Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 00:03, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған.[1] Өйткені, Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық орын алуда. Сол қателіктерді болдырмау барысында осы заңды қолданысқа енгізді. Көбінесе бұл заң шығармашылықпен айналысатын адамдарға қажет және өз құқықтарын заңды түрде қорғай алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтырмау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие
КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5бет
1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі.............................................................................................................6-13бет
1.1.Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні................................6-7бет
1.2. Авторлық құқықтың түсінігі және мәні.........................................7-11бет
1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары..11-13бет
2. Автор құқықтар және оларды қорғау...............................................14-20бет
2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы.............................14-15бет
2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары.....................15-17бет
2.3Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері және қорғау органдары................................................................................................17-20бет
Қорытынды..............................................................................................21-22бет
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23бет
Музыкалық шығармалар
ырғақпен байланысқан әуенді
құрайтын дыбыстар арқылы
Пантомима және хореографиялық шығармалар адам денесінің икемді қимылдары арқылы жасалады. Музыкамен бірге хореография музыкалық-сахналық туындыны құрайды.
Бейнелеу өнері
туындыларының қатарында
Авторлық құқықтың объектілеріне жататын архитектуралық туындылар инженерлік өнердің, бионика, кескіндеме, мүсін, ғылым, архитектура синтезі болып табылады. Бұл туындыларда ғылым, техника, өнер біріктірілген.
Заң әдебиетттерінде авторлық құқық тек архитектура өнерінің материалдық тасушысын ғана қорғайды деген пікір қалыптасқан. Бұл даулы мәселе, өйткені авторлық құқық идея мен образды да қорғайды.
Кинематографиялық туынды кино түсіру үшін көптеген шығармаларды қамтиды. Мысалы, сценарий, жоспарлар, диктор тексті, өлең текстері, кинофильмдер және т. б. Кинотелевизиялық фильмнің материалды тасушылары-пленка, видеокассета, видеодисктер т. б.
Осыған дейін тек түпнұсқа туындылар туралы айтылды. Түпнұсқа туындыларының негізінде жасалған тәуелді шығармаларды да заң қорғайды. Бұл туындылар-аудармалар қайта жасау нәтижесінде пайда болады. Әдеби, ғылыми және көркем шығарманың аудармасы дербес туынды болып табылады. Авторлық құқық объектілерінің қатарына заң аударманы да қосып, оны басқа туындыларды сияқты қорғайды. Егер де аудармашы шығарманы «сөзбе-сөз» аударса, бұл аударма авторлық құқық объектілеріне жатпайды. Егер де бір аудармашы белгілі бір туындыны автор немесе оның мирасқорының келісімімен аударса да, бұл екінші аудармашының сол туындыны аударуына кедергі келтірмейді.
Авторлық құқық объектілеріне шығармалар жинақтары да жатады. Бұл жинақққа белгілі бір автор еңбегі болмайтын туындылар да кіреді (заңдар, сот шешімдері және т. б.).[6]
Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келе, авторлық құқық
объектілері мыналар болып табы
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.);
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлік туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтінді және мәтінсіз туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескіндеме, мүсін, графика
туындылары мен басқа да
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері тундылары;
10) фотосурет туындылары
және фотосуретке ұқсас
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналғн бағдарламалар;
13)ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
14) өзге де туындылар;
Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ:
15) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да өңделімдері);
16) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар олардың негізге алынған немесе оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын туындылар:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттік рәміздер мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.
Авторлық құқық субъектілері шығармашылық еңбекпен әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғалар болып табылады. Субъективтік авторлық құқық азаматтың жасына, денаулығына, мүліктік жағдайына, шығарманы жарыққа шығарудың орнына байланысты болмайды. Егер шетел азаматының туындысы бірінші рет Қазақстанда шықса немесе белгілі бір объективті формада Қазақстан территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық авторлық құқық субъектісі болып табылады.
Авторлармен қатар,
авторлық құқық
Жоғарыда аталған
тұлғалардың құқықтары автор
құқықтарымен салыстырғанда
Белгілі бір жағдайларда
ғана мемлекет авторлық құқық
субъектісі болып табылады. Мысалы:
авторлық құқықты еріксіз
Азаматтық заң
негіздері бойынша:
1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары
Қазақстандағы авторлық
құқыққа жалпыға бірдей принциптер
тән. Еркін шығармашылық принципі автор
қызығушылық танытатын
Автордың туындыны шығару және қолдануға моральдік және материалдық қызығушылық принципі. Тәжірибеде моральді мадақтаудың жеке формалары кездеседі мысалы құрметті атақ беру (еңбек сіңірген әртіс және т.б.) немесе халық қолдауына ие болған туындыларды қайта басып шығару. Ғылым, өнер және әдебиет туындыларының авторларына моральді және материалды мадақтауға әртүрлі мемлекеттік және атаулы атақ беру жатады. Белгілі бір туындыға ұтыс тігу де материалды мадақтаудың бір түрі болып табылады.
Автордың заңды
мүдделерін және негізгі
Ғылым және
көркем шығармашылық
Азаматтық кодекстің 971 бабына сәйкес авторлық құқық әдебиет, ғылым және өнер туындыларына таралады. Шығармашылық әрекетінің басқа нәтижелерінен ерекшеленетін, белгілі бір нышаны бар туындылар ғана құқықпен қорғалады. Бұл нышандар заңның өзінде белгіленген. Ең алдымен туынды шығармашылық қызмет нәтижесі болу керек. Содан кейін оның көшірмесін қамтамасыз ететін объективті нысанда болу керек. Авторлық құқықтың объектісі болып табылатын туынды шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда болады, бірақ тек әдебиет, ғылым және өнер саласына жататын туындылар ғана авторлық құқық объектілері болып саналады.[7]
Заң әдебиеттерінде жаңа шығарма жасауға бағытталған жеке әрекеттер жатады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылық бұл белгілі бір нәтижеге жету мақсаты бар саналы, көп жағдайда көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесс. Шығармашылыққа саналы жұмыс және шығарған туындының жаңалығы тән болу керек. Шығармашылық адамның саналы, жеке әрекеті туындыны шығарғанша оның санасында қалыптасады. Туындының болашақ үлгісі түпкі ой өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді. Түпкі ой-арман, түпкі ой-жоспар, болашақ туындының үлгісі, түпкі ойды іске асыру, туындыны шығару. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтү шығармашылық процесті құрайды. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар. Олар авторға ақиқат болмысты түсініп, оны эмоциялық қабылдаумен салыстыруға көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық әдістері мен стилі бойынша әртүрлі болады. Жаңалық тек туындыға ғана емес шығармашылық қызметке де тән болады. Автор бірегей туынды шығарған кезде және белгілі бір туындыға негізделіп жаңа туындыны шығарған кезде жаңалық байқалады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылықтың элементі жаңалық-жаңа мазмұн, туындының жаңа формасы, жаңа идея, жаңа ғылыми концепция түрінде көрінеді. Шығармашылық әрекеттің жаңалығынан басқа объективті көрініс тапқан туынды жаңалығы болады. Ол заңмен бекітілген міндетті және жеке белгісі бар ғылыми немесе техникалық шығармашылық нәтижелері. Авторлық құқық объектілеріне байланысты заң жаңалық белгілерін анықтамаған. Заң әдебиеттерінде туындының жаңалығын оның тақырыбы, идеясы, мазмұны және формасымен байланыстырады. Туындының басқа белгісі объективті көрініс. Түпкі ой іске аспағанша қорғау объектісі де болмайды. Оның әдебиет, ғылым, өнер туындыларына белгілі бір құқықтық реттеуді талап етеді. Әрбір шығарма белгілі бір көріну формасын иеленеді. Ол жазбаша, ауызша, қолжазба түрінде, сызу және т.б. Туындыны авторлық құқықтың объектісі ретінде тану үшін заң туындының аяқталуын талап етпейді. Туынды аяқталмаған болса да заңмен қорғалады. Авторлық құқық объектілеріне туындыны шығарған кезде автор пайдаланған эскиздер, жоспорлар және т. б. материалдар жатады. Туынды, оны авторсыз көшіруге болатындай объективті формада болу керек. Егер туындыны авторсыз көшіру мүмкін емес болған жағдайда, туынды авторлық құқықтың объектісі болып танылмайды.
2. Автор құқықтар және оларды қорғау
2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы
Әдебиет, ғылым, өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие: Авторлық құқық, тақырып таңдау құқығы, туындыны жариялау және пайдалану, шығармаға қол сұқпаушылық және т. б.
Ғылым немесе
көркем шығармашылық пен
Қол сұқпаушылық құқығы туындыны немесе оның атын өзгертуге тыйым салады. Азаматтық кодекстің 977-бабы бойынша автордың келісімінсіз туындыны суреттермен, алғы сөздермен, қорытындымен, түсіндірумен немесе басқа да анықтаулармен қамтуға тыйым салады. Туындының қол сұқпаушылығының шегі бар. Автор баспамен, театрмен және басқа да мекемелермен шартқа қол қойған кезде мекеме қажетті өзгертулерді енгізуге құқы бар. Редактор немесе режиссер туындыны дамыта отырып, автор идеясын, стилінің ерекшелігін және т. б. өзгертпеу керек. Олар енгізетін өзгертулер автормен келісіліп жасалуы керек.[8]
Заңда бекітілген автор құқығының қатарында туындыны пайдалану үшін сыйақы беру құқығы да бар. Бұл - мүліктік құқық. Сыйақы шығармашылық еңбекке қарай беріледі. Сыйақы тағайындаған кезде туындының түрін, көлімін, құрылысын есептейді. Ғылыми немесе көркем шығармаға сыйақы әрбір бетке есептеліп тағайындалады. Поэзиялық туындыларға сыйақы әрбір жолына есептеледі. Әдебиет, ғылым және өнер шығармасын жарыққа шығарған кезде автор 100% сыйақыны алады. Әрбір келесі басылымдардың сыйақылары төмендеп отырады. Мысалы, біріншісімен саластырғанда екінші және үшінші басылым үшін 60%, төртінші басылым үшін 30% және т. б. Автор туындыны жариялауы сыйақы алу керектігін білдірмейді. Туынды қоғамға жаққан кезде ғана пайдаланылады.
Заң бар мүмкін әдістерді пайдаланып, туындыны жариялау, көшіру және таратуға құқық береді. Туындыны жариялау дегеніміз белгілі бір топқа туындыны орындау, көрсету, басу, радио, телевидение арқылы және т. б. заңды жолдармен жариялау.
Автордың туындыны көшіру құқы дегеніміз туындының копиясын түсіру немесе басқа да тәсілдер арқылы көбейту. Туындыны жариялау да, көшіру де автормен белгілі бір мекеме (баспахана, театр, киностудия және т. б.) шартқа отыру негізінде жүзеге асады. Туындыны көшіру туындыны жариялау сияқты автор келісімін талап етеді. Туындыны шарт негізінде пайдаланудың ерекше жағдайлары заңда көрсетілген.