Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:36, дипломная работа
Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46
Женуді ағасына сонша өшігіп, бет бұрып кетті дерлік айғақты деректерді кездестіре алмадық Керісінше, ағасы Сақалдың ең сенімді адамы ретінде 699 жылы Тан ордасына елшілікке барған да Жену еді. 708 жылы Таң патшалығының қастандығына қарсы соғысқа аттанғанда қытайдың "Төрт қала бекінісіне" шабуылға шыққан түркеш қолына басшылық жасаған, сөйтіп, Әнши өкіл әкімі Ню Шы Жиянды өлтірген де Жену. 711 жылғы түркеш пен Шығыс Түрік соғысында алдыңғы аламан қосынды бастап барған да Жену болатын.
Таң патшалығының төрт қала бекінісіне берілген осы реткі сұрапыл соққы Таң ордасын түркештермен есептесуге мәжбүр еткені анық 709 жылы 7 айда Таң патшалығы ресми түрде Түркеш қағанатын мойындап, Сақалдың алып, Білге қаған деген кағандық атағын орда хаттамасына енгізді. Оған қытайша Шоу Жүн (адал, тәртіпті) деген ат берді. Ал, інісі Женуте Шоу Жие (арлы, намыскер) дейтін құрметті ат қойды. Демек, 709 жылдың өзінде аға-інілер арасында ешқаңдай араздық болған жоқ дей аламыз.
Зерттеушілер назарында болуға тиісті тағы бір өзекті мәселе "қара түркеш, сары түркеш" атауының мән-мағынасын түсіндірудегі жаңсақтық деп білеміз. Л.Н.Гумилев қатарлы әр ел тарихшы, түркологтарының біразы "қараны" төмен жік, кірме, бөгде, тіпті таптықта талдауға салып, "езілген еңбекші бүкара" деп ұғындырып келді. Бұл мүлде жаңсақ ұғым. Түрік халықтарының қара, сары түстер жөнінде қалыптасқан тарихи, этникалық, дүние танымдық ұғым-түсініктерін жете білмеуден пайда болған қорытынды деуге болады. Бұл арнаулы зерттелуге тиісті үлкен тақырып.
Орхон-Енисей тас жазуларында кездесетін "қара түркеш" тіркесі қытайшада (путұн) көпшілік, жәй халық, бұқара деген мағынамен аударылған. Білге қаған тас жазуындағы Кеңгерес жаққа қашып кетіп, Күлтегінмен соғысқан "қара түркеш" халқы да түрікше мен қытайшаға бұқара, жай халық мағынасында аударылған. Меніңше, мұндағы "қара түркеш"— қағаны тұтқындалып өлтірілген, барлық жабғы, шадтары, бектері (шор-еркіндері) түгел қырылған түркештердің бас иесіз қалған күллі ақсүйек, қара сүйектерін меңзеп айтылған сөз болуға тиіс. Тас жазулар мәтініндегі "каrа turgis bodun" тіркесінен қайдағы бір мұқыры — бөкірін, авар текті кірме,моңғол тайпаларын іздеп әуреленудің жөні жоқ сияқты.
1999 жылы Бішкектен шыққан тарих ғылымы кандидаты Нусуповтың "Қырғыздар" атты кітабында Еуразияны жайлаған қаптаған қырғыздардың бір тармағы ретінде түркештер де аталады. Онда: ҮІІ ғасырда Тянь-Шаңда қырғыз тайпаларының түргеш тобы күшейе бастады, оның ішінде Іле, Жетісу, Шуды мекендеген тұқси, аздардың рулық бірлестіктері батыс қырғыздардың уақытша тайпалық одағы — түркеш мемлекетін құрды" деп жазылған. Сонымен бізге түркештер жөнінде, оның этникалық құрамы жөнінде бір-біріне бүтіндей қарама-қарсы төрт-бес түрлі көзқараспен бетпе-бет кездесіп, пікір таластыруға тура келіп отыр.
Ең алдымен басын аша айтарымыз: қазақ халқының этникалық төркінін туыстас түрік халықтарынан оқшаулап, бөлшектеуде ешбір ғылымилық жоқ, керісінше саясиланған қитұрқылық пиғылы жатыр.
І-ХІҮ ғасыр аралығында қазақ атымен шаңырақ көтерген дербес мемлекеттілік болмағаны, ділдес, салттас, туыстас, көп тармақты түрік халықтары құрған қуатты мемлекеттер болғаны рас. Ол бірде үйсін, қаңлы, бірде көктүрік, бірде ұйғыр, қырғыз, бірде қарлұқ-қараханит, бірде қима-қыпшақ, оғыз т.б. болып атала жүріп, XIII ғасырдың екінші жартысынан былай қарай Жошы ұлысын негіз еткен Қазақ хандығы шаңырақ көтерді.
Түркеш қағанатын құрысқан "он оқ халқы" "он төрт тайпа халқы" кейінірек 21 тайпалы Түркеш қағанаты құрамында басқа да түрік халықтарымен араласып, сіңісіп кеткен моңғол текті, тұңғұс-авар, қарақытайлар, мұқры-бәкіріңдер болмаған еді деп ешкім де кесіп айта алмайды. Алайда, түрік халықтары шоғыр отырған Батыс-Түрік қағанаты орнында шаңырақ көтеру тегі жат, өзі кірме мұқыры-аварлардың қолынан келмейтіні тарихшыларға түсінікті болса керек еді.
Түркеш қағанатын Батыс-Түрік қағанатын құраған он оқ халқынан да, Шығыс-Түрік қағанатынан да оқшаулауға, ыңғай білдіретін тарихшыларды сынаған хұн-түрік дәуірінің білгірі Лин Ганды тыңдап көрелік. Ол айтқан "Батыс түрік пен шығыс түріктің ата-бабасы әуелден бір болатын. Шығыс түріктің бөлшектенуі — түркілік саяси күштердің шығыстан батысқа қарай кеңеюіне орай, билеуші топтардың ішкі қырқылысуларының тікелей нәтижесі. Әсте түріктердің ұлттық құрамының өзгеріп, бөтенденіп кетуінен болған нәрсе емес" дейтін қаныққан ойға біздің де алып-қосарымыз жоқ.
Түркешті айбынды Сұлұқ қаған билегенде, қытайлар оны "он төрт тайпа" қағаны, Қара Білте қаған деп мойындаған еді. Он немесе он төрт, тіпті 21 тайпадан құралды делінген. Түркеш қағандығының халқы тегі жағынан түрік, тілі жағынан алтай-түрік тілі тобында сөйлеген, кейінгі қазақ хандығын құраған ру-ұлыстарды негіз еткен түріктер екендігін дәлелдеуге керекті тарихи деректер қолымызда баршылық.
Тарихтан белгілі болғанындай, түркештер қағанат құрып, өз алдына ел болуға қанша талпынғанымен, ҮІІ-ҮШ ғасырдағы қалыптасқан әскери-геосаяси жағдай мүмкіндік бермеді. Солай болса да қағандыққа тірек болған "он оқ бұдун" елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін қан кеше арпалысып жүріп, даңқты Сұлұқ қаған тұсыңда төрт тарапына сыйлы, айбарлы қағанат ретінде мойындалғаны да шындық. Дәл осы дәуірде, кейінгі Қарлұқ-Қарақан мемлекетін дүниеге келтірген күллі этникалық заттық, мәдени, тіпті аумақтық тұтастық алғы шарттары жасалды деуге болады.
Қорытып айтқанда, сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда "он оқ еліне" ұйытқы болып, айбынды қағанат құрған түркештер XIV ғасырда қасиетті қазақ жерінде қазақ хандығын құрған ұлыстардың бірі ретінде қарастырылып, тарих оқулықтарынан кеңінен орын алса игілікті іс болар еді демекшіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі:
69. Философтарымыз бұл жөнінде: «Тарихшы, антропологтардың көрсетуі бойынша халқымыздың ең арғы ата-бабалары – түп түркі, түп мұңғұл және түп тұңғыстардың этник бірлестіктері – неолит (жаңа тас) дәуірі кезінде қалыптасып болды» дейді. Қараңыз: Қасабеков Аманжол., Алтаев Жақып. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы, Ер-Дәулет, 1994, 38-бет.
70.Құран Кәрім, маида сүресі (5), 54-аят.
71 еrгіп 5-6 бет
72 кіtарсі
73 ваrtgjld
74 uevis
Қорқыт Ата Кітабының араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы Ватика және Дрезденде сақтаулы. Қазақшаға алғаш аударған - Ә.Қоңыратбаев (1986).
75 «Оғыз-нама» жырының ойғыр және араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы сақталған. Қараңыз: Шербак А.М. Огуз-нама. Москва, 1959, 22-42 беттер.
76 Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 1 том, Алматы, 1998, 317-бет.
77 Көрнекі ғалым Рахманқұл Бердібай мұның себебін былайша түсіндіреді. «Әсіресе, сахалардың ғ. соңы мен ғ. басында жаппай шоқындырылуы, аты-жөндерінің орысша жазылуы, елдің дағдысына христиан салттарының ене бастауы оларды түрік, мұсылман әлемінен тіпті алыстатып жіберген. Оның үстіне сахалардың ғасырлар бойында мұңғұл, бұрят, эвен, венкі, чукчи, юкагир секілді халықтармен аралас-құралас өмір кешкендігі сөздік құрамының күшті өзгеруіне әсер еткен». Қараңыз: Бердібек Рахманқұл. Байқалдан Бақанға дейін. «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1996. 3-бет.
78 Бартольд В.В. Тбрки – Двенадцать лекций . . . , 83-бет.
79 Dilorat 3- бет
80 Kaikan 110 -бет
81 Caniz
82 Cahiz 29-бет