Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:18, реферат

Краткое описание

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3


1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы

1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi......................5
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау...........................................................8



2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары

2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы..................................11
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы.....................................................22
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.....................46

3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52

3.2.Түрлері......................................................................................................53


Қорытынды.....................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Басты сот талқылауы  тағайындалғаннан кейiн судья тараптарға iстiң сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында  өздерi таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу және олардан қажеттi мәлiметтердi жазып алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде  бұлтартпау шарасы немесе сотқа шақыруға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе, не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға судьяның қаулысының көшiрмесi тапсырылады.

Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына  шақырту туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын әзiрлеу үшiн шаралар  қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының

жалпы шарттары

 

2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы

 

Сот талқылауында iс бойынша  барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы,дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек ҚІЖК-де көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады. Соттың үкiмi тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет.

Iстi бiр судья немесе  судьялардың сол бiр құрамы  қарауы тиiс. Судьялардың бiрiнiң  сот талқылауына қатысуды жалғастыруы  мүмкiн болмаған кезде ол басқа  судьямен ауыстырылады.

Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi алқалы қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда соттың құрамына кiрген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.

Басты сот талқылауында осы соттың төрағасы немесе оны сот төрағасы тапсырған судья төрағалық етедi. Төрағалық етушi iстi талқылауда және шешiм қабылдау кезiнде басқа судьялармен бiрдей құқықтарды пайдаланады. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық жасайды, әдiл соттың мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң жай-күйiн жан-жақты және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы күн тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асырудың тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда бұл қарсылық бiлдiру сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.

Басты сот талқылауы  сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс  кейiнге қалдырылуы тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны келтiруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот iстi қорғаушының мiндеттi түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.

Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:

1) ауырлығы шағын қылмыс  жасағаны үшiн айыпталған сотталушы  iстi оның қатысуынсыз қарау туралы  өтiнiш берген;

2) сотталушы Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерде  болған және сотқа келуден  жалтарған жағдайларда ғана жол  берiлуi мүмкiн.

Сотталушының қорғаушысы дәлелдердi зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтады. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сотталушының келiсiмімен ғана жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың iшiнде мүмкiн болмаса, сот басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.

Iске жаңадан кiрiскен  қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Ол өзi iске кiрiскенге дейiн iстi соттың қарауы кезiнде жасалған кез келген әрекеттiң қайталануы туралы өтiнiш жасауға құқылы.

Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.

Прокурор дәлелдердi ұсынады  және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң  барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.

Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.

Басты сот талқылауы  жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң  қатысуымен жүргiзiледi. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны  жәбiрленушiнiң болмауынсыз iстiң  барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуына қарай оны кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оны айғақ беру үшiн белгiлi уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелсiз себептермен келмеуi iстi қысқартуға әкеп соғады, бiрақ сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнiсi жөнiнде жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.

Сот талқылауына азаматтық  талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады. Азаматтық  талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қаралмауы  мүмкiн. Азаматтық талапкердiң азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады. Сот азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердiң қатысуынсыз қарауға құқылы.

Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда сот азаматтық талапты азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды. Азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.

Басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берiлген айыптаудың шегiнде ғана жүргiзiледi. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол берiледi. Егер басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы айыптауды негiзсiз өзгертуге байланысты айыптауды неғұрлым ауыр айыптау етiп өзгерту қажет болса, онда iстi тағылған айыптау шегiнде қарау үшiн сот айыптаушы тараптың бұл жөнiндегi өтiнiшi бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, сот талқылауын жетi тәулiкке дейiн мерзiмге кейiнге қалдырып, iстi жаңадан алдын ала тыңдау өткiзе алады.

Сот отырысына шақырылған адамдардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдер алдыру қажеттiгiне байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Осымен бiрге сот келмеген адамдарды шақыру немесе жаңа дәлелдердi алдыруға шаралар қолданады. Сот iстi талқылау кейiнге қалдырылатын мерзiмдi белгiлейдi. Жасырынып жүрген сотталушыны iздеу сот-қаулысымен жарияланады.

Басты сот талқылауы  кезiнде сот сотталушыға қатысты  бұлтартпау шарасын таңдап алуға, өзгертуге  немесе оның күшiн жоюға құқылы. Сотталушыны  бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға  алу мерзiмi iстiң сотқа түскен күнiнен бастап үкiм шығарылғанға дейiн алты айдан аспауға тиiс.. Ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн сот өзiнiң қаулысымен қамауға алу мерзiмiн он екi айға дейiн ұзартуға құқылы.Қамау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйде қамауда ұстау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруға тиiс

Басты сот талқылауы  кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер  бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.

Басты сот талқылауы  соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.

Соттың сот отырысы  залына кiруiнiң алдында сот приставы: "Сот келе жатыр" деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың  бәрi орындарынан тұрады, мұнан соң  төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады. Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмiне бағынуға тиiс. Он алты жасқа дейiнгi адамдар, егер олар тарап немесе куә болмаса, сот отырысы залына жiберiлмейдi. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ мас адамдар жiберiлмейдi.

Сот отырысы залында  суретке түсiруге, дыбыс, бейнежазбаларды  қолдануға және киноға түсiруге төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi.

Сот отырысында тәртiп  бұзған, төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртiптi қайта бұзуы оны сот  отырысы залынан шығарып жiберуге әкеп соғатыны және/немесе әкiмшiлiк  жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертiледi. Шығарып жiберу айыптаушы мен қорғаушыдан басқа кез келген процеске қатысушыға қолданылуы мүмкiн. Әкiмшiлiк жаза сотталушыға қолданылмайды. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.

Сот отырысы залынан  процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады. Сот отырысы  залында қатысып отырған, бiрақ  процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн. Егер тәртiп бұзушының сот отырысындағы iс-әрекетiнде басқа әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не қылмыстық белгiлерi болса, сот тиiстi тәртiппен қылмыстық немесе әкiмшiлiк iс қозғау үшiн материалдар жiбередi.

Сот отырысы залында  қоғамдық тәртiптi бұзған не сотты сыйламаушылық  байқалған жағдайда қылмыстық iстi қараушы  соттың (судьяның) қаулысымен кiнәлi адамға әкiмшiлiк заңдарында көзделген жаза шаралары қолданылуы мүмкiн.

Басты сот талқылауы  кезiнде сот отырысының хатшысы  хаттама жүргiзедi. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, не компьютерлiк  әдiспен дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенография қолданылуы мүмкiн.

Хаттамада: басты сот  талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып  жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық  талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.

Информация о работе Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары