Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:34, дипломная работа
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды.
Кіріспе
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.
Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер
2Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.
4А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, С.150.
5Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық
іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы
2000ж.
212-бет
Бұл жұмыста қылмыстық істі қысқартуға байланысты негізгі сұрақтарға тоқталып, тәжірибеде қолдану барысында қиындық тудыруы мүмкін негізгі ережелеріне талдау жасалды. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық істі қысқарту күрделі институттың бірі болып табылады. Себебі бұл институт теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да терең зерттелмеген.
Б.Қ.Төлеубекованың берген түсініктемесі бойынша: қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізушілік қызметінің аяқталғаны туралы шешімі.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Аталған институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексте шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексте шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде аталған институтты жеке бөліп, тарау ретінде қараса тиімді болар еді.
Қылмыстық істі ақтайтын және ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту өндіріс бойынша соңғы саты болып табылады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалау мен анализдеу барысында мән-жайлар анықталып, тиісті орган қылмыстық істі қысқартуға байланысты шешім қабылдайды. Шешім заңда бекітілген тәртіпте және нысанда шығарылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 және 38 баптарында қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар туралы айтылады. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269 бабының 1 бөлігінде осы Кодекстің 37 және 38 баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартылады.
Істі ақтайтын негіздер бойынша қысқартуда қылмыс оқиғасы мен қылмыс құрамдарының болмауы негізге алынады. Іс қысқартылғанға дейін сезіктіге айыпталушыға қысқартылу негізі мен осы негіздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі (ҚР ҚІЖК 51-бабының 2-бөлігі). Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады. Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды.
П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирскийдің пікірінше ескіру мерзімі – бұл заңмен белгіленген мерзім, оның өтуі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсаттылығы жойылса да іс міндетті түрде қысқартуға жатады1. Ал қылмыстық құқық ғылымына өз үлесін қосқан ғалымдар төмендегідей анықтаманы көрсетеді. А.Я. Дубинский және өзге де ғалымдар:
«Рақымшылық ету актісін қолданудың негізгі талабы ретінде тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігі міндетті түрде нақты дәлелденген болуы тиіс», деп көрсетеді. Рақымшылық актісі әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қолданылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс міндетті түрде қысқартуға жатады (ҚР ҚІЖК 37б , 1б ,10т).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қайтыс болған адамға қатысты норма және қылмыстық жауаптылық мәселесі мүлде қарастырылмаған. Бірақ материалдық қылмыстық құқықтық қатынастың субъектісінің болмауы өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Іс жүргізушілік заңның тиісті бабы мен бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдайда қылмыстық іс қысқартылады.
Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша қысқарту тәжірибеде біршама қиындықтарды туғызады. Себебі іс жүргізушілік кодексте нақты қай қылмыстар бойынша қысқартылатындығы немесе негізі атап көрсетілмеген. Мұнда бұл норманың заңдық мазмұнымен қолдану негізі жоқ.
Тараптарды татуластыру институты жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге бағытталған. Ал татуласу заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуге дейін болуы шарт.
Есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға сот тартпайды және ол жөнінде қылмыстық іс қозғалмайды.
Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшін жоймаған қаулысы бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес жойылады, яғни ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағы бойынша өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес іс бойынша ары қарай өндірісті жалғастыру мүмкіндігін жояды, соттың шешімінің қылмыстық іс бойынша міндетті күшін көрсетеді, осы жағдай орын алған кезде қылмыстық жауаптылыққа негіз бойынша қайталап тарту мүмкіндігі жойылады
Қорыта келе қылмыстық процестегі «қылмыстық істі қысқарту» институтына байланысты мәселелер толық зерттелмеген. Зерттеу жүргізіп барлық дискуссиялы сұрақтарды шешу бұл институтқа ауадай қажет деп ойымды қорытындылаймын.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы Бүкілхалықтық референдумда қабылданған
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997жыл 13желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жыл 16 шілдеде
4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 конституциялық заңы.
5. Прокуратура туралы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 заңы.
6. «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы» 1993 жылы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының заңы.
7. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы» 1996 жылы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы.
8. «Рақымшылық жасау туралы» 1994 жылы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының заңы.
9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының пленарлық отырысының нормативтік қаулысы.
10. 15 тамыз 2002 жылы №19 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленарлық отырысының қаулысында.
11. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
1. Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г. (диссертация)
2. Б.Қ. Төлеубекова
Қазақстан Республикасының
3.А.А. Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Уч.Пос.;Караганда, 1982.
4. С.А. Голунский. О
прекращении уголовных дел 1937
5. А.Я. Дубинский Прекращение
уголовного дела в сдадии
6. А.Я. Дубинский Прекращение
уголовного дела в сдадии
7. А.Я. Дубинский Основание к прекращению уголовного дела в сдадии предварительного расследования. Киев, 1973г.
8. В.В. Никитин, В.А. Дунин Прекращение уголовного дела. Омск, 1993г.
9.Л.М. Володина Спорные вопросы прекращения уголовных дел по нереабилитирующим основаниям // Актуальные проблемы охраны прав личности в советском уголовном судопроизводстве: Межвуз. Сб. науч. Тр., Свердловск: СЮИ,1989г, с.100-104.
10. П.М., Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, 1963г.
11. Н.В. Жогин, Ф.Н.
Фаткуллин предварительное
12. А.Д.Донценко Прекращение уголовного дела. М.2000г. с729.
13. Е.А.Челышев Решение о прекращении дела на предварительном следствии в советском уголовном процессе . Казань; 1983г С.18-35
14.А.Я.Дубинский Прекращение
уголовного дела в стадии
15. Р.Г. Искендеров Прекращение уголовного дела на предварительном следствии. Автореф. дис. канд. Баку, 1975г, 22 с.
16. Б.Х..Толеубекова, К.Ж..Капсалямов, Б.К. Шнарбаев, Д.К.Бекишев Уголовно – процессуальное право РК. Часть особенная, Алматы 2000г, 270с
17. В. А.Ковалев Прекращение уголовного дела в условиях деятельности органов дознания: Уч. Пос.1990г, 64с
18. Г.Н. Печников О прекращении уголовных дел по нереабилитирующим основаниям Формы досудебного производства и их совершенствование, Волгоград, 1989г. С.59-67
19. Уголовно – процессуальный
кодекс РК.(Общая часть)
20. Л.В. Никитина Вопросы уголовного дела в стадии предварительного расследования с освобождением лица от уголовной ответственности. Афтореф. Дис. канд. Саратов, 1981г, 21с.
21. В.В. Зинькович Институт реабилитации – надежная гарантия охраны прав личности в советском уголовном процессе . Свердловск, 1989г, с.113-118
22. Л.В.Никитин Вопросы правовой и моральной реабилитации лица при прекращении дела с освобождением от уголовной ответственности // Проблемы правового статуса личности в уголовном процессе \\ Саратов,1981г, с.69-77.
23. Карнеева Л. Прекращение уголовного дела за отсутвием состава и событития преступления 1970г, с53-54.
24. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы 2000. 230-235-бет
25. Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы2003.247 бет
26. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты авторлар:з.ғ.к. проф. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов 690бет
27. А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела // материалы международной научно – практической конференции\\ Алматы: КазГЮУ, 2002. с.219-226.
28. А.Н. Ахпанов, А.Л.
Хан О понятии
29. А.Л. Хан Проблемы процессуальной независимости следователя в уголовном судопроизводстве РК. Караганда 1997, с150-154.
30. С . Мусабеков Амнистия – акт гуманизма уголовной политики в РК Фемида 2001, №6 с21-22
31. Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001, с50-56
32. М.Н. Филиппов Обеспечение
прокурором всесторонности, полноты
и объективности
33. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Под ред. И.И.Рогова и С.М. Рахметова, Алматы, Баспа, 1999г, с.808.
34. Б.К. Шнарбаев Правовые
последствия признания
35. К.А. Мами, А.Т. Жукенов Вопросы применения новых УК и УПК РК и судебная практика, Справочная система Юрист.
36. А.Ф. Смирнов Применение
акта амнистии органами
37. Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов //Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова, Алматы 1998г 228с.
38. Ж.Тыныштыкулы Роль
прокурорского надзора в
39. Г.М. Миньковский Окончание предварительного расследования и право обвиняемого на защиту, М.; 1957,211с.
40.Л.М. Володина Прекращение уголовных дел вследствие изменения обстановки и в связи с направлением для применения мер общественного воздействия в стадии предварительного расследования. Л.;1976г, 23с
Информация о работе Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі