Прокуратура туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, реферат

Краткое описание

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прокуратура туралы заң.docx

— 60.25 Кб (Скачать документ)

 

Прокуратура туралы заң

.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат

 

1 ТАРАУ

Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы  мемлекет атынан Республика аумағында  заңдардың, Қазақстан Республикасы  Президентi Жарлықтарының және  өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң  дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама  мен тергеудiң, әкiмшiлiк және  атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына  жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

 

2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

3-бап. Прокуратура органдарын  ұйымдастырудың және олардың  қызметiнiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы  төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы  өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ғана есеп бередi.

3. Өздерiнiң заңда белгiленген  өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде  прокуратура органдарының қызметiне  араласуға тыйым салынады.

4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерiбарлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.

5. Прокуратура органдары Республиканың  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды  сақтау туралы заңдарына қайшы  келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

4-бап. Прокуратура органдары  қызметiнiңнегiзгi бағыттарымен мазмұны

Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, заңдардың және  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрiбiркелкiқолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;

2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiбұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына қайшы келетiн  заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

4) адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

9) өз құзыретiшегiнде мемлекеттiк органдардың норма шығармашылық қызметiне қатысады;

10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

 

13) заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне  қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiқызметтiүйлестiредi;

14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық  саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5-бап. Прокуратура органдарының  жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi

1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы  Президентi Жарлықтарының, өзге  де нормативтiк құқықтық актiлердiң  дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйiн талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңдардың қолданылуына тексерiстiпрокурор өз өкiлеттiгiшегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;

2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;

3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;

3-1) жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарына;

4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.

3. Тексерiстiпрокурор сондай-ақ  өзге де тиiстiқұзыреттiорганға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерiтуралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.

4. Заңдардың қолданылуын тексеру  бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.

5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерiмен  прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.

6-бап. Прокуратура органдары  қызметiнiңқұқықтық кепiлдiгi

1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн  жүзеге асыруына кедергiкелтiру  немесе оған заңсыз шешiм қабылдату  мақсатында қандай да болсын  нысанда ықпал жасау, сондай-ақ  прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау  заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

2. Прокуратураның талап етуiбойынша тиiстiоргандар мен өкiлеттiадамдар:

1) қажеттiматериалдар мен мәлiметтердiөтеусiз  және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердiжария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске қатысу және қорытынды  беру үшiн мамандар бөлуге;

3) прокурорлардың қадағалау қызметiн  қамтамасыз ету және олардың  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн  өзге де қажеттiшаралар қолдануға мiндеттi.

3. Прокурордың өз құзыретiшегiнде  берген талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттiк  органдардың, лауазымды, жеке  және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.

5. Прокурорлардың өз құзыретiшегiнде  тексеру мәселелерiбойынша мемлекеттiк  органдардың, меншiк нысандарына  қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына  кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында  және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегiжағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.

6. Лауазымды адамдар мен азаматтар  прокурордың талап етуi бойынша  айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру  жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)

8. Прокурор, заңда көзделген басқа  жағдайлармен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстермен материалдардың  мәнi бойынша қандайда бiр түсiнiктемелер  беруге, сондай-ақ оларды кiмгеде  болсын танысу үшiн беруге мiндеттi  емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер  мен iстердiң материалдарын олар  аяқталғанға дейiн прокурордың  рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

 

 

 

 

7-бап. Арыздарды қарау

1. Прокуратура органдары заңдарда  белгiленген тәртiппен заң бұзушылық  туралы арыздарды қарай келiп,  адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.

2. Егер адам бойындағы, психикасындағы  немесе өзге де кемiстiктерiсалдарынан  өз құқықтарын қорғауды жүзеге  асыра алмайтын болса, прокурор  оны қамтамасыз ету жөнiнде  қажеттiшаралар қолдануға мiндеттi.

3. Прокуратура органдары заңда  белгiленген тәртiппен адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердiорындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.

4. Прокуратура органдарына қол  қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi  тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.

8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану

1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.

3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.

8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiүйлестiру

1. Прокуратура органдары құқық  қорғау және өзге де мемлекеттiк  органдардың заңдылықты, құқықтық  тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн  үйлестiрудi осы органдардың өзара  iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.

2. Үйлестiру кеңестерiөз қызметiн  Қазақстан Республикасының Конституциясына,  заңдарына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiтуралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiтуралы ереженiҚазақстан Республикасының Президентiбекiтедi.

2 ТАРАУ

Прокуратура органдарының жүйесi және оларды ұйымдастыру

9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi

Қазақстан Республикасының прокуратурасы  органдарының бiртұтас жүйесiн Бас  прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар  мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы  жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.

Прокуратура органдарының өз нышандары  болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

10-бап. Республиканың  Бас прокуроры және оныңорынбасарлары

1. Республиканың Бас Прокурорын:

1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Президентiбес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;

2) қызметтен Республика Президентiбосатады;

3) Ол Республика Президентiне есеп бередi;

4) оны өз өкiлеттiгiмерзiмiiшiнде  қылмыс үстiнде ұсталған немесе  ауыр қылмыс жасаған жағдайда  болмаса, Сенаттың келiсiмiнсiз  тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

2. Республика Бас Прокурорының  бiрiншiорынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентiқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3. Республика Бас Прокурорының  орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстiдепартаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.02 N 266, 2010.12.29 N 374-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

 

 

 

 

11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi

Республиканың Бас Прокуроры:

1) Республика аумағында заңдар  мен Президент Жарлықтарының  және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгiпрокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;

2) Республиканың Конституциясы  мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртiптiжәне қылмысқа қарсы күрестiқамтамасыз ету жөнiндегiүйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады;

Информация о работе Прокуратура туралы заң