Прокуратура туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, реферат

Краткое описание

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прокуратура туралы заң.docx

— 60.25 Кб (Скачать документ)

8) заңсыз ұсталған адамдарды  босатады;

9) қажет болған кезде жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге асыратын органдар  басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздерiне бағынысты органдарда тексерiс жүргiзудi талап етедi;

10) заңдарда белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

 

36-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар

 Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

7 ТАРАУ Тергеу мен  анықтама заңдылығына қадағалау

37-бап. Қадағалаудың мазмұны  мен мәнi

Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актiлерi мен қызметiнiң заңға сәйкестiгiне, жасалған қылмыстар және тергеу жүргiзу туралы өтiнiштер мен хабарларды шешудiң заңдарда белгiленген тәртiбiнiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.

38-бап. Прокурордың анықтама  мен тергеу заңдылығын қамтамасыз  ету жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Анықтама мен тергеудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) анықтама мен тергеу органдарынан  тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасалған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады;

2) жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi;

3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция бередi;

4) қажет болған жағдайларда  қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi;

5) тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды;

6) егер анықтама мен тергеу  барысында процеске қатысушылар  мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды;

7) тергеу мен анықтама толық  болмаған, сондай-ақ тергеу мен  анықтама барысында заңдылықтың  бұзылуына жол берiлгенi белгiлi  болған жағдайларда, қылмыстық  iстердi қосымша тергеуге қайтарады  немесе оны толық көлемiнде  не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;

8) анықтама мен тергеу органдарынан  келiп түскен қылмыстық iстердi  түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi;

9) қажет болған жағдайларда  тергеу бөлiмшелерi мен анықтама  органдары басшыларынан оларға  бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексерiс жүргiзудi талап етедi;

10) анықтама жүргiзушi адамның,  тергеушiнiң анықтама мен тергеу  органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды;

11) бұлтартпау шарасы ретiнде  қамауға алуға шешiм жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен шартының сақталуын тексередi;

11-1) Қазақстан Республикасының  аумағында қылмыс жасаған және  тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi;

12) заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Прокурордың өз құзыретi шегiндегi нұсқаулары жазбаша нысанда берiледi  және ол анықтама мен тергеу жүргiзетiн адам үшiн мiндеттi.

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

39-бап. Қамауға санкция беру

1. Қылмыс жасады деп сезiк туғызған немесе айып тағылған адамды қамауға алуға санкция беру құқығы Республиканың Бас Прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген басқа прокурорларға берiледi.

2. Прокурор анықтама мен тергеу  органдары берген материалдарды  зерделегеннен кейiн адамды қамауға алуға санкция бередi. Қажет болған жағдайларда прокурор iстiң мән-жайы бойынша санкция беру туралы мәселенi шешу үшiн санкция сұратылған адамнан жауап алуға хақылы.

3. Қамауға алуға санкция беруден бас тарту оның себептерi көрсетiле отырып, жазбаша баяндалады және оған шағым беруге болады.

8 ТАРАУ Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау

 40-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi

Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде,  сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк  құқық бұзушылық жасағаны үшiн  жазалау шараларын белгiлеген  кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  заңдарды қолданған кезде адамның  және азаматтың, лауазымды адамдар  мен ұйымдардың бұзылған құқықтары  мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;

3) азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  заңдарды қолданған кезде заңдарды  бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.

41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;

2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарау мен жаза  қолдану кiретiн лауазымды адамдар  мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;

3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау  мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ  әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;

6) азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;

8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi актiлерi

Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:

1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық енгiзуге;                                                                                                

2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң  бақылауындағы немесе қарауындағы  ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;

4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  қаулының орындалуын тоқтата  тұруға;

6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

9 ТАРАУ Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау

43-бап. Қадағалаудың мазмұны  мен мәнi

Прокурор:

1) сот тағайындаған жазалау мен  мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын;

2) аталған мекемелерде сотталған  адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын;

3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын;

4) азаматтық және өзге iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

 

44-бап. Прокурордың атқарушылық  iс жүргiзудiң заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi

Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде:

1) адам құқықтары туралы, қамалғандар  мен сотталғандарға мейiрбандық  тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге;

2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары  мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;

3) сот тағайындаған жазалау және  мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;

4) ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар  мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;

5) осы адамдарды ұстауға, қамауға,  жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға  мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негiз болған құжаттарды талап етуге;

6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға;

7) бас бостандығынан айыру орындарында  жазасын өтеп жатқан адамдарға  заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;

8) заңда белгiленген жағдайларда  жазалауды атқарушы мекемелер  әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы.

8-1) заңдарда белгiленген жағдайларда  атқарушылық iс жүргiзу органдарының  борышкердiң банктердегi немесе банк  операцияларының жекелеген түрлерiн  жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкiне тыйым салу туралы актiлерiне санкция беруге құқылы.

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.

10 ТАРАУ Қылмыстық қудалау

45-бап. Қылмыстық қудалау  шегi

Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

46-бап. Қылмыстық қудалау  жөнiндегi өкiлеттiк

 Қылмыстық қудалауды жүзеге  асыра отырып, прокурор:

1) оқиға болған жердi қарауға  қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау  туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;

2) қылмыстық iс қозғайды немесе  қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;

3) анықтама немесе алдын ала  тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi бередi;

4) заңда көзделген жағдайларда  жедел-iздестiру қызметiн, анықтау  мен тергеудi жүзеге асыратын  лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;

5) жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;

6) қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;

7) iстi сотқа жiбередi.

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

47-бап. Iстi сотқа жiберу

1. Айыптау қорытындысымен келiп  түскен қылмыстық iстi зерделеу  кезiнде прокурор немесе оның  орынбасары анықтама мен тергеу  органдарының заңдардың талаптарын  сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi.

2. Қылмыстық iстi сотта қарау  үшiн жеткiлiктi негiздер болған  жағдайда прокурор немесе оның  орынбасары iстi сотқа жiбередi.

3. Iстi сотқа жiберген ретте прокурор:

1) iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;

2) айыптау қорытындысынан жекелеген  айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы  заңды қолдануға;

3) тыю шарасын таңдап алуға,  өзгертуге немесе жоққа шығаруға;

4) қосымша тергеу жүргiзу үшiн  қылмыстық iстi қайтаруға хақылы.

11 ТАРАУ Прокуратура  органдарындағы қызмет, прокуратура  органдары қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

48-бап. Прокурорлар, прокуратура  органдарының қызметкерлерi. Прокуратура органдарына қызметке кiретiн адамдарға қойылатын талаптар

1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.

2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне  аттестациядан өткен адамдар  және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе  оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнiң аттестациядан өткен қызметкерлерi.

Информация о работе Прокуратура туралы заң