Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:34, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қылмыстық-істі-қысқарту.doc

— 438.00 Кб (Скачать документ)

          Аталған негіз бойынша қылмыстық істі қысқыртудың алдында мына жағдайларды анықтау қажет2:

  1. Нақты қылмыстың оқиғасы орын алғандығы не алмағандығы;
  2. Қайтыс болған адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне кінәлілігі;
  3. Өзге де тірі көмектесуші не айдап салушы, орындаушы сияқты қылмысқа қатысушылардың бар жоқтығы;

         Және өзге де жағдайларды тергеуші анықтап, нақтылау қажет, әрине егер ол мәліметтер іс үшін маңызды болып табылса.

          Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар алдын ала тергеуде анықталмаса, онда іс бойынша өндіріс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігінің 11-тармағында көзделген негіз бойынша іс қысқартылады.

           Егер қылмыстың оқиғасы орын алса, бірақ іс қайтыс болған адамға қатысты қылмыс құрамының немесе дәлелденбегендігіне байланысты қысқартылса, онда тергеу қылмыстық процесуалдық заңның мәні бойынша қылмыс жасаған қайтыс болған адамды ақтап, ал тірі қылмыскерге қатысты тиісті шаралар жүргізіледі3.

______________________________

1Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық ісжүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 2000ж. 216-бет.

2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85

3Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С.72

          Ғылыми әдебиеттерде қайтыс болған адамның кінәлілігі күмәнсіз, жан-жақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетіледі. Мысалы, жол апаты оқиғасы болған кезде кінәлі адам қайтыс болуы мүмкін1.

          Қайтыс болған адамның құқықтарын қорғау үшін және сотта туыстардың дұрыс шешім қабылдау үшін ықпал ететін қорғаушының бар болғандығы дұрыс деп ресей ғалымы А.Я. Дубинский өз ойын қорытындылайды2. Ал статистикалық мәліметке сәйкес орташа алғанда 2001-2003 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша 50% іс қайтыс болған адамға қатысты қысқартылған3.

          Аталған ғылыми еңбекте Д.В. Синев төмендегідей мысал келтіреді4:

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлелдерді сипаттау бөлімінде Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 103-бабында  көзделген қылмысты жасау фактісі бойынша іс қозғалған, айыпталушының кінәсіне байланысты дәлелдемелер келтірілген және алдын ала тергеу барысында №0006963 өлім туралы куәлікке байланысты М. деген айыпталушы 31.07.2003 жылы қайтыс болған.

          Алдын ала тергеуді жүргізетін құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық өндірісті қысқарту жағдайлары жиі кездеседі, мысалы, Р. деген азамат Қазақсатан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін келесідей негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылды. Қылмыстық істің материалдарына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлеледерді сипаттау бөлімінде келесідей негіздер мен мән-жайлар анықталған. Р. деген азаматтың Ш. азаматшаны өлтіруіне байланысты кінәсі толық дәледенген. Ол келесідей қылмыстық іс материалдарында:

  1. Куәдан жауап алу кезінде Р. деген азамат мас күйінде біреуді өлтіргенін куәға ашық түрде айтқаны анықталған;
  2. Куәдан жауап алу барысында қылмыс оқиғасы орны алғанға дейін Ш. деген азаматша өзінің жақын досы Расул (Р.) деген азаматпен сыртқа шығып кеткені анықталған. Содан кейін Ш. деген азаматшаны ешкім көрмеген;
  3. Иіс іздерін одоралогиялық идентификация немесе теңестіру кезінде гильза патронынан тиісті іздер алынған. Бұл іздер орын алған

 

_______________________________

 

1Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С.72

2Дубинский А.Я. Основания к прекращению уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1973г. С. 65

3Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85

4Сол жерде.

 

қылмыс оқиғасымен тікелей  тығыз байланысты. Өлім фактісі бойынша жедел іздестіру шаралары барысында және жүргізілген одоралогиялық сараптаманың барысында Р. деген азаматтың қанынан алынған иіс пен гильза патронындағы иіс бір-біріне теңестіріліп нұсқасы оң қорынды берді.                               

        Осы қылмыстық істі тергеу барысында Р. Ш деген азаматшаны өлтірген , ал қылмыскер Р- ды   Ш-ның жақын туысы Данияр өлтіргендігі анықталған.

          Рахметов Расул Қалимоллаұлы өзінің танысы Ақтамбаева Шахризада Бекболатқызын өлтірген, ал қылмыскер Рахметов Расул Қалимоллаұлын Шахризаданың жақын туысы кек алу мақсатымен Ақтамбаев Данияр Иманғалиұлы өлтіргендігі анықталған.

          Данияр жақын туысы Шахризаданың жоғалып кетуімен байланысты оны іздеуге шыққан. Көрген адамдардың берген мәліметтері бойынша Шахризаданы іздеп, Расулдың мәйітті (жақын туысы Ақтамбаева Шахризада Бекболатқызын )  ауыл сыртындағы жазық даладағы ағаштардың арасына апара жатқанын көріп, артынан ілесіп отырып, көмбек жерінен ұстап алып, ақыры шыдай алмай өзі кек алу мақсатымен қылмыскер Рахметов Расул Қалимоллаұлын өз қолымен, яғни басын тасқа жарып өлтірген.

          Мұнда бірінші тұлғаға қатысты, яғни Рахметов Расул Қалимоллаұлы, қылмыскердің өліміне байланысты қылмыстық іс қысқартылады. Ал екінші тұлға, яғни Ақтамбаев Данияр Иманғалиұлы өз кінәсін мойындап келіп, шын өкінуіне байланысты іс сараланады.

          Іс жүргізушілік заңның тиісті бабы мен бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдайда қылмыстық іс қысқартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қазақстан Республикасының 1997-жылғы  Қылмыстық іс жүргізу кодекстің жаңалығы болып, жаңа норма табылады, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты негіз қарастырылған».

          Аталған норманы анализдейтін болсақ, отан ғалымдары әртүрлі және көбінде бір-біріне қарама-қарсы баға мен комментарийлер береді.

          С.Д. Оспанов, Т.Е. Сарсенбаев, А.Л. Хан сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы жөнінде сөзді төмендегідей қозғайды.

           Мынадай негіздерді көрсетеді:

  1. Шын өкіну (ҚР ҚК 66 бап);
  2. Жағдайдың өзгеруі (ҚР ҚК 68 бап);
  3. Жәбірленішімен татуласуы (ҚР ҚК 67 бап)1.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексіне  түсініктеме берген авторлардың  пікірінше аталған жағдайға Қылмыстық  кодекстің 5-бөлімінде көрсетілген  барлық жағдайларды жатқызуға болады. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Себебі көрсетілген негіздерді анализдеу барысында заң шығарушы «қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін» деген түсінікті қолданады, яғни аталған жағдайда құзыретті құқық қорғаушы органға адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын (ҚР Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қоспағанда) шешім қабылдау арқылы құқық береді.

          А.С. Нұралиева әділ пікір айтты. Көрсетілген баптар, яғни адамды қылмыстық жауаптылықтан босату тек қосымша түрде қолданылу тиіс2.

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабында көрсетілген мән-жайларды пайдаланылудың іс жүргізушілік жағдайды құзіретті органға қылмыстық істі қысқартуды ескеруге міндетті емес, бірақ құқылы.

          М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы мына төмендегі жағдайларда қысқартылады:

              

___________________________________

 

1Т.Е.Сарсенбаев, А.Л.Хан Уголовный процесс. Досудебное производство, Астана 2000г.,

2 А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела (Материалы международной научно – практической  конференции). «Проблемы борьбы с претупностю в контексте национальной  концепции права» А: КазГЮУ, 2002г, С219-226.

 

 

             1. Жазықсыз зиян келтіру (ҚР  ҚК 23-б. 2,4-б).

             2. Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе    

                орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).

            3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының                  1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.

             4.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37                     баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау                  кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп                  немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді                  орындау).

Мұндай көзқарастар  қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді.

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37- баптарында қарастырылған әрекеттер заңнамаға сәйкес қылмыс емес деп көрсетілмеген, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

          Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 23-бабында жазықсыз зиян келтіру қылмыс болып табылмайды және қол сұғушылық жасаған адамды заң жауаптылыққа тартпайды.

          Осы мәселеге байланысты 15 тамыз 2002 жылы №19 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленарлық отырысының қаулысында сот үкімінің 49-бабында толық және жан-жақты түсініктеме берілген.

          Сонымен қатар, аталған нормативтік қаулыда бірнеше қарсылықтар бар. Судьялар төмендегі баптарға түсініктеме береді:

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 24-бабын 1-4 бөліктерінде ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмықа дайындалу кезінде және ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу, 26-баптың 1-бөлігі (қылмыстан өз еркімен бас тарту) бұл аталғандар қылмыс болып табылмайды және жауаптылық жүктелмейді.

          М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірлері өзге ғалымдарға қарағанда дұрыс болып отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылуға жатады.

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына заң шығарушылардың берген анализі бойынша аталған заңның 38-бап жиынтығымен алғанда мынадай қорытынды береді: барлық негіздерге сәйкес адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде қылмыстық заңда көрсетілген негіздер бойынша факультативті немесе қосымша белгілер деп (ҚР ҚК 65,66,68,67 бап 2-бөлігі және ҚР ҚІЖК-ң 38-бабының 1-бөлігі басқа жағдайда, сонымен қатар ҚІЖК 37-баптың 1-бөлігінің 3,4,5,11-тармақтарымен) жеке анықталған.

          Сонымен қоыта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша мынадай жағдайларда қысқартылады.

          1. Қылмыстық заңның кері күші болған жағдайда, яғни үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қылмыстылық пен әрекетке жауаптылық жаңа қабылданған заңмен алынып тасталған болса Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабына сәйкес әрекеттің қылмыстылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің оның заңды күшіне енгенге дейінгі жасалған іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік береді1.

          2. Егер кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасына толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартуға тиіс емес.

          3. Ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 2-б) және қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 4-б.) жауаптылық басталады.

          4. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартуы (ҚР ҚК 246-б.).

          5. Қылмыстық жауаптылықтан арнайы босатқан жағдайда Қылмыстық кодекс Ерекеше бөлімінің арнайы баптарында (ескерту келесі баптарға 125,165,193,233,234,236 және т.б.) ескерту қарастырылған жағдайда қарастырылады.

          Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша қысқарту тәжірибеде біршама қиындықтарды туғызады. Себебі іс жүргізушілік кодексте нақты қай қылмыстар бойынша қысқартылатындығы немесе негізі атап көрсетілмеген. Мұнда бұл норманың заңдық мазмұнымен қолдану негізі жоқ. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Алматы қаласының прокуратурасы 2001-2003 жылдары аралығында аладын ала тергеу сатысында аталған негіз бойынша шамамен 5,6% іс қысқартылған. Шамамен аталған көрсеткіштің жартысы аладын ала тергеу стадиясында қысқартылған.

Информация о работе Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі