Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат

Краткое описание

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3


1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы

1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8



2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46

3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52

3.2.Түрлері......................................................................................................53


Қорытынды.....................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Iстi алқалы қарау кезiнде  үкiм шығарудан бұрын судьялардың  кеңесуi болады. Төрағалық етушi мәселелердi судьялардың шешуiне, олар қалай  аталса, сондай реттiлiкте және тұжырымда қояды. Әрбiр мәселенi шешу кезiнде, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Барлық мәселелер көпшiлiк дауыспен шешiледi. Төрағалық етушi барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып бередi. Сотталушыны ақтау үшiн дауыс берген және азшылықта қалған судьяға қылмыстық заңды қолдану мәселелерi бойынша дауыс беруден қалыс қалу құқығы берiледi. Егер қылмыстық саралануы туралы немесе жазалау шарасы туралы басқа судьялардың пiкiрлерi сәйкес болмаса, онда ақтау үшiн берiлген дауыс неғұрлым жеңiл қылмысты көздейтiн заң саралануы бойынша және неғұрлым жеңiл таза тағайындау үшiн берiлген дауысқа қосылады.

Ерекше жаза түрi - өлiм  жазасы - кiнәлiге тек барлық судьялардың бiрауызды шешiмi бойынша ғана тағайындалуы тиiс. Азшылықта қалған судья кеңесу бөлмесiнде ерекше пiкiрiн жазбаша түрде баяндауға құқылы. Ерекше пiкiр төрағалық етушiге тапсырылады және ол оны жабық конвертпен iс материалдарына тiгедi. Ерекше пiкiрмен апелляциялық қадағалау сатысындағы сот осы iстi тиiстi сатыда қарау кезiнде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пiкiрi барлығы туралы iске қатысушыларға хабарланбайды, ерекше пiкiр сот отырысы залында жария етiлмейдi.

 

Үкiмдердiң  түрлерi. Сот үкiмi айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкiн.

Айыптау үкiмi сотталушыны  қылмыс жасауға кiнәлi деп тану 
туралы сот шешiмiнен тұрады. Айыптау үкiмi:

1) сотталушы өтеуге  тиiс қылмыстық жаза тағайындала  отырып;

2) адамды қылмыстық  жауаптылықтан босата отырып;

3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;

4) қылмыстық жаза тағайындалмай;

5) қылмыстық жазаны  өтеу кейiнге қалдырыла отырып  шығарылады.

Айыптау үкiмi болжауларға  негiзделуге тиiс емес және сот  талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кiнәсi соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады. Сотталушы өтеуге тиiс жазаны тағайындаумен айыптау үкiмiн шығара отырып, сот оның түрiн, мөлшерiн, режимiн және мерзiмдi өтеудi есептеудiң басталуын дәл айқындауы қажет. Сот, егер осы қылмыс үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi өтiп кетсе, айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады.

Сот, егер үкiм шығару кезiнде:

1) сотталушыға осы  үкiммен тағайындалған жазаны  қолданудан босататын кешiрiм актiсi шығарылған;

2) Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексiнiң 62-бабында  белгiленген алдын ала қамауды  есептеу ережелерiн ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының  қамауда болу уақыты сот тағайындаған  жазаны қамтыған жағдайларда,  айыптау үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.

Егер оны шығару кезiнде  сотталушы қайтыс болса, сот iстi тоқтатады  немесе тараптардың өтiнiшi бойынша  айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай шығарады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексiнiң 72-бабында және 74-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра отырып шығарады.

Сот ақтау үкiмiмен  сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берiлген айыптау  жөнiнде оның қылмыстың жасалуына кiнәсiздiгiн таниды және жариялайды. Егер:

1) қылмыс оқиғасы болмаса;

2) сотталушының әрекетiнде  қылмыс құрамы болмаса;

3) қылмыс жасауға сотталушының  қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкiмi  шығарылады.

Аталған негiздердiң кез  келгенi бойынша ақтау соттың сотталушының кiнәсiздiгiн тануды бiлдiредi және оның толық ақталуына әкеп соғады. Егер ақтау үкiмi шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сот қылмыстық iстi прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттiгi туралы мәселенi шешуi үшiн соған жiбередi.

Үкiм сот талқылауы  жүргiзiлген тiлде баяндалады. Үкiм  кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қорытынды  бөлiмдерден тұрады. Үкiм қолдан жазылуға, оны шығаруға қатысушы судьялардың  бiрi машинкаға басқан не компьютерлiк  тәсiлмен дайындаған және барлық судьялардың қолы қойылуға тиiс. Ерекше пiкiрiнде қалған судья да үкiмге қол қояды. Үкiмдегi түзету ескертiлуге және үкiм шығарылғанға дейiн кеңесу бөлмесiнде барлық судьялардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс. Үкiмге ол жарияланғаннан кейiн өзгерiс енгiзуге жол берiлмейдi.

Үкiмнiң кiрiспе бөлiмiнде:

1) үкiмнiң Қазақстан  Республикасының атынан шығарылғаны;

2) үкiмнiң шығарылған  уақыты мен орны; Судьялар бiрнеше  күн бойы кеңескен жағдайда, үкiмнiң  шығарылған күнi оның жария  етiлген күнiмен айқындалады;

3) үкiм шығарған соттың  атауы, соттың құрамы, сот отырысының  хатшысы, процеске қатысушылар,  олардың өкiлдерi, аудармашы;

4) сотталушының тегi, аты  және әкесiнiң аты, оның туған  жылы, айы, күнi және жерi, тұрғылықты  орны, жұмыс орны, кәсiбi, бiлiмi, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер;

5) жасағанына сотталушы  айыпталып отырған қылмысты көздейтiн  қылмыстық заң (бабы, бөлiгi, тармағы)  көрсетiледi.

Айыптау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгi жасалған орны, уақыты, оның жасалу тәсiлi, кiнә нысаны, қылмыстың себептерi мен салдарлары көрсетiле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасын қамтуы қажет. Үкiмде соттың сотталушыға қатысты шешiмi негiзделген дәлелдер және сот басқа дәлелдердi жоққа шығарған себептерi келтiрiледi. Жауаптылықты жеңiлдететiн не ауырлататын жағдайлар, ал айыптаудың бiр бөлiгi негiзсiз деп танылған немесе қылмыстың терiс саралануы белгiленген жағдайда - айыптауды өзгертудiң негiздерi мен себептерi көрсетiледi. Сот сондай-ақ қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелер шешiмiнiң себептерiн көрсетуге мiндеттi.

Айыптау үкiмiнiң қорытынды  бөлiгiнде:

1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты;

2) сотталушыны қылмыс  жасауға кiнәлi деп тану туралы  шешiм;

3) сотталушы кiнәлi  деп танылған қылмыстық заң  (бабы, бөлiгi, тармағы);

4) жасағанына кiнәлi  деп танылған әрбiр қылмысы  үшiн сотталушыға тағайындалған  жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58, 60-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi. Жаза түрi ретiнде бас бостандығынан айыру тағайындалған кезде сот үкiмде сотталушының оны өтеуге тиiс мекемесiнiң түрi мен режимiн көрсетедi;

5) шартты түрде сотталған  кезде сынақ мерзiмнiң ұзақтығы  мен сотталушыға жүктелетiн мiндеттер;

6) сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзу) туралы шешiм;

7) егер үкiм қабылдағанға  дейiн сотталушы ұсталса және  оған қамау, үйде қамап ұстау түрiнде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық мекемеге орналастырылса, алдын ала қамауда ұстауды есепке алу туралы шешiм;

8) мәжбүрлеп емдеудi қолдану  және сотталушыға қорғаншылық  белгiлеу туралы шешiм;

9) үкiм заңды күшiне енгенге дейiн сотталушыға қатысты бұлтартпау шаралары туралы шешiм көрсетiлуге тиiс.

Егер сотталушыға қылмыстық  заңның бiрнеше бабы (баптың бөлiктерi, тармақтары) бойынша айып тағылса, онда үкiмнiң қорытынды бөлiгiнде сотталушы  олардың қайсысы бойынша ақталғаны және қайсысы бойынша сотталғаны көрсетiлуi тиiс. Сотталушының iс-әрекеттерiн қайта дәрежелеу қажеттiгi туралы тұжырымға келiп немесе кейбiр баптардың (бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкiмнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде әрекеттi сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) көрсетедi және артық тағылған бапты (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) алып тастау керектiгiн көрсетедi. Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкiм жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеудi кейiнге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкiмнiң қорытынды бөлiгiнде көрсетiледi.

Ақтау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде: тағылған айыптың мәнiсi; сот  белгiлеген iстiң мән-жайы; сотталушының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгi туралы пайымдау негiзделген дәлелдердi сот дұрыс емес немесе жеткiлiксiз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшiн негiз болатын дәлелдер; азаматтық талап-арызға қатысты шешiмнiң себептерi баяндалады. Ақтау үкiмiнде ақталушының кiнәсiздiгiне күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берiлмейдi.

Ақтау үкiмiнiң қорытынды  бөлiгiнде:

1) сотталушының тегi, аты  және әкесiнiң аты;

2) сотталушыны кiнәсiз  деп тану және оны ақтау  туралы шешiм; 
ақтау негiздерi;

3) егер бұлтартпау  таңдалған болса, оның күшiн  жою туралы шешiм;

4) мүлiктi тәркiлеудi қамтамасыз  ету шараларын, сондай-ақ егер  мұндай шаралар қабылданған болса,  залалды өтеудi қамтамасыз ету  шараларын жою туралы шешiм  қамтылуға тиiс.

Айыптау, сондай-ақ ақтау үкiмiнiң де қорытынды бөлiгiнде:

1) ұсынылған азаматтық  талап-арыз бойынша шешiм;

2) заттай айғақтар  туралы мәселенi шешу;

3) iс жүргiзу шығыстарын  бөлу туралы шешiм;

4) апелляциялық шағымдардың  не үкiмге наразылық келтiрудiң  тәртiбi мен мерзiмiн түсiндiру қамтылуға тиiс.

Сот үкiмге қол қойғаннан  кейiн сот отырыс залына оралады  және төрағалық етушi не басқа судья, не судьялар кезек-кезегiмен үкiмдi жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрi, сот құрамын қоса алғанда, сот  үкiмiн тұрып тыңдайды. Егер үкiм сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде оқылса, онда аудармашы үкiм жарияланысымен немесе iлеспе түрде оны сотталушының ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге дауыстап аударуға тиiс. Төрағалық етушi сотталушыға (ақталушыға), процестiң басқа да қатысушыларына үкiмге шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмiн, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстi апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi. Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретiнде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтiрiлген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс. Егер сотталушы ерекше жаза түрi - өлiм жазасына кесiлген болса, төрағалық етушi оған кешiрiм жасау туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi.

Сотталушы ақталған кезде  не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден  босатумен, сондай-ақ бас бостандығынан  айырумен байланысты емес немесе бас  бостандығынан шартты түрде айыруға  жаза кесу арқылы айыптау үкiмiн тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында қамаудан дереу босатылуға жатады.

Үкiм жарияланғаннан кейiн  бес тәулiктен кешiктiрмей оның көшiрмесi сотталушыға немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етiлуге тиiс. Егер сотқа аталған адамдардың өтiнiшi түскен болса, үкiмнiң көшiрмесi жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне нақ сол мерзiмде табыс етiледi.

Сот оған негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заңның бұзылу фактiсiне, қылмыс жасауға себепшi болған және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Адамның iс-әрекетiнен қылмыс жасауға себепшi болатын әкiмшiлiк терiс қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.. Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде немесе iстi төменгi сот қараған кезде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкiн. Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына немесе олардың қызметтiк не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.

Сот, егер мұны қажет деп  таныса, сот талқылауының материалдары бойынша, басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы. Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек  ұжымдарының назарына қылмыстың  жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлiгi туралы жеткiзе алады. Жеке қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар қабылдануы және оның нәтижелерi туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиiс.

Бас бостандығынан айыруға  сотталған адамның кәмелетке  толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз қалған басқа да асырауындағылар  бар болған кезде, сот айыптау  үкiмiн қабылдаумен бiр мезгiлде  аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқа адамдарының немесе мекемелердiң қорғаншылығына өткiзу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкi немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнiнде шара қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда сот қылмыстың салдарынан жәбiрленушiнiң ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүлкi мен тұрғын үйiн қорғау туралы қаулы шығарады.

Iске тағайындау бойынша  қорғаушы қатысқан жағдайда, сот  үкiм қабылдаумен бiр мезгiлде  сотталушыға заң көмегiн көрсеткенi  үшiн төлеуге жататын сыйақының  мөлшерi туралы қаулы шығарады.

Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары