Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары
2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46
3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52
3.2.Түрлері......................................................................................................53
Қорытынды.....................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57
Сот тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сараптаманы алдын ала тергеу барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргiзедi. Сарапшының сот отырысында төрағалық етушiнiң рұқсатымен сараптама мәнiне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақ беруге, қылмыстық iстiң материалдарымен танысуға, сараптама мәнiне қатысты барлық сот iс-әрекетiне қатысуға құқығы бар. Төрағалық етушi тараптарға iс үшiн мәнi бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейiн сарапшыға жазбаша түрде сұрақ берудi ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етiлуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрлерi тыңдалуға тиiс.Тараптар сараптамалық зерттеу объектiсi ретiнде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелдi қаулы шығаруға мiндеттi.
Мәселенi қарап және ол бойынша тараптардың пiкiрiн тыңдап, сот өз қаулысымен олардың iшiнен iске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретiне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелердi тұжырымдайды. Сарапшы болып тағайындалған адамға сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының көшiрмесi тапсырылады және оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап болып, тексеру жүргiзу үшiн қажеттi уақытқа сот отырысын кейiнге қалдыруға құқылы.
Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде бередi және оны сот мәжiлiсiнде жария етедi, содан кейiн, одан жауап алынады. Сарапшының қорытындысы iске тiгiледi. Iс бойынша сотқа дейiн iс жүргiзу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол тараптардың қарсылығын туғызбаса, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы.
Сарапшыдан жауап алу
қорытынды жария етiлгеннен
Тергеу барысында iске тiгiлген және жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуi барысында сотта қаралуға және тараптарға ұсынылуға тиiс. Заттай дәлелдемелердi қарау сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде тараптардың өтiнiшi бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргiзiледi. Заттай дәлелдемелер куәлердiң, сарапшының, маманның қарауы үшiн ұсынылуы мүмкiн. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдардың заттай дәлелдемелердi қараған кезде анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларға соттың назарын аударуға құқығы бар. Заттай дәлелдемелердi қарауды сот олар тұрған жерде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген ережелердi сақтай отырып жүргiзуге тиiс.
Мән-жайларды куәландыратын тергеу iс-әрекетiнiң хаттамалары және қарау, куәландыру, алу, тiнту, мүлiкке тыйым салу, ұстау, тану үшiн көрсету, тергеу экспериментi телефонмен сөйлесудi тыңдау кезiнде белгiлi болған фактiлер, сондай-ақ егер оларда iс үшiн маңызы бар мән-жағдайлар баяндалған немесе куәландырылған болса, iске тiгiлген немесе сот отырысында ұсынылған құжаттар толық немесе iшiнара жария етiлуге тиiс. Сот отырысына ұсынылған құжаттар соттың қаулысы бойынша iске тiгiлуi мүмкiн.
Сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiнiң хаттамалары мен құжаттарды оларды жария ету туралы өтiнiш бiлдiрген тарап не сот жария етедi.
Iс болған орынды
және үй-жайды қарауды сот тара
Егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану, куәландыру, эксперимент, сараптамалық зерттеуге үлгiлер алу үшiн көрсету жабық сот отырысында жүргiзiлуi мүмкiн. Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыруды жеке үй-жайда дәрiгер немесе өзге маман жүргiзедi, онда куәландыру актiсi жасалып, қол қойылады. Одан соң аталған адамдар сот отырысы залына оралады, онда олар тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен, егер куәландырылушының денесiнде таңбалар мен белгiлер табылса, олар туралы сотқа хабарлайды, тараптардың және соттың сұрақтарына жауап бередi. Куәландыру актiсi iске тiгiледi.
Мемлекеттiк айыптаушы
айыптау дәлелдемелерiн
Төрағалық етушi дәлелдемелердi зерттеу аяқталғаннан кейiн:
1) тараптарға, олардың
сот жарыссөзiнде, ал соттың
үкiм шығару кезiнде тек сот
тергеуiнде қаралған
2) тараптардан, олар
сот тергеуiн толықтыруды
Сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiш мәлiмделген жағдайда, сот бұл өтiнiштi талқылайды және оны шешедi. Өтiнiштi шешкен және қажеттi сот iс-әрекетiн орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiш туындамаған немесе сот оларды дәлелдi түрде қабылдамаған жағдайларда төрағалық етушi сот тергеуiн аяқталды деп жариялайды.
Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша, егер:
1) сотталушы өзiнiң
кiнәсiн толық көлемiнде, оның iшiнде
өзiне қойылған талап-арызды мо
2) сотқа дейiнгi іс жүргiзу
барысында процеске
3) процеске қатысушылар
iс бойынша жиналған
Iстi сотта талқылаудың
қысқартылған тәртiбi
Сот жарыссөзі. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды. Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Iске қатысушылардың сөздерiнiң реттiлiгiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады.
Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi өз сөздерiнiң кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысында үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы алады. Сот жарыссөзiне қатысушылар өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiш жасай алады.
Сот сот жарыссөзiнiң ұзақтығын белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы. Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылғандар бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерiн (репликаларын) бiлдiруге құқылы. Соңғы ескертпенi айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.
Сотталушының соңғы сөзi. Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi. Сот сотталушының соңғы сөзiнiң ұзақтығын белгiлеуге құқылы емес. Төрағалық етушi, егер сотталушының сөзi қаралған iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.
Егер сот жарыссөзiнде сөз сөйлеушi немесе сотталушы соңғы сөзiнде iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуiн қайта бастайды. Қайта басталған сот тергеуi сот аяқталған соң сот жарыссөзiн жаңадан ашады және сотталушыға соңғы сөз бередi.
Сотталушының соңғы сөзiн тыңдап, сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, ол туралы төрағалық етушi сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды. Үкiмнiң жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесiне кетер алдында хабарлануы мүмкiн.
Үкім шығару. Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.
Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.
Сот үкiмдi сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкiндiгiн болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесiнде шығарады. Үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде осы iс бойынша соттың құрамына енетiн судьялар ғана болады. Өзге адамдардың, соның iшiнде запастағы судьяның болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) демалу үшiн кеңесу бөлмесiнен шығып, үзiлiс жасауға құқылы. Судьялардың талқылау және үкiм шығару кезiнде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ.
Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:
1) жасалуына сотталушы
айыпталып отырған әрекеттiң
2) бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлiгi, тармағы);
3) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;
4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кiнәлi ме;
5) оның жауаптылығы
мен айыбын жеңiлдететiн
6) сотталушы жасаған қылмысы үшiн жазаға тартылуға тиiс пе;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiс;
8) жаза тағайындамай
үкiм шығару үшiн немесе
9) бас бостандығынан
айыруға сотталушы түзеу
10) азаматтық талап-арызды
қанағаттандыруға жата ма, кiмнiң
пайдасына және қандай
11) азаматтық талап-арызды
немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз
ету үшiн тыйым салынған
12) заттай дәлелдемелердi не iстеу керек;
13) iс жүргiзу шығыстары кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiс;
14) сот сотталушының
құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге
атағынан, сыныптық шенiнен,
15) Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң 88-
16) қылмысты жасауға
әсер ететiн мән-жайлардың
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы.
Ақтау үкiмiн шығару кезiнде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз iс-әрекетiмен ақталушыға келтiрiлген зиянды өтеу туралы мәселе жөнiнде шешiм қабылдайды. Сотталушы бiрнеше қылмыс жасағаны үшiн айыпталған кезде сот әрбiр қылмыс бойынша жеке-жеке мәселелердi шешедi. Егер қылмыстың жасалуына бiрнеше сотталушы айыпталса, сот оның жасалған әрекеттегi ролi мен дәрежесiн айқындай отырып, әрбiр сотталушыға қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген барлық мәселелердi шешедi. Сот сотталушы айыпталып отырған әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме, негiзгi мәселені шешiп, мынадай қосымша мәселелердi шешуге көшедi:
1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
2) сотталушының мүлкiн,
қажет болған жағдайда
3) жеке қаулы шығару қажеттiгi туралы.
Алдын ала тергеу немесе
сот талқылауы кезiнде
Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары