Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары
2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46
3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52
3.2.Түрлері......................................................................................................53
Қорытынды.....................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57
2.3. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Жеке айыптау қылмыстық iсi адам (бiрнеше адам) сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалады. Анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға шағым берген кезде ол сотқа жiберiлуге жатады. Шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы сотқа өтiнiш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәлiметтер, сотқа шақырылуы қажеттi куәлердiң тiзiмi қамтылуы қажет. Шағымға оны берген адам қол қояды. "Домалақ" шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайды. Шағымда сондай-ақ азаматтық талапты қарау туралы өтiнiш болуы мүмкiн.
Шағым сотқа жеке айыптау iсi қозғалуға қатысты адамдардың санына қарай көшiрмелерiмен берiледi. Сот шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған кезден бастап оны берген адам жеке айыптаушы болып табылады және оған құқықтар түсiндiрiлуге тиiс, ол туралы судья және шағым берушi адам қолдарын қойған хаттама жасалады. Егер айыптауды бiрнеше адам бiр адамға қатысты қозғаса, олар шағымды бiр-бiрiнен тәуелсiз бередi. Егер бiр ғана қылмыстық жазаланатын әрекетке қатысты жеке айыптау қорғауға бiрнеше адам құқылы болса және олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша iс қозғалса, қалған адамдар басталып та кеткен iс жүргiзуге кiруге құқылы. Бұл жағдайда аталған адамдардың әрқайсысының өтiнiшi бойынша өз алдына iс қозғау талап етiлмейдi.
Егер ол iс қозғалған
қылмыстық жазаланатын
Егер берiлген шағым заңның талаптарына сәйкес келмесе, судья оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтiрудi ұсынады және бұл үшiн мерзiм белгiлейдi. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етедi.
Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарап, судья үш тәулiк iшiнде:
1) шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы;
2) шағымды тергелуi немесе сотталуы бойынша беру туралы;
3) шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Шағым бойынша қабылданған
шешiм туралы қаулының көшiрмесi өтiнiш
иесiне,және айыпталушыға жiберiледi. Сот
мәжiлiсiн тағайындау үшiн негiздер
болған ретте судья шағымның сотқа
келiп түскен күнiнен бастап жетi
тәулiкке дейiн мерзiмде
Судья тараптарға бiтiмге келу мүмкiндiктерiн түсiндiруге мiндеттi. Олардан бiтiмге келу туралы өтiнiш түскен жағдайда судьяның қаулысымен iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады. Егер тараптардың арасында бiтiмге келуге қол жеткiзiлмесе, судья осы баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiндегi талаптар орындалғаннан кейiн, iстi сот мәжiлiсiнде қарауды тағайындайды.
Жәбiрленушi, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдiк келтiрiлген адамның кiнәлiлiгi сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн шағымда көрсетуi қажет. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзi немесе өкiлi арқылы қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдермен өздерiнiң мүддесiн қорғауы үшiн мәнi бар мән-жайларды белгiлеуге болатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушiге берiлсе, бұл мәлiметтер шағым берiлген лауазымды адамға немесе органға iс сотқа жiберiлгенге дейiн хабарланады.
Сезiктi, оның заңды өкiлi, қорғаушы сезiктiнiң пайдасына кiм (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк бере алатынын, қандай құжаттар мен өзге де дәлелдемелер бұл мақсатқа қызмет ете алатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлауға құқылы. Заттар мен құжаттар, мүмкiн болғанынша, судьяға немесе шағым берiлген өзге адамға (органға) берiледi. Сезiктi, оның қорғаушысы, заңды өкiлi, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi барлық жағдайларда дәлелдемелердi тiкелей сотқа беруге және дәлелдемелер жинауға қызмет етуi мүмкiн мәлiметтердi судьяға хабарлауға құқылы. Судья тараптарға олардың өтiнiшi бойынша дәлелдемелердi жинауға жәрдемдесуге тиiс.
Жеке айыптау iсiн сот мәжiлiсiнде қарау, осы баппен белгiленген алынып тасталатындарды қоспағанда сот талқылауының жалпы ережелерi бойынша жүргiзiледi. Сот талқылауы шағымның сотқа түскен сәтiнен бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсiндiрiле отырып шағымның көшiрмесiн алған кезiнен бастап үш тәулiктен ерте басталмауға тиiс. Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздерi қатысуға немесе өз өкiлдерiнiң өкiлдiк етуiне құқылы. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Бiрiктiруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуi басталғанға дейiн жол берiледi. Шағымдарды бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде оларды берген адамдар iске бiр мезгiлде жеке айыптаушы және сотталушы ретiнде қатысады. Қарсы шағымның түсуiмен және iс жүргiзулердiң бiрiктiрiлуiмен байланысты қорғауға дайындалу үшiн үстiнен қарсы шағым берiлген адамның өтiнiшi бойынша iс үш тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Өздерiнiң шағымдарында баяндалған мән-жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу жәбiрленушiден жауап алу ережелерi бойынша, ал қарсы шағымдарда баяндалған мән-жайлар туралы - сотталушыдан жауап алу ережелерi бойынша жүргiзiледi. Сот отырысында айыптауды жеке айыптаушы немесе оның өкiлi қолдайды.
Сот тергеуi басталудан бұрын төрағалық етушi тараптарды бiтiмге келтiруге шара қолдануға мiндеттi. Тараптардың бiтiмге келуi соттың кеңесу бөлмесiне кетуiне дейiн бола алады. Сот тергеуi жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге құқылы. Айыптаушы сот мәжiлiсiнде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы. Жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң дәлелдi себептерсiз сот отырысына келмей қалуы iстiң тоқтатылуына әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнi бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
Жеке айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья ҚІЖК-нiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады;
2) жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан және тараптар бiтiмге келген жағдайда iстi тоқтатады;
3) iс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн iстi прокурорға жiбередi. Бұл ретте сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
Жеке айыптау қылмыстық iсi ҚІЖК-нiң
37-бабында көзделген мән-
3.1. Соттылықтың ұғымы. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады.
Азаматтық
істерді қай соттың қарауына
жататындығының топтық түрі
- топтық соттылық – сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;
- аймақтық соттылық
– сотта істі қарау аумағына
байланысты осы соттың
3.2.Түрлері. Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы):
1-ҚР-сы Үкіметінің
нормативтік құқықтық
2-Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы
Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды. Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады:
- Жалпы соттылық – жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы);
- Балама соттылық – талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы);
- Ерекше соттылық –
белгілі істерді заңда
- Шарттық соттылық
– тараптардың келісімдері
- Істің байланыстылығы
бойынша соттылық – аумағына
қарамастан дау алғашқы талап
қаратырылған сотта шешілуі (
Осы соттылық бойынша істі қартыруды мынаны ескеру қажет:
1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналақан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататтын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады;
2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі;
3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі. ҚР АІЖК –нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс. Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда беріледі:
- егер тұрғылықты жері
бұрын белгісіз болған
- егер бір немесе
бірнеше судьяға қарсылық білді
- егер істі аталған
сотта қарау кезінде оның
- егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 2-бөлігі).
Істің сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарым шығарады.
Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру – бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 4-бөлігі).
Қорытынды
Қорыта айтқанда сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы,дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек ҚІЖК-де көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады. Соттың үкiмi тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет.
Iстi бiр судья немесе
судьялардың сол бiр құрамы
қарауы тиiс. Судьялардың
Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi алқалы қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда соттың құрамына кiрген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.
Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары