Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 11:13, дипломная работа
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25
ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
2.2 Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
2.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
2.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55
Журналист кәсіби этиканы қашанда құрметтеуге, оны аяқ асты етпеуге тиіс. Жазған жарияланымдары қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына бөленген сайын ол соншалық кішіпейіл, елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі, журналист мамандығының бір ерекшелігі, ол үнемі елдің көзіне, халықтың бақылауына болатындығында. Оқырман журналистің жазған әрбір мақаласына баға беріп отырады. Оның жазған дүниелерінен менменсіген, мақтанған сыңай байқалса автордың өзінен бұрын оқырман дереу сезіп қояды. Біреу болмаса да біреулер сырттай бақылап отыр дегенді журналист естен шығармауы керек. Сондықтан журналист адам өзінің жеке басының мүддесін ешқашан да қоғамдық, халықтық ортақ мұраттан жоғары қоймайды.
Өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу – журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден сіңісті болған этикалық қасиет болып табылады. Адал әрі әділ болу – журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да қастерлі қасиеті болып табылады. Қазақта «Айтпаса сөздің атасы өледі», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген тамаша сөздер бар. Бұл адал журналистің қашанда ұстанатын қағидасы іспетті болуы қажет.
1.4 Саяси журналистер кәсіби этикасы
Бүкіл əлем бойынша заңгерлердің жұмысын баспасөзде жазатын көптеген журналистер жұмыс істейді, алайда олар ұстанып отыруға тиіс əдеп мінез-құлық кодексі жоқ. Парламенттік жəне саяси журналистердің басын біріктіретін жəне дүние жүзіндегі барлық газеттер мен БАҚ тарапынан сөзсіз қолдау табатын, ешқандай халықаралық ұйым да жоқ.. Егер кездейсоқ ең атақты деген барлық мықты саяси журналистер кенет, халықаралық конференцияда кездесе қалғандай болса, олар «таңдаулы машық» ережелерінің тарауларын талдай алмас еді.
Бұл ең алдымен мынаған байланысты, журналистика халықаралық бірегей стандарттарға ие емес. Белгілі бір дəрежеде Журналистиканы – шындап келген де мамандық деп те атауға болмайды. Көптеген елдерде бұл салада кəсіптік біліксіз, арнайы дайындықсыз да журналист болу- мүмкін. Журналистерді қандайда бір кəсіптік ұйымға да жатқызу қиын, жəне бұрыс əрекет жасалған жағдайда, , олар журналист болу құқығын жоғалтамын деп, қобалжудың да қажеті жоқ. Журналистиканың көптеген жəне əр түрлі бағыттары бар. Бір бағыттағы журналистің жұмыс стилі, екінші- салада жұмыс істейтін репортер үшін мүлдем жарамсыз болуы мүмкін. Мысалы, қандайда бір саяси партияны қолдаушы газеттің репортерлері, табиғатынан бетарап əрі обьективті болуға тиісті теледидардағы репортаждардан мүлдем өзгеше тарихи хикаялар жасап шығарады.
Журналистиканың екі бағыты да маңызды саналады, алайда оларды бір стандарттың қалыбына салып бағалауға болмайды.
Тіпті, журналистер журналистика бағыты бойынша бірегей деп саналатын түсінік ойлап тапқанымен, оларға «таңдаулы машық» мəселесі бойынша бір пікірге келу өте қиын болады. «Таңдаулы» сөзі этикалық сыпайлықты білдіре ме? Немесе, мəселе неғұрлым тиімділік туралы ма? Кейбір мамандықтар үшін бұл шектеу оншалықты маңызды емес, өйткені олар үшін бұл ұғым бір мағына білдіреді. Хирург «таңдаулы машыққа» сүйенгенде, оның мақсаты адам өмірін
сақтап қалу саналады. Неғұрлым этикалық құлық, осыме бір қатарда əрі неғұрлым тиімді де болып саналады. Алайда, журналистикада бұл екі принциптің арасында əр қашан үйлесімділік бола бермейді. Кейде журналистер этикаға жат əдістеріді қолдана отырып, өте жақсы мақалалар жазады. Осылайша, халықаралық журналистикада жұрттың бəрі бірдей келісе кететін, ең таңдаулы деген нұсқаулық жазу мүмкін емес. Алайда, бұл жайлы біз айтатын əңгіме осымен таусылды деген сөз емес. Өмірлік нанын парламентарийлер мен саясатшылардың, президенттердің жұмысын жазуымен тауып жүрген жəне басым көпшілігі мойындап, соларды ұстанатын негізгі-басты принциптер де жоқ емес. Тіпті, жалпыға бірдей «дұрыс жауап» дейтін анықтама болмаған күннің өзінде, журналистер назарға алып отыруға міндетті мəселелер бар.
Журналист шындықты айтуға міндетті. Бұл принциптің, қайкезде болмасын репортерлер үшін жазылған барлық кəсіптік кодекстерде жазылуы мүмкін. Лондондық «77? Times» бұл талапты 1952 жылы жазылған белгілі мақаласында қалыптастырды. Онда, журналист парызы бұл – қоғамдық оқиға жайлы неғұрлым жаңа əрі неғұрлым шыншыл» ақпарат алып, кейін «осы ақпаратты қалың бұхараға мейлінше тез жеткізу». Əр жолы журналистер газеттер үшін мақала жазып, немесе материалдарын интернетке жайғастырғанда немесе телдидарлық сюжет жасағанда тап осы жұмысты жүзеге асырады.
Олар жұртшылық үшін арналған жаңалықтарды таратады. Бұл өте маңызды сəт, өйткені, бұл бізді бүкіл дүниежүзі журанлистерінің басым көпшілік дауысымен қабыданған, екінші негізгі принципке алып келеді. Ең маңызды міндет, олар өз шығармашылығы арқылы компанияға немесе ұйымдар мен жеке адамдарға емес, өз оқырмандары не көрермендеріне қызмет ету болып саналады. Өз жұмысы арқылы компанияның, ұйымның немесе жеке тұлғаның ілгері жылжуына ықпал жасайтын мамандар да бар, алай да олар журналист емес. Оларды жарнама жөніндегі мамандар деп атайды.
Егер журналистиканың ролі шындықты жазуға келіп тірелсе, онда парламеттік жəне саяси журналистер ерекше міндетті атқарады. Демократиялық қоғамда жүйе, тек онда саяси репортерлер жұмыс істеген жағдайда ғана ықпал ететін болады. Егер футбол ойынының комментаторлары заңнан тыс қалып қойса, ол да онша маңызды емес.
Жанкүйерлердің ашу ызасы туады. Алайда командалар сол бұрынғыша футбол ойнап, жанкүйерлер сол бұрынғыша олардың ойынын көруге келе береді, мүмкін , тіпті нəтижелер де өзгеріссіз қалуы.
Демокартиялық саясаттағы басқа бір ситуация. Адамдар саясаткерлерді заңдар қабылдау үшін сайлайды, саясаткерлерге билік берілген, өйткені оларды сайлаған халық. Осы процесс «жұмыс» істеу үшін адамдар өздері солар үшін дауыс берген саясаткерлер туралы ақпаратты білуі тиіс. Олар бұл ақпаратты тек баспасөзден ғана ала алады. Егер олар саясаткерлердің атқарған істерін, немесе олар нені жоспарлап жатқанын білмесе, онда олар үшін аналарға дауыс берудің мəні жоғалады. Мына ойды өз сөзінде АҚШпрезиденті Томас Джефферсон айтқан: «Егер маған газеті бар не газеті жоқ үкіметті таңдау керек болса, мен ешбір толқусыз алдыңғысын қалаған болар едім».
Алайда журналистика деген- оқиғаларды шыншылдықпен жазу болса, онда журналистер айыр-ықша проблемамен қақтығысады. Өмірдің кейбір салаларында шындықты айыру өте оңай. Футбол ойынының срңында əдетте ойынның нəтижесі туралы проблема көтерілмейді. Ал саясатта айтылған немесе істелген нəрселердің бəрі интепретация үшін ашық деуге болады. Соданда барлық елдерде саясаткерлер əсіресе, жақсы хабарларды жарқырата беріп, жаман хабар туралы үнсіз қалу дағысын шебер меңгерген. Нəтижеде «шындықты айту» əр қашан да оңайға түсе бермейді.
Жақсы парламенттік журналист болу үшін қандай қасиеттердің болуы қажет? Бұл сұраққа анық жауап жоқ. Кез-келген журналистің күшті əрі əлсіз жағы бар. Ақпаратты жылдам таба алуға шебер репортерлер əдетте оны жазуға онша мықты емес. Британ журналисті Николас Томалин бірде, журналистикада табысқа жетуге қажетті деген бірден бір қасиет: «жағымды мəнер, шамалы ғана əдеби талант жəне тышқанның қулығы» керек деген. Бұл жақсы бастама.
Парламентарийлер мен саясатшылардың қызметі туралы жазатын журналистер, белгілі бір дəрежеде осы саланың эксперттері болуға тиіс. Барлық маманданған журналистер секілді олар да тəржімашы ролінде де жұмыс істеуге мəжбүр. Парламенттердің көбінде, бұл саладан тыс адамдар үшін түсінуі қиын прецедуралар бар. Кейде олар тіпті таныс емес терминдерді де қолданады. Репортерлер оқиғаны бақылай біліп, кейін олар туралы оқырмандар үшін түсінікті тілде баяндауы тиіс. Үкімет пен шенеуніктер де өздерінің «жаргондарын» қолданады, ал саяси журналистер оларды «аудара» білуі керек.
Журналист егер оның ережесін білмесе ешқашан футбол туралы жазуға ұмтылмайды. Саясатта да осы принцип «сақталуы» керек.
Алайда, бұдан қорықпау керек, əрбір адам парламенттік процесс ережелерімен таныса алады.
Тек əуесқойлық танытсаңыз жетерлік. Шын мəнінде бұл қасиет басқаларға қарағанда маңыздырақ болып саналады. Жақсы саяси журналист болу үшін, сіз саясатпен қызығуыңыз керек. Əуестенгіш болыңыз, проблеманың мəнін ұғуға ұмтылыңыз. Əуестену бар кезде сіз табысқа жетесіз.
Парламентік жəне саяси журналистер ақпаратты түрлі əдістермен алады. Кейде олар қажетті деген барлық мəліметтерді кездесуде, айтыстарда немесе баспасөз конференцияларынан ала алады. Кейде олар өз сюжетін реми түрде жарияланған немесе ресми емес көздердегі есептен, не өзге құжаттардан ала алады. Сосын, əрине, журналистер көбінше ақпаратты саясаткерлермен сұхбат құрып, оларға сұрақтар беру арқылы да табады.
Басты элемент болып, қатысу мүмкіндігі саналады: ақпаратқа, саясаткерлердің өздеріне қол жеткізу. Қол жеткізудің түрлі деңгейі баршылық. АҚШ Президентіне оның «Air Force One» де ұшу кезінде оны журналистердің аккредиттелген үлкен тобы еріп жүреді. Журналистер оның мобильдік телефонының нөмерін білмейді. Алайда, кейбір елдерде министлердің моблильдік телефондарына, мысалы, журналистер толық байланыса алады жəне олар оған тікелей звондап, өздерін қызықтырған проблема жайлы түсінік ала алады.
Басқа бір елдерде мұндай мүмкіндікті ойға алудың өзі қиын. Түптен келгенде баспасөз үшін оның деңгейі туралы шешімді саясаткерлер қабылдайды.
Таңдау соларда. Журналистер өздеріне берілген деңгей де жұмыс істеуге мəжбүр. Соңғы сөзді басқалар айтады. Алайда олар, əрі дегенде тілектерін білдіре алады, жақсы саяси журналистер əрқашан кездесудің ұзақырақ болуына ұмтылады. Ақпаратты сұрастыру, оны алуға кепілдік бермейді. Алайда сіз оны сұрамасаңыз, онда жауапты кепілді түрде ала алмайсыз.
Саяси журналистер сұхбат жүргізе білуі керек. Алайда, «жақсы» сұхбат жүргізу дегеннің өзі не? Бұл жайлы халықаралық ортада бірегей пікір жоқ. Сұхбат жүргізудің көптеген түрі бар, əсіресе, теледидарда. Великобритания секілді елдерде кең тараған агрессивті, жаулық стильдегі маертиалдар кейбір комментаторларды шошытады, неге десеңіз, олардың пікірінше адамдар саясаткерлерге екжүзділікпен қарай бастайды.
Альтернативті стиль болып құрметті, сыйлы стиль болып саналады. Алайда осы стильді пайдаланатын журналистерді көбінше олар сұхбат алып отырған саясаткерге көрсетілген артықша «жұмсақтық» деп айыптайды.
Бұл мəселенің қарапайым шешімі жоқ. Сұхбат мақсаты ақпарат алу, егер бұл жайлы есіңізге алсаңыз, ненің тиімді ненің тиімсіз екенін шешу оңайға түседі. Кейде, егер саясаткер сұраққа түсінік бергісі келсе, ал журналист ақпаратты қызықты деп санаса, «жеңіл» сұрақтар неғұрлым таңдаулы нəтижеге жетуге көмектеседі. Басқа ситуацияда, нақты сұраққа нақты жауап талап етілгенде, біт бет əрі табанды болған дұрыс. Көптеген журналистерге өз əріптестерінің алдында бір көрініп қалуға мүмкіндік беретін сұрақтар қою ұнайды. Шын мəнінде орынды мақтануда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ, шындығында сұрақтың сапасы оған берілген жауапқа қарай бағала-нады жəне мақтануға деген құмарлық көбінше нашар нəтиже береді.
Сұхбатқа баға берудің келесі əдісі мынадай: Сіз егер оқырман не көрерменге осындай мүмкіндік туа қалса солар беретін сүбелі сұрақты бердіңіз бе? ВВС журналисті Робин Дэй «қиын» сұрақтар қоюмен əйгілі болған. Ол айтады, əрине журналист премьер-министрмен сұхбат өткізу кезінде қорқыныш сезімін бастан кешеді. «Мұндай сəттерде журналист есін жиып, миллиондаған үйлерде миллиондаған наразы халық тұратынын есіне алуы тиіс жəне оларды нақты сұрақтар қызықтырады», -дейді Дэй. – «Ол сонымен қатар жоғары лауазымды тұлғалар құрметке лайық екеніне қарамастан, тарих біздің есімізге – тап солардың жиі жиі қате ойланып, өрескел жаңлысуларға баратынын салады. Егер журналист үйіріп алып кету сезімін жоғалтып, маңызды сұрақ бере алмай отырса, ол сол арқылы өзіне сенген адамдарды сатып кеткен болып шығады».
Саяси журналистерге сонымен қатар саясаткерлермен, шенеуніктермен жəне басқа да ақпарат көздерімен «байланысты нығайтуы қажет». Кейбір репортерлер мұны жасай алады, ал кейбірі жасай білмейді. Адамның жылы жүзі мен жарамсақтану көмектеседі, жəне баспасөзде кім басшы орынындарда отырса, бұл соларға жеңілдеу болады. Алайда, жарамсақтана алмайтын, жəне тартымдылық дегеннен ада көптеген журналистер бар да олар соған қарамай пайдалы байланыс орнатуға қабілетті. Табанды болу маңызды.
Проблема туғызып отырғана нəрсе сол, журналистер өз ақпарат көздеріне тым жақын бола түсуде. Егер сіз ақпарат көзіне шамадан тыс тəуелді болсаңыз, сіз өз досыңыздың көңіліне тиетін нəрселер туралы жазбауға дейін баратын проблематикалық мəселеге тап боласыз.
Сөйтсе де өз ақпарат көздерімен жақындасып кететін журналистер, көп жағдайда оларда ең көп мəлімет алады. Ал шыншыл ақпарат алу деген сөз, бұл саяси журналистердің бəрі ұмтылуға тиісті нəрсе.
Бүкіл əлемдегі журналистер осы мəселе төңірегінде бас қатыруда. Болымды кеңес - өзіңіздің оқырмандар мен көрермендерге қызмет ететініңізді естен шығармау. Егер ақпарат көздерімен достық қатынас, сіздің репортаждарыңызға сенетін болса, онда достықты жалғастыра беріңіз. Ал егерде сондай сəт туып, сіз досыңызды қапа етпеу үшін өзіндік цензурамен айналысып жүргеніңізді сезсеңіз, бəлкім сізге бұрынғыдан гөрі едəуір тəуелсіз болудың уақыты келген шығар.
Саяси журналистер шындықты айтуға міндетті. Алайда олар сонымен қатар мынадай да жаңалықтарды хабарлауы керек, американ журналисті Уолтер Липман айтқандай. «Жаңалықтар жəне шындық –бұлар бір нəрсе емес. Жаңалықтар бұл, оны қызық ететін үлгіде берілген-шындық. Басқаша айтқанда, жаңалықтар бұл- тарихқа айналған шындық. Мұнда дұрыс емес дейтін ешнəрсе жоқ. Журналистер фактілерді осындай қалыпта бере алатындығын мақтан етсе де болады. Осылайша олар оқырмандары мен көрермендерінің назарын өздеріне аударады. Қызықты журналистика бұл -əрқашанда жақсы журналистика. Егерде сіз өз материалыңызды қызықты ете алмасаңыз, онда сіз жақсы журналистиканы тіпті 100 пайыздық дəлдіктің өзінде де жасай алмас едіңіз.