Журналист этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 11:13, дипломная работа

Краткое описание

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
2.2 Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
2.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
2.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом журналистика2003соңғысы.doc

— 396.50 Кб (Скачать документ)

Барлық елдердің заңдары журналистикалық қызметке белгілі бір шектеулер қояды. Бұл заңдар кейде ақылды, ал кейде оған сыйымсыз. Бұл заңдармен келіспейтін журналистер оған қарсы шығады.

Алайда кейбір жағдайларда журналистер шындығына өздері сенімді деген ақпаратты хабарлау дұрыс бола ма, жоқ па, оны өздері шешулері тиіс. Редакторларға көбінше мұндай шешім қабылдау қиын.

Кейде саясаткерлер ұлттық мүдде дегеннен шығарып, кейбір фактілер туралы хабарламауды өтінеді. Олар мұны былай деп ақтайды, нақты ситуацияны жазу террористерге не қылмыскерлерге ақпарат береді немесе тұрғындар арасында үрей туғызады. Кейде бұл айғақтар сенімді шығуы да мүмкін. Бірақ та журналистер мынаны есте сақтауы керек, саясатшылар көбінше мұндай аргу-менттерді олардың қателіктерін көрсететін тарихты əшкере етпеуі үшін пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда шешім қабылдағанда редакторлар əрқашан өз аудиториясына қызмет етуге борыштар екенін ұмытпауы керек.

Редакторлар көбінесе, саясаткерлер туралы жеке ақпаратты басу дұрыс па деген сұраққа жауап іздеуге мəжбүр.

Мысалы, егер министр некеден тыс байланыста болса, жұртшылық бұл жайлы хабардар болуға құқылы ма? Осы проблеманың шешіміне алып келетін жол көп. Журналистер өздерін құқық бұзған саясаткерлердің қылығы туралы хабарлауға (өйткені, заңгерлер заңды қорғау керек, ал олар болса бұзады) міндеттіміз деп санайды. Көптеген журналистер мүмкін баспасөзде екі жүзді саясаткерлерді əшкерелеуді (жұрт алдында былай сөйлеп, ал жеке өмірінде басқаша қылық көрсететіндерді ) жақтап сөйлер.

Ал заң бұзушылыққа бармайтын, екі жүзділігі жоқ саясаткерлер жайлы не демекпіз? 50 жыл бұрын Батыс Европада, саясаткерге мүмкін, маскүнем болса болуға болар, ал гомосексуалист болу мүлдем жат қылық есептелінетін. Қазір əдет-ғұрып өзгерді, жəне европалық көптеген журналистер маскүнем маскүнем-саясаткерді қуана-қуана əшкере етер еді, сөйте тура саясаткердің гомосекуальдық бейімділігі туралы мəліметті ашып жазуға ойланып қарар еді, өйткені, бұл қазір де жеке өмірге қол сұғушылық болып саналады. Келесі 50 жылдықта мүмкін жағдай тағы да өзгерер.

Осы хикаяларды қалай жазу керектігі жайлы шешім қабылдағанда Журналистер көбінше «қоғам-дық мүддені» (яғни жұршылық білуге тиісті нəрсені) жəне қоғамды қызықтыратын нəрселерді (мысалы, принципінде олар білуге тиісті емес саясаткердің сексуальдық өмірі) шектеп отырады. Қоғамды қызықтыратын нəрселерге негізделген журналистика, міндетті түрде жаман газет болмауы керек. Өмірдің басқа да көптеген салаларын да адамдар күнкөрістік нəпақасын жұртшы-лықты қажетті затымен қамтамасыз етіп тауып жүр. Бұған журналистердің де қақы бар.

Алайда өз əрекеттерін репортерлер олар қоғамдық мүдде үшін əрекет етудеміз деп ақтап шық-қанда, өздері де шын мəнінде осы жұртшылықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі шарт.

Парламенттік жəне саяси журналистер өздеріне саясаткерлер не хабарласа сол туралы жазады. Алайда саясаткер жалған сөйлесе не болады? Бұл барлық жерде, тіпті жақсы атымен мəлім саяси жүйелердеде кездеседі. Егер сіз саналы түрде жалған ақпаратты тарататын болсаңыз, онда сіз оқырман мен көрерменді де адастырасыз. Бірақ, саясаткер өзі туралы жарияланған мəдліметті жоққа шығарса, сіз оның мəлімдемесін терістей алмайсыз. Бұл жерде ең дұрысы, жазылғанды растайтын мəліметтерді теріске шығаратын түзету беру.

Кейбір журналистер белгілі бір пікірді таныстыратын газет жəне БАҚтарда жұмыс істейді. Олар саяси партияның немесе қандайда бір проблема мүддесін қорғап науқандар жүргізеді. Олар обьективті болуғаұ мтылмайды, өйткені, обьективтілік деген екі жақтың бірін қолдаудан бас тарту деп санайды. Олар обьективтік болғаннан гөрі шыншыл болған дұрыс деп есептейді. Олар өз жұмыстарына риза, неге десеңіз олар өздерінің өмірге деген көзқарасын дұрыс деп санайды.

Басқа журналистер, əсіресе, заң бойынша көбінше обьективті болуға тиісті телепортерлер, өзге дəстүрді ұстанады. Олар əлде біреудің позициясын иемдембеуге ұмтылады. Олар бір таластың екі жағын көрсетуге тырысады. Олар бейтарап немесе баланс сақтауға тырысады. Олар айтады, ең бастысы- фактыны беріп, кейін оқырман мен көрерменге осы факты туралы өз пікірін қалыптас-тыруға мүмкіндік беру дейді.

Ғалымдар абсолюттік обьективтілік деген ұғымның барын жоққа шығарады. Мүмін олардыкі рас та болар. Алайда, журналистер 100 пайыз обьективті бола алмаса, онда олар əділетті болуы мүмкін. Washinqton Post репортерлерінің этикалық кодексінде көрсетілгендей, əділеттік деген, бұл- редакторлар мен репортерлар оңай түсінетін нəрселер. Жəне кодексте əділ болу үшін оларға не істеу керектігі жайлы түсінік беріледі.

«Егер одан маңызды да елеулі фактілер түсіп қалатын болса, тарихты əділ деуге болмайды. Əділдік толықтықты кіріктіреді. Егер тарих – маңызды мəліметтерге залал келтіре отырып, мəселеге қатысы аз ақпараттарды ендіретін болса, онда оны əділетті деге болмайды. Əділдік мəнділікті кіріктіреді. Тарих – егер ол оқырманды саналы немесе жаңсақ жағдайда жаңлыстырса немесе жалған ақпаратты ендірсе, онда оны əділетті деуге болмайды. Əділетті болу деген- өз оқырманыңмен адал болу деген сөз. Егер репортер өзінің пікірі мен эмоциясын мынадай арзанқол «кейінге қалдырылды», «соған қармастан», «тыныш», «жібер іледі» жəне «орасан зор» секілді сөздермен жасырса, тарих əділетті болмайды. Əділеттілік- туралықты талап етеді».

Екі журналистика да –субьективті жəне обьективті- өте бағалы. Бірінің мақсаты оқиғаны шыншыл түрде көрсету. Екіншісі үшін əділеттілік бағытына акцент берілген. Бұлардың бірі екіншісінен жақсы деу дұрыс болмас еді. Алайда мынаны ескеру керек, неге көптеген жаңалық агенттіктері əділдікті жоғары бағалайды. Олар əділ ізденіссіз шындыққа жету мүмкін емес деп есептейді.

Журналистер баяндаудың анықтығына ұмтылуы керек.олардың жұмысының мəні оқиғаны үлгіге салып, болып жатқанды адамдар түсінетіндей етіп жеткізу болып саналады. Бұл əсіресе, парламент журналистеріне маңызды, неге десеңіз, саясаткерлер көбінше түсініксіз сөздерді қолданады. Өз тарапынан репортерлер дəл жəне түсінікті сөзді қолдануы керек. Джордж Орвелл, британ авторы əрі журналисті шындықты жасыру үшін əдейі қолданылатын клище сипатты бюрократиялық тілді жек көретін. Ол жақсы жазудың алты ережесін ойлап тапты.

«1. Өзіңіз баспасөзден көріп үйренген теңеу мен метафораларды ешқашан қолданбаңыз

2. Қысқа сөйлем мүмкін болғанда ешқашан ұзын сөзді қолданбаңыз

3. Егер сіз сөзді сыза алсаңыз сызыңыз

4. Етістіктің, белсенді түрі тұрып енжар формасын ешқашан қолтаңбаңыз

5. Қарапайым теңеу тұрғанда ешқашан техникалық терминді пайдаланбаңыз.

6. Осы ережелерді бұзу тек қана Сіз гротексті бірдеңе жазсаңызғана мүмкін.»

Əрбір саяси журналист сақтауға тиісті ережелер осындай.

Журналистер əдетте саясаткер интервиюін диктофонға жазады. Бұл деген олардың аты белгілі болуға берген келісімі. Алайда көбінше саясаткерлер мен жаңалықтың басқа көздері мəлімет немесе түсінікті Өз аттарын көрсетпей беруге келіседі. Мұның орнына олар бұл сөзді «Министрге» немесе «Парламентариге», немесе «Партиялық ақпарат көзіне» жатқызылғанын қалайды.

Кейбір газеттер осындай сілтемені ықылассыз пайдаланады. Олардың ойыншасаясаткерлер жағдайды пайдаланып, жалған мəлімет беруі мүмкін немесе жазасыз қалатындарына сеніп сын айтады, өйткені олардың аты жөні көрсетілмейді. Бұл қобалжу толығынан негізді, сондықтан дұрысы цитатаның авторын көрсетіп пайдаланған дұрыс.

Алайда көп жағдайда адамдардың белгісіз қалуға деген сылтаулары жеткілікті. Егер олар шыншыл ақпаратты ашуға немесе газетке басуға жарайтын комментарий беруге əзір болса, өйткені олар саяси өмірде əлде қандай мəселеде кейбір адамдардың шын көзқарасын білдіреді, сонда ғана репортерлер ресми емес көздерді пайдалануға құқылы.Саясаткермен интервью кезінде осы мəселені алдын ала келіскен мақұл жəне егер репортер ақпарат көзін əшкере етпеуге уеде етсе Ол уəдесін орындауға міндетті.

Көптеген адамдар аяқталмаған сөйлемді қолданады. Олар үзіліс қайталау үзінділеу жасайды. Репортерлер газеттегі əлде–кімнің сөзіне сілтеме жасағанда олар толық грамматикалық дұрыс жазылған сөйлемдерден цитата келтіруді ұнатады. Журналистер цитаталарды редактірлейді жəне өзгерістер енгізеді. Олар бос жерлерді толтырады, сөздерді ауыстырады қайталанбас үшін. Принціпінде өзгеріс сөздің мəні мен мағынасына қатысты болмаса осылай етуге болады. (Мысалы егер Сіз өте қарапайым сөзбен сөйлейтін адамның интервьюін жүргізіп жатсаңыз, оның айтқандарын күрделендіруге болмайды).

Алайда бұл əдіс өте жоғары лауазымды адамның сөзіне сілтеме жасағана мүлдем жарамсыз. Премьер министр немесе Президент сөйлеп жатқанда əрбір нюанс маңызды, дұрысы олардың сөзін сол күйі жеткізгені жақсы.

Саяси журналистерге болашақ оқиғалар жөніндегі пікірін айтуды өтінеді. Мысалы, олар мəжіліс басталды деп хабарласа, мүмкін оның бітуі жайлы комментарий беру қажет болады. Бұл жерде барлығы дұрыс. Шын мəнінде олар аталған мəселе бойынша хабардарболса, олардың пікірі оқырмандар мен көрермендер үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Алайда журналистер фактіні хабарлау мен болашақ жайлы болжам жасаудың арасын анық бөлуге тиіс. Олар мұны арластырмау керек. Егер олар əлде – қандай оқиға болу мүмкін десе, олар осы ақпарат көзін көрсетуі тиіс. Оларға бұл туралы кім хабарлады:

Министр ме əлде шенеунік пе немесе бұл журналистің болжамы ма.

Кез- келген саяси репортер жоғарыдағы проблемалармен тұрақты кездесіп тұрады. Əдетте репортерлар жеке жұмыс істемейді, олар газетте немесе телевизиялық компанияларда жұмыс істейді, сондықтан журналистің мінез құлқы туралы шешім ұйымның өз ішінде коллективті түрде қабылданады.

Мінез құлықтың біріңғай ережесі жоқ. Алайда бұл барлық əдісті қолдануға болады деген емес. Егер саяси журналистер өз жұмысын нашар атқарса, олар парақорлыққа батқан əлсіз саясаткерлерге өз сайлаушыларын алдауға мүмкіндік береді. Егер журналистер өз міндетін дұрыс атқарса жақсы саяси жетекшілік гүлденіп дамыйтын ақуал жасайды.

Эндрю Спэрроу

Британиялық саяси журналист жəне «Белгісіз шежіре» кітабының авторы.

 

 

 

 

 

                                                                     ІІ.Эфир этикасы

 

1.1 Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті

 

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады.  Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы  алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті.  Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.  Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы тиіс.

Қазір телеарналарда тікелей эфирде өтетін ток-шоулар көп.  «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды жақсы жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа қаралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович пен Дмитрий Нагиев, Николай Поречников. Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» арнайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер біздеде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2003 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады.  Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі. 

          Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы миллиондаған адамның назарын өзіне аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі.  Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-потерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзді мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журналист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте  қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шетелдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі». /9.6 б./.

Информация о работе Журналист этикасы