Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:34, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қылмыстық-істі-қысқарту.doc

— 438.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I Тарау.  Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі,       маңызы.

          1.1.Қылмыстық  істі қысқартудың түсінігі.

          1.2.Қылмыстық  істі қысқартудың маңызы.  

II Тарау. Қылмыстық  істі қысқартудың негізі және шарттары.

           2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні  мен   классификациялаудың негізі.

2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту

           2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту

III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді             болуы.

            3.1.Қылмыстық істі қысқартудың  процесуалдық тәртібі.

Қорытынды.

 

Нормативті құқықтық актілер

Пайдаланылған әдебиеттер

Сот тәжірибесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.

 Құқықтық мемлекетке  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру.

Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыстық іс алдын ала тергеуде іс бойынша өндірісті қысқарту нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін.

Ресей ғалымдары бұл мәселеге байланысты көбірек көңіл бөлген, бірақ өкінішке орай Қазақстандық ғалымдар арасында қылмыстық істі қысқарту институты терең зерттелмеген.

Қылмыстық істі қысқартуға байланысты сұрақтарды мынадай ғалымдар қарастырған: М.С.Нарикбаев, М.М.Алиев, А.А.Рзаев, А.Н.Ахпанов, Н.А.Абдиканов, Б.Қ.Төлеубекова, Г.А.Абдумажидов, Л.М. Володина, А.С.Барабаш, П.М.Давыдов, А.Я.Дубинский, Ө.С.Жекебаев,  Р.Г.Искендеров, Н.В.Жогин, Т.Т.Дубинин, К.Ж.Капсалямов, Л.М. Карнеева, С.Г.Келина, В.А.Ковалев, Ю.В.Кореневский, Д.Я.Мирский, Я.О.Мотовиловкер, М.М.Михеенко, Л.В.Никитина,  И.Л.Петрухин, Г.А. Печников,  И.И.Рогов,  В.М.Савицкий, Т.Е.Сарсембаев, Ф.Н.Фаткуллин, А.Л.Хан, Е.А.Челышев, Р.Н.Юрченко, Н.А.Якубович, С.А. Шейфер, Г.М.Миньковский, М.С.Строгович және т.б. ғалымдар. Сонымен қатар Қазақстандық кандидат Д.В.Синевтың еңбегі де басшылыққа алынды.

Аталған ғалымдардың  еңбектері қарастырып отырған құқықтық институтты жетілдіруге әсер етті, бірақ сұрақтардың барлығын шешкен жоқ, ол сұрақтар қазіргі таңға дейін  дискуссиялы болып отыр.

Бұрынғы СССР кезіндегі заңнамадан қазіргі іс жүргізушілік заңнаманың айырмашылығы: қысқарту институтын екі топқа, он екі негізге бөліп қарастырған: ақтайтын және ақтамайтын. Бұл жаңа іс жүргізушілік заңнамаға енгізілген жаңалық болды. ҚазССР кезіндегі заңнамаға қарағанда негіздер өзгертіліп, жаңартылды, мұнда тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін жағдайлар қаралған.

Сонымен қорыта келе, қылмыстық  істі қысқартуға байланысты мәселе өзекті болып табылады және терең зерттеуді  қажет етеді.

Нақты зерттеудің объектісі болып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдар, сондай-ақ тергеушінің, анықтаушы органның құқық қолданудағы қызметі, прокурор мен  әділ сотты жүзеге асырудағы соттың қызметі.

Зерттеудің пәні болып, іс бойынша өндірісті қысқарту институтының теория мен тәжірибедегі қазіргі таңдағы жағдайы мен орны. Сонымен қатар іс бойынша өндірісті қысқартуға құзіретті тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізушілік заңдарында орын алған құқық бұзушылықтары.

Зерттеудің  міндеті мен мақсаты.

Қылмыстық істі қысқарту институтын кешенді түрде зерттеу мақсаты алға қойылып, Қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру үшін ғылыми – тәжірибелік ұсыныстар енгізу және қарастырылып отырған институттың тиімділігін көтеру жолдарын ұсыну .

Бітіру жұмысының мақсаты:

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуға байланысты шешімнің мазмұнын анықтау, ақтайтын және ақтамайтын негіздерді бір-бірінен ажырататын елеулі белгілерін анықтау, іс бойынша өндірісті қысқарту негіздерін әртүрлі жүйедегі саралауларды қатыстылығына байланысты салыстыру, өндірісті қысқарту барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іс жүргізушілік кепілдіктерінің жүйесін қарастыру. Заңда көрсетілген норма мен тәжірибеде оның жүзеге асырылуын салыстыра отырып жазу.

Теориялық негізі. Зерттеліп отырған бітіру жұмысымда көптеген мәселелерді шешу барысында жалпы құқық теориясы саласында еңбек еткен атақты ғалымдардың  еңбектері мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы совет дәуіріндегі, қазіргі таңдағы және шетел құқығы.

Нормативтік база ретінде зерттеуде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының пленарлық отырысының қаулылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің қаулылары және т.б.

         Егемен Қазақстан Республикасы  тарихи дамудың жаңа сатысына  қадам басып, нарықтық қатынастарға  негізделген жаңа экономикалық  жүйе құру үстінде.

. Оны мемлекет және  қоғамдық өмірде нағыз, негіз  етіп қою. Өткен саяси өмірде  мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.

          Біздің мемлекеттің ең маңызды  мемлекеті – мемлекет азаматтың  алдындағы, ал азаматтың мемлекет  алдындағы құқығын қамтамасыз  ету. 

          Біздің мемлекеттің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту.

          Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі  құбылыстар да күрделене беретіні  анық. Сол құбылыстар қатарындағы күрделісі де қауіптісі де қылмыс. Қылмыспен қатаң және қатал күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын алу және құқық бұзу себептерін жою қажет. Қазіргі таңда қылмыстылық ұйымдасқан және кәсіпқой сипат алуда. Қоғамды қылмыстың шұғыл дамуы шиеленіскен сипат алса, бұл – мемлекет негіздеріне қауіп төндіріп, өркениетті жолмен нарыққа көшу мүмкіндігіне күмән туғызады.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы  өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» табылады деп көрсетілген және өзінің түбегейлі принциптері ретінде мына төмендегілерді көрсетеді: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

          Қылмыстылықты және оны тудыратын себептерді айтпай, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.

Сондай-ақ алдын ала  тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім  шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының  дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).

Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет  оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.

Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.

Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» - қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.

П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады.

Алдын ала тергеуде қылмыстық  іс бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім басқарушы акт ретінде  қылмыстық процесте тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуші ролін атқарады. Бұл аталған шешім заңды түрде тікелей заңға негізделіп шығарылады1.

Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізуші қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық  істі қысқарту тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер мыналар2:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар;

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән – жайлар.

                       Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың, тергеушінің, анықтаушы органның, прокурордың қаулысы болып табылады, оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

              Қылмыстық істі қысқартылардың  алдында сезіктіге, айыпталушыға  істі қысқарту негіздері, сондай-ақ  олардың заңда көзделген негіздер  бойынша істің қысқартылуына  қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі.  Қылмыстық істің жалғастырылуына негіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады.

               Қылмыстық істі қысқарту немесе  оны  қайта жаңғырту туралы шешімнің қабылдануы заңдылыққа прокурорлық қадағалаудың нысаны болып табылады. Іс заңсыз тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылған жағдайларда прокурор өз қаулысымен аталған шешімдердің күшін жоюға және істі одан әрі жүргізуге немесе істі қайта жаңғырту туралы қаулының күші жойылғанда процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау жөнінде іс жүргізушілік шаралар қолдануға жіберуге құқылы.

Істің қысқартылғаны  немесе қайтадан жаңғыртылғаны туралы мүдделі адамдар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы (адвокат), жәбірленуші , оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері өз өтініштері бойынша іс қозғалған жеке және заңды тұлғаға хабардар етіледі. Аталған адамдар істі қысқарту немесе қайта жаңғырту туралы шешіммен келіспеген жағдайда олар белгіленген тәртіппен оған шағым жасай алады3

_______________________________

 

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям  на предварительном следствии. Алматы 2003г. С.13

Информация о работе Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі