Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:36, дипломная работа
Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46
Осынау аса құнды дерек көзіне үңілгенде, тарихшылар мен тілші түрколог ғалымдарды бір-бірінен мүлдем алшақ пікірлер айтуға мәжбүр қылған тіркестер мен жеке атаулардың этимологиясы айқындалып, басқасын былай қойғанда, біз сөз етіп отырған түркештердің этногенезі мен этникалық құрамын анықтауға мүмкіндік туады.
Олай болса, біз қытайдың «мо хэ, мохэду, мохэфу, мохэ даган» деп түрліше жазып келген иеорглифінің мағынасы – «баға, баға тархан, бағадұр, баһадүр» дейтін түрік-қазақ сөзінің әрі дыбыстық, әрі мағыналық аудармасы, оның «манжурдың орман-тоғай тайпасы болған соге, мокоға» ешбір жақындығы жоқ деп, батыл түрде айта аламыз.
Қытайдың жазба деректерінде көп кездесетін атаудың бірі – суогэ. Ол түркештерде «суогэ мохэ» болып қосарлана келіп, ұлыстық, кейде аумақтық мағынада да қолданылады. Суогэні –сақал (сақал қаған, саға ал, сағй, сөге, саға, т.б.) деп жазған қытай тарихшысы Шуе Зұңжың, әрине, суогэ – түріктің сақал-мұрт, шаш түрі мен түсіне қарай қойылған атақ екеніне көз жеткендіктен солай түсініп, солай қабылдаған деп қараймыз. Олай болса «суогэ, суоге, мохэ» сақалды немесе шашты, түкті бағадұр (баһадұр) дегенді білдіретін атау болып, бара-бара басқа да мансап, шен атақтары сияқты түріктік-түркештік мансаптардың атына, сол арқылы ру-тайпа атына айналып кеткен деймін. Біз бұл пікірімізді жоғарыдағы үзіндідегі «Ол, негізінен, аймақтарды билейтін мансаптылардың атағы болушы еді» дейтін хабарламамен нықтай түскіміз келеді. Түріктер құрған үлкенді-кішілі мемлекеттердің аймақтары мен кіші хандықтарын, сол және оң қанаттарын, тіпті ру-тайпаларын да әскери атағы бар адамдар басқарып келгені анық. Түріктерде қалыптасқан билік жүйесіне қарағанда әр адамның атқарған қызметі мен билеген аумағының өзгеруіне, дәрежесінің өсуіне қарай оның бұрыңғы атақ-дәрежесіне жаңасы тіркеліп отырған. Мәселен, Түрік қағанатының 7-қағаны Баға қаған (Мохэ қаған) бағындырылған Шығыс өңірді билеп тұрғанда Қара Шор (шу ло ху) деп аталушы еді. Батыс түріктің Ел Құтлық бек қағаны қаған болмай тұрғанда Баға Шор (Мохэ дуо) атағымен ел билейді. Дәл сол сияқты түркештердің бірінші қағаны Үгілдің де қағандыққа дейінгі атағы Ку Сара қағанның қол астындағы Баға тархан екені естеріңізде болар.
Л.Гумилев соңғы үшінші айғақты дәлел ретінде «Түркеш халқы екі тайпадан: мұқырлар мен аварлардан пайда болды. VII ғасырдың өзінде-ақ түркеш тұқымдары Сарыларға (мұқырлар тұқымы) және Қараларға (аварлар ұрпағы) бөлінді. Бұл арада Азияда сары түс ақсүйектерді, ал қара түс бұратана халықты бейнелеп келгенін»53 алға тартады. Тарихшы ойын одан әрі нақтылап: «Біздің талдауымыз бойынша «сарылар» - байырғы тұрғындар – мұқырлар, ал «қаралар» - келімсек аварлар, олар бірігіп, бір халық боп кетсе де өздерінің шыққан тегін, нәсілі бөлектігін әлі ұмыта қаймаған»54 деп жазады.
Біз жоғарыда түркештердің этногенезі мен этникалық құрамы жөніндегі ой-пікірімізді біршама өрбіте айтып өттік. Түркештің түрік екенін, «нағыз түрік» мағынасы барын, Дулаттың белді тайпасының бірі ретінде Жетісу, Еренқабырға мен Алтайды мекендеп келген ежелгі халық екенін дәлелдеуге тырыстық. Сондықтан да Л.Н.Гумилевтің V ғасырдың алды-артында «манжүрлардың орман-тоғай тайпасы» ретінде аталған мұқырлардың (Мохэ-мүкрилер) VII ғасыр басында Жетісудың «байырғы тұрғындары» ретінде сарылар – ақсүйектер қатарына жатқызылуын құптай алмаймыз.
Ал, түркеш халқын құруға қатысты делінген екінші этникалық аварлар жөніндегі нақтылы тарихи деректерді кездестіре алмады. «Таңнама» (Көне және жаңа), «Сүйнама», «Билік ғибратнамасы» қатарлы ескі бастаухаттарға сүйенген белгілі қытай тарихшысы Шуе Зұң жың былай дейді:
«Түркеш қағандығы – Таң патшалығы дәуірінде Батыс өңірде бірінші рет басқа бір түрік әулеті құрған өкімет еді. Оны түркеш, шеп, шимойын (шу, мукүн) қатарлы үш тайпа құрды. Осының алдыңғы екеуі тарихтан бері қаған шығып келген тайпалар болып, соңғы біреуі – (ши мойын) қағандықтың ең басты көмекші қолқанаттары болушы еді... 738 жылы сұлұқ қаған өлтірілген соң қағандық ішіндегі сары және қара тұқымдас арасында қырқыс басталды да, мемлекеттің берекесі қашты»55.
Демек, тарихтан бері қаған шығып келген түркеш, шеп тайпасы тұтастай алғанда ақсүйек «сарылар» аталуға хақылы. Олай болғанда «келімсек, аралар» шимойындар болып шығады. Алайды, олай деуге ешбір тарихи негіз жоқ сияқты. Біздің пайымдауымызша түстер, оның ішінде сөз болып отырған VI- VIІІ ғасырдағы азиялықтардың сары, қара түстер жөніндегі ұғым-түсініктері тіпті де басқашалау болса керек еді.
Өздерін «көк пен жерден жаралған Күн мен Ай таққа отырғызған... Тәңірінің әке перзенті» деп білетін ғұндардың ұрпағы – түріктердің «тәңірдей, тәңірден болған» көк түріктер атауы әсте кездейсоқтық емес еді. Түрік халықтары елін көк түс – қасиетті, киелі, көк бөрідей тәңірлік мағынаға ие. Түріктің өңірлік наным-сенімі бойынша, көк-әке, жер, қара жер – ана, тіршілік көзі мәңгіліктің, сарқылмас күш-қуаттың баламасы іспетті. Түрік қағандарының атағына қосыла айтылатын қара сөзінің осындай жердей зіл батпан алмағы бар болатын. Мысалы, алғашқы Түрік қағанатының (552-599) 7- қағаны Баға қағанның (Мхэ қаған) «Қара шор» лауазымы болса, Шығыс түрік қағанатының (599-630) 3-қағаны – «Қара қаған» деп аталған.
М.Қашқари қара сөзіне «Хақаняның хандары «Қара» деп аталады, - Бұғоа қара хақан – Бура Қара хан сияқты»56 деген анықтама берген болатын. Әйтсе де біз бұл анықтамадан қара сөзінің түп мағынасын – этимологиясын да алмаймыз.
Әлемнің туркологтері мен тарихшылары түстер жөнінде, оның этимологиясының, этникалық тарихқа қатысы жөнінде көп жазды, көп таласты ақырғы сөз әлі айтылған жоқ.
Қытайдың белгілі тарихшысы Шуе Зұңжының пікірі қара жөніндегі бұлдырлыққа сәуле түсіретін сияқты, ол былай дейді: «Түркеш қағандығының соңғы кезеңінде Сұлұқтың ұрпағы мен Сақалдың ұрпағы арасындағы тақ таласы өршіп кетті. Қағандыққа жол ашып, көш бастаған Сақал хан шыққан түркеш тайпасы Сары шаштылар тұқымына жататындықтан оны жақтап қолдаушылар сарылар (сары тұқымдылар – Д.Ә.) деп аталынды. Ал, Сұлұқ болса қағандықты қалпына келтіріп, айбынын асырған хан еді. Ол шыққан Шеп тайпасы Қара шашты, нақ моңғолдық типке жататындықтан Сұлұқты қолдаушылар қаралар (қара тұқымдар – Д.Ә.) болып аталады»57.
Бұл арада сөз Л.Гумилев айтқандай, ақ сүйек, қара сұйек, бұратаналар туралы болып тұрған жоқ. Өйткені, Сақал да, Сұлұқ та – тарихтан бері қаған шығып келген түркеш пен шеп сияқты билеуші ақсүйек тайпаның өкілдері.
Қараның, қара шаштың дегдарлыққа, ақсүйектікке қатысы туралы ой кездірер болсақ, сөз ұзаққа кетеді. Түйіндеп айтқанда Миллер мен Г.Е. Грумм-Гржимайло хұндардың қара шаштыларға жататынын, ал Х.Қороғлы «Оғыз ханның шашы мен сақалы қара болғанын»58 жазған еді.
Грумм Гржимайлоның анық жазғанындай, түріктердің де шашы қара болған. Түріктердің дене бітімі мен түр-түсі қандай болғанына дауласпай-ақ Күлтегін бейнесі түсірілген тас мүсінге бір қарай салу жеткілікті шығар.
Сарылар, сары шаштылар жөнінде бірер сөз.
Антропология, генетика ғылымы әлдеқашан дәлелдеп бергендей, қазақтың антропологиялық типі негізгі екі нәрселік жүйеден құралған. Оның бірі – еуропалық, екіншісі – мұңғұлдық (монголоид) нәсілдер. Бірінші жүйе қазақ даласының негізгі тұрғындарына тән қасиет.
Заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан бастап Жетісу мен Тарбағатай Оңтүстік Алтай, Еренқабырғаны мекендеген үйсіндердің нәсілі жөнінде Таң патшалығы (618-907) дәуірінде өмір сүрген Ян Шығу: «Үйсін Батыс өңір ұлттары ішіндегі пішіні тым ерекше ... Көзі көк сақалы жирен»59 деп жазады.
Біз түркештер ежелгі Үйсін-Дулы ұлысының ұрпағы, шежіре деректерінде айтылатын Сары үйсінді түркеш қағандығы кезіндегі Үгіл мен Сақал қаған шыққан Сарылардың (сары тұқымды түркештер) үрім-бұтағы деп қараймыз.
Ал, Үйсіндердің хұндармен, қаңлы-аландармен бертінгі көк түрік тайпаларымен салттас, тілдес, діндес екені ертедегі қытай-жазба деректерінде60 жеткілікті дәрежеде жазылып қалдырылған.
Сондықтан сары және қара түркештер арасындағы «бітіспес жаулықтың» негізгі себебін – олардың «жергілікті мұқырлар ұрпағы» болғандықтан ақсүйектер тұқымы, ал «келімсек аварлар ұрпағы» - бұратана – қара тұқымдар болғандығынан емес, «тарихтан бері қаған шығып келе жатқан» туыстас екі тайпаның таластығы мен бақталастығынан дегіміз келеді.
II.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі
Еліміздің тарих оқулықтарында өз жерімізде болып өткен осынау аса маңызды тарихи оқиға туралы мардымды ешнәрсе жоғы өкінішті. Ендеше алдымен Атлах туралы жазба деректеріміз не дегеніне назар аударып көрелік. Атлах VI-XII ғ.ғ. аты шартарапқа мәлім болған Талас-Шу бойындағы түрік қалаларының бірі. Академик Әлкей Марғұлан Атлахты – Отлых61 деп жазыпты. Араб тарихшысы Әл-Макдиси 985 жылы «Атлах-үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі. Мешіті орталығында, базары – рабатта (қала шетінде) болған»62 деп жазады. Махмұт Қашқари болса «Атлұқ Талас (Тираз) маңындағы бір қаланың аты»63 деп қысқа қайырды. Орыс тарихшысы А.Н.Бернштам өзі ашқан археологиялық айғақтарға сүйене отырып «Атлах қаласының орны Тараз қаласына таяу жердегі Жуантөбеде, оның үйіндісінің айналасы 280/140 метр аумақты алып жатыр» деп, нақтылай түседі64. Атлахтың харабаға айналу тарихы туралы жазба дерекке кезіге алмадық.
«Атлах-Талас шайқасы» дегеніміз – қандай шайқас? Оған қай елдерден, қанша әскер қатысты? Соғыстың алғашқы төрт күнінде Таң империясы жағында соғысқан қарлұқ қолы бесінші күні неліктен арабтар жағына өтіп кетті? Қытай армиясынан қанша адам өліп, қаншасы тұтқынға түсті? Түркеш әскері бұл шайқасқа қатысты ма, қатысса, кімдер жағында болды? Соғыс аяқталғаннан кейінгі геосаяси жағдай қалай өзгерді? Шайқастың тарихи мән-маңызы қандай болды? Бұл сұрақтар төңірегінде тарихшылар алуан түрлі ой-пікір айтып келгені белгілі.
Алдымен «Атлах-Талас шайқасы» қарсаңындағы геосаяси, әскери жағдайға қысқаша тоқталуға тура келеді. VII ғасырдың ортасында нақтылап айтқанда 750 жылы Араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы қырқысы аяқталып, қара киімділер аталған аббасшылдар толық жеңіске жетеді де, осыған дейін бақылаудан тыс қалған бұрыңғы ортаазиялық иеліктеріне бақылауды күшейте бастайды. Бұған дейін Тибет пен Шығыс Түрік қағанатына және ішкі қырқыстан әбден әлсіреген түркештерге әлденеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мәуреннахрға сұғына кірген Таң империясы армиясы халифат иелігіне тікелей қауіп төндіре бастаған болатын. Осы дәуір туралы жан-жақты зерттеу жүргізген Қытай тарихшысы Шуе мырза екі империяның мүдде қақтығысын былай түйіндейді: «Бұл аймақтағы билік үшін болған текетірес қарулы қақтығысқа ұласты. Бір ғасырға созылған саяси ықпалдастықтың күшейіп-әлсіреп отыруына орай, ақырғы тоқайласар алаң, бұрынғыдай «тәңірі қағанның батыс қақпасы»65 атанған Әмудария емес. Суябқа жуық Талас аңғары болып қалған еді»66. Бұл жолдарда тарихи шындық бар екенін атап айтуымыз керек. «Атлах-Талас шайқасы» алдындағы Орта Азия елдерінің геосаяси жағдайын төмендегідей топтастыра айтуға болады.
1. 737 жылы түркештердің құдіретті
билеушісі атанған Сұлұқ қаған
қастандықпен өлтірілгеннен
2. 744 жылы яғма, қарлұқ, ұйғырлардың
тегеурінді соққысынан
3. Генерал Гау67 «Атлах-Талас шайқасы» болардан бір жыл бұрын 750 жылы қалың қолмен Тобанға, Шашқа шабуыл жасап, хандарын тұтқындап, Таң ордасына апарды. Дәл сол кезде Қытайдың тағы бір үлкен қосыны түркештер ордасы Суябты басып алған болатын. Түркеш қағанын да тірілей қолға түсіріп, Қытай астанасына жөнелтеді. Екі генерал мезгілде екі бағыт бойынша жорыққа шыққандығы байқалады.
Осы тұста заңды сұрақ туады. Генерал Гау Таң Ордасы тағайындаған Шаш ханын неліктен тұтқындап әкетті? Арабтар Таң ордасымен одақтас болған Ферғана иелігінен аттап өтіп, Талас бойына қалай шабуыл жасайды? Бұл сұраққа былайша жауап беруге болады. Шаш иелігі, әсілі, Түркеш қағанатына қарушы еді. Оның билеушісі Баһадүр тұтұқ (Мохо дуо тудун) түркеш қағаны жіберген өкіл әкім болатын. Алғашқы кезде ол Таң Ордасының да тағайындауын қабылдап, тарту-таралғы да жіберіп тұрады. Алайда Шаш ханы бір жағынан қытайлардан қорлық көріп жүрген қара түркештермен туыстығынан, тағы бір жағынан арабтарға әлдеқашан одақтас, діндес болып кеткен соғды ықшидымен құдандалылығынан арабтармен де жақсы қарым-қатынас жасап тұрады. Тіпті оның хандық мәртебесін халифат заңдастырып берген болатын. Көріністе қытаймен, іс жүзінде арабпен одақтас болған Шаш ханына генерал Гаудың өшіге шабуылдауында өзіндік сылтау бар еді. Әйтсе де генерал Гау бірден шабуылға шықпай, «келіссөз арқылы ұғысуды» сылтауратып, Шаш ханын соғыссыз-ақ қолға түсіріп әкетеді де, опасыздықпен өлтіріп тастайды. Шаш ханының баласы аман қалып, арабтардан және көршілес елдерден көмек сұрайды.
«Көне таңнамады» мынадай дерек бар: «Ол арабтармен тіл біріктіріп, төрт қалашыққа шабуыл жасайды деп қорыққан Гау Шиянжы 20 мың әскерді бастап жабайылар жеріне өтіп кетті де, Таласта арабтармен соғысты»68.