқан
ғана қылмыс объекгісі болып есептеледі.
Сондықтан, қылмыстық-қүқықтық нормаларды
бұзуға салынған тыйымға қарамастан
қылмыскердің оны бұзуы ғана қылмыс
объектісі болып есептелмейді. Қылмыстық-құқықтық
норма жасалған қылмыстың зардабына
төзбейді және төзуі мүмкін де емес.
Оған қоса, қылмыскердің қылмыстық-құқықтық
норманы бұзуына байланысты тиісті
жазасын алуының өзі - бұл норманың
қылмыстық-құқықтық тыйымға қарсы
шыққанды "жеңгендігінің" куәсі.
Қылмыстық-құқықтық норманы қылмыс
объектісі ретінде қарастыратын
нормативтік теория бұл жерде
қылмысты қиянаттардан қылмыстық-құқықтық
нормалармен қорғалушы