Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған.[1] Өйткені, Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық орын алуда. Сол қателіктерді болдырмау барысында осы заңды қолданысқа енгізді. Көбінесе бұл заң шығармашылықпен айналысатын адамдарға қажет және өз құқықтарын заңды түрде қорғай алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтырмау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5бет
1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі.............................................................................................................6-13бет
1.1.Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні................................6-7бет
1.2. Авторлық құқықтың түсінігі және мәні.........................................7-11бет
1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары..11-13бет

2. Автор құқықтар және оларды қорғау...............................................14-20бет
2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы.............................14-15бет
2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары.....................15-17бет
2.3Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері және қорғау органдары................................................................................................17-20бет
Қорытынды..............................................................................................21-22бет
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursavoy_zhana.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын  атпен пайдалану құқығы (авторлық  атқа құқық);

3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).

Автордың келiсiмiнсiз  оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.

Автор қайтыс болғаннан  кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.

4) белгiсiз тұлғалар  тобының туындыны ашуға рұқсат  құқығы (халыққа жария ету құқығы).

2. Автор туындыны халыққа  тарату туралы бұрын қабылдаған  шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi  қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда  жоғалтылған пайдасын қоса алғанда,  пайдаланушыға осындай шешiм арқылы  келтiрiлген залал өтелуi керек.  Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.

Осы тармақтың ережелерi қызметтiк туындыларға қолданылмайды.

3. Автордың бiреумен  келiсiмi немесе автордың жеке  мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге  асырудан бас тартуы туралы  арызы жарамсыз болады.

978-бап. Автордың мүлiктiк құқықтары

1. Авторға туындыны  кез келген нысанда және кез  келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.

2. Автор туындыны пайдалану  кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай  iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:

1) туындыны қайта жаңғыртуына  (қайта жаңғырту құқығы);

2) туындының түпнұсқасын  немесе даналарын кез келген  әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы);

3) туындыны көпшiлiк  алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету  құқығы);

4) туындыны көпшiлiк  алдында орындауына (көпшiлiк алдында  атқару құқығы);

5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу  үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы);

6) туындыны эфирге  беруiне (радио және теледидар  арқылы тарату), оның iшiнде туындыны  кабель немесе спутниктiк байланыс  арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);

7) туындыны аударуына  (аудару құқығы);

8) туындыны қайтадан  жасауына, аранжировкалауына немесе  басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу  құқығы);

9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне  асыруына;

10) заң актiлерiне қайшы  келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.

3. Туындыға түпнұсқасындағыдай  объективтi нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс  немесе бейне жазулар таралымы  және т.б.) қайта жаңғырту болып  табылады.

4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледi.

5. Туынды кiрiс келтiру  мақсатымен сатылғандығына не  оны сату бұған бағытталмағандығына  қарамастан, пайдаланылған деп саналады.

6. Туындының (өнертабыстардың,  өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң)  мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.

Ескерту. 978-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

979-бап. Туындыны сақтауға беру

1. Туындылардың қолжазбаларын,  материалдық негiздегi басқа туындыларды,  оның iшiнде машинкаға басылғандарын  сақтауға беру, егер осылайша  сақтауға беру әркiмнiң кiруiне  ашық қоймада (депозитарийде)  жүргiзiлсе және депозитариймен  жасалған шарт бойынша кез келген адамның туынды данасын алуына жол берiлсе, туындыны пайдалану деп танылады.

2. Туындыны сақтауға  беру құқық иесiнiң депозитариймен  туындыны пайдалану талаптарын  белгiлейтiн шарты негiзiнде жүзеге  асырылады. Мұндай шарт және  депозитарийдiң пайдаланушымен шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).

980-бап. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының  аумағында алғаш рет жарияланған  немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы  қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады.

2. Туындысы шет мемлекет  аумағында алғаш рет жарияланған  немесе қандай болса да объективтi  нысанда болған Қазақстан Республикасы  азаматтарының да, сондай-ақ олардың  құқықтық мирасқорларының да  авторлық құқығы танылады.

3. Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесiне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады.

4. Қазақстан Республикасының  аумағында туындыны қорғау мақсатында  туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.

981-бап. Авторлық құқықтың қолданыла бастауы

Туындыға авторлық құқық  оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы  объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.

Егер туынды осы Кодекстiң 980-бабының қолдануына келмейтiн  болса, мұндай туындыға авторлық құқық, егер ол Қазақстан Республикасында жүзеге асырылса, туынды алғаш рет жарияланған кезден бастап қорғалады.

982-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi

1. Авторлық құқық автордың  бүкiл өмiрi бойына және ол  қайтыс болғаннан кейiн, автор  қайтыс болғаннан кейiнгi келесi  жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

2. Бiрлесiп шығарылған  туындыға авторлық құқық серiктес  авторлардың бүкiл өмiрi бойына  және басқа да серiктес авторлардың  ең соңғысы қайтыс болғаннан  кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде  болады.

3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

Егер көрсетiлген мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк  ат ашылса, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм қолданылады.

4. Осы баптың 1-тармағында  көрсетiлген мерзiм iшiнде авторлық  құқық автордың мұрагерлерiне  тиесiлi болады және мұрагерлiк  бойынша ауысады, автормен, оның  мұрагерлерiмен және одан кейiнгi құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесiлi болады.

5. Автор қайтыс болғаннан  кейiн отыз жылдың iшiнде алғаш  рет жарыққа шыққан туындыға  авторлық құқық туынды жарыққа  шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан  есептегенде ол жарыққа шыққаннан  кейiнгi жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

6. Авторлық, автордың  есiмi және туындыға қол сұқпаушылық  мерзiмсiз қорғалады.

Ескерту. 982-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

983-бап. Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы

1. Туындыға авторлық  құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен  кейiн ол қоғамның игiлiгiне  айналады.

2. Қоғамның игiлiгi болып  табылатын туындыларды кез келген  тұлға авторлық сыйақы төлеместен  еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс.

Ескерту. 983-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

984-бап. Авторлық құқықтарды басқару

1. Құқық иеленушi өзiне  тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша  жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге  адамдар авторлық құқықтарды  тек құқық иеленушiнiң келiсiмi  бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл  жүзеге асыратын осы Кодекстiң  977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады.

2. Авторлық және сабақтас  құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде  белгiленген тәртiппен авторлық  және сабақтас құқықтарды басқару  жүктелетiн ұйымдар құра алады.

 




Информация о работе Авторлық құқық