Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған.[1] Өйткені, Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық орын алуда. Сол қателіктерді болдырмау барысында осы заңды қолданысқа енгізді. Көбінесе бұл заң шығармашылықпен айналысатын адамдарға қажет және өз құқықтарын заңды түрде қорғай алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтырмау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5бет
1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі.............................................................................................................6-13бет
1.1.Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні................................6-7бет
1.2. Авторлық құқықтың түсінігі және мәні.........................................7-11бет
1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары..11-13бет

2. Автор құқықтар және оларды қорғау...............................................14-20бет
2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы.............................14-15бет
2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары.....................15-17бет
2.3Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері және қорғау органдары................................................................................................17-20бет
Қорытынды..............................................................................................21-22бет
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursavoy_zhana.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

Соңғы уақытта қалыптасқан  туындыны автордың өз қаражатына шығаруы  авторға өз туындыларын өзі таратуға құқық береді. Сондықтан кейбір заңгерлердің автор туындыны таратуға құқы жоқ деген пікірлері дұрыс болмай шықты.

Жоғарыда қарастырылған автор құқықтары жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар болып бөлінеді.

 

2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары

 

  1. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен

пайдалануға айрықша  құқықтар беріледі.

  1. Автор туындыны пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың мынадай

іс-әрекеттерді жүзеге асыруына:

  • туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
  • туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдіспен таратуына: сатуына, айырбастауына, жалға беруіне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы);
  • туындыны көпшілік алдында көрсетуіне (көпшілікке көрсету құқығы);
  • туындыны көпшілік алдында орындауына (көпшілік алдында атқару құқығы);
  • жалпыға бірдей мәлімдеу үшін эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшілікке хабарлауына (көпшілікке хабарлау құқығы);
  • туындыны эфирге беруіне (радио және теледидар арқылы тарату), оның ішінде туындыны кабель немесе спутниктік байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);
  • туындыны аударуына (аудару құқығы);
  • туындына қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуіне (өңдеу құқығы);
  • қала құрылысы, сәулет, безендіру жобасын іс жүзіне асыруына;
  • заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.

3. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективті нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады.

4.  Егер туындының даналары  заңды түрде иеліктен айрылса,  оларды одан әрі таратуға, заң  актілерінде көзделген жағдайларды  қоспағанда, автордың келісімінсіз  және сыйақы  төленбестен жол  беріледі.

5. Туынды кіріс келтіру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.

6.Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т. б. шешімдердің) мазмұнын құрайтын ережелерді іс жүзінде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.[9]

Автордың жеке және мүліктік құқықтары  бір-бірімен тығыз байланысты.

Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің  жобаларына құқық:

          1.Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің жобаларына авторлық құқыққа жобаны жасаған адам (жасаушы) ие болады. Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма беруші оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есімін көрсетуге құқылы.

  1. Жобаны, жасаушының келісімінсіз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиісті органға жіберсе, оны ресми құжат дайындау үшін құзіретті органның пайдалануы мүмкін. Ресми құжаттарды, рәміздерді немесе белгілерді жобаның негізінде дайындаған кезде оған ресми құжатты, рәмізді немесе белгіні дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізуі мүмкін.
  2. Құзіретті орган жобаны мақұлдағаннан кейін ол әзірлеушінің аты-жөні көрсетілмей-ақ қолданылуы мүмкін.

Авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс болғаннан кейін, автор қайтыс болғаннан кейінгі келесі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде, елу жыл бойы күшінде болады.

Бірлесіп шығарылған туындыға авторлық құқық серіктес авторлардың  бүкіл өмірі бойына және басқа да серіктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Бүркеншік атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде елу жыл бойы күшінде болады.                                                                                                                                                                                                                         Туынды авторының мынадай жеке мүліктік емес құқықтары болады:

         1.Туынды авторы ретінде танылу және оны пайдалану кезінде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

туындыны өз атынан бүркеншік  атпен немесе жасыран атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);

өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшілік алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келісімінсіз кімнің болса да өзгерістер мен толықтырулар енгізуінен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).

Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарғанда безендірулер, алғысөздер, соңғы сөздер, түсініктемелер немесе қандай да болсын түсіндірмелер беруге тыйым салынады.

Автор қайтыс болғаннан  кейін оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетілген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда-автордың мұрагерлері, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген  тұлғалар жүзеге асырады.

2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешімінен бас тартуға құқылы (кері қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешім арқылы келтірілген залал өтелуі керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны кері қайтарып алатыны туралы көпшілікке хабарлауға міндетті. Бұл орайда ол туындының бұрын әзірленген даналарын өз есебінен айналыстан алып тастауға құқылы.

3. Автордың біреумен келісімі немесе автордың жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.

4. белгісіз тұлғалар  тобының туындыны ашуға рұқсат  құқығы   (халыққа жария ету  құқығы)

 

 

2.3.Авторлық  құқықты қорғаудың негізгі әдістері  және қорғау органдары

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Автордың жеке, мүліктік емес құқықтары бұзылған кезде, ол баспа  беттеріне хабарлау арқылы өз құқықтарын қалпына келтіруді талап етуге  құқығы бар.

Мүліктік құқықтардың  бұзылуы автордың мүліктік емес құқықтарының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, туынды өз көрінісін тапқан объектіні иелену құқығы (сурет, қолжазба және т. б.)

Азаматтық құқықтың қорғау әдістерінің ішінде кейбіреулері авторлық құқыққа қолданылмайды. Мысалы шарт  бойынша автор өзіне алған міндеттемені орындамаса, оны сол туындыны жазуға  мәжбүрлеуге болмайды.

 Авторлық құқықты  сот арқылы қорғау  көп кездеседі. Оның негізін арыз құрайды. Арызда автордың қандай құқықтары бұзылғаны көрсетіледі.

1990 жылға дейін мемлекет  ішінде және шетелдерде автор  құқықтары «Авторлық құқық жөніндегі Бүкіл Одақтық Агенствомен» қорғалған. Бұл ұйым 1973 жылы КСРО-ң Ғылым Академиясы, «Новости» баспа агенттігінің және т. б. мекемелердің бастауымен құрылған. АҚБОА автор құқықтарын толықтай қорғады. Авторлық құқық бұзылған жағдайда, істі сот органдарында жүргізді.[10]

Қазақстанның ұлттық заң шығаруындағы авторлық-құқықтық нормалардың кері күші мәселесінің  шешілуі

   1996 жылы 10 маусымда  Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә. Назарбаев «Авторлық құқық және шектес құқықтар» заңына қол қойды. Аталған заңның кері күші бар ма, жоқ па күрделі мәселелердің бірі болып қалды. Заңның күшіне ену қағидаларының тұра жазылмауы заңды қолдануда дау тұғызады. Авторлық құқық мамандары бір-біріне қарама-қарсы екі пікірді ұстанады. Егер авторлық құқық мамандарының бір тобы жаңа заң кері күшке ие десе, енді бір тобы кері күшке ие емес деп санайды. Менің ойымша, заңның күшіне ену нормаларын зерттеуді бастаудан бұрын, 1991 жылы 31 мамырда КСРО Азаматтық құқық негіздерін қабылдаған кезде, заңның кері күші мәселесі қалай шешілгенін қарастыру қажет. Азаматтық құқық негіздерін қабылдау авторлық құқық саласындағы ең бірінші және ең маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл заңда заңмен қорғалатын авторлық құқық объектілерінің қатары көбейіп, қорғау мерзімі де 50 жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің  шешімі бойынша Азаматтық құқық негіздері, осы заң күшіне енгеннен кейін пайда болған азаматтық құқықтарға және міндеттерге қолданылады. Осыған байланысты заң шығарушы заңның кері күші жоқ екенін көрсетті.

Енді Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» заңына оралайық. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» заңы тек осы заң күшіне енгеннен кейін пайда болған туындыларға қатысты. Осы заңның 28 бабы бойынша авторлық құқық объектілерін қорғау мерзімі 50 жылға ұзартылды. Аталған заңның 1 бөліміне сай, бұл заң 1996 жылдың 10 маусымына дейін пайда болған туындыға қатысты қатынастарға таралмайды. Осыған байланысты, егер туынды осы заңға дейін заңмен қорғалмаса, жаңа заңмен де қорғалмайды деген сөз. Өйткені, жаңа заң тек осы заң күшіне енгеннен кейін пайда болған туындыны ғана қорғайды. Сонымен, заңның 1 бөлімі бойынша аталған заңның кері күші жоқ. Бірақ осы заңның 2 бөліміне сай, бұл заң кері күшке ие. Бұл норма бойынша авторлық құқық объектілерін қорғау 50 жылға ұзартылды және бұл норма осы заң күшіне енген кезде мемлекет қорғауында болған туындыларға да қатысты. Сонда осы норма бойынша бұл заң кері күшке ие деген сөз.[11]

Кейбір заңгерлердің 2-ші бөлімді талқылауы бойынша, жаңа заң күшіне енген кезде, автор қайтыс болғанына 50 жыл өтпесе, заңның 28 бабы бойынша бұл заң сол туындыларға да таралады. Яғни, заң кері күшке ие. Бұл норма Қазақстан қосылған Берн Конвенциясына (халықаралық құқыққа) қайшы. Халықаралық құқыққа қайшы бола тұра, тәжірибеде де түсініксіз жағдайлар туындатады. Бір мысалды қарастырайық: Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды. 1928 жылдың 16 мамырдағы КСРО-ның Авторлық құқық заңының 10 және 15 бабына сәйкес авторлық құқық объектісі автордың өмірі бойы және келесі 15 жыл бойы қорғалады. Яғни Ілияс Жансүгіровтың туындыларын қорғау 1952 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Бірақ Ілияс Жансүгіровтың авторлық қөұқығы 1956 жылы жартылай ақталды. Егер заң кері күшке ие деп есептесек Ілияс Жансүгіров туындылары 40 жыл қоғам игілігінде болып қайта қорғалу керек. Ал Ілияс Жансүгіров туындыларының авторлық құқығы 1987 жылы Горбачев кезінде толықтай ақталды.

Бірақ бұл мәселе әлі  де өз шешімін таппады. Жоғарыда келтірілген  мысалдарға сүйеніп, мен жаңа заң күшіне енгенге оған дейін авторлық-құқықтық қатынастарға таралмайды, яғни заңнан кері күші жоқ деген шешімге келдім. Теория мен тәжірибеде әлі күнге дейін бір ортақ ой жоқ. Бұл мәселені толықтай шешу үшін заң нормаларына заңды күші бар талқылау беру керек.[12]

Авторлық құқықта арнайы терминдер қолданылады:

Автор – творчестволық  шығарманы жасап шығарған жеке тұлға; аудиобейнелік шығарма – бір-бірімен  байланысқан көріп тыңдауға арналған және тиісті техникалық қондырғылармен көрсетілетін шығарма; аудиобейнелік шығармаларға кино және кинематорграфиялық жолмен жасалған барлық туындылар (теле- бейнефильмдер, диафильмдер және т.б.) жатады.

Деректер базасы жүйеленген түрде ұсынылатын және ЭЕМ-де өңделген деректер жиынтығы (мақалалар, есептеулер және с.с.).

Шығарманы тарату – шығарманың көшірмесін, оның ішінде дыбыс –  бейнежазба,  үш өлшемді нұсқасының бір немесе бірнешеуін дайындау.

Фонограмманы тарату  - кез келген тасымалдаушыда (бейне  таспа, дыбыстық жазба және электорндық  тасымалдаушыларда) бір немесе бірнеше көшірмесін жасап шығару.  

Жазу – дыбысты  және (немесе) бейнелерді техникалық қондырғылардың көмегімен кез келген материалдық  нысанда бір немесе бірнеше қайталай алатындай етіп дайындау;

Аудиобейне шығарманы  дайындаушы – мұндай шығарманы жасауға  бастамашы болып оны жүзеге асырған және ол шығарма үшін жауапкершілікті мойнына алатын жеке немесе заңды тұлға;

фонограмманы дайындаушы - мұндай шығарманың алғаш рет дыбыстық жазбасын жасауға бастамашы болып оны жүзеге асырған және ол шығарма үшін жауапкершілікті мойнына алатын жеке немесе заңды тұлға;

Орындау – шығарманы, фонограмманы, әндә, биді көз алдыңызда  немесе техникалық құралдар көмегімен  орындау;

Орындаушы - ән айтатын, музыкалық  аспапта ойнайтын немесе әдебиет  немесе басқа өнер туындысын көрерменге көрсететін әнші, музыкант, биші, немесе рольді орындайтын актер, сондай-ақ спектакльді қоюшы режиссер және дирижер;

Шығарманы жариялау –  автордың келісімімен шығарманы  халық алдында жариялау, көрсету, эфирге шығару немесе басқа жолмен тұңғыш рет жария қылу;

ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – ЭЕМ қызмет етуіне арналып әзірленген деректер мен командалар жиынтығынан  тұратын, сонымен қатар ол туындататын  аудиобейнелік көрініс;

Қолданбалы – декоративтік туынды – қолданбалы заттарға көшірілген екі немесе үш өлшемді туынды.

Информация о работе Авторлық құқық