Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған.[1] Өйткені, Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық орын алуда. Сол қателіктерді болдырмау барысында осы заңды қолданысқа енгізді. Көбінесе бұл заң шығармашылықпен айналысатын адамдарға қажет және өз құқықтарын заңды түрде қорғай алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқтырмау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5бет
1.Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың ролі.............................................................................................................6-13бет
1.1.Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні................................6-7бет
1.2. Авторлық құқықтың түсінігі және мәні.........................................7-11бет
1.3. Авторлық құқықтың принциптері және негізгі категориялары..11-13бет

2. Автор құқықтар және оларды қорғау...............................................14-20бет
2.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы.............................14-15бет
2.2. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары.....................15-17бет
2.3Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері және қорғау органдары................................................................................................17-20бет
Қорытынды..............................................................................................21-22бет
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursavoy_zhana.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

Прокатқа (жалға) беру  - шығарманың нұсқасын тікелей немесе жанама коммерциялық пайда табу үшін уақытша пайдалануға беру;

Авторлық құқықта көптеген арнайы терминдер бар, бірақ біз  олардың барлығына тоқталмастан тек өзімізге маңызды және қызықты  терминдерге анықтамаларды келтірдік.[13]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығарып, қолданумен байланысты пайда болған қатынастарды реттейді. Авторлық құқық  шығармашылық қызмет нәтижесі болып  табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына таралады. Мәдениеттің дамуында авторлық құқықтың орны ерекше. Ал кез-келген ұлтта мәдениет болады, мәдениет болмаса ұлт та болмайды. Адамдар қашан болса да шығармашылықпен айналысады, яғни авторлық құқық өзгеріп отырады, бірақ ең бастысы оны қорғау керек.

Авторлық құқық тақырыбы қаншалықты маңызды деп ойланар  болсақ, онда бұл тақырыптың азаматтық  құқықтың ең маңызды болмаса да соңғы  жылдары бой түзеп келе жатқан саласы деп тұжырымдауға болады. Дегенмен өзінің көлемі жөнінен анау айтып үлкен де емес, тіпті кішкентай да емес. Әрине авторлық құқық бізде оншалықты дамымаған. Оны күнделікті теледидарда қарақшылық жолымен жасалынған кассеталарды, бейнекассеталарды трактормен таптап жойып жатқанын көріп жүрміз. Тәуелсіз Қазақстанда келешекте осы авторлық құқыққа мән беріліп оның тұғырын көтере түсер деп ойлаймын. 

   Соңғы жылдары  экономикадағы түпкілікті өзгерістерге  байланысты бұрын туындауы мүмкін  емес немесе ғылыми, академиялық  қызығушылық қана танытқан құқық  саласында көптеген сұрақтар туындады.

    Нарық заманының келуімен кәсіби шығармашылық мүдделері ақыл-ой және рухани еңбек саласына жататын адамдарға ақыл-ой меншік құқығы, яғни авторлық құқықпен байланысты қатынастарды реттейтін заң шығару маңызы күннен күнге өсіп жатыр. Бұл мәселелер «компьютерлік қарақшылық» толқынына байланысты өзекті болып табылады. Сондықтан өзімнің курстық жұмысымда мен ЭЕМ-ң программалық өнімдерін құқықтық авторлық қорғауға байланысты мәселелерді бөліп көрсетуге тырыстым.

Ел мен елдің байланысы дамыған сайын, олардың өнері де бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, шынайы көркем туынды, әдеби шығарма, музыка, сурет пен сәулет, талантты әнші, сахна шеберлерінің өнері даму барысында сол елдің рухани қазынасын байытады. Осындай қатынастардың дамуы зияткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым – қатынастарды реттеу үшін, және осы саланы бір жүйеге келтіру үшін халықаралық заңдардың қажеттілігі туындады. Оның мысалы ретінде, әдеби туындылар мен көркем шығармаларды қорғайтын Берн конвенциясын айтуымызға болады. Осындай қатынастарды реттеу үшін еліміздің «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңды авторлық және сабақтас құқықтар туралы түсінік және ол қай кезде туындайды, мұндай құқықтар қалай қорғалады деген сұрақтарға жауап береді. Зияткерлік құқық туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінде де айтылған.

Автор – шығармашылық еңбегінің нәтижесінде белгілі бір туындыны дүниеге әкелген тұлға. Мұндай туынды ғылым саласында, әдебиет саласында, өнер саласында, техника саласында болуы мүмкін. Осындай жаңа туынды дүниеге келген сәттен бастап, сол туындыға авторлық құқық пайда болады. Автордың өзі ойлап тапқан жаңа туындыға өзін сол туындының авторы ретінде танылу құқығы, және туындыны азаматтық айналымға жария түрде шығарса, оның даналарына автордың өз есімін тиісті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез-келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына, беделіне нұқсан келтіретін басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордық беделін қорғау құқығы) болады. Авторы жоғарыда көрсетілген құқықтарынан айыруға болмайды. Бұған қоса, автордың немесе өзге құқық иеленушінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға құқығы мүліктік құқық немесе айрықша құқық деп танылады. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқығы, туындыны өз қалауы бойынша кез келген уақытта, кез келген мақсатта қолдана алады.

Авторлық құқық автор  автордың бүкіл ғұмыры бойы және автор  қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Бірақ, авторлық құқығын, оның есімінің құқығын және автордық беделін қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына оның мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Сабақтас құқықтардың субъектілері орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары болып табылады. Жоғарыда аталған сабақтас құқық субъектілерінің де құқықтары болады және бұл құқықтар заңға сәйкес қорғалады.

Жоғарыда аталған авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың біздің еліміздегі қорғалу мәселесіне тоқталайық. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңында көзделген авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Зияткерлік меншік еліміздің әл – ауқатын дамытып, жетілдірудің бірден – бір қайнар көзі. Әркімнің өз құқығын қорғай білуі, еліміздің өркендеп өсуіне өз үлесін қосарына ешқандай дау тудырмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Нормативтік актілер;

1. Қ.Р. Конституциясы  30 тамыз 1995 жыл.

2. Қ.Р. Қылмыстық кодексі, 1 қаңтар 1998 ж.

3. Қ.Р. Азаматтық кодекс. 1 шілде 1999 ж.

4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 10 шілде 1996 ж.

5. Ю.М.Батурин "Проблемы компьютерного права". Москва, 1991 г.

6. Т.Б.Сеитов "Правовые аспекты компьютерной преступности в зарубежных странах и в Казахстане". Алматы-2000 г.

7. Ғ.А. Жайлин «Азаматтық құқық» Ерекше бөлім I-II томдары. Алматы 2003 ж.

8. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.

9. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. 

10. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008ж

11.  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы

Газет журналдар:

12.Егемен Қазақстан 98. N97

 

Қосымша:

50-тарау.  Авторлық құқық

 971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)

1. Авторлық құқық шығармашылық  қызмет нәтижесi болып табылатын  ғылым, әдебиет және өнер туындыларына  олардың бағытына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ оларды бiлдiру  әдiсi мен нысанына қарамастан  қолданылады.

2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:

1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);

3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магниттi, оптикалық және т.б.);

4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);

5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме,  модель, макет, құрылыс және т.б.);

6) өзге де нысандарда қолданылады.

3. Осы баптың 1-тармағында аталға белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын, кейiпкерлердiң атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң,  әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.

Ескерту. 971-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi

1. Авторлық құқық объектiлерi  мыналар болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық  туындылар;

3) сценарийлiк туындылар;

4) хореография және  пантомима туындылары;

5) мәтiндi немесе мәтiнсiз  музыкалық туындылар;

6) аудио-бейне туындылар,  радио туындылар;

7) кескiндеме, мүсiн,  графика туындылары мен басқа  да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы  және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) фотосурет туындылары  және фотосуретке ұқсас әдiстермен  алынған туындылар;

11) географияға, топографияға  және басқа ғылымдарға қатысты  карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған  бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды  қорғау кез келген тiлде және  кез келген нысанда көрсетiле  алатын, оларға негiзгi мәтiндi және  объектiлiк кодты қоса алғанда,  ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:

1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер,  шолулар, инсценировкалар, музыкалық  аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);

2) жинақтар (энциклопедиялар,  антологиялар, деректер базалары) және  басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың  орналасуы бойынша шығармашылық  еңбек нәтижесi болып саналатын  құрастырылған туындылар жатады.

Туынды және құрастырылған  шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына  қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

Ескерту. 971-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

973-бап. Авторлық қатынастарды құқықтық реттеу

Авторлық қатынастар осы Кодекспен және авторлық құқық  пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актiлерiмен , ал оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

974-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар

Мыналар авторлық құқық  объектiлерi болып табылмайды:

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк,  сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттiк рәмiздер  мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және  өзге де мемлекеттiк рәмiздер  мен белгiлер);

3) халық шығармашылығының  туындылары;

4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар. P07011S

975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық

1. Ресми құжаттардың,  мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң  жобаларына авторлық құқыққа  жобаларды жасаған адам (жасаушы)  ие болады.

Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды  жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн  көрсетуге құқылы.

2. Жобаны, жасаушының  келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.

Ресми құжаттарды, мемлекеттiк  рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның  негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттiк рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.

3. Құзыреттi орган жобаны  қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiнiң  есiмi көрсетiлмей-ақ және авторлық  сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.

Ескерту. 975-бапқа өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi

1. Айрықша авторлық  құқық иесi өз құқықтары туралы  мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:

1) қоршауға алынған  латынша "С" әрпiнен;

2) айрықша авторлық  құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);

3) туындының бiрiншi жарияланған  жылынан тұратын авторлық құқықты  қорғау белгiсiн пайдалануы мүмкiн.

2. Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.

977-бап. Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары

1. Туынды авторының  мынадай жеке мүлiктiк емес  құқықтары болады:

1) туынды авторы ретiнде  танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

Информация о работе Авторлық құқық