Журналист этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 11:13, дипломная работа

Краткое описание

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
2.2 Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
2.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
2.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом журналистика2003соңғысы.doc

— 396.50 Кб (Скачать документ)

Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті - жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.

Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал.  Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. "Журналист - ақпарат - аудитория". Журналист творчестволық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек,   жұртшылық   газет   оқып,   радио   тыңдап,  телевизор    көрген    кезде    әлемдегі   жаңалықтар    мен  езгерістерді   біліп   қана   қоймай,   сонымен   бірге   сол  жайларға   өзінің  де   қаншалықты   қатысы   бар   екенін сезініп,   сол   құбылыстардың   неге,   қалай,   не   үшін  болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу  процесін   аңғарып,   даму   тенденциясына   ой   жіберіп, қандай   заңдылығы   барын   пайымдап,   өзі   де   іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек. Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана  қоймай,   онда   болып  жатқан   іс-әрекеттерге   адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.                                                            

Осылайша   журналистиканың   ақпараттық   қызметі -маңызды қоғамдық-саяси  рөл  атқарып,  жұртшылыққа  әлеуметтік    белсенділік    туғызып,    шындықты    ашып  береді.  Ақпараттық қызмет халықтың  керегіне  жауап  беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан    журналист    бұл    салада    қоғамдық-саяси қызмет    жасаудың    өнерін    игере    біліп,    әлеуметтік процестерге   өз   еңбегімен   белсене   араласуы   күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені   журналистика   халықтың   қамын   ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың    жағдайын  ойластыруды  журналистика  әркез  назардан тыс   қалдырған    емес.    Қандай   мәселені   көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың    сөзін    сөйлеуге    күш    салады.    Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та.  Себебі, жеке біреулерге  қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша  бүкіл жұртшылықтың,   жалпы   адамдардың   мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын  іс болса керек.  Тар көлемде  белгілі біреулердің  ғана  идеясын  жақтамай,   нағыз  адамзатқа қызмет ету -  биік моральдық-этикалық қасиет  екені ақиқат.

Журналистиканың   халыққа   қызмет   етуі   сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз.    Дүниеде   бірер   адамның   бақытты   болғанынан ештеңе бітпейді,  ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан арман - мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық     өмірінде     қандай     жаңалықтар,     өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының бәрі журналистикада айнадағыдай     көрініп   отыруы     керек.      Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият   назар   аударып   отыратын   тұсы.   Ал   өмірде жақсылықтар   болып   жатса,   соны   журналистика   ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер,   қажет   болған  жағдайда,   оны   тіпті,   тез   өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп,   оның  жетімсіз   нәрсесін   жеткізуге   ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді   халық  алдында   әшкерелеп,   кемшілігін   ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру   жөн.    Халық   өміріне    кедергі    келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек. Мүндай жайларды айтқанда, жазғанда өрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интелигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тындаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет.

Келесі бір білуге тиіс нәрсе  журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық,  әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір - өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байла-нысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір - өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларга байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір - қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы    секілді   даму,    қалыптасуды    бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз,   радио,   телевидение   коллективтерімен  бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер   алмасып   тұрады.   Ал   енді   нақты   мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі.  Соған  орай  әрбір ұлттың,  мысалы, орыс,    неміс,    ұйғыр,    корей    т.б.    халықтардың    өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы    программалар    беріліп    тұрады.    Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.

 Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен баспасөздің    "қара    шаңырағы"    саналатын    "Егемен Қазақстан" газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын   міндетті   түрде   беріп   отырады.   Бұл   ең   басты қоғамдық-саяси   газет   болғандықтан,    әлемде   болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология,   саясат   саласында   және   мемлекет   басшылары жайлы    материалдарға    мол    орын    беріледі.    Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы    жиі    айтылады.    Президент    пен    Парламент төрағасы,     Премьер-министр    кабинеті    төрағасының шетелдерге  ресми   сапарлары  туралы  тілшілер  репортаждары, есептер және фотосуреттер басылады. "Егемен Қазақстан"  тиражы  жағынан  ең  көп  тарайтын  газет. Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып түрады.

Келесі бір газет "Алматы ақшамы" деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал "Жас Алаш" газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге,  шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда "Қазақстан-Заман" деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді.

Енді телевидениеге келсек, "Қазақстан" телекомпаниясы бар. Сондай-ақ "Хабар", "Ел арна" ірі телеарналар саналады. "Қазақстан" телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді.

Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады.

Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.

 

1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік

 

Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.

Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды.  Білім алудың ерекше  түрі ретінде Аристотель  ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.

Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.

Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің «Sittlichkeit» терминімен (Sittе» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады. «Этика», «мораль», «адамгершілік» – бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль – сол салаларды оқытатын пән болып табылады.

Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады.  Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .

Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.

Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» – нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді» . Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.

Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Никомаха этикасы» деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі – мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.

Информация о работе Журналист этикасы