Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:36, дипломная работа
Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46
VIII ғасырдың екінші жартысында Орта Азия мен Таң империясы тарихында Түркеш қағандығының тағдырын белгілер аса маңызды бірнеше оқиға болады. Түркештер ішкі қырқыстаң әлсіреп, бұрынғы айбынынан айырылған тұста Орта Азияға сұғына бойлаған Араб халифаты әскерлері Талас бойына жақындап қалып еді. Алтайдың батысы мен Жоңғарияның оңтүстік-батысына дейін дендеп кірген Харлұқ тайпасы Таң империясымен одақтасып, түркеш жеріне қоныстана бастаған. Таң империясының Тибет пен түркештерді бағындырушы генералы Гау Шиян Жы 24 империяға тәуелді түрік тайпаларынан құралған қалың қолмен ілгерілеп, араб әскерлері шебіне жақындап барады.
751 жылы Талас өзені бойындағы
шағын ғана Атлах бекінісі
маңында жойқьн соғыс
Қытай жылнамаларының тарих жазу, тарихи
оқиғаларды қағазға түсіруінде қалыптасқан
бір сипат бар. Ол қытай, армиясының жеңісті
жорықтары, түсірген олжалары мен кескен
бас немесе құлақтары тәптіштей жазылады
да, соңынан «тыныштандырды» деген бір сөзбен түйінделеді. Ал жеңілістері
туралы мүмкіндігінше жазбауға, жазса
да бірер сөзбен ғана орағытып, елдебір
жабайылардың опасыздыры немесе ауа райындағы
күрт өзгеріс немесе әлдебір «дарынсыз
қолбасының сәтсіз басшылығы туралы қысқа
қайырады.
Шын мәнінде Атлах түбінде он мыңдаған әскерін жоғалтқан Таң империясы өзінің 800 жылдай Орта Азияға жасаған жаугершілік жорығының күллі табыстарынан ғана ажырап қойған жоқ, ол қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарын уысымда ұстаймын деген үмітінен де ажырап қалған еді. Қайта күш жинап, қазақ жеріне келуге империяның мұршасы болмайды. 757 жылы бүкіл Таң империясын дүр сілкіндіріп, империяның іргесін шайқалтып тастаған түрік текті қытай генералдары Ән Лушан мен Шы Сымиң бастаған көтеріліс болады. Таң империясы көтерілісті зорға басады, бірақ күш-қуаты сарқылып, өзі де құлдырауға бет бұрады.
Осындай ішкі-сыртқы қолайлы жағдайды
дер кезінде ұтымды пайдаланған қарлұқ
тайпалары күн өткен сайын күшейіп, түркештердің байырғы
Отанына үдере көшіп, пәлендей қарсылықсыз-ақ
он оқ қағандығының жерін мекендеп алады.
Билік толығымен қарлұқтардың қолына
өтеді. Әйтсе де тегі, тілі, өмір сүру салты
бір-біріне өте жақын түрік тайпалары
түркеш пен қарлұқтар бір шаңырақ астына
кіргенде қағанаттың этникалық құрамында
ерекше өзгеріс те, жатырқау да болмағандығы
тарихи жазбаларда атап өтілген.
VIII ғасырдың ортасында Тибет—Қытай қатынасының барынша шиеленісуі, тіпті көп жағдайда тибеттіктердің империяның он мыңдаған армиясын талқандап тастап отыруы, Мәуренақырда орныға а бастаған араб қолы үшін де үлкен қатер туғызады. Араб қолбасыларының Атлах түбіндегі шешуші жеңістің желігімен одан әрі ілгерілей берудің орнына Шашқа қарай шегініп кетуінің сырын, онтүстіктен атойлап тұрған Тибеттің жеңімпаз армиясының соққысынан қауіптенуден деп ұққанымыз жөн.
Таң империясы мен арабтың қалың әскерінен құтылып, еркіндікке ие болған қарлұқтар мен түркештер ендігі мүдделерін бір арнаға тоғыстыруға тырысады. Алайда барлық түркеш тайпалары қарлұқтармен қоян-қолтық араласып кетпеген.
Бернштам атап көрсеткеніндей, түркештердің Жоңғариямен, Бесбалық, Шығыс теріскер Тәңіртауында қоныстанған бір бөлегі сол тұста күшейіп кеткен Ұйғыр қағанатына қосылады.
Алтай тауынан Тәңір тауына, Баркөлден Хазар тәңізіне дейінгі ұлан даладағы Батыс Түрік қағанатына қарасты ел мен жерге бір ғасырға жуық иелік еткен түркештер тарих сахнасынан осылай кетеді. Ежелгі үйсін жерін тірек еткен түрік тайпаларының бір бөлігі кейінгі қазақ ұлтын қалыптастырған, Қазақ хандығына алтын бесік болған Жетісу, Сыр бойын мекендеген туыстас қарлұқ қараханиттер, кимек-қыпшақ хандықтары құрамында өмір сүре береді.
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері
Түркеш қағандығы – Батыс Түрік қағанаты билік жүргізген аумақта шаңырақ көтергендіктен, халықтың этникалық құрамына да ерекше өзгеріс ене қоймайды. Қалыптасқан үрдіс бойынша, қағандық «он оқ қағандығы», халқы «он оқ немесе он жебе халқы» деп атала береді. «Он оқ, он жебе» атауының тарихы тым арыда жатқаны белгілі. Тарихшылар оны ағайынды Бумын мен Естеми қағандардың ұлы жорықтарына байланыстыра қарастырады. Қазақ тарихшысы Н.Мыңжани «Таң патшалығы тарихына» сілтеме жасай отырып: «... Естемірдің қоластында он шад басқарған 100 мың әскер болған. Ол Батыс өңірдегі елдерді бағындырған соң өзін қаған деп жариялады. Оның қол астындағы тайпалар «он оқ бодұн» («он оқ халқы») деп аталады»24 - деп жазады.
Естемиден (576 ж. қайтыс болған) кейін таққа отырған аға-інілердің тақ таласы салдарынан Ұлы Түрік қағанаты 582 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары болып екіге бөлініп кетеді. Екі түрік қағанатының шекарасы Алтай тауы мен Ататүрік жоталары болып қалады.
Түркештер мұрагерлікке алған Батыс Түрік қағанатының негізгі халқы жергілікті түрік тілдес, салттас үйсін, қаңлы, дулат, қарлық, теле, басмыл, оғыз, шығыл, т.б. тайпалары және олармен араласып, сіңісіп кеткен басқа тайпалардан құралған «он оқ халқы» еді.
Оларды Таң патшалығының көмегімен Ышбара Хилаш (Халяш) қаған (634-639) Шу өзенін шекара еткен «бес арыс дулат» пен «бес тайпалы нүшбе» қылып, екі қанатқа бөліп басқара бастайды.
Түркештердің этникалық құрамына тарихшылар әртүрлі талдаулар жасап жүр. Мәселен, Н.Мыңжани «Түркештер – Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар ежелгі Үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының (Далонның) үлесіне тиген он мың үйден өсіп өрбіген. Дулы (Дұғлы) ұлысы дегеннен Дулат (Дұғлат) атанған. Демек, түркештер ежелгі үйсін Дулы ұлысының ұрпағы. Олар шежіре деректерінде «Сары үйсін» деп те аталады... Дулат Ұлысы заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдағы ежелгі үйсін заманынан бері Іле өзені өңірін мекендеген»25 - деп жазады.
Біз де осы тұжырымды жақтаймыз. Қазақтың шежірелік баяндарына зер салған адам күллі ру-ұлыстардың атауы, негізінен, сол ру-ұлысты басқарған әйгілі адамдардың есімімен бастау алғанына көз жеткізеді.
Белгілі тарихшы Л.Н.Гумилев бірден: «...Түркеш халқы екі тайпадан – мұқырлар мен абарлардан пайда болды. VIIғ. өзінде-ақ түркеш тұқымдары Сарыларға (мұқырлар ұрпағы) және қараларға (абарлар ұрпағы) бөлінді»26 деп, қысқа қайырды. Ал, мұқырлар деген кімдер дегенге Шабанненің сөзімен «мүкрін мұқры – мой-кі тұңғыстардың қытайлықтар мохэ деп атап кеткен тобына жатады»27 деп жауап береді. Бұл жөніндегі өз ой-топшылауларымызды сәл кейінге қалдыра тұрып, түркештердің этногенезін толайым көк түріктерге жалпы түрік этносына жатқызғысы келмейтін басқаша ұстанымдағы қытай тарихшысы Су Бэйхайдың пікіріне назар аударып, көрелік. Су мырза былай дейді: «Бұл күндері еліміздің іші-сыртындағы Орта Азия даласы тарихы мен түрік тарихын зерттеушілер түркеш қағандығын батыс түрік қағанаты аясында қарастырып жүр. Бұл тарихқа сай келмейді, өйткені, түркештер қазақ ұлтына тән тайпаларға жатады. Солар құрған қағандық, былайша айтқанда, қазақ ұлты тарихта бірінші рет құрған қағандық. Алтайдан Каспийге дейінгі ұлан-байтақ қазақ даласын бірлікке келтірген... «Түріктер құрған қағандық емес»28. Тарихшы осы арада қазақтың ұлттық мемлекеттік құрылымының қалыптасу барысына тоқталудың орнына «Таңнама» Батыс Түрік баянындағы «Түркештер ... Батыс түріктің басқа бір руы-тұқымы еді» деген жолдарға негізделген. Демек «Таң дәуіріндегі адамдар түркеш пен батыс түріктер арасында айырмашылық барын білген» деген қорытындыға тоқтайды.
«Таң дәуіріндегі адамдар білді» делінген «айырма» нақтыланбайды.
Профессор Су мырзаның түсінігінше, ол айырманың ең белгілісі «Таң патшалығы тарапынан түркештерді билеуге жіберіп тұратын Асана (Ашин) ханзадаларын қабылдамай қарсы тұратындығы, оның түп себебі басқа емес өздерінің (түркештердің - Ә.Д.) түрік текті болмағандығынан еді»29 дегенге саяды.
Бұл пікірмен әсте келісуге болмайды. Бұл жерде түркештердің түрік текті Асана ханзадаларын бөтенсіну, жатсыну себебі ханзадалардың қытайланып, өз халқының жауларына «Табғаш хандары сойына» айналып кеткендігінен деп ұққан жөн. Бұл мәселеге кейінірек толығырақ тоқталамыз.
Түркештердің түрікке, оның ішінде Батыс түрікке де бөтендігін дәлелдеу үшін Су Бэйхай мырза көк түріктерден қалған мәңгі тас жазулардан да мысалдар келтіреді.
Тоныкөкке арналған тас жазудың 19-жолындағы «Табғаш қағаны жауымыз еді» деген жолды қалдырып, «он оқ қағаны жауымыз еді» деген жолдарға қоса «Күлтегінге» арналған үлкен жазудың 18-қатарынан «Түркеш қағаны түркіміз, өз халқымнан еді» жолдарын аттап өтіп, «...білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді, он оқ халқы азап көрді» дегенді мысалға келтіреді30. Біз осы арада қытай мен түріктер тарихының білгірі, қытайлық бастау хаттарының мән-жайын білетін Еверхардтың мына сөзін еске ала кетуді жөн көрдік. «... Ең алдымен қытайлар неліктен және қандай мақсатпен бөгде халықтар жөніндегі аңыз-әңгімелерді жинады екен деген сұрақты қоюға тиіспіз. Өз басым, алдын-ала шығарылып қойылған өкімсіз тарих жазыла салады дегенге сене алмаймын. Кез келген бастау хаттардың ар жағында әдейі, біле тұра немесе білместіктен болса да белгілі мақсат үшін қызмет ету аңсары тұрады»31. Мұндай жағдайда зерттеушілер не істеу керек деген сұраққа Л.Н.Гумилев: «Ақиқат шындықты бұрмалау сыйпатын анықтау зерттеушінің ең бірінші міндеті болмақ» - дей келіп, оның себебін «тариххат (летопись – ред.) аса маңызды іс болғандықтан да, хрониканы жүргізуге саяси көзқарасы күмән келтірілмейтін кісілер ғана алынады екен. Осының бәрінен, міне, қытай тариххатының өкімет тапсырмасын орындап отырғаны көрінеді. Ендеше ол белгілі дәрежеде сыңаржақты болмай қалуы мүмкін емес»32 тігінен іздейді.
Тарихшылар мен түркологтар үшін ең сенімді, әрі ең бай жазба деректер Орхон-Енесай мәңгі тас жазуы екені даусыз. Сол қасиетті тас жазуда Түркеш пен Батыс Түрік қағанаты халқының Орхон түріктеріне туыстығы, жанашар жақындығы былай жазылған еді.
1.«Күлтегін» (үлкен жазу) ІІ-қатарда: «Мен барлық айтар сөзімді мәңгі тасқа бастым». 12-қатарда: «... көңілдегі айтар сөзімді, он жебе ұрпағына, таттарға арнадым. Мұны көріп, біліңдер.....»33.
2.«... Түркеш қағаны түркіміз, өз халқым еді» (18-қатар).
3.«Білместігі үшін, қағаны өлді, әміршілері, бектері және өлді, он оқ халқы азап көрді. Атамыз, бабамыз ұстаған жер, су иесіз болмасын деп Аздарды (Az) халық етіп құрап» 19-қатар. «Оларға Барыс бек (bars bag) болды. Қаған атағын оған біз бердік. Қарындасымды – қаған қызын бердік. Өзі жаңылды, қағаны өлді» 20-қатар.
4.Күлтегін қазасына аза тұтып, көңіл айта келген ондаған үлкенді-кішілі елдерден бөле жара: «он оқ ұлым – түргіс қағанынан Макрач таңбашы, оғұз Білге таңбашы келді»34 деп жазуында да айрықша жақындық білініп тұрған жоқ па?!
Жоғарыдағы үзінділерден Батыс Түрік қағанатына, кейіннен Түркеш қағанатына қарасты он оқ халқы мен Орхон (Шығыс түрік) түріктерінің барынша жақын тілдес салттас қандас халықтар екеніне анық көз жеткіземіз.
Батыс Түрік пен Шығыс Түрік қағанатын құраған тайпалардың этникалық құрамы жөнінде дербес пікірі бар қытайдың көрнекті тарихшысы Линганды тыңдап көрелік: «Батыс түрік пен шығыс түріктің ата-бабасы әуелден бір болатын. Шығыс түріктің бөлшектенуі – түркілік ішкі қырқысуларының тікелей нәтижесі, түріктердің ұлттық құрамының өзгеріп, бөтенденіп кетуінен болған емес»35.
VI-VIII ғасыр аралығында он халқының этникалық құрамында да этно территориясында да айта қаларлықтай өзгеріс болмағаны, тек бес арыс дулаттың кейбір рулары Жетісу аумағынан жылжып, Еренқабырға, Боғда тауларына, Бесбалық, Құмыл атырабына дейін шығандап барса да, түркештер күшейген тұста қайтадан Тарбағатай, Жетісу жағалап ата қонысына жақындайды.
Тұтастай алғанда он оқ халқының тең жарымын құраған бес арыс дулат ру-ұлыстарының этникалық мекен-жайы Жетісу, Тарбағатай және Еренқабырға өңірі болған. Ал, олардың тайпалық құрамы ескі тарихи жазбалар мен шежірелерде былай айтылады36.
Тарихшы Н.Мыңжани «Қытай тарихи сөздігі, түрік тарауына» сілтеме жасай отырып, аталмыш түркеш, қойлау, чимойын, ысты, жаныс дегендер тайпа аттары. Алаш, Лүй, Күлүч, Тон, Шопан дегенден тайпа бастықтарының аттары болар деген байламға келеді.
Он оқ халқын құрайтын екінші бестік «Бес тайпалы Нүшбе» деп аталады. «Таң патшалығының жаңа және көне тарихында» бес тайпалы нүшбе төмендегінше жазылған болатын: