Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:36, дипломная работа
Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46
Мұндағы Азғыз, Барысқан дегендер тайпалардың аттары. Күл, тон Ашбар, Нижұқ, Шопан дегендер сол тайпаны билеген көсемдердің аттары, ал, Еркін солардың лауазым аттары еді. Осындағы Касо, Ағыз-Азғыр деген тайпа аттарының қайталануы, тайпалар көші-қоны мен әкімшілік бөліністерінің әр кезде әрқалай өзгеріп отыруына қарай қалыптасқан деп қарау керек. Кейде ру аттары, сол руды билеуші көсем мансабымен (Мохэ Даган, Суго Мохэ, т.б.) аталып кеткен жағдайлар да кездеседі. Оның себебін басқадан іздеп әуреленудің керегі жоқ. Ол тек Орда жазбалары көшпелілер өмірі мен тұрмысын, ел билеу жүйесін анық біле бермейтін қытайлық әскерилер қолымен жазылған рапорттарды негіз ететіндігіне байланысты блатын. Оның нақтылы көрінісін Касо тайпасының көші-қоны мен этникалық құрамының өзгерісінен анық байқаймыз.
Касо тайпасы кезінде Батыс Түрік қағанатының Шығыс жағында Чуйо, Чымыр, Бесенелермен көрші болған.
634 жылы Шбара Хилаш атағымен Батыс Түрік қағанатын билеуге Таң патшалығы жіберген Тоңа Шад өз билігін нығайтып, он оқ халқын өзіне тарту мақсатымен он оқ тайпасын басқару құрылымына өзгеріс енгізеді. Осыған дейін бір мезгіл нақтылы билігі де, айқын шек-шекарасы да болмай, бетімен кеткен он оқ тайпаларындағы «Бес Дулаттың» әрқайсысына бірден «Чор», ал, «Бес Нүшбеге» бірден «Еркін» тағайындап, бақылауды күшейтеді.
Дәл осы тұста касолар екіге бөлінеді. Оның біл бөлігін Күл Еркін, екіншісін Шопан Еркін билейді. Ал, Түркеш қағандығының алғашқы жылдарында Касолар Батысқа жылжиды да, Жетісудың Шығысындағы Қарлықтармен араласа қоныстанады. Бара-бара қағандықтың оң қанатындағы Нүшбелер құрамына қосылып кеткенін көреміз. Қарлықтар Батысқа жылжып, Түркештердің мекенін иеленген тұста Касолар да бірге қоныс аударған болса керек. Араб тарихшысы Әл-Ауфи қарлықтар ішінде үш ұлыс қазақ бар дегенде осы касоларды айтқан болар.
Азғылар (Ask) туралы да осыны айтуға болады. Шбара Хилаш он оқ тайпаларын сол қанат және оң қанатқа бөліп басқарғанда Азғырлар да екіге бөлінеді... Оның бірін Күл Еркін, екіншісін Нижұқ Еркін билеген еді.
Кейбір зерттеушілер тарихи жазбаларда каса, гыса, касо, гешу, т.б. түрінде жазылып келген этнос атауын бүгінгі қазақ этнонимінің ертедегі айтылуына қарай қытайша жазылған түрі деп пайымдайды. Осы пікірде шындық бар деп ойлаймыз.
Батыс Түрік қағанаты «он оқ Бодун», «он жебе халқы» немесе «он тайпа қағандығы» деп аталып кеткенімен қағандық құрамында басқа да толып жатқан үлкенді-кішілі тайпалар болғандығы қытай бастаухаттарында анық жазылған. Қытай тарихшысы Лин Ган «он жебе тайпаларына» тағы да 11 тайпаның аты мен мекен-жайын қоса көрсетіп жазған еді37. Олар мыналар:
Осыншама көп ру-ұлыстардың басын біріктірген Батыс Түрік қағанатының мұрагері Түркеш қағандығы айбынды қолбасы Сақалдың тұсында тіпті дәуірлеп, төрт тарапқа мәлім болғанын Таң патшалығының 708 жылы Сақалды «он төрт тайпа қағаны» деп танығанынан әрі оған «Қара Білге қаған» деген атақты қоса бергенінен байқауға болады. Мұндағы «Қара» сөзі күллі түрік әлеміне белгілі «күшті, мызғымас тақ иесі» мағынасында қолданылып тұр. Ал, «он төрт тайпа» дегені – Бес Дулат, Бес Нүшбеге қалың қарлық, яғма, мұқы тархан және думожы тайпаларын тұтас аумағы мен Түркеш қағандығы иелігі ретінде мойындаған.
Аталмыш он төрт тайпа бірлсетігі дегеніңіз жоғарыдағы 21 тайпаның Шато, чум, чу йөден басқасын түгел дерлік қамтып тұрғанын көрсетеді. Әйтсе де бұл тайпалар да Түркеш қағандығынан аулақтанып, басқа жаққа шығандап кете қойған жоқ. Шато бір кездері Шу й оның құрамында Батыс Түрік қағанатына бағынып, Іле өзені аңғарын мекендеп тұрған уақытта түркештермен тығыз байланыста аралас-құраласа өмір сүрген еді. Батыс Түрік қағандығы әлсіреп, ішкі қырқыс жиілеп, асқынған тұста Шығысқа жылжып, Баркөл мен Ұлы қорған шегіне дейін ауа жайылып қоныстанады. Сол замандарда олар Шато түріктері40 деп атала бастайды.
Жоғарыда өткеніміздей, түркештердің шығу тегі мен этникалық құрамы жөнінде өзгеше, тіпті бүтіндей басқаша дерлік көзқарастағы ғалымдардың бірі Л.Н.Гумилев болатын. Ол өзінің әйгілі «Көне түріктері» кітабында түркештерге әлденеше жерде арнайы тоқталған. Л.Николай «Түркеш халқы екі тайпадан мұқырлар мен абалардан пайда болды»41 дейді. Ал, мұқырлар мен абарлар деген кімдер, олардың өзі қайдан келді деген сұраққа онша қиналмастан-ақ «абарлар мен мұқырлар сияқты олардың ұрпақтары түркештер телестік те, шулық та, тегінде түріктік те (түркіттік) топқа жатқан жоқ»42 - деп тұжыра жауап береді.
Біз бұл тұжырымды қостай алмаймыз. Өйткені бұл арада басын аша кетпесе болмайтын аса шешуші мәнге ие тарихи шындық пен тарихи аққара таразы басына тартылып тұр. Біздіңше, Л.Гумилевтың жоғарыдағы тұжырым жасауға итермелеген үш жағдай болса керек. Оның біріншісі, әрі ең бастысы – Қытайдың «Жаңа және көне Таңнама» дейтін тарихи жазбаларында жиі кездесетін мохэ, мохэ ду, Алиша, мо хэ даган, т.б. атаулардың этимологиясы мен қолданыс аясын түсінбеуден туындап жатса керек. Ендеше бастау хаттарда осы атаулар қалай қоланылған, ол Л.Н.Гумилев айтқандай, ру-тайпаның аты ма, әлде мансап-лауазым ба немесе әр кезенде бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданыла берді ме деген сұрақтың жауабын іздеуге тура келетін шығар.
Бұл сұрақтарға жауап іздеуге әрекеттенгендіктен де болар Л.Н.Гумилев өзіне дейінгі зерттеушілердің сілтемелерін талдай келе «...Мохэ (Шабанн «Баға» деп оқиды) ешқандай да біреудің жеке есімі болуы мүмкін емес, өйткені үшжеленің де «Мохэ даган»деген құрметті атағы болған»43 - деп жазады. Біз өз уәжімізді осы арадан «Мохэ даган» құрметті атағы дегеннен өрбіткенді жөн көрдік.
«Мохэ»қытай жазба деректеріне тым ертерек ілінген атаудың бірі. Ол алғаш рет «Солтүстік Вей» патшалығы тарихында (386 - 534) «ормаендықтар» деген мағынаны білдіретін «Шывій» түрінде хатталады. Ол кейбір тарихшылардың пікірінше, «Шиян Би» деген тұңғыс тайпасының басқаша жазылған түрі көрінеді. Вій, таң патшалығы дәуірінде Шывійлердің 20- дан астам тайпалары болғаны, олардың басыларын «Мохэ дуо» деп атайтындығы44 белгілі болған. Осыдан былайғы қытай жазба деректерінде «мохэ» әр түрлі қосымша жалғаулар тіркелген түрде, мәселенки, мохэ фу, мохэ даган ,мо хэ қаған, мо хэ дуошы т.б. атаулар да кездесіп отырады. Бұл жөнінде тарихшы Линган мынадай түсінік береді: «бұл сөздер түрік тілді халықтарда жиі кездеседі, оның ішінде «Мофу» мен «Мо хэ»сөзі, бүгінгі түрік тілінде Batur, күшті немесе ержүрек батыр дегенді білдіреді45. Ал, әр кездегі қолданыста бұлардың барлығы дерлік тайпа атын емес, мансап, онда да әскери шен дәрежесін көрсетіп тұрған атаулар болатын. «Мо хэ»-ні қытай-түрік тарихының білгірі Н.Мыңжани кейде «мұқы» түрінде, кейде «баға» түрінде қолданады. Ал, ұйғыр тарихшылары «мохэ»-ні – «баға» деп, «мохэ дуо»-ны «Бахадур» түрінде жазып жүр. Мо хэ даган – Баға тархан ретінде қабылданып, қалыптасып кетті деуге болады. Олай болғанда Л.Н.Гумилев «мұқры-бакрин» этнонимін қайдан, қалай алған болды екен дейтін заңды сұрақ туады. Ол сұраққа мынадай жауап береді: «Қытайлықтар тайпа мен тархан құрметті атағын бір ғана иероглифпен жазады. Бұл «Мохэ-баға» термині адамның қай тайпаға, бұл арада мұқыры-бакринге жататындығын білдіреді. Соның өзінде Мо хэ Дигань, яғни Мұқры Тархан – тұқымдық атақ екенін, өйткені Түркеш қағанатының бағыныштылық тәртібінде бізді қызықтырып отырған бұл персонаж Куль-чур құрметті атағын алып Чу мугунь тайпасын басқарғанын ескеруіміз керек»46. Біріншіден, қытайлықтар тайпа мен құрметті атақты бір ғана иероглифпен жазып тұрған жоқ, «баға тархан» дейтін әскери атақты білдіріп тұр, екіншіден, түркештер ғана емес Орхон түріктері (көк түріктер) де «Баға тархан» атағын кеңінен пайдаланған. «Тоныкөк» мәңгі тас жазуының 6-қатарында дана Тоныкөктің «Білге тоныкөк бойла баға тархан» (Білге тонуку, бойла баға тархан) атағы бар екендігі анық жазулы тұр. Сонда Тоныкөкті де бойла мұқры-тарханы еді деп қабылдауымыз керек пе? Л.Н.Гумилевтың өзінің де «718 немесе 719 жылдары хан оған тарханның бойла бағасы шені мен мемлекеттік кеңесші қызметін қайтарып берді»47 деп жазғаны бар. Бұл арада мұқры-тархан туралы сөз болмай тұрғаны түсінікті шығар.
Көк түріктер қағанатының негізін салушы ағайынды Бумын мен Естеми қаған тарихын зерттеушілер пікірін сарапқа салушы қытай тарихшысы Лин Ганның пікірлері де ойлануға тұрарлық деп қараймыз. Ол былай дейді: «...Батыстағы тайпаларды басқаратын мансапытыларды көбінше Ябғи деп атайды. Мәселен, Батыс түріктің түп атасы Естемидің әкесі Ұлық Ябғу еді. Естемидің өзі бағындырылған өңірдің баһадүр Ябғуы (Мо хэ луо йе ху) болған. Батыс түріктердің кейінгі қағандарына көбінше «Ябғу» атағы қосымшалана айтылатыны содан болар. Мысал үшін, Шекуй қағанның ұлы алғашында Ябғу деп аталады».
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндер болсақ, IV-V ғасырдан бастап тарихи жазбаларда көрінген «Мо хэ» атауы, негізінен, тайпалық, халықтық этноним емес, Шиян би – Шы вій, комұқ (ку мочи) жүржіттерден (авар) бастап, Түрік қағанаты (шығыс, батыс) мен Түркеш қағанатына дейінгі үлкенді-кішілі әскери мемлекеттік билік жүйесінде қолданылып келген, қағаннан кейінгі Ябғу дәрежелес немесе Ябғудан кейінгі үлкен лауазым атауы деп қараймыз.
Ал, Түркеш қағандығындағы «Баға тархан» - қағанның қол астындағы өзі әскери қолбасшы, тіпті бас қолбасы дәрежелес мансап болса керек. Мәселен, Түркеш қағандығының негізін салушы Үгіл (Өжелі-Өгелі) «... алғанда Ху селоның (Asana qusara) қол астындағы Баға тархан деп аталушы еді»48 деп анық жазылған. Мұнда да сөз Мұқры тайпасы туралы. «Мұқры - дикань» туралы емес, нақты әскери билік атағы жөнінде айтылып тұрған жоқ па?
Л.Н.Гумилев сүйенген екінші тұғыр – мұқры, сотэ және моко рулары жөніндегі сілтемелерінен көрінелі. Ол былай деп жазады: «Олар жөніндегі алғашқы мәліметтер VIIғ. Екінші ширегіне жатады, онда бұлар Дулудың бес тайпасы құрамында атап көрсетілген, 659 жылы Батыс Түрік қағанатын қытайлықтар жаулап алған кезде түркештер екі округті: Согэ және моко рулары өмір сүрген Іле өзені алқабының жоғары бөлігіндегі Ву – Лоуды және Алишэлер тұрған Іле өзенінің батысындағы Го-Шаньді мекендеді»49.
Таң патшасы Гау зұңның жарлығымен 659 жылы қайта құрылған Күн мен тұтық мекемесіне кейіннен Бей тиң – Бесбалақ қарайтын 23 уәли мекемесі құрылған болатын. Солардың ішінде «түркеш» атауы анық тіркеліп тұрған екеуі ғана емес. Түркеш қағандығына қарасты Бес Дулат құрамындағы бес тайпа аумағы тіпті Сұлұқ билеген 14 тайпа қағандығы жері түгел ұмытылған еді. Олар мыналар:
1.Бүгінгі ШҰАР-дың Тарбағатай өңірін мекендеген Шимойын Лүй ұлысын бақылайтын Хұң Ян Уәли мекемесі.
2.Вен Лу (Ву-Лоу емес – Д.Ә.)
Уәли мекемесі - Іле өзені орта
және төменгі ағысының
3.Жие сан уәли мекемесі – Суого мұхэ ұлысының батыс аумағын мекендеген түркеш Алаш (Алишэ) ұлысы.
4.Екі өгіз уәли мекемесі – Ысты тон шор ұлысы мекендеген бүгінгі ШҰАР, Бұратола ауданына қарасты батыс Бұратола өзені бойында құрылды.
5.Иың Са уәли мекемесі –
Жаныс Шопан шор ұлысы
6.Ян бо жу уәли мекемесі
– Қойлау Күлүч чор
Біз бұл тізімнен де, оның ішінде түркештер жеке дара бағынғандай етіп көрсетілген екі аймақ – Вын Лу мен Жие сан уәли мекемесіндегі «манжурлардың орман-тоғай тайпасы мүкрилер мен (мохэ) мүқырларды»50 таңбалап көрсете алмай тұрмыз.
Осы арада түріктер құрған алып империялардың әскери, әкімшілік, шаруашылық басқару жүйесі тудырған әр дәрежелі атақ, мансаптардың төркіні, этнимологиялық мән-мағынасы туралы бірер сөз айта кетудің реті келіп тұрған сияқты. Сонда «согэ, моко» тәрізді бұлдыр атауларға сәуле түсер деп үміттенеміз.
Ертедегі қытай жазба деректерінде51 мынадай аса құнды мағлұмат келтірген екен:
«Бұмын өз қалауы бойынша Ел қаған болып аталды. Ол ежелгі Шаниүй (Тәңірхұт – ой сеңгір – Д.Ә.) дегенмен бірдей дәреже, ал әйеліне қатын деген атақ берді, ол да ертедегі Алшы-бәйбіше (әтше) дегенмен дәрежелес. Ұлдары мен інілері тегін, басқа тайпалардың әскерін басқарушы қолбасшылар Шад деп аталды. Мұнан кейінгі биік лауазымдар ретімен – чорұқ Шор (Шүй лүй шуо), аба (апа), елтебер, тудұн (тұтық) еркін, мемлекеттің үлкенді-кішілі мансаптыларының саны оннан асады».
Біз үшін аса құнды дерек осыған байланыстырыла былай таратыла баяндалады. «Бұл атақ-дәрежелер мансаптылардың дене бітіміне, жас шамасына, түр-түсіне, сақал-шашына, шарап пен етке, тіпті хайуандардың атына қарай берілген еді. Мәселен, қайтпас, батыр тұлғалыларды Шбара (Шы боло) немесе Бағадұр (мохэ фу) деп атады. Толық, төртпақтарды сан дало (талыс немесе сандық, кебежеге, ұқсатқан сөз болар – Д.Ә.), да лобян – бәлкім, тостаған болар – Д.Ә.) шарап ішетін ыдыстың аты, мүйізге ұқсайтын әрі жуантық, қысқа, тұрқына қарай мансап аты болып қалыптасқан.
... Сондай-ақ олардың жасамыстары ге ли (бәлкім кәрі, қария, егде, ел ағасы, аға тәрізді мағыналы болар – Д.Ә.), бұрындары гели дагуан (даған, tarqan) аға тархан деп аталған. Әскер ұстап, қол бастағандарды қыран, сайыпқыран деп, мәселен, Хелан суни – қыран әскербасы, шар әскербасы деп атады. Ал, қара түстілерді Хелобян, яғни қара шор деп атады, қара шордың шендік дәрежесі өте жоғары әрі егде тартқан жасамыс болып келеді. Шаша, сақал-мұртына қарай суогэ деген ат берілді. Ертеде суогэ тудұң (тұтық) дейтін мансап болған. Ол негізінен, аймақтарды билейтін мансаптылардың атағы болушы еді»52.