Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:34, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қылмыстық-істі-қысқарту.doc

— 438.00 Кб (Скачать документ)

______________________________

 

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне Түсінік.//жауапты редакторлар //  С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. Алматы 2001ж

         2001-2003 жылдар аралығындағы қысқартылған істер мынадай баптармен қылмыстық іс қозғалған:

- ұрлық үшін – 31%;

- тұтынушыларды алдау  – 13%;

- қару жарақтың заңсыз  айналымы – 10,5%;

- бұзақылық – 7,9%;

- алаяқтық – 6,3%;

- тонау – 3,7%;

- иеленіп алу және  ысырап ету қылмысы бойынша – 2,7% қылмыстық іс қозғалды.

          Мысалы: Л. деген азаматты қылмыс жасауына байланысты айыптау қылмыстық ісі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 2-бөлігінің «в»-тармағы бойынша «сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету», яғни қызмет бабын пайдалана отырып жасау істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес қылмыстық істі келесідей негіздер бойынша қысқарту:

          Аталаған қылмыстық істер бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері барысында жалақы мөлшерінен есепке кететін соманы ұстап қалғаны анықталған. Бұл жағдайда тергеуші әрекеттің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес сараланады деген қорытындыға келген1.                

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлігі аталған заңның ерекше бөлімінде көзделген қайсы бір әрекеттің белгілері формальді болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіптілігі жоғары емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде заңның 37-бабы 1-бөлігі 12-тармағына сәйкес Л. деген азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес Л-дың қоғамға келтірген залалы елеулі маңызды емес, сондықтан қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес іс қысқартылады2.

          Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының пленарлық отырысының нормативтік қаулысының 49-бабында толық түсініктеме Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабына сәйкес берілген, онда әрекет елеулі болмағандықтан қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген. Сондықтан әрекетті жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

_______________________________

1 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92.        

2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

          Күдіктінің, айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес көрсетілген.

          Тараптарды татуластыру институты жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге бағытталған1.

          Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігі 5-тармағы бойынша негізге алынып осыған сәйкес қылмыстық іс қозғалмайды, себебі қозғалған қылмыстық іс не қысқартылады не тоқтатылады. Бұрынғы қолданыста болған Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл көрсетілген жүйе бірнеше рет аз мазмұнды болған еді, Қаз ССР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерін мүлдем қарастырмаған2.

          Ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен не оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса қылмыс жасаған адамның қылмыстық заң нормасы бойынша тараптар татуласқан болып есептеледі:

1. Қылмыс жасаған адамның қылмысты бірінші рет жасауы;

2. Қылмыс жасаған адамның  әрекеті онша ауыр емес немесе                   орташа  ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы;

3. Қылмыс жасаған адамның жәбірленушіге келтірген зиянның     есесін толтыруы;

4. Қылмыс жасаған адамның  жәбірленушімен татуласуы;

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне берілген түсініктемеде мынадай түсініктерді келтіреді3:

         Біріншіден, кінәлінің жасаған іс-әркеті онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар абайсыздық жағдайда жасалған қандайда да болмасын қылмыс немесе бас бостандығынан айыру бес жыдан аспайтын қасақана қылмыс үшін болуы.

          Екіншіден, тұлғаға моральдық не физикалық немесе мүліктік зардаптың нақты түрде келтірілуі. Мұндай қылмыстың түрлеріне мысалы: 129- бап Жала жабу, 130-бап Қорлау, 175-бап Ұрлық, 104-бап Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 257-бап 1,2-бөлігі Бұзақылық және т.б.

_________________________________

1 Д.Б.Бұғыбай Қылмыстық құқық , Жалпы бөлім, Алматы 2003-жыл 168-бет                    2 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан  О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С.150-154.

3 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Алматы: Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами ,Жеті жарғы, 2002. С. 93.        

Үшінші негіз болып, кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың болмауы және бұрын жасаған басқада да қылмыстарының болмауы, не қылмысты жауапты болмауы.

67-баптың төртінші  бөлігінің негізі болып, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі қажет. Ал татуласу заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуге дейін болуы шарт.

Бесінші негіз болып  жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет. Орнын толтыр, толық түрде жәбірленушіге тигізілген зиянды салдарының орнын қалпына келтіру немесе көңілінен шығуы толық көлемде орын алуы.  Жоғарыда айтылған негіздер тек жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың себептері ретінде 67-бапқа сәйкес іске асырылады. Сонымен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешу тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сотпен қарастырылады1.                

Татуласу жәбірленушінің кінәлі адамға қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату не қысқарту туралы өтініші түрінде болады. Жәбірленушінің өз еркін білдіруі жазбаша арызбен ресімделеді немесе алдын ала тергеу барысында одан, яғни жауап алу барысында толтырылған хаттамада көрсетіледі деп А.А.Рзаев өз еңбегінде көрсетеді2.

          Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс жәбірленушінің арызы (шағымы) бойынша қозғалады. Жәбірленушіге қозғалған қылмыстық іс бойынша қоғамға қауіпті әрекетпен моральдық, дене, мүліктік залал келтірілген болса, іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса және өзінің психикалық немесе физикалық кемістері болған жағдайда сотта тергеуде оның мүддесін заңды өкілі білдіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабы 22-тармағына сәйкес «заңды өкілдер – сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің ата – аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері».

          Егер жәбірленуші арыз беруге қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі берген арызы (шағымы) бойынша қылмыстық іс қозғалады3.

__________________________________

 

1 А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела (Материалы международной научно – практической  конференции). «Проблемы борьбы с претупностю в контексте национальной концепции права» А: КазГЮУ, 2002г, С.219-226.

2 А.А.Рзаев Совершенствование законодательства о прекращении уголовных дел, Караганда, 1984г, С.158.

Д.С.Темирова   Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств  не исключающих вменяемости,  Караганда 2001г,  С.55

          Егер  қылмыстық іс сезіктінің  немесе айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істің қысқаруы тек заңды өкілдің мақұлдауымен жүзеге асырылады. Яғни жәбірленушінің заңды өкілі істі қысқартуға келісімін беруі қажет.

          Жәбірленушінің арызы бойынша жеке немесе жеке – жариялық тәртіппен іске асырылады1. Жеке жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында (бірінші бөлігінде), 104-бабында (бірінші бөлігінде), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде), 120-бабында (бірінші бөлігінде), 121-бабында (бірінші бөлігінде), 135,139-баптарында,144-бабында (үшінші бөлігінде), 176-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 184-бабында (бірінші бөлігінде), 187-бабында (бірінші бөлігінде), 188-бабында (екінші бөлігінде), 189,200-баптарында, 226-бабында (бірінші бөлігінде), 227-бабында (бірінші бөлігінде), 228,229-баптарының (бірінші бөлігінде), 296-бабында (бірінші бөлігінде), 327-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы  немесе  арызы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғалмайды2.

          Қазақстан Ресспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ++-бабы 2,4-бөліктеріне сәйкес жәбірленушінің арызы жазбаша нысанда болуы тиіс. Ал арызда төмендегідей мән – жайлар көрсетілуі қажет: арыз берілген соттың толық атауы, орын алған қылмыс оқиғасының жан–жақты сипаттамасы, қылмыс болған орны мен уақытын дәлелдейтін нақты дәлелдемелердің болуы сонымен қатар соттың өз өндірісіне көрсетілген істі алуы жөніндегі жәбірленушінің өтініші. Қылмыстық жауптылыққа тартылуы тиіс адамдар немесе қылмыскер  тұлғасы туралы мәліметтері болса және куәгерлердің тізімі мен арыз берушінің қол қоюымен аяқталады3. Домалақ (аноним) арыздар сот өндірісіне алынбайды.

               Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының 3-бөлігіне сәйкес істі жәбірленушінің арызынсыз-ақ тиісті орган қозғауға құқылы. Егер қоғамға қауіпті әрекет дәрменсіз күйдегі не өзге де күтімді қажет ететін тұлғаның мүддесіне қарсы жасалса және ол адам өз құқықтары мен мүддесін қорғай алмайтын болса прокурор жеке айыптау істері бойынша істі қозғауға құқылы4. Сонымен егер жәбірленушінің арызы болмаса өндіріс қысқартылады.Кейде жәбірленушінің арызынсыз тиісті орган қозғап, қысқартуға құқықылы.Жеке айыптаушы өз арызынан бас тарту жағдайы да кездеседі.       

__________________________________________________

1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж.               212-бет                                                                                                                                2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. С. 92

3 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан  О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С150.

4 Д.В. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

            Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 9-тармағында қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым  салынған әрекетті есі кіресілі – шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты.

            Жоғарыда аталып өткендей, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге,  жазалануға тиіс және жасы толған адамдар ғана қылмыстың субъектісі болып табылады. Есі кіресілі – шығасылы адамдар қылмыстың субъектісі болып саналмайды, сол себептен де олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды1.

          Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез- құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам  деп  саналады. Бұл –есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс- әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кезде оны жасаушыға әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып есептеледі. Егер кінә болмаса қылмыс та жоқ , қылмыс болмаса жауаптылық жоқ, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалса өндірісті тез арада тоқтату қажет. Яғни қылмыстық іс қысқартылуы тиіс.              

         Егер адам қылмыс жасау барысында өзінің әрекетіне толық жауап бере алмаса және өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаса мұндай жағдайда ол адамның денсаулығы бұзылған деп бағалауға болады.

         Сот – психиатриялық сараптама тағайындалады. Сот – психиатриялық сараптаманың негізінде сезіктінің не айыпталушының жай- күйі анықталады. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот- психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет2.

Информация о работе Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі