Прокуратура туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, реферат

Краткое описание

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прокуратура туралы заң.docx

— 60.25 Кб (Скачать документ)

4) Қазақстан Республикасының прокуратурасын  ұйымдастыру мен оның қызметiнiң  мәселелерiмен материалдық және  әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының  тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы  прокуратурасының органдары мен  мекемелерiнiң барлық қызметкерлерiжәне  жұмыскерлерiорындауға мiндеттiбұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;

4-1) өз құзыретiшегiнде:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс  жүргiзу кодексiмен жедел-iздестiру қызметiтуралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн  мiндеттiнормаларын қолдану мәселелерiбойынша; V106015, .V106343, .V11688 құқықтық статистиканың  барлық субъектiлерiүшiн мiндеттiқұқықтық статистика мен арнаулы есепке алу  мәселелерiбойынша нормативтiк құқықтық актiлер; V053704, .V116794, V095855, V095995, V032576, V042843, .V116942 осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудiжүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;

5) прокуратураларды, прокуратура органдарының  мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентiбекiткен штат санының лимитiшегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;

5-1) Республика Президентiне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;

7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң  келiсiмiмен облыстардың прокурорлары  мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7-1) ведомстволар басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

8) елдегiзаңдылықтың жай-күйiжәне прокуратура органдарының қызметiтуралы Республика Президентiалдында есеп бередi;

9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;

10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн  және жұмыскерлерiн Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк наградаларымен  наградтауға және құрметтiатақтар беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;

10-1) "Прокуратураның құрметтiқызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбiтуралы Ереженiбекiтедi;

11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң  қару мен оқ-дәрiалу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;

11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының  қарауына сот практикасының мәселелерiбойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердiжүзеге асырады.

12-бап. Бас прокуратура

1. Қазақстан Республикасының Бас  прокуратурасына Республиканың  Бас Прокуроры басшылық етедi.

2. Республиканың Бас Прокурорының  бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.

3. Бас прокуратураның құрылымын  және оның қызметкерлерiмен жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгiлейдi.

5. Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгiбағыттары бойынша үйлестiрiлуiмен орайластырылуын қамтамасыз етедi;

2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

4) Республика прокуратура органдарының  заңдардың орындалуын қадағалау  жөнiндегiжұмысын бақылайды;

 

5) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды  және тергеудiжүзеге асыратын  басқа да республикалық құқық  қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың  конституциялық құқықтары мен  бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң  мүдделерiн қорғау, халық тарапынан  сенiм мәселелерiне басымдық берiп,  өкiлдiоргандар мен жұртшылық  беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн  айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық  деңгейiнiң рейтингтiк бағасын  енгiзiп, есептiлiк және қызметтiбағалау  жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық  қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлiнысандарын белгiлейдi;

6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;

7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында  прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.

6. Қазақстан Республикасының Баспрокуратурасы  жоспарлы тексерулер жүргiзудiң  жыл сайынғы жиынтық жоспарын  ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 желтоқсанына  дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ба спрокуратурасының ресми сайтына орналастырады.

13-бап. Облыстардың прокурорлары

Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) облыстық, қалалық, аудандық және  оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегiқызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлерiмен жұмыскерлерiүшiн мiндеттiбұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

14-бап. Облыстардың прокуратуралары

1. Облыстардың прокуратураларына  және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Облыстардыңпрокурорларыменоларғатеңестiрiлгенпрокурорлардыңбiрiншi орынбасарларыменорынбасарлары, ағакөмекшiлерi менкөмекшiлерi болады. Облыстардыңпрокурорларыныңорынбасарларыоблыстықпрокуратуралардыңтиiстi басқармаларыныңбастықтарыболыптағайындалуымүмкiн.

3. Облыстардың прокуратураларында  және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалармен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.

15-бап. Қалалық, аудандық  және оларға теңестiрiлгенөзге де прокурорлар мен прокуратуралар

1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегiқызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы барлық қызметкерлер  мен жұмыскерлер үшiн мiндеттiбұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

3. Қалалық, аудандық және оларға  теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары,  аға көмекшiлерiжәне көмекшiлерiболады.

4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.

16-бап. Төменгi прокурорлардың  жоғары тұрғанпрокурорларға бағыныстылығы

1. Прокурорлардың бағыныстылығы:

1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерiжөнiндегiнұсқауларының төменгiпрокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;

2) төменгiпрокурорлардың жоғары  тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн;

3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгiпрокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;

4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгiпрокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн;

5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгiпрокурорлардың iс-әрекеттерiмен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.

2. РеспубликаныңБасПрокурорытөменгi прокурорлардыңбағыныстылығыныңөзгеденысандарынбелгiлеуi мүмкiн.

 

 

 

 

17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар

1. Бас прокуратурада, ведомстволарда, облыстардың прокуратураларында  және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.

2. Алқа отырыстарында прокуратура  органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының  анықталуына байланысты Бас Прокурордың,  ведомство басшысының, облыс прокурорының  немесе оған теңестiрiлген прокурордың  ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады.

3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.

5. Алқа  жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.

3 ТАРАУ

Прокуратураның құқықтық актiлерi

18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi

1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:

1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш,  санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсiндiрме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және  оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң  қолданылуын тоқтата тұратын  прокурорлық қадағалау актiлерiжариялануға тиiс.

2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.

19-бап. Наразылық

1. Прокурор Конституцияға, заңдарға  және Республика Президентiнiң  актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк  және өзге де құқықтық актiлерге,  мемлекеттiк органдар мен лауазымды  адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.

2. Заңсызактiнi, шешiмдi қабылдаған  органға немесе лауазымды адамға  немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтiрiледi. Органныңнемеселауазымдыадамныңзаңсызiс-әрекеттерiненаразылықнақосындайтәртiппенжасалады.

3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам  күнтiзбелiк он күн iшiнде қарауға тиiс.

Наразылық бойынша шешiм дайындау және қабылдау қажеттiлiгiне байланысты прокурор оны қараудың өзгеде мерзiмiн  белгiлеуге құқылы, бiрақ бұл кемiнде  күн тiзбелiк он күн болуға тиiс.

Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.

4. Наразылықта прокурор заңсыз  актiнiң күшiн жоюды не оны  Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.

5. Прокурор наразылық жасалған  актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.

20-бап. Қаулы

1. Заңның бұзылу сипатына қарай  прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор заңның қолданылуына  тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз  құқықтық актiнiалдырып тастау, қарау,  тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу  сипатындағы шараларды жою немесе  алып тастау туралы, күшiн тоқтата  тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.

3.Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам  заңмен белгiленгең мерзiмде, ал  мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде  мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

21-бап. Санкция

1. Прокурор жазбаша түрде:

1) қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды қамауға алуға;

2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге;

3) айып тағылған адамды қызметтен  шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға;

4) Конституциямен және заңмен  қорғалатын хат жазысу, телефонмен  сөйлесу, телеграф хабарлары мен  почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ  тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге;

5) шетелдiктердi әкiмшiлiк тәртiппен аластау үшiн ұстауға;

5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;

5-2) мемлекеттiк органдар мен  олардың лауазымды адамдарының  (Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкiнiң және қаржы рыногы  мен қаржылық ұйымдарды реттеу  және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын  қоспағанда) банктiк құпиясы бар  құжаттарға қол жеткiзуге; <*>

5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

Информация о работе Прокуратура туралы заң