Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:36, дипломная работа

Краткое описание

Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6


І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25

ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы

а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38


Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Түркеш-қағанаты.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

Таң әскері «Әнши бекінісі қалашығындағы»69 қытайдың таңдаулы жаяу және атты әскерін негіз еткен, Ферғана, қарлұқ атты әскері толықтырған қалың қол еді. Бірақ оның нақтылы саны қытай деректерінде анық көрсетілмеген. Халифаттың Хорасандағы өкіл әкімі Әбу Муслин Бұхара мен Самархандағы көтерілістерді тез тыныштандырып, өзі Самарханда қалады да, Зияд Ибн Салих бастаған қалың қолды Атлах-Талас бекіністерінде қорғаныста тұрған араб қолбасшысы Сайд Ибн Хумайд әскеріне көмекке шұғыл аттандырады.

Талас соғысы жөнінде арнайы зерттеу жүргізген О. Т. Большаков Әл-Макдиси дерегіне сүйене отырып, Тараз бен Атлах бекінісінде қорғаныс жүйелерін қалпына келтіріп, жаңа дуалдар тұрғызумен айналысып жатқан араб гарнизоны болғанын растайды70.

Осынау қүнды дерек күні бүгінге дейін жұмбақ болып кеткен Атлах-Талас шайқасының соңғы - бесінші, шешуші күні шайқаста қарлұқтардың Таң империясына сырт беріп, арабтар жағына шығып кетуінің сырын ашуға көмектесетін сияқты.

Орыс ғалымы А. М. Мандельштам түрік халықтары, оның ішінде қарлұқ, шығыл, шуйе, шумй тайпалары VII ғасырдың басында-ақ Шаш пен солтүстік Ферғана өңіріне дендеп ене бастағанын, соғдылармен, сол арқылы арабтармен де әртүрлі деңгейде қарым-қатынаста болғанын атап көрсетеді71. Демек, түрік халықтары оның қатарында қарлұқтар арабтарды көптен бері жақсы біледі деп айта аламыз. Оның үстіне қытайлардан талай теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқ жабғуы түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар болып үлгіргені байқалады. Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түркештер арқылы арабтардың қарлұқ жабғуымен ортақ тіл табысқаны, өрлеу, ілгерілеу үстіндегі Ислам әскерінің күш-қуатына сенім артқаны тарихи шындық болатын. Қытай дерек көздері араб әскерінің құрамы мен күш-қуаты жөнінде мынадай жалпы сипаттама береді. Арабтар жағында Зият бастаған Хорасан, парсы армиясын негіз еткен қалың қол және Орта Азиядағы Соғды бірлестігіне жататын елдер әскерлері болған. Бұл өңірдегі халықтар көптен бері-ақ арабтарға бағынып, ислам дінін қабылдаған болатын. Араб армиясында атты әскер, жаяу әскерден басқа, түйелі қосын, найзалы қосын, отпен шабуылдаушы арнайы топ бар еді. Қару-жарақ жағынан арабтар әлдеқайда үстем болатын. Ал Қытай жағы өздерінің жат жерде артқы саптан қол үзе, жазалау, жаныштау жорығында жүргенін мойындайды.

Сонымен, 751 жылдың зұл-хиджа (шілде) айында Атлах-Талас жерінде әйгілі қанды шайқас басталады. Қытай-дерек көздерінен мынадай хабарларды көреміз: «Екі жақ бес күн бойы шайқасты, қарлұқтар жаппай бет бұрып кетті де, арабтарға болысып, екіжақтап Таң армиясын қыспаққа алды. Шиянжыны (Гау Шиянжыны - Ә. Д.) ойсырата жеңді»72.

Таң әскері бірін-бірі таптай, түн жамыла қашады «Жол тар, адам мен ат көлік жолға кептеліп калды. Ферғаналық қалың әскерлер алдымен қаша жөнелді, қаптаған ат пен түйе адамдарға жол бермеді. Гау Шиян жының бір генералы Ли сыие қолына жуан таяқ алып, алдыға шығып, адам мен ат көліктің өлігінен тазалап, жол ашып отырды. Гау Шиян жыға ерген қалың тобырдың өтіп кетуіне жағдай жасады»73. Генерал Гау аздаған адаммен Ән ши бекінісіне аман-есен жетеді.

Атлах-Таластағы масқара жеңілістің Таң империясы үшін қандай ауыр соққы болғанын тарихшы Шуе мырза былай бағалайды: «Төртқалашықтың таңдаулы армиясы түгелдей дерлік жоқ болды: Осы соғыстан кейін Таң патшалығының абыройы түсті, бұрынғы құдіретінен айрылды. Сөйтіп, Таң патшалығының дәурені өтіп, құлдырауы басталды»74.

Таң патшалығына осыншама орасан зор шығын әкелген генерал Гау соғысқа 20 мың қытай армиясымен ғана қатысты деу ақылға симайды. Араб-қытай дерек көздеріне сүйенген әр ел тарихшылары бұл шайқастың қалай болғаны, қанша әскер қатысып, қанша адам өлгені туралы әр түрлі болжамдар жасап келеді.

В. В. Бартольд араб-қытай деректерін негіз етіп, «Гәу Шиян жы 30 мың әскермен арабтарға қарсы аттанды. Шамамен 700 ли алаңға жайыла сап түзеп ілгерілеп, Тараз маңында олармен қару түйістірді» деп жазады. Ал, Ибн Әл-Асыр болса: «Қытай жағы жүз мың әскер шығарды, соғыс Тараз өзені, Талас маңында, зұл  хиджа айында, 133-хиджыра (751 жылы 29-шілдеде - Ә. Д.) болды. Қытайлар өлілей 50 мың, тірідей 20 мың адамынан айрылды»75 деп нақтылайды.

X ғасырдың алғашқы жартысында жазылған Әл-Байхакидің «Кітаб Әл Махасин Вуа Л. Масауи» деген кітабында жорық жасаған қытай армиясының саны 70 мың еді, бірақ арабтардан күйрей жеңіліп, көп әскері тұтқынға алынғаны, қытай армиясының арқышын (обозын) олжалағаны, әрі қытай қолбасы ғажайып асыл жүзігімен қолға түскені аңыздалады. А. Г. Малявкин болса, қытайдан 50 мың әскер өліп, 20 мыңы тұтқынға түскен деп шамалайды76.

Аталған деректерді салыстыра қарағанда және Таң империясының жаулаушы армиясының тек Жетісу мен Сыр, Әмудария бойынан ғана емес, күллі Орта Азиядан біржола шегініп кетуіне қарағанда олар Атлах-Талас шайқасында шынымен-ақ жетпіс, сексен мың адамынан айрылғанына шүбәланудың орны жоқ сияқты.

Әр ел тарихшылары әрқалай жазып, түрліше пайым жасап жүрген мәселенің бірі - осы соғыста тірідей қолға түскен қытай әскерінің кейінгі тағдыры, тұтқындардың қолымен қытайдың қағаз жасау өнерінің Мәуреннахр мен Арабияға таралуы...

Ең алдымен, біз генерал Гау бастаған қытай армиясының санының қанша болғанына қарамай, оның Таң империясының Қытай қорғанының сыртындағы барлық бағынышты елдерді қарудың күшімен ұстап тұруға міндетті «төрт қалалық бекіністегі» таңдаулы әскерлері екендігін, олардың арасында қару-жарақ, құрал-сайман жасай алатын шеберлер болғанымен, қағаз жасау өнерін меңгерген мамандардың болғаны күмәнді деп қараймыз. Оның үстіне қытай тарихшыларының өздері жазғанындай, дәл сол тұстағы халифат әскерінің жарақтануы Таң армиясынан әлдеқайда артық бола тұра арабтар мен соғдылықтар қару-жарақ жасаудың озық технологиясын қытайлық тұтқындардан үйренді деудің де жолы жоқ. Ал әскери тұтқындарды армияның түрлі қажеттеріне қарай, тіпті, қару-жарақ жасауға пайдалануы әбден мүмкін.

Тарихи деректер Орта Азия мен Мәуреннахрда қағаз жасаудың тарихы тым ертеден басталғанын меңзейді. О.Г. Большаков Әл-Марузидің жазбаларына сүйене отырып, қағаз жасау өңдірісі Самарқан мен Ферғана қалаларында мұсылмандыққа дейінгі дәуірде жақсы жолға қойылғандығын жазған болатын77.

Тарихи жазбалардың айғақтауынша, қытай әскерлерін мындап тұтқынға түсіру бұрын да болып тұрған жағдай. 628 жылы Жетісу жерін басып өткен әйгілі қытайлық кезбе-монах Шуан заң Талас аңғарындағы бір шағын жабық қалашықта қолөнермен айналысатын жүздеген қытайлық отбасы бар екенін жазған болатын78.

Олай болса, қолға түскен қытай әскерінің бәрі шетінен өнерпаз, шетінен әлдебір жаңалық ала келуші ретінде дәріптелуі де тарихи шындыққа сай келмейді деп қараймыз.

751 жылғы Атлах-Талас  шайқасында қолға түскен Гау  Шиян жы сардарларының бірі - Ду Хуан Таласта біраз тұрып, айдаумен Арабияға дейін барады. Тұтқындар тартар барлық тауқыметті бастан кешіп, көрген-білгендерін қағазға түсіре жүреді. Ақыры амалын тауып, сауда кемесіне ілесіп, теңіз арқылы 762 жылы Шығыс Қытайға қайтып оралады. Ол көзімен көрген барлык, оқиғаларды, ел мен жер жағдайын, шаруашылығын, сауда жолдарын тәптіштей жазып, «Жиң Ши жи» (саяхатнама) деген бірнеше томдық кітап шығарған. Бірақ, «Саяхатнамада» қытайлық тұтқындардың арабтарға қағаз жасап бергені жөнінде ешбір дерек айтылмаған. Жетісу мен Мәуреннахр және Кіші Азия жөнінде құнды мәліметтер онда баршылық.

Біздіңше, Атлах-Талас шайқасында қолға түскен қытайлық тұтқындар қолымен қағаз жасалғаны жөнінде нақтылы дәлел жоқ. Тұтқын қытайлардың саны да ешбір тарихи жазбаларда анық көрсетілмесе де, оның он мыңдап саналатынына күмәнданбаймыз. Олай болса, Атлах-Талас шайқасының тарихи маңызы неде? Біздің төл тарихымыздан оның алар орны қандай болмақ?

Тарихшылар мен қоғамтанушылар үшін Атлах-Талас шайқасының жеңісін танып, бағалай білу үлкен сын деп білеміз. Біз бұдан 1250 жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азия және күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал еткен ұлы Жеңіске қол жеткенін мақтанышпен әрі борыштарлықпен атап өтуге тиіспіз. Ендеше, біз осы ұлы жеңістің тарихи маңызын былай атап көрсеткіміз келеді:

1. Сонау екі Хан дәуірінен (б.з.д. 206- б.з. 220) бері Қытай қорғанының  сыртына шыға бастаған Хан  патшалығы Таң дәуіріне (618-907) дейінгі  сегіз жүз жылда шамамен он  мың ли (5000 км) Батысқа жылжи отырып, 751 жылы Атлах-Талас түбіне жеткен қытай экспансиясының қанды жолы біржола, мәңгілікке кесіп тасталды. 751 жылдан бергі 1250 жыл бойы бірде-бір қару асынған қытай шерігінің осынау қасиетті аймаққа аяқ баса алмағаны тарихи шындық еді. Міне, сол үшін де Атлах-Талас түбінде шаһит кеткен құрбандар аруағы алдында күллі мұсылман-түрік әлемі тағзым етуге тиіс деп қараймыз.

2. Атлах-Талас шайқасының ұлы  жеңісіне араб мұсылман әскері  қарлұқ, түркеш түріктерінің қолдап-қуаттауы  мен жанқиярлық ерлігі арқылы  қол жетті Көтеріліс жасаған қарлұқ әскері жағында қытайлардан қорлық көрген түркеш қағандарының сардарлары бастаған едәуір қосынның болғаны белгілі. Қанмен бекіген түрік-араб достығының ғұмыры ұзақ болды, берекелі болды. Түрік халықтары Алланың хақ діні - Исламмен ертерек қауышты. В. В. Бартольд әділ айтқандай «Турки были одними из первых народов, среди которых Ислам, отказавшись от пропаганды оружием, имел успех путем убеждения»79 болғаны тарихи шындық. Түріктер Исламды 751 жылдан былай қарай, негізінен, бейбіт жолмен қабылдап, ислам мәдениетімен ертерек танысып, оны игеруге барынша құлшынды. Соның нәтижесінде түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді. Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін бере алды.

3. Түрік халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол жеткізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, кірігу барысында едәуір тұрақты, гүлденген мемлекеттерге ие болды. Исламды мемлекеттік дін ретінде мойындаған Қарлұқ - Қарахан мемлекеті кейінгі Қыпшақ, Қазақ хандықтарының шаңырағын көтеріскен қазақ ру-ұлыстарын біріктірген алғашқы қуатты мемлекеті ретінде танылып, мойындалуға хақылы. Ол жөнінде тарихшыларымыз Әлкей Марғұлан, Мұсатай Ақынжанов сонау 60 жылдарда-ақ батыл ойлар айтқан болатын.

Қорыта айтқанда, «Атлах-Талас шайқасының» ұлы жеңісі жөніндегі ғылыми еңбектер Отан тарихының жарқын беттерінен орын алуға, әлемдік тарихи маңызға ие үлы оқиға ретінде бағаланып, мемлекеттік, еларалық деңгейде аталып отырылуға лайық деп қараймыз. Атлах-Талас шайқасына биылғы 2001 жылы 29-шілдеде 1250 жыл толады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б) Түркеш қағанатында исламның таралуы

 

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661 - 750), Аббаси (751 - 1258), Селжүк (1040 - 1157), Осман (1299 - 1922) патшалықтары сықылды әлемдік мемлекеттердің ресми болған дәуірінде азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын жаппай дінге еңгізу, яки мұсылман болуға зорлау оқиғалары байқалмайды. Әуелі мұсылман еместерді мұсылмандырың туралы қажеттілік һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі жөһит, несториан, православ, католик, бұдда діндерін ұстанушылар шат – шадымен өмір сүрген, олар діни – рухани өмірінің ең гүлденген дәуіріне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мысалы, сан ғасырлар бойы Османияның билігінде болған Грекия, Бұлғарстан, Мажарстан, Сербістан, Рұмынстан, Әрмения, Гүжірістан (Грузия) сықылды мемлекеттер: Африкадағы мұсылман билеушілердің құзырында болған халықтар; Моғолстан иелігінде болған Үндістан халықтары өз дінінен аластатылған емес. Олардың өз дінін, тілін, әліппесін һәм ежелгі салт дәстүрін емін – еркін сақтап келгені айқын.

Аталған елдерге Исламияттың жайылуы  ғасырларға созылған табиғи барыстардан (процесс) кейін, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушілердің әділеттілігін көріп, осы ұстанушылары таңқаларлық сипаттарымен танысқан басқа дін өкілдері аралас – құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372ж. қайтыс болған Ибни Кәсірдің «әл – Бидая уән –Ниһәя» кітабында айтуына қарағанда, Мұса Нұсайырұлы Солтүстік Африка аймақтарын мұсылман билігіне қосқаннан соң,  жергілікті халықтар еркінше иман келтірген80. Түркістан өңіріне Ислам билігін әкелген басшылардың аса даңқысы, ақылгөйі һәм күрескер Ғазы Құтайба Мүсілімұлы еді. Аталмыш кітаптың 167- бетінде Ибни Кәсір былай дейді: «Құтайба Мүсілімұлының еңбегімен шексіз көп адам мұсылман болды, олардың дәл санын Алла Тағала ғана біледі! ».

Әсіресе, Х ғасырда мұсылманшылықтың толқын – толқын таралғаны байқалады. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек – лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960ж. 200 мың шатыр (үй/ түтін)түркі халқы Ислам дінің қабылдаған. Ұзын саны 2 милионға жететін осы көпшіліктің мұсылмандыққа кіру күллі адамзат және түркі халықтарының тарихындағы аса ірі оқиға. 1232ж. қайтыс болған көрнекті тарихшы Ибн әл - Әсир осы оқиғаны  қысқа һәм нұсқа ғып келтірген «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды!».

Шындығына келгенде, Әмәуи дәуірінде басталып, Аббаси дәуірінде кемеліне жеткен түрік қуаты, түрік факторы 10 ғасырдан астам уақыт Исламияттың қызметшісі һәм қылышы болғаны хақ. Ислам дінінің осы күнгі жағырапияларға таралуында, ғылым, білім, техника, өнер салаларындағы теңдессіз туындыларда түркі халықтарының үлесі аса зор. ХХІ ғасырға қадам басқан шақта түркілердің Ислам үмбеттерінің құрамындағы және халықаралық арендағы маңыздылығының тағы да өсіп келе жатқанын байқаймыз. Иә, осы түркі халықтары құрған мемлекеттер мұсылман үмбетінің басын қосқан, бір билікке ұюына ат салысқан. Тынық мұхитынан Әндүлүске, яғни Атлант мұхитына дейінгі шетсіз-қиырыз аумақтағы мұсылмандардың біртұтас сипаттарға ие болуына қызмет еткен-ді.

Пайғамбарымыздың замандас Түрік қағанаты және түріктер өмірінен хабардар болғаны, хатта түріктер хақында хадистер айтқаны көптеген әдебиеттерде келтіріледі. Оған Мұхаммед с.ғ.с.-ның «Түріктер сендерге тиіспесе, сендер де оларға тиіспеңдер!» сықылды хадистері айғақ болса керек.

Ұзақ ғасырлар бойы Ислам әлемінің дүниежүзілік саясаттағы уәкілшілігін түркілер жасағаны мәлім. Негізінен, жыл санауымыздан бұрыңғы ғасырларда белгілі мөлшерде отырықшы болған, көбінесе, көшпелі өмір салтын ұстанған түркі халықтарының ұлан-ғайыр аумаққа тарап, әртүрлі бөтен ұлттармен бірге өмір сүріп, олардың мәдениетінің, діні мен тілінің әсеріне ұшырағаны мәлім. Кей жағдайларда антропологиялық кескіні де мүлдем өзгеріп кеткен. Оғыз тобындағы батыс түркілері ежелгі бракисефальдық кескінін сақтағанымен, қарлұқ-қыпшақ тобындағы шығыс түркілері мүңгүлбейнелі (монголоид) типке қосылған. Орхон тастарында мәдени ықпалдасудың қаншалықты дәрежеге жеткені, Түрік қағанаты құлдырай бастағанда ел билеуші ханзадалардың, бекзаттардың, ақсүйектердің табғачтарға (қытайларға) еліктегені, ат пен атақтарын қытайшалағаны суреттеліп, ашына мысал етіледі.

Информация о работе Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны