Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат

Краткое описание

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3


1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы

1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8



2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46

3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52

3.2.Түрлері......................................................................................................53


Қорытынды.....................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Хаттама сот отырысы  аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық  етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама  бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында түсiнiспеушiлiк болған кезде соңғысы өзiнiң келiспеушiлiктерiн жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы. Басты сот талқылауы кезiнде киноға түсiру, бейне, дыбыс жазбасы қолданылуы мүмкiн, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады.

Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы  дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiш мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.

Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан  кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде тараптар, өзге де адамдар хаттамаға ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзiмді iс бойынша төрағалық етушi тараптардың өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады.

Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық  етушi, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы. Ескертпелердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелдi қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Басты сот талқылауының құрылысы

 

Басты сот талқылауының дайындық бөлімі. Басты сот талқылауы  үшiн белгiленген уақытта төрағалық етушi сот отырысын ашады және қандай қылмыстық iстiң қаралатынын, сондай-ақ iстiң ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды. Төрағалық етушi аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi.

Төрағалық етушi аудармашыға  әдейi дұрыс аударма жасамағаны үшiн  қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ, өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн екенi туралы ескертiледi.

Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыдан бас тартуын мәлiмдеу құқықтарын түсiндiредi және аудармашыдан бас тартуға әкеп соғатын заңдарда көзделген негiздердi түсiндiредi. Егер аудармашыдан бас тарту қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады.

Келген куәлар олардан  жауап алу басталғанға дейiн, сот  отырысы залынан шығарылады. Төрағалық  етушi сот жауап алмаған куәлардың  жауап алған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуi үшiн шара қолданады.

Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айын, күнiн және орнын, сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұратын жерiн, немен айналысатынын, бiлiмiн, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтай отырып, оның жеке басын айқындайды. Мұнан кейiн төрағалық етушi сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерiнiң тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды. Бұл ретте істі соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтiнiш жасаған болса, айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.

Төрағалық етушi сот құрамын  жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот мәжiлiсiнiң хатшысы, сот приставы, сарапшысы, маманы болып табылатынын хабарлайды.

Төрағалық етушi тараптардың  сот құрамынан немесе судьялардың  бiрiнен, сондай-ақ бас тартуды мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Бұл ережелер запастағы судьяға қатысты да қолданылады.

Төрағалық етушi сотталушыға  оның басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi.

Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне ҚІЖК-нiң 75, 76, 77, 78, 80, 81-баптарында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi. Жеке айыптау iстерi бойынша, сондай-ақ бiрiншi рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша жәбiрленушiге бұған қоса оның сотталушымен бiтiмге келу құқығы түсiндiрiледi.

Төрағалық етушi сарапшыға  оның ҚІЖК-нiң 83-бабында көзделген  құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған әдейi жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

Төрағалық етушi маманға  оның ҚІЖК-нiң 84-бабында көзделген  құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған өз мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық туралы ескертедi.

Төрағалық етушi тараптардан  оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшiн мәлiмдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi. Төрағалық етушi, сондай-ақ тараптардан олардан талқылаудан дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс материалдарды алып тастау туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғын анықтауға мiндеттi.

Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан  кейiн сот мәлiмделген әрбiр  өтiнiштi қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас  тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс. Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретiнде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ. Сот өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрi мәлiмдеуге құқылы.

Сот талқылауына қатысушылардың бiрi, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген адамдарды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады.

 

Сот тергеуі. Сот тергеуi айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнiсiн баяндаудан, ал жеке айыптау iстерi бойынша - арыз берген адамның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген жағдайда немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негiзделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi.

Төрағалық етушi сотталушыдан оған айыптаудың түсiнiктi-түсiнiктi емес екенiн сұрайды, оған айыптаудың мәнiсiн түсiндiредi және оның тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетiнiң бар-жоғын анықтайды. Сотталушыға алдын ала тергеу немесе анықтау кезiнде бiлдiрiлген кiнәсiн мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенiн, өз кiнәсiн мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге мiндеттi емес екенi және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған зиян келтiрiлгендей түсiнiлмейтiнi түсiндiрiлуге тиiс. Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның өз кiнәсiн мойындамағаны деп түсiнiледi.

Төрағалық етушi сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды  мойындайтынын-мойындамайтынын (толық, iшiнара) сұрайды. Егер сотталушы бұл  сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелiн айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсiнiледi. Тараптар сотталушыға оның көзқарасын нақтылауға бағытталған сұрақтар қоюға құқылы.

Сот тергеуiнде айыптаушы  және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледi. Дәлелдемелердi алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн тараптармен келiсе отырып, сот белгiлейдi. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн белгiлеу немесе өзгерту мәселелерi бойынша сот қаулы шығарады. Сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақ беруге құқылы.

Сотталушыдан жауап  алудың алдында төрағалық етушi тағылған айып және iстiң басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екенiн оған түсiндiредi. Сотталушы айғақ беруге келiсiм берген кезде бiрiншi болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейiн мемлекеттiк айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етушi жетекшi сұрақтарды және iске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.

Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ  қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап  алудың кез келген сәтiнде қойылуы  мүмкiн. Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтiнiшi немесе соттың бастамашылығы бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжiлiсi залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот мәжiлiсiнiң хаттамасына енгiзiлген деректер оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi.

Сотталушының iс бойынша  сотқа дейiнгi әзiрлiк барысында  берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны немесе киноға түсiрiлiмiн жаңғыртуға мынадай жағдайларда:

1) сотталушы сотта  айғақ беруден бас тартқан  кезде;

2) iс сотталушы болмаған  кезде қаралғанда;

3) сот талқылауымен  алдын ала тергеу барысында  берiлген айғақтардың арасында  елеулi қайшылықтар болғанда жол берiледi.

Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей  тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн  жаңғыртуға жол берiлмейдi.

Сот тергеуінде жәбiрленушiден  жауап алынады. Жәбiрленушi төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақтар беруге құқылы.

Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз  жауап алынады. Жауап алудың алдында  төрағалық етушi куәнiң жеке басын  айқындайды, оның сотталушыға және iске қатысушы басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтайды, iс бойынша шын айғақтар беру жөнiндегi азаматтық борышы мен мiндетiн, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығын түсiндiредi. Куәға құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Куәға, сондай-ақ өзiне, ерiне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге - тәубе үстiнде өздерiне iшкi сырын сенiп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға хақылы екенi түсiндiрiледi. Заң бойынша айғақ беру мiндетiнен босатылған, бiрақ айғақ беруге тiлек бiлдiрген адамдарға көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi. Куәдан оған өз мiндеттерi мен жауаптылығы түсiндiрiлгенi туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тiркеледi.

Куәдан айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сотталушы  және оның қорғаушысы жауап алады. Бiрiншi болып өтiнiшi бойынша сот отырысына  осы куә шақырылған тарап сұрақ  қояды. Судьялар куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейiн сұрақ қояды. Куә соттың талап етуi бойынша оған ұсынылатын жазбаларды пайдалануға құқылы. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат берiледi. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша iске тiгiлуi мүмкiн. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуi аяқталғанға дейiн соттың рұқсатынсыз және тараптардың келiсiмiнсiз одан шықпауға тиiс.Куәнiң және оның жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сот куәнiң жеке басы туралы нақты деректердi жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтiндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша - он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi мұндай адамдардан жауап алу педагогтың қатысуымен жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкiлдерi шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен жәбiрленушiге және куәға сұрақ қоя алады. Он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Айғақ беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

Тараптардың өтiнiшi бойынша  немесе соттың бастамашылығы бойынша  кәмелетке толмаған жәбiрленушi мен  куәдан жауап алу сотталушы жоқ  кезде жүргiзiлуi мүмкiн, бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған кәмелетке толмаған жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жария етiледi, жәбiрленушiге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкiндiгi берiледi.

Он сегiз жасқа толмаған жәбiрленушi, куә сот олардың әрi қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алынғаннан кейiн сот отырысы залынан шығарылады.

Сот талқылауында жәбiрленушi мен куәнiң iс бойынша сотқа  дейiнгi iс жүргiзу немесе кейiнгi сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiруiн жария етуге:

1) бұл айғақтар мен  олардың сотта берген айғақтары  арасында елеулi қайшылықтар бар  болған кезде;

2) олардың сот талқылауына  келу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын себептер бойынша жәбiрленушiнiң немесе куәнiң сот отырысына қатыспауы кезiнде жол берiледi.

Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары