Прокуратура туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, реферат

Краткое описание

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прокуратура туралы заң.docx

— 60.25 Кб (Скачать документ)

3. Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.

4. Прокуратура органдарына қызметке  алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары  туралы республикалық деректер  орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

5. Бұрын сотталған және қылмыстық  жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиiс емес.

6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.

7. Прокурорлар болып жоғары заң  бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және  моральдық қасиеттерге ие, денсаулық  жағдайына қарай прокуратура  органдарында қызмет өткеруге  жарамды азаматтар тағайындала  алады. Әскери прокурорлар сонымен  бiрге әскери қызметшiлер болуы  керек, оларға әскери қызмет  және Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады.

8. Облыстардың прокурорлары мен  оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.

9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi.

10. Прокуратура органдарына қызметке  тұңғыш рет тағайындалған адам  ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi.

11. Прокуратура органдарында қызмет  өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.

  49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi, әскери атақтары және нысанды киiмi

1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi:

жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;

1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;

2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;

3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;

аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;

әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;

кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;

1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;

2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;

3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;

кiшi заңгер, кiшi лейтенант, аға прапорщик, прапорщик.

2. Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

3. Прокуратура органдарының сыныптық  шендер немесе әскери атақтар  берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.

4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.

5. Сыныптық шендерi немесе әскери  атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.

50-бап. Прокуратура органдары  қызметкерлерiн құқықтық қорғау

1. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немесе оның отбасы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың қызметтiк мiндетiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

3. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.

4. Қызметтiк мiндеттерiн атқару  кезiнде заңда көзделген жағдайларды  қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк  жолмен ұстауға, жеке басын  тексерiп қарауға, оның заттары  мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi.

51-бап. Атыс қаруын  қолдану және арнайы құралдарды  пайдалану

1. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң:

1) атыс қаруы мен оқ-дәрiлер алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға;

2) Республиканың Бас Прокуроры  белгiлеген тәртiппен қажеттi қорғаныс  пен аса керек жағдайларда  атыс қаруын қолдануға құқығы бар.

2. Қару қолданған барлық жағдайларда  прокуратура органының қызметкерi  айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету, зардап шеккендерге  шұғыл медициналық көмек көрсету  және жоғары тұрған прокурорға хабарлау үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу

 Мыналардың:

1) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң  еңбек қатынастары осы Заңмен, Прокуратура органдарында қызметтен  өту туралы ережемен , сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi ;

2) прокуратура органдарының мамандары  мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.

Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.23. N 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 1998.07.02. N 266, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.

53-бап. Прокуратура қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру

1. Прокуратура органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. (қараңыз U041284)

2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне  жыл сайын күнтiзбелiк отыз  күн мөлшерiнде еңбек демалысы берiледi.

3. Прокуратура органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын алаңмен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.

4. Күнтiзбелiк он жылдан астам  қызмет атқаратын прокуратура  органдары қызметкерлерiнiң тұрақты  тұрып жатқан қызметтiк үй-жайлары  осы аталған қызметкерлердiң қалауы  бойынша оларға және олардың отбасыларына жалға алу шарты бойынша берiледi немесе жеке меншiгiне қалдық құны бойынша сатылады.

5. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi басқа үй-жай берiлмейiнше, қызметтiк үй-жайларынан шығарылуға тиiс емес.

6. Прокуратура органдарының қызметкерi  қызметтiк мiндеттерiн орындау  кезiнде қаза тапқан жағдайда  қаза тапқан адамның отбасы  ол қаза тапқан күннен бастап  бiр жылдан кешiктiрiлмей, заңда  белгiленген шарт пен тәртiп  бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.

8. Прокуратура органының қызметкерi  қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде  немесе қызметтен босағаннан  кейiн бiр жыл iшiнде қызметтiк  мiндетiн атқару кезiндегi мертiгудiң  немесе жарақаттың салдарынан  қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда  оның асырауындағы адамдар мен  мұрагерлерiне Қазақстан Республикасының  Yкiметi белгiлеген тәртiппен соңғы атқарған қызметiндегi алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.

Осы баппен көзделген бiр жолғы  өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және сыныптық шенi үшiн (әскери атағы бойынша) қосымша ақыдан (айлықақыдан) тұрады.

9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi Республика Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызметтi пайдаланады.

10. Прокуратура органдарының мамандары  мен жұмысшыларынан басқа қызметкерлерiнiң:

2) қызметтiк және iссапар куәлiгiн  көрсете отырып, көлiктiң барлық  түрiне кезектен тыс жүрiп-тұру құжаттарын және қонақүйлерде тұру үшiн орын алуға құқығы бар.

11. Прокуратура органдары қызметкерiнiң  лауазымынан зейнет демалысына  шығып, қайтыс болған немесе  қаза тапқан прокуратура органдарының  қызметкерлерiн жерлеу үшiн олардың  үш айлық үлесi мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтем төленедi.

12. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I, 1998.07.02. N 266, 1999.04.07. N 374, 1999.07.23. N 454, 2001.10.10. N 247 Заңдарымен.

 

54-бап. Еңбек атқарған  жылдары үшiн үстеме ақы

 Ескерту. 54-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.

55-бап. Арнаулы қызмет  стажы

1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:

1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;

2) сот органдарындағы;

3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс);

4) заң мамандығы бойынша ғылыми  және педагогтiк жұмыс;

5) өкiлдi билiктiң мемлекеттiк органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.

Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.

 

12 ТАРАУ Прокуратураны  ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi

56-бап. Прокуратура органдарын  қаржыландыру

 Қазақстан Республикасының  прокуратура органдарын қаржыландыру  бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді).

57-бап. Мөр мен куәлiктер

1. Республиканың Бас Прокурорына,  оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.

2. Республиканың Бас Прокуроры,  облыстардың прокурорлары қарауындағы  қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.

3. Республика Бас прокуратурасының  және оған бағынысты прокуратуралардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде тиiстi шоттары болады.

 

58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

59-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар

1. Қазақстан Республикасының Бас  прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына:

1) Қазақстан Республикасының прокуратура  органдарында қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженi;

2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынсын.

 

2. "Қазақстан Республикасының  прокуратурасы туралы" 1992 жылғы  17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының (Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат)  күшi жойылған деп


Информация о работе Прокуратура туралы заң