Журналист этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 11:13, дипломная работа

Краткое описание

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
2.2 Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
2.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
2.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом журналистика2003соңғысы.doc

— 396.50 Кб (Скачать документ)

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі телехабарларда үндестік заңының бар екені мүлдем ұмытылған сияқты. Дауыс ырғағы мен өзін-өзі ұстау қабілетін, әртістігі мен қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің аздығы жоғары оқу орындарындағы тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы дұрыс оқуға машықтандыратын мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актерлер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді. Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың  6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл нишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. Біз озық технология дәуірінің тамаша мүмкіндіктерін пайдалана алмай, бойымызда бар асыл қасиетті, ұлттық болмысымызды жаңа жүйемен қабыстыра алмай жатқан сяиқтымыз. Сондықтан да кез келген салада жалықпай, жаңылмай ұлттық үнімізді үздіксіз іздеп, жоқтап, тауып отыру бұлжымас парызымыз. Үн- көңілдің айнасы. Үннің бояуы ішкі жан сарайдан хабар береді. Сіздің мінез-құлқыңызды, кім екеніңізді үніңіз айтып тұрады. Жер бетінде қанша адам болса, сонша үн бар. Дауысыңызды қанша құбылтқаныңызбен жүрегіңізде не жатқанын үніңізден білуге болады, үн алдамайды. Біздің үніміздің бояуы, екпін-ырғағы ұлттық аспаптарымыздың үнінде- төкпе күй мен күңіренген қобыз дауысында жатыр. Қазақ тілінің құдіреті осында. Теледидардағы үніміздің екі мағынасында да құмығып, сақауланып шығып жатқанын ести білетін, ескере білетін журналистердің көбеюуі ертеңгі телеарналарымыздың жарқын болашағы.

Тікелей эфир – жуналистикадағы соңғы жылдардағы жаңа түрлерінің бірі. Мұның авторлары өз алдына көркемдік мәселелерді, эстетикалық ойарды хабарлауды қойған болса, онда өз үдесінен шыққандары. Бірде В. Листьев «Час Пик» тікелей хабарын жүргізіп отырып, былай деген еді: «Тікелей хабарды мен неліктен жақсы көремін? Себебі мұнда өтірік айта алмайсың. Тыңдай білу, тек тыңдау ғана емес, адамды түсіне білу де. Тікелей хабарды жүргізу өте қиын. Белгілі бір мәселеге менің көзқарасым қандай, оның көзқарасы ше? Сырттай қарағанда өте қарапайым: екі адам әңгімелесіп отыр. Ал шындығында бұл – нағыз шыншыл өмір. /11.121 б./.

В. Листьев кезінде Орталық теледидарда теңдессіз құбылыс ретінде бағаланды. Ол экранда толассыз құйылатын, су шайқалмас жорғалар қатарындағы ірі тұлға болатын. «Поле чудес» хабарындағы ой легінің тегеурінді серпінділігі, үзіліссіз ой ағысы, ықшамдылық, сұрақ нақтылығы, дәл жауап, дәлдік, шалт қимыл, тіл байлығының молдығы, бәрі-бәрі бір бейненің бойында тоғысуы – құдірет қолымен жасалған нағыз шеберлік. Кейінірек ел өміріндегі елеулі оқиғаларды халықтық ойдың көшбасындағы серкелермен бөлісу мақсатында өмірге келген «Час пикте» де автор осы қалпынан танбады. «Тікелей эфирге» В. Листьев өзінше бір соны леп, екпін, өзгелерден болмыс-бітімі бөлек түр әкелді. Бүгінде бұрынғы КСРО кеңістігіндегі елдердің бәрінде дерлік В. Листьев мектебінен үйренбеген тележүргізуші жоқтың қасы. Ресейлік жүргізушілерден алар тәлім көп. Бірақ толығымен оларды қайталау қазақ менталитетіне келмейді. Қазақстанда В. Листьев сияқты жүргізушілер бар ма, болды ма? Заңды, әрі орынды сұрақ. Тарихқа тереңдеп енбей, бертінгіге көз салсақ... Бар. Болды. Өкінішке орай, қазір жоқ. Ол – Қазақстан Ұлттық арнасында 2003-2005 жылдар аралығында  «Мезгіл» саяси-сараптамалық бағдарламаны жүргізген Ғалым Боқаш. 2ОО4 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен жүздесуі кезінде парасат пайымымен, орынды сұрақтарымен, салиқалы әңгімесімен республика жұртшылығын елең еткізген Ғалым Боқаш тікелей эфир жүргізушісіне жаңа соқпақ салып кетті. Қимыл-қозғалысымен, қоңыр дауысымен, ең бастысы ұшқыр ойлары мен талайлардың жүрегіне жол тапты. Әсіресе тіл тазалығы мен «өзім білемділікке» салынып, тақпақтап, орағытып бастап, аяғында айтар ойын ұмытып қалар жүргізушілердің Ғалым Боқаштан үйренері көп.  Сондай-ақ «Оян, қазақ» ақпараттық-танымдық ертеңгілігі жобасының бұрынғы жетекшісі Нәзира Бердалы да тікелей эфир хабарларына өзінің сүрлеуін салды. Қазақтілді жүргізушілер «осынікі жөн» деп орысша хабарлардан тікелей аударатын сөз тіркестері көп. Мәселен «оставайтесь с нами», «не переключайтесь» сяиқты сөздер «бізбен бірге болыңыздар», «басқа арнаға ауыспаңыздар» деп айтылып жүрді. Ойы орамды, тілі бай Нәзира Бердалы бұл сөздердің барлығына қазақы реңк, қазақы түр берді. Қазақтілді тележүргізушілер легі енді-енді қалыптасып келе жатқандай. Тележүргізуші мақсаты - өзгені айна-қатесіз қайталау емес, өзіндік ерекшелігімен көрермен есінде қалу.  

 

                                     1.2 Тікелей эфир ерекшеліктері

 

     Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

       Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі». /2. 208 б./. Ол рас, тек бұл тұжырымдама тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді.

       Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

     «Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

      «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.
Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары келіп түседі, ал жүргізуші жауапты тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасындағы «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.

      Телефон. Телефон желісіндегі көрерменмен кері байланыс қазіргі заманғы тележурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды, тыңдағысы келген әндерін сұрайды, шақырылған студия қонағына өзін мазалағын сауалын қояды. Және соның бәрі тікелей эфирде өз дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған қонақпен тілдеседі, өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік алады. Жүргізушілер ескерер тағы бір жайт, телефон шалушы көрермен ә дегенде тікелей эфирге дауысым естіліп тұр деп ойламайды немесе мен оларды естіп тұрмын, олар мені тыңдап отырған жоқ деп ойлайды. Сол себепті қайта-қайта «алло, алло» деп біраз уақытты алады. Онымен қоймай, дауыс естілмей тұр деп теледидардың дауысын барынша жоғары қояды. Мұның салдарынан эфирде шыңылдаған жағымсыз шу пайда болады. Тәжірибелі жүргізуші мұндай кезде бірден хабарласушымен амандасып, теледидардың дауысын сәл бәсеңдетіп қоюуды өтінуі шарт. Олай етпегенде телефонның арғы бетіндегі көрерменмен бергі бетіндегі жүргізушілер бір-бірін естімейді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, кей жағдайда көрермендер тарапынан жүргізушілерге деген жағымсыз пікір, былапыт сөздер айтылып кетуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікті эфирге жібермеу үшін телефонда кезекшілік етіп отырған қызметкер сақ болғаны жөн. Ол хабарласқан адамнан не айтпағын, қандай сауал қоймағын егжей-тегжей сұрауы шарт. Егер оқыстан біз айтқандай жағдай бола қалса, жүргізуші ештеңе болмағандай жайбарақат, тіпті естімегендей күй танытқандары дұрыс.
Соның бәрімен қатар, көрермендердің ұтыстарға, алуан түрлі телеойындарға қатысуы да интерактивтілікке жатқызуға болады. Әлбетте, телеойын жеңімпазының сыйлық алу үшін телеарнаға келуі дәстүрлі құбылысқа айналған. Бұл көрермен мен журналистерді жақындастыра түседі. Ал бұқара үшін жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне, нағыз журналистке көрермендердің алғысы мен рахметін алғаннан асқан бақыт жоқ. Бұл тек сол жүргізушінің беделін өсірмейді, бұл журналист қызмет ететін арнаның рейтингінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен, қазіргі заманғы теледидардағы интерактивтілік біздің қоғамымыздағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын үйлесімді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті туғызушы фактор – телевизиядағы кері байланыс процесі.

    Телевизияның адамзат баласының бір-бірімен негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы «кері байланыс» процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин «ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен «белгіні сезім арқылы қабылдау» - деген анықтама береді. /3.59 б./.
Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болы

Информация о работе Журналист этикасы